«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет72/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

«Анекдот
(грек. 
anekdotos — жарияланбаған) — қысқа, күлдіргі әңгіме, 
халықтың 
фольклор
 
жанры

Басты 
ерекшеліктері 
— 
баяндаудың 
шындыққа 
жанасымдылығынан гөрі, тапқырлық танытып, әдейі әзілдеп айту шеберлігі. Анекдот 
көбінесе нақты адамдар туралы айтылады. Олар екі сипатты, екі ниетті болып келеді. Бір 
тобы қоғам мүшелерінің жағымды бейнесін, моральдық, психологиялық биік қасиеттерін 
паш ету мақсатымен шығарылады. Олар ақыл-парасатпен айтылады, күлдіре отырып, 
қоғамдағы теріс құбылыстар мен адам бойындағы жағымсыз қылықтарды әжуалап, әңгімеге 
көңілді сипат береді» [5]. 
Өзі туып-өскен аулынан әзіл-қалжыңдарды тікелей естіп, кейбір күлкі шақырар 
әрекеттерді көзі көріп, көркем туындыға арқау етер тақырыптардың мазмұнын қаймағы 
бұзылмаған қалпында таза сақтап, ұлттық уызын бойына мол сіңіріп, сатиралық шығармалар 
тудырған қаламгер әдебиет әзілқойларының өнегесінен де үйрене отырып, 
қаламын ұштағандығы О.Әубәкіров сынды сатира саңлағының үлгісімен қоса мен 
Б.Соқпақбаев сынды майталман жазушы кейіпкерлері қылықтарын өз шығармаларында 
салыстыру әдісі де ұшырасып отырады. 
«Юморлық образды автор адамдардың іс-тіршілігіндегі, тәртібі мен мінезіндегі ұсақ-
түйек міндерді игі ниеттен туған зілсіз күлкімен, көңілге қаяу салмас тіл, стильмен береді» 
[1, 162] деп юморға байланысты айтылған пікірлердің Е.Қорабаев шығармашылығына 
қатыстылығын аңғаруға болады. Мысалы, көпшілік арасында айтылып қалып, жеңіл де 
зілсіз күлдіріп көңілдерін ашатын, еріксіз езу тартқызбасқа қоймайтын әдемі сәттер 
қаламгер назарына іліккен:
«Қыдырбайдың ақындық, актерлік, әншілігімен қатар асабалық өнері бар болатын. 
Ауылда той болып соған шақырылыпты. Әзіл – қалжыңмен, әдемі сөздермен, әсем әнмен 
тойды құлпырта басқарып, елді аузына қаратып жүріпті. Ел ішінде не кездеспейді, бір жігіт 
тойға алдын ала қызып келіп, көп ұзамай құлап қалыпты. Сонда Қыдырбай: «Ерте көктеген 
гүл, ерте солады» - депті». [6, 161] делінетін әңгімеден эстетикалық әсем әсер алуға да 
мүмкіндік бар. Бұндағы кейіпкер Қыдырбай Тұрмағанбетұлы әдеби-мәдени салада 
қызметтер атқарған, қағытпа қалжың, астарлы әзілдерімен жүрген жерін риясыз күлкімен 
кенелтіп жүретін жан болған. Бірақ тағдыры қысқа ғұмырлы болған Қ. Тұрмағанбетұлы 
небәрі 38 жасында өмірден өткен. Қыдырбайдың өзі де «Қалжыңдасуға қалайсыз?» атты 
ұжымдық жинаққа өлеңдері еніп, кейін өмірден өткен соң қаламгер туралы естеліктер мен 
әдеби туындылары жинақталған «Көңіліңде жүрсем көбірек» және «Шанышқы» атты сын-
сықақ кітаптары жарық көрген қаламы жүйрік сатирик. 
Е.Қорабаевтың әзіл әңгімелерінің арасында: «Ақтау қаласында оқу орны жоқ 
болғандықтан әне бір жылдары Маңғыстау балалары Атырау, Орал, Алматы асып кететін. 
Оралдың СХИ-ында оқитын Аман мен Қалдан қысқы семестрін аяқтап қысқа мерзімге елге 
келіпті. Туған жерге деген сағынышы кеудесіне симаған Аман Ақтауға қарап: - Шіркін, туған 
жерге келдік-ау! – депті. Жанында келе жатырған Қалдан. – Жолдан шығып жүрейік, туған 
жердің машинасы қағып кетер – дептімен» [6, 171] аяқталатын әзіліндегі Қалданның жай 
ғана ескерту түрінде айта салған «Жолдан шығып жүрейік, туған жердің машинасы қағып 
кетер» деуінің өзі жан сүйсінте жадырай күлдіретін тамаша тапқырлықпен тауып айтылған, 
қуанышты күлкі сыйлайтын сөз. Осы тұста Т.Қожакеевтің адамның жан-дүниесін, көңіл-
күйін, белгілі бір болмыс-құбылысқа қатыстылығын аңғартатын күлкі түрлерін саралаған 
«Күлгенде шалды да шырайлы көрсететін, кісінің әрін кіргізетін 
қуаныш күлкісі
қайшылықтан, үйлесімсіздіктен тумайды, комизмге негізделмейді. Ол – бірнәрседен ләззат 
алғандағы, риза болып, қанағат тапқандағы жан сезімнің дыбыс болып сыртқа тебісі, арман-
аңсар, тілек-ниетіміздің орындалғанына масаттанғанымыздың, шаттанғанымыздың белгісі
сезімді селт еткізіп, жан жадырататын жақсылыққа адамның жағымды жауабы» [2, 51] деген 
пікіріне тоқтаған жөн. Ғалым бұдан өзге күлкіні келемеж, комизм, қулық, жандалбасалық, 


136 
сорлы, қылжақ, ақымақ, жымысқы т.б. деп әрқайсысының атқарар жүгі мен анықтамасын 
санамалайды.
Е.Қорабаевтың әзіл әңгімелерінің көлемі шағын болып келеді. Әңгімелері ықшам 
формада, айтпақ ойын аз сөзбен-ақ қызықты ситуация арқылы әсерлі жеткізе біледі. 
Юморға аса қажет ықшамдылық, дәлелділік пен түсініктілік ұғымдарын шебер 
қолданған. 
Бұл орайда, қаламгер стиліне лаконизмді басты ұстаным еткендігі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет