Сабақ тақырыбы 7-сынып геометрия курсын қайталау. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар



бет1/6
Дата30.01.2022
өлшемі67,24 Kb.
#116246
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8геом 02





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2А: Геометрияның алғашқы мәліметтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

7-сынып геометрия курсын қайталау.

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.

Сабақтың түрі

Өтілген материалды қайталау, жүйелеу және жалпылау сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.2 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу, ажырата алу және оларды сала алу;

7.3.2.3 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдану



Сабақтың мақсаты

- сыбайлас және вертикаль бұрыштарды ажырата алу және оларды салу;

- сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданып есептер шығару



Бағалау критерийлері

- берілген суреттен сыбайлас және вертикаль бұрыштарды ажырата алады, берілген бұрыштарды салады;

- сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін есептер шығару мен дәлелдеуде қолданады.



Тілдік мақсат


Оқушылар:

- бөлімнің түсініктері мен терминдеріне сүйенеді;

- аксиомалар мен теоремалардың сипаттамаларын айтады;

- фигуралардың өзара орналасуын сипаттайды;

- сызбаның салуын түсіндіреді;

- есептің шешімін түсіндіреді.



Пәндік лексика және терминология:

- аксиома, теорема;

- жазықтық, ара қашықтық, жиын;

- нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш, үшбұрыш;

- бұрыштың түрлері, сүйір бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш, тік бұрыш;

- вертикаль бұрыш, сыбайлас бұрыш;

- бұрыштың градустық шамасы;

- градус, минут, секунд



Диалог пен жазылымға қажетті тіркестері:

…болатын тұжырым.

Түзу …өтеді

Егер…, онда…

- жазыңқы бұрыштың 1/180 бөлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет