«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


ҰЛТТЫҚ ТІЛ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет80/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

ҰЛТТЫҚ ТІЛ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
Турсыналиева Алмагул Байназарқызы 
Жаңаөзен қаласындағы №8 орта мектеп 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жаңаөзен, Қазақстан 
Қастерлі, қасиетті, құдыретті Тіл бойымызға ана сүтімен беріліп қалыптасады. 
Алғашқы нәр – ана сүті арқылы дарыған қасиеттер де осы туған тілдің жетелеуімен дамиды, 
өзіңді айналаға таныстырады, рухани, мәдени байлығыңа жетекші болады. 
Тағдыры талайлы 
болса да, ұлтына жауһар жырымен қоса, ұстаздықтың ұлы жолында тамаша із қалдырып 
үлгерген педагог, ақын Мағжан Жұмабаев 
«Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір 
ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» 
деген еді. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас 
та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығы дамуының баға 
жетпес құралы. 
Н.
Назарбаев «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 
Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен 
бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете 
білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді 
өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы 
пафосқа толы, оқырманына ерекше күш-қайрат беретін жолдарындағы бірлігіміздің тірегі, 
халқымыздың ұлттық байлығы – Тілге құрметімізді арттыра түсіп, сақтауға, аялауға үндейді. 
Әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлейтін ұлт болғанымыз – мақтан, көздің 
қарашығындай сақтап, болашаққа таза жеткізу – міндет. 
Тіл байлығын тереңдету арқылы ойыңды өсіріп, өреңді биіктететін басты көмекші 
құрал – кітап. 
Кітап оқу мүмкіндігі – адамзатқа берілген сый, уақыт жылжыған сайын кемелдене 
толысатын ақыл-ойының жемісі, жүріп өткен жолымыздың шежірелі тарихы мен тәрбие-
тағылымының бай қазынасы жинақталған таусылмас, сарқылмас ілім көзін, баға жетпес 
құнды мұраны көзбен көріп, қолмен ұстап, рухани көкірек көзін ашуы.
Итальяндық ойшыл Антони Грамши зиялыларды қарапайым халықтың ортасынан 
шыққан көзі ашық азаматтар мен сауатты білімдар, кәсіби маман деңгейіне көтерілгендер 


157 
деп екі топқа бөлсе, орыс ұлтының зиялысы Достоевский оларды табаны жерге тиіп 
тұрғандар мен тимей тұрғандар деп саралайды. Ендеше, табаны жерге тиіп тұрған, ұлттық 
ділі бар, ұлттық рухына арқа сүйеп, ұлтын сүйетін сауатты да саналы жастар қатары көбейсін 
десек, «Әу баста не болғанын білмесек, бүгін оңбай қателесуіміз, ал ертең атымен айдалаға 
лағып кетуіміз ғажап емес. Ондай қатердің үрейлі бір белгісі – қазір көп сөз болып отырған 
кітап оқу дағдарысы. Жұрттың кітап оқуға немқұрайды қарауы – ең алдымен оқу тарихын 
ұмытудан басталып жатқандай.. Ал бұл бағзы бабалардың адал еңбегін аяқасты еткендік, өз 
болашағымызға өзіміз қалай болса, солай қарағандық болып шығады» [1, 4] деген 
Ә.Кекілбаев пікіріне сүйене отырып, адамзат мәдениетінің дамуы әлімсақтан-ақ оқу, жазу 
өнерімен тығыз байланысты болғандығын мықты ескергеніміз жөн. 
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап 
оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деп сақтандырған еді Ғабит Мүсірепов. 
Зиялы жас буын – мемлекет үшін, ұлт үшін адал перзент болуы тиіс. Жас буынға ғана 
емес, жалпы адамзат атаулыға жаңалық арқылы жақсылық үйрету тәсілдері сөзден ғана 
тұрмаса керек. Жан-жақты саналы бағыт, сара жол, сапалы тәрбие, түзу қадамға сілтейтін 
қаншама көрнекілік сипаттағы құралдар бар. 
Қазіргі таңда ақпарат алудың ең оңай, ең жеңіл, ең тиімді, ұтымды, уақыт үнемдейтін, 
әйтеуір артықшылығы көп делінетін интернет желісі көмегіне сүйену десек, Ә.Кекілбаев осы 
мәселені де назардан тыс қалдырмай, дәйекті деректермен: «...кітап оқу дағдарысы – біз 
сияқты аяусыз қатал экономикалық тұралауды жуық арада ғана бастан кешкен «жауыр» 
қоғамдарда ғана емес, көптен бері қоры отайып, қоңы сөгіліп көрмеген іргелі қоғамдарда да 
айта қаларлықтай мөлшерде орын алып отырған келеңсіздік. Ендеше, оның біздің бүгінгі 
ұлттық кеңістігімізден де тысқары әлемді қамтитын жаһандық себептері да аз болмаса керек. 
Оған бұл әңгіменің соңғы отыз-қырық жылды түгел қамтып келе жатқандығы да дәлел бола 
алады. Бұндай індеттің күшейгені сонша, өз дін, өз идеологиясын қалыптастырды. «жазба 
әдебиет дәурені өтті, ауыз әдебиет дәурені қайта келді», «Гутенберг (баспа өнімдері) 
галактикасын Маклюзи (аудиовизуалдық құралдар) галактикасын жұтып қояды» дейтін 
сәуегейлер де табылды. Сол тұста АҚШ-тың «Дженерал Эллектрик» компаниясы тәжірибе 
жасап, бір адамға бір мазмұнды хабарды текст, радиохабарлама, телебейне арқылы жеткізіп, 
әсерін жеке-жеке тексереді. Сонда адамның ми қабылдағыштарының қызметін тексеретін 
аппарат телебейне көрсетілген кезде атымен жайбарақат тұрса, радиохабар тұсында аздаған 
тітіреністі көрсетіп, ал тексті өз көзімен оқып танысу кезінде оның шкалалары үздіксіз 
қозғалыс үстінде болыпты» [1, 31] деп кітап оқу ерекшелігі адамның дүниетаным 
көкжиегінің жарқырай көрініп, өресі биіктей түсуіне айрықша ықпалды екендігін атап 
көрсетеді. Бұған қоса мәтін, радиохабарлама, телебейне арқылы жасалған тәжірибе арқылы 
нақты дәлелдерді ұсына білген. Аталмыш ақпарат құралдары бірін-бірі толықтыратын күшке 
ие болғанымен, қалай болған күнде де кітап арқылы әлем тану көзқарасы күн тәртібінен 
түспейтіндігін нақтылаған озық ойлы ойшылдың толымды толғамдарымен қалың 
көпшіліктің толық келісері анық. 
Тарихымыздан дәулеті тасып, сәулеті аспандаған қаншама ел осынша берекеге рухани 
байлығының арқасында ие болып, даңқы жайылғандығын дәлелдейтін деректер бар. Ендеше, 
сол елді тарих бетінде атын қалдырмай жойып жіберудің тиімді тәсілі ілім-біліміне қол салу 
болғандығынан тұжырымдар дәйектеген абыз: «Бір мемлекеттің екінші мемлекеттің 
тарихына қиянат жасайтынын былай қойғанда бір билікші әулеттің екінші әулеттің тарихи 
мұраларына өш келетінін адамзат талай рет бастан кешкен. Б.ж.с.д. VII ғасырда эламдықтар 
Месопотамиядағы ежелгі білім көзі болып табылатын Ур-Намму Зикуратин көзапара жойып 
жіберді. Осыдан жиырма үш ғасыр бұрын Қытай императоры Цин Ши-Хуанди 
мәжусилермен алысқан болып, өзінен бұрынғы кітаптардың бәрін өртетті. Біздің VII ғасырда 
арабтар атақты Александрия кітапханасын талқандады. ХVI ғасырда католик иерархтары 
майя мұрағаттарын құрттырды. ХІІ-ХIV ғасырдағы католик иезуиттері ежелгі қолжазбалар 
мен антикалық әдебиетті құртып шығады. Ежелгі иезуиттер кітаппен алысса, кейінгі 
иезуиттер жазуды өзгерту арқылы қоғамды тарихи жадынан айырып отыруды әдетке 


158 
айналдырды. Қытай билікші династияларының осындай озбырлығына, басқаны қойып, 
конфуций мен даосизм мұраларының өздері аз ұшыраған жоқ. Тарихта болған төрт жүзден 
астам жазу түрі көбіне-көп бейбіт түрде емес, сондай күштеп өзгертуден азайды. Жазу мен 
оқуға монополия династиялық билік кезінде негізгі саяси күрес әдісі болды» [1, 19-20] деп 
жазуды, жазба мұраларды сақтап қалу өркениеттер өзектестігі мен ұрпақтар 
сабақтастығының басты кепіліне айнала бастағандығынан хабардар етеді. 
Кітап оқу арқылы келетін рухани байлығыңды арттыратын әдемі әлемнің есігіне енуді 
біріміз түсініп, біріміз түсінбей жатамыз. Кейде бас қатырғымыз келмейтініміз де жасырын 
емес. Кітап оқу қай кезең талабында да кенже қалмауға тиісті. Кітап оқу арқылы келетін 
адами қасиеттердің қадірін түсіне, түйсіне білуіміз керек. Осы орайда әдебиеттанушы ғалым 
А.Кемелбаеваның «Сөз хикмет» еңбегінде: «Кітап – ұлы мағынаға ие, ол өркениеттің өзі мен 
көзі. Кітап – өте күрделі образ, оның құдіреті шексіз...Ұлы данышпандық кітапсыз тұл.
Кітапхана адамзатты қараңғы дүниенің қапасынан жарыққа, нұрлы әлемге алып 
шыққан рухани күштің символына айналды. Дүние жүзін мекендеген ұлттардың тағдырына 
осы бір кітапханалардың қасиеті мен әсері өз билігін жүргізбей қоймаған. Әсіресе, көктен 
түскен төрт кітапқа кенелген халықтардың ризығы ерекше екенін қазір толық ұғынсақ керек» 
[2, 100] деген пікірін айта отырып, Ұлы Абайдың данышпандық деңгейге жетуіне алтын 
көпір – кітаптың рөлі мықты болғандығына терең мән бергендігін атап өткен орынды.
Қымбат рухани қазынамыздың алтын кілті – кітап десек, адами құндылықтың асыл 
өзегін, әдеп-ибаны, ұятты, жанның әдемілігін, дүниенің ғажап сырларын ұқтырар ілім тек 
осы кітапта екендігін мойындағанымыз жөн. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Кекілбаев Ә. Өркениет өзегі. Ақтау, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, 2010 ж. 35б. 
2. Кемелбаева А. Сөз хикмет. – Алматы; Дәстүр, 2016. -382 б. 
3. Massaget.kz сайты.
 
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/47588/ 


159 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет