«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен  мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз



Pdf көрінісі
бет69/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен 
мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
 
Г.К.Селевко мұндай 
технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи 
қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді. Ғалымдардың 
пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар әрбір білім алушының жеке 
ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Мұндай 
технологиялар 
психодиагностика 
әдістерін
пайдаланады, 
оқушылар 
қызметін 
ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертеді, оқудың түрлі құралдарын қолданады. Демек

жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық 
ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі 
өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір 
білім алушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, 
мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
 
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау) мен 
оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық 
қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен 
оқытудың 
бұрыннан 
бар 
мәліметтерін 
қолдану 
ережелерінің 
жаңа 
жүйесі.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – білім алушының білетіні мен білмейтінінің 
арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл 
болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік 
әрекеті және ынтасы күшейе түседі. 
Интербелсенді 
лекцияда 
студенттердің 
бірлескен 
жұмысы 
қолданылады.
 
Студенттердің белсенді әрекеттері бірлескен жағдайда өтуі керек: берілген тапсырмалар 
шағын топ немесе жұп қатарында орындалады. Студенттер лекцияның бір бөлімін оқып 
болған соң, жекелей жұмыс жасап, сонан кейін жұптасып (немесе шағын топ құрамында) өз 
түсініктері мен туындаған ойларымен бөліседі. 
Мысалы,
білім беру технологиялары 
бойынша А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, Қ.Жұбановтың 
әдістемедегі орны 
/
жаңа технологиялар негізі қайдан шыққан?/ алдын ала білім алушыларға 
ұсынылып, олардың жаңа білімі мен өзіндік пікірлері осындай ойталқы нәтижесінде пайда 
болады. Лекция басында қарастырылатын тақырып (сұрақ, ақпарат) бойынша студенттерге 
қандай білімдері, ойлары мен пікірлері, игеруге қиындық туғызатын қандай проблемалары 
бар екендігін сұрақ қою немесе тапсырма беру арқылы анықтайды.
Жеке жұмыс.
Әр 
студент 
«Менде осы тақырып бойынша қандай білім, ойлар мен ұстанымдар бар?қандай 
мәселелерді игеру мен үшін қиын болды?» 
деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде 
(2 минуттан 6-ға дейін) жекелей ой қозғайды. 
Білім алушыларды қысқа ой тұжырым жасауға, оларды өмірмен байланыстыра білуге 
үйретіп, ары қарай логикалық ойлауын жетілдіру қажет. Ол қандай пән болсын 
талдау, 
жіктеу және салыстыруға
көп көңіл бөлген.


130 
Түйдекті тіркестер мен фразеологиялық тіркестердің ерекшелігі 
 
Түйдекті тіркес 
Фразеологиялық тіркес 
1 Құамы негізгі сөз бен көмекші сөздің 
тіркесінен тұрып, күрделі ұғым білдіреді. 
1 Құрамы кейде екі сөздің тіркесінен тұрып
бейнелі мағынада жұмсалады. 
2 Құрылымы мен қолданылу жағынан 
тұрақты емес. 
2 Фразеологиялық тіркестер құрамы мен 
қолдану жағынан тұрақты болып келеді. 
3 Жеке сөздерге балама бола алмайды. 
3 Фразеологиялық тіркестер функционалдық 
жақтан жеке сөздерге балама бола алады. 
4 Түйдекті тіркес құрамындағы көмекші 
сөздер белгілі бір морфологиялық 
қосымшалармен түрленеді. 
4 Фразеологиялық тіркестер белгілі бір сөз 
табына жататын сөздердің баламасы ретінде 
жұмсалып, сол сөзге тән сөз түрлендіруші 
тұлғалармен түрленеді. 
5 Түйдекті тіркестерге ондай қызметтер тән 
емес. 
5 Фразеологиялық тіркестер номинативті 
қызметпен бірге эмоционалды - 
экспрессивті қызмет атқарады. 
6 Түйдекті тіркестер сөйлеу кезінде 
құрастырылады. 
6 Фразеологиялық тіркестер сөйлеу кезінде 
құрастырылмай, бұрыннан қалыптасқан 
даяр қалпында жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет