Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз



бет9/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96
Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде түскен сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді. Мәліметтер шинасының разрядтылығын (дәрежесін) автомагистральдағы қозғалыс жолдарының санымен салыстыруға болады.

Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған. Егер мәліметтер шинасын автомагистральмен салыстырсақ, онда адрес шинасын үйлер және көшелердің нөмірлерімен (қатарымен) салыстыруға болады.

Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.

Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.

ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:

Жүйелік блок;

Монитор


Клавиатура

Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.

Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымалкомпьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін , мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.

Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор. (дисплей) .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет