«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет57/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
Ф. Оңғарсынованың
 
“Тартады бозбаланы магнитім
” 
поэмасы қазақтың тұңғыш әнші 
қыздарының бірі, әрі кәсіби әншілік деңгейіне дейін көтерілген майталманы – Майра 
Уәлиқызына арналады
.
Ақын Майраның өмір жолымен қоса әншілік тағдырын айқын 
көрсету арқылы сол заманның әлеуметтік тынысын да танытады. Поэманың бас кейіпкері – 
әнші Майра Уәлиқызын қазақ өнерін зерттеген музыкатанушы–ғалым А.В. Затаевич
“Қазақтың әнші әйелдерінің ішіндегі ең үздігі” деп бағалаған. Майраның ән айтудағы 
ешкімге ұқсамайтын әдемі дауысы туралы да тұңғыш қалам тартқан музыка зерттеушісі 
А.В. Затаевич болды. Ол өзінің “Қазақтың 500 ән, күй” (1931) дейтін музыкалық–
этнографиялық еңбегінде Майраның шығармашылық портретін дәлме-дәл кескіндеп жазады.
М. Уәлиқызының өмірі мен өнер жолын жан-жақты қарастырған З. Дүкенбаева Майра 
өнеріндегі жаңашылдықты тұжырымдай келе: “Біріншіден, Майра қазақ әнінің мазмұнына, 
түріне бірталай жаңалық енгізді, екіншіден, елге таңсық гармонды пайдаланды, үшіншіден, 
өнерге европалық өзгерістер әкелді, төртіншіден, ол қазақ әндерімен қоса татар, орыс 
әндерін көп салды, – деп әншінің өзіндік ерекшеліктерін саралап көрсетеді.
Композициялық жағынан ақын поэмасы “Майраның әндері”, “Майраның болыс 
жездесіне айтқаны”, “Майраның ағаларына өкпелеп айтқаны”, “Ән сайысынан кейін 
айтқаны”, “Майраны кінәлаған билерге айтқаны”, Ертіп келген жігітін ауылдастарына 
таныстыру”, “Майраның інісіне айтқаны” секілді бірнеше тарауларға бөлінген. Поэманың 
қай бөлімінде болмасын оқиға лирикалық кейіпкердің өз атынан, яғни, бірінші жақтан 
баяндалады. Алайда, автор кейіпкер портретін, мінезін бірқалыпта алмай, өмір ағысына, 
сюжет желісіне орайластырып, өзгермелі қалыпта көрсетеді. Майраның әртүрлі жағдайдағы 
іс-әрекет, сезім күйімен қатар оқиға барысы да сатылап дамып отырады.
Фариза ақынның поэмалары уақыт пен заман сырын, оның тарихи-әлеуметтік мәнін 
көркем бейнелеуде, шындықтың қоғамдық-философиялық сипатын ашуда көрнекті қызмет 
атқарады. Өзінің көркемдік ізденістерін үнемі толықтыра отырып, Ф. Оңғарсынова заман 
жайын, халық сөзін көкейіне түйіп, әділет туын биік ұстаған сөз зергері екенін поэмаларын 
оқи отырып, көз жеткіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет