Дарынды балаларды оқыту



бет1/3
Дата10.12.2022
өлшемі24,5 Kb.
#162249
түріСтатья
  1   2   3
Байланысты:
Талантты және дарынды балаларды оқыту
1528635461

Аңдатпа
Үш ғылыми еңбекке негізделіп жазылған мақала дарынды балалармен қалай жұмыс жасау керектігін толық қамтиды. Сонымен қатар мұндай балалармен жұмыс жасайтын мұғалімнің қандай болуы керек,оның басқалардан қандай айырмашылығы болатындығы жазылған.Мұғалімнің дарынды балалармен жұмыс жасаудағы қателігі мен туындайтын проблемалары да бұл мақала ішінен көрініс табады.
Аннотация
Статья, основанная на трех научных работах, полностью охватывает, как работать с одаренными детьми. Также написано,каким должен быть учитель, который будет работать с такими детьми, чем он будет отличаться от других.Ошибки и возникающие проблемы учителя в работе с одаренными детьми также отражаются в этой статье


Annotation
The article, based on three scientific papers, fully covers how to work with gifted children. It is also written what a teacher should be who will work with such children, how he will differ from others.Mistakes and emerging problems of the teacher in working with gifted children are also reflected in this article

Дарынды балаларды оқыту


«Қоғамның дамуы көбіне дарынды адамдарға байланысты екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Дарындылық мәселесі барлық уақытта көптеген мұғалімдердің назарын аударуда. Олардың көпшілігі дарынды баланы анықтауды басты міндет деп санайды және оның қабілеттерін дамытуды көздейді» [1]. Көптеген психологиялық зерттеулер мен әлеуметтік бақылаулар дарынды балалардың басқа балаларға қарағанда жылдам табысқа жететінін көрсетеді.Оған дәлел: олардың оқуда ерекше проблемалары жоқ, байланыс орнату оңайырақ және жаңа жағдайларда басқалармен қарым-қатынасқа тезірек бейімделеді. Олардың негізгі қызығушылықтары мен қабілеттері бала кезінен жақсы дамыған, және бұл жеке табысқа және кәсіби өзін-өзі анықтауға жетудің жақсы негізі болып табылады. Мұғалімнің міндеті
мұндай баланы қолдау және оның мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ету.
«Дарындылық» дегеніміз не? Әр түрлі анықтамалар бар, бірақ мағынасы бір–«талант». Ковальчук Татьяна, өзінің «Дарынды балалар және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері» атты мақаласында дарындылыққа мынадай түсініктеме береді: «Дарындылық - бұл өмір бойы дамып келе жатқан психиканың жүйелі сапасы,бұл адамның жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін анықтай отырып, басқа адамдармен салыстырғанда бір немесе бірнеше қызмет түрлері.
Дарындылық-жас нормаларымен салыстырғанда айтарлықтай озық ақыл-ой дамуы немесе арнайы қабілеттердің ерекше дамуы» [2].
Әр бала өзінше талантты. Осыған сәйкес дарындылық түрлері былай бөлінеді:
- зияткерлік;
- шығармашылық;
- академиялық;
- көркем-эстетикалық;
- әлеуметтік немесе көшбасшылық;
- психомоторлы (спорттық).
Дарынды балалармен жұмыс бірқатар принциптерді сақтауды қамтиды:
- оқытуды даралау;
- ұсынылатын мүмкіндіктердің барынша алуан түрлілігі;
- оқушылардың қосымша білім беру қызметтерін таңдау еркіндігін
қамтамасыз ету;
- пәндік үйірмелер арқылы дарынды балалардың сабақтан тыс
іс- әрекетінің рөлінің артуы,
- элективті курстар;
- пәнаралық байланыстар мәселесіне зейінді күшейту;
- мұғалімнің минималды рөлімен оқушылардың бірлескен жұмысына жағдай жасау;
- оқушыларды дамытушы материалдармен, соның ішінде (аудио,видео) қамтамасыз ету.
Мұғалімдер дарынды балаларды қате түсінікпен мынадай тізімге жатқызады.
- мектепте жақсы оқитын балалар;
-қандай да бір іс-әрекет түрінде айқын көрінетін балалар (спорт, музыка және т. б.);
- ерекше ойлауы бар ізденімпаз балалар.
Шындығында, дарынды балалар әлдеқайда көп. Сипаттамалардың арасында дарынды баланың жеке басы келесідей атап өтіледі:
-перфекционисті,
-дамушы
-өзін-өзі бағалаушы,
-іс-әрекеттер мен олардың салдары үшін гипер жауапкершілік алушы,
-әсерлі жоғарылаушы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет