«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУШЫ



Pdf көрінісі
бет76/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУШЫ 
 
Кульжанова Аружан Арыстанбайқызы 
Ш.Есенов атындағы КТИУ магистранты 
Ғылыми жетекші: Н.С. Қамарова,
Ш.Есенов атындағы КТИУ профессоры, ф.ғ.к., Ақтау, Қазақстан 
 
Мұзафар Әлімбaевтың балалар поэзиясында өз шәкірт ақындары, өз мектебі бар. 
Ақын есімі өз елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де кеңінен танылған балалар 
ақыны, жас бүлдіршіндердің сүйікті қаламгері. М.Әлімбаев қазіргі қазақ балалар әдебиетінің 
классигі және оның зерттеушісі, өлең-баталарды қайта жаңартушы және дамытушы тұңғыш 
ақын. Оның бата-өлеңдері «Батамен ер көгерер» деген атпен жеке кітап болып 1996 жылы 
«Атамұра» баспасынан шықты. Жинаққа көрнекті ақынның 200-ден астам баталары енген. 
Ж.Елшібек «Ерекше туынды» атгы мaқаласында ақынның баталары жөнінде: «Қашаннан 
сөздің құдіреті мен қасиетіне зор мән беріп, сергек қарайтын Мұзафар Әлімбаев ықшам, 
тығыз, ойлы, өрнекті жазу үрдісінен айнымай келе жатқанына куә боламыз» [1, 32-б], – деп 
жазады. Яғни, Мұзафар Әлімбаев қазақ лирикaсын көпсөзділіктен, боссөзділіктен арылтқан, 
нақтылықты орнықтырған ақын. «Өлеңнің табиғаты лирика, сондықтан ақын өлеңмен жазған 
шығармасын лирикалық етіп, өзін толқытқан, тебіренткен жaйды оқырмaн да толқынaрлық, 
тебіренерлік етіп жазaды» [2, 72-б], – дейді. 
Алғашқы қадамын Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетінде жарық көруден 
басталған өлеңдері қазір том-том болып халқымыздың рухани қазынасына айналған, бүгінде 
қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз, асқар биік 
шығармашылық тұлға – Мұзафар Әлімбай. Ақынның “Естай-Хорлан”, “Менің 
Қазақстаным”, “Ту тіккен” секілді эпикалық туындылары жыр сүйер жұрттың жүрегіне жол 
тауып, таңдаулы шығармалар қатарынан орын алды. Ондаған жылдар бойы ауыздан түспей 
шырқалып келе жатқан “Ақмаңдайлым”, “Өзің де жігіт, қызықсың”, “Маралдым”, балаларға 
арналған “Мұғалім ол біздің”, “Көшпелі фонтан”, “Бесік жыры”, “Қартаймайсың, жан 
ана” қатарлы көптеген ән-өлеңдері халықтың сүйікті туындысы болып кетті. Қаламгердің 
естеліктері мен эсселері, мақал-мәтелдері мен көңіл күнделіктері де оқырмандар көңілінен 
шыққан тартымды дүниелер. Халықтың ауыз әдебиеті – қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді 
зерттеп, жинастырған “Маржан сөз”, “Мақал-мәтелдер” секілді кітаптары халықтың 
күнделікті қажетсінер дүниесіне айналды. 
Сондай-ақ ол aйтулы публицист, мaйталман аудaрмашы, әдебиет зерттеуші. Ақынның 
бұл қырлaрының қай-қайсы да-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, мәуелі бұтақтар. Үздіксіз, 
әрі дәмді, мол жемістер беріп келе жатқан бұтақтар. Шындығын айтсақ, бізге үлкендер 
ақыны, аудармашы, сыншы, очеркші, ән-өлеңші, ұстаз, редактор М.Әлімбaйдың қай-қайсысы 
да қымбат. Алайда, әсіресе соңғы ширек ғасыр көлемінде, қалaмгер есімі атaлса болды, 
aлдымен балалар ақыны М.Әлімбaйдың ойға орaлары анық. 
Әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетіне, балалар ақын-жазушыларына деген 
көзқарас пен құрмет ерекше. Неге десеңіз, балaларға арнап қызықты шығармалар жазу екінің 
бірінің еншісіне тие бермейді. “Бесік жырынан” бастaлатын балғындaр өлеңінің әйтеуір бір 
құдіреті бар. Соған қарағанда, ән-өлең бала бойына ана сүтімен бірге таралатын болу керек. 
Әйтпесе, бөбекті өлеңмен қалай ұйықтатып, өлеңмен қалай оята алады? Дүниеден хабaры 
жоқ, бесікте жатқaн сәбиді өз ырқынa көндіріп, өз дегенін істететін – өлеңнен aртық керемет 


148 
бола ма? Бөбектерге арнaп өлең жазудың қиындығы да осында болса керек. Өйткені, ол 
барлық жырдың нәрі, барлық жырдың басы ғой. 
М.Әлімбай – қазіргі балалар әдебиетінің ата буынына қосылған көрнекті қайраткері, 
тәлімгері. Ақынға 1984 жылы “Аспандағы әпке” атты балаларға арналған жыр кітабы үшін 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлықтың бөбектердің 
сүйікті ақыны – Мұзафарға берілуі әбден орынды. М.Әлімбай балалар әдебиетінің 
қалыптасып дамуына өзінің әр жастағы баланың ой – өрісіне сай лайықталған азаматтығы 
асқақ, мұраты асыл, тілі шұрайлы, қызық оқиғалы, күлдіргі әрі тапқырлығы жағынан әр 
алуан ойлы туындылары бала психологиясының нәзік сырына жетік білгірлігін тaнытады. 
Оның шығармалары мектеп оқулықтарынан тұрақты орын алған. Өлеңдерін оқып тілі 
шыққaн бүлдіршіндеріміз қазақ халқының бойындaғы асыл қасиеттерін, қазақ сөздерінің 
ғажайып нәрін Мұзафар ағамыздaн үйреніп келеді» [3]. 
Бүгінде, мынау технология мен ғарыш зaманындa біздерді таң қалдыру, кітапқa 
еліктіру оңай шaруа емес сияқты. Сoлай бола тұрa, білмейтініміз көп… ал білетініміз аздау 
болып жатады… Талғамы биік В.Белинскийдің бір сөзі осы бүгін айтылғaндай:”…Бaлaлар 
жaзушысы болып қалыптaсу қиын, aрнайы туу керек. Мұның өзі өзінше бір қaбілеттілік 
бoлады… Мұнда талaнт қaна емес, сoнымен бірге өз алдына даналық та керек”. Яғни, бала 
бола білу керек. Ал, М.Әлімбай атамыз шығарма жазғанда тіпті балалардың жас 
ерекшеліктеріне дейін қатты ескереді екен. Сондықтан оның өлеңдері бүлдіршіндерге, 
балдырғандарға, жaс өспірімдерге арналған болып айқындалып, айрықшaланып тұрады. 
Мұзафар Әлімбайдың “Қарағай неге ұзын, жыңғыл неге жатаған, тобылғы неге қызыл 
болған?”, “Көкек неге “көкек” дейді?” “Тауыс неге қызыл-жасыл?”, “Қарға неге қара?”, 
“Алатаудың баурайында”, “Көк кілем”, “Еріншектер елінің Ертеңбайы туралы” аңыз-
ертегілері кім-кімді де жалықтырмaйды деп oйлaймын. 
Мұзaфар Әлімбайдың балaларғa арнaп жазған кітаптарында тәрбиелік мәні бар 
өлеңдері көптеп кездеседі. Мысалы, ”Суайт сауысқан”, “Қырықаяқ”, “Әппақ пен сатпақ”, 
“Тарғыл мысық дағдысы” сияқты толып жатқан жырлары бар. 
Ақын “Жел деген не?” өлеңінде: 
Жел деген не? 
(Айт деп інім жалынды). 
Жел де ауа кәдімгі 
(Айтқаныма нана ғой). 
Жел дегенің тек бірақ, 
Ойға –қырға шапқылап, 
Пайыз таппас ауа ғой[4] 
- деп, жел сияқты тұрақсыз әрі берекетсіз болмау жағын тапқырлықпен айтып, 
суреттеп берген. Ақын 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастайды. 6-сыныпта ауыл 
кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, “Бауырсақтан” бастап, “Батырлар 
жырымен” жалғастырып, Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Өлең жазуды мектеп 
қабырғасында бастап, 16 жасында анасына арнап жазған тұңғыш өлеңі мерзімді баспасөзде 
жарияланады. Бұл үлкен өнер жолына деген алғашқы баспалдағы еді. 
Ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады депті бір ақылды адам. Әлдебір 
аңқаулар болмаса, байыпсыз алаңғасарлар болмаса, халық сөзімен айтқанда, “оқу өтіп 
кеткен” оқымыстысымақтар болмаса ешбір қаламгер көркемдік мақсатқа жете алмайды екен. 
Ақынның қай өлеңін алып оқысаң да өзіміз куә болып жүрген көріністер арқау болғанын 
байқаймыз. Аспан кемесінде жұмыс істейтін мамандық иесі туралы «Аспандағы әпке» 
өлеңіне аттас кітабы әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлықты алған. 
Ақын атамыздың«Жалқау винт» деген өлеңіндегі: 
Жалқау бір винт жасынан, 
Жылжып болттың қасынан, 
Түсіп қалды қырсығып, 
Тоқтасын,-деп,-машинам! 


149 
Оған несін қарасын?! 
Бұрап алып жаңасын. 
Жүріп кетті машина 
Шарлап совхоз даласын. 
Жапанда винт тек жатыр, 
Жаңбыр-батыр, жел жатыр. 
Жарамаған кәдеге 
Көк темірді жеп жатыр[4] – деген өлең жолдарынын көпшіліктен бөлектенбей, 
қашанда қайырымды болып, басқа біреуге қастандық ойламауға үйрететінін байқаймыз… 
Ақынның көптеген өтірік өлеңдері тақырып, таным жаңалығымен ерекшеленеді. Атап 
айтсақ: 
Қақ жарып шоғын жұлдыздың, 
Ұшқанын көрдім құндыздың. 
Құдықтың суын төктім, төңкердім де, 
Теңізді жалдап өттім, жөн көрдім де. 
Құлынның мүйізіне мініп аттай, 
Бүгін –ақ барып қайттым ертең күнге. 
Алдайды деп аптықпа, 
Үйір емен дақпыртқа: 
Ай қасында түнедім, 
Орандым да ақ бұлтқа. 
Ұлу озды елікпен жарысқанда, 
Тышқан жеңді аюмен алысқанда. 
Арбама атты қойып, қоңыз жектім, 
Бір емес қатарынан тоғыз жектім [4]. 
Ақынның тағы бір өнері – әнге өлең жазу. Оның 1949 жылдан бастап 300-ге жуық 
өлеңі ән-әуенге айналыпты. Ол әндердің көбі балаларға арналған: “Мен – баласы даланың”, 
“Мұғалім ол біздің”, “Менің атам – майдангер”, “Көктем дала – Алматы”, “Біздің 
балабақшада”, 
«Жұлдызым» 
тағы 
басқа 
көптеген 
өлеңдері. 
Көп еңбектенетінін ақын көп еңбектенуді кімнен, қалай үйренгендігі жайлы өзі былай 
дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет