«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет77/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

«…Дімкәс әке-шешеміз бізге кезекпен үй сыпыртатын, су әкелдіретін. Алты-жеті 
жаста мал жайлауды үйрендім. Тезек теру, шілік шабу, отын жару – бала шақтағы 
күнделікті үрдісіміз еді. Ауаны қалай жұтсақ, суды қалай ішсек, бұлар да сондай 
үйреншікті машық еді, арба жегу, етік жамау, түйме қадау, кір жууды да жатырқаған 
емеспін, кейде апама болысып, сиыр сауған күндерім де болды… Осының бәрінің өсе келе 
пайдасы тиді, әсіресе әдебиетте. Солардың бәрі еңбектене білуге, еңбектен ләззат табуға 
үйретіпті”
[5] – деп есіне алады. Ақынның еңбекқорлығы жайында Ғафу Қайырбеков: 
«Мұзафар Әлімбаев – шынтуайтқа келсек, нағыз ғылымның адамы. Оның ғылымға тән 
таланты, миының зеректігі, асқан төзімділігі мен мүлде ерінбейтін еңбекқорлығы, 
уақытының көбін қағаз арасында, кітап ішінде өткізуі – бәрі де оның ғалымдық қасиетін 
айтып тұрған жоқ па?”» [6] – деп естелік айтады. 
Шәкірт болсаң, 
Шоқандардай озық бол, 
Оқу-білім бейнетіне төзіп көр. 
Ертеңгі істі бүгін ойлап, бейімде, 
Бүгінгіңді ысырма тек кейінге. 
Қадари-хал талабы бар әркімнің, 
Жастан шырқа әнін туған халқыңның. 
Кітап құмармен сырлас бол, 
Кластастармен мұңдас бол. 
Қылқалам, бояу сөйлесін, 
Сал туған ауыл бейнесін! 


150 
Үлкеннен үйрен, 
Кішіге үйрет. 
Жаманнан жирен, 
Тозғанды күйрет [7], – деп Мұзафар атамыз барлық оқырмандарына арнап өсиет 
жолдапты. 
“Асыға асқаныңда қайқаң белден. 
Алдыңнан ауыл шығар ойпаң жерден, 
Айна көл ақшыл тартып жатар тымық, 
Секілді қымыз құйған жайпақ зерең” [7]. Бұл – ақынның туған жерінің суреті. 
М.Әлімбайдың туған өңірі Маралды атырабы да (Павлодар облысы, Шарбақты ауданы) 
әнші–күйшілердің, ақын-жыраулардың, ертегіші-хикаяшылардың, ділмәр шешендердің 
думан құрған өнер төріндей болды. Солардың тәтті сазын, татымды сөзін, тартымды ғибрат-
тағылымын қаршадайынан құлағына құйып өсті. Ақынның жастық шақ, есею жылдары, 
толысу кезеңдері де кілең бір өнегелі ортада, білікті үлкендердің қасында, таланттылардың 
жанында өтті. 
Анасын, балалық шағын: 
“Әкем ескіше оқыған, Уфадағы медресе “Ғалияны” 
бітірген, жәдитше мектепте дәріс берген. Анам Зейнеп те хат таныған. Жарқын мінезді, 
тілді, тумысынан ақын кісі еді…Әкесіз өткізген жылдарда тапшылық, тіпті жоқшылық 
тауқыметін талай тартсақ та, асыл ананың арқасында жетімдік көрмейтіндеймін. 
Қайран ананың жүрек жалыны тірі қалған екі баласын әлпештеуге әкеміздің көзі жоқтағы 
тұста да мол жетіпті. Алғаш рет Бұқар жырау, Көтеш, Абай, Сұлтанмахмұт, Иса, 
Естай, Сәбит Дөнентаев… аттарын да, жырларын да апамнан естідім. Қаншама ертегі, 
қиссаны апам жатқа айтушы еді. Өзі де жанынан жырлар шығарушы еді. Ақындықтың 
алғашқы ұрығына аппақ нұр, асыл нәр беретін де ана әлдиі, ана” жыры, ана әңгімесі шығар. 
Қаламгерлердің қайсысы болса да, анасын ақ сүті үшін де, рухани сусын бергені үшін де ақ 
жүрегінен алғысын айтып, еске алатыны содан-ау”-
[7]

деп еске алады ақынның өзі. 
Қандай жанның да балалық шағы – болашағының баспалдағы. Кім-кімнің де ат жалын 
тартып, азамат жасына келгенде қандай адам болмағы, оның балалықтан алған әсер -
байлығына көп байланысты. Оның үстіне Мұзафар Әлімбай, негізінен, балалар ақыны. Сол 
себепті балалар ақынының тағы да балалық шақ әсері туралы естеліктеріне ден қоялық… 
“…Мен үйде және интернаттар мен пансионаттарда тәрбиелендім. Үздік оқыдым, 
қоғамдық жұмысқа белсене араласқан пионер болдым, сурет салуға да құмар-ақ едім, 
қабырға газеттерін шығару қай мектепте де менің сыбағама тиетін-ді. Көбіне тақпақ 
оқитынмын. Суфлер будкасынан сыбырлап отырғаным көп баланың қолы жетпес дәреже 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет