«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


СЕГІЗ (МҰХАМЕДҚАНАПИЯ) БАҺРАМҰЛЫ ШАҚШАҚОВТЫҢ КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет67/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

СЕГІЗ (МҰХАМЕДҚАНАПИЯ) БАҺРАМҰЛЫ ШАҚШАҚОВТЫҢ КӨРКЕМ 
ПРОЗАДАҒЫ БЕЙНЕСІ 
 
Жеткизгенова Әлия Түгелбайқызы 
филология ғылымдарының кандидаты
 
Ш. Есенов атындағы КТИУ доценті, Ақтау, Қазақстан 
Қазақ тарихындағы қайталанбас дара тұлғалар, серілер туралы сөз қозғалғанда өз 
заманында асқан сері, беделді тұлға болған Сегіз сері есімі қатар айтылады. Сандаған сал-
серілік дәстүрді ұстанған өнерпаздар өзінің ұстазы Сегіз сері болғанын өз өлеңдерінде, 
әндерінде жиі айтып отырғандығынан да оның белгілі тұлға болғандығы белгілі. Осындай 
болмыс-бітімі ерекше жаралған, біртуар талантты перзентін мақтан етіп, ұрпағына 
ұмытылмай жетуін мақсат еткен проза мен поэзия жанрында да біршама көркем туындылар 
жазылған болатын. Қазақ әдебиетінің алдыңғы буын өкілі ақын Қадыр Мырза-әлидің «Сегіз 
сері Баһармұлы» атты өлеңінде оның есімінің «Сегіз» аталуына дейін ерекше мән бере 
жырлауының өзі қатарынан асып туып, серілік қонған дарынның бойындағы айрықша 
қасиеттердің басымдығын аңғартқандай. 
Неге сегіз?
Сегіз қырлы болмысы,
Қалай сыймақ тар қалыпқа ол кісі.
Алдыңғысы болса болар тұлпардың,
Емес бірақ сәйгүліктің соңғысы.
Шырқағанда ғашықтардың атынан,
Көкірекке ұялаған жатық ән.
Неге сегіз?
Иықтағы жалғыз бас,
Бір ғана бас сегіз басқа татыған. [1,59]
Көз тоқтатар көркі бар, ұйып тыңдар үні бар, салмағы ауыр жүктерді үйіп-төгіп 
тартатын күші бар, өткен-кеткен тоқтап тамашалайтын өнердің барын бойына жиған айтулы 
дарынның осы есімді иеленуінің өзі бойына жиған сан-салалы, ғажайып болмысының арқасы 
болар. Міне, ақындық, әншілік, күйшілік, сазгерлік, зергерлік, батырлық, палуандық 
өнерімен жалпақ жұртқа аты мәлім болып, елі сүйіп, еркелеткен өнерпаз серілердің бірі – 
Сегіз (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов еді. Осы өнерпаз тұлға туралы ғалым Әлкей 
Марғұлан өзінің «Қазақтың сал-серілік дәстүрі» еңбегінде «Көкшетау мен Обаған өлкесінде 
бірінші жарқырап шыққан өнер иесі Сегіз сері. Ол XIX ғасырдың басында туып, орта кезінде 
қайтыс болған кісі, өмірі Тәттімбетке өте жақын. Ол атақты сері, ақын, асқан әнші, өрнекпен 
сұлу дүние жасаған сиқырлы зергер. Көп өнерді біріктіріп ұстаған дарынды жүйрік болған 
соң халық оны «Сегіз сері» деп атаған, ескі дәстүр бойынша «Сегіз қырлы» өнерпаз дегенді 
білдіреді» [1, 29], деп көрсетеді. 
Серінің көркем прозадағы бейнесі туралы айтар болсақ, Т.Сүлейменовтің «Сегіз сері» 
тарихи-ғұмырнамалық хикаяты серінің тағлымды өмірі мен шығармашылығы туралы 
толымды мағлұматтар берілген көлемді еңбек деуге болады. Қадыр Мырза-Әлі Сегіз серіге 
арнаған өлеңіндегі деректердің барлығы да осы аталмыш еңбекте берілген. 
Көмейіне құйып алған бал әнін,
Ә, дегенше өте шыққан бала күн.
Жендеттерге ертелі-кеш індеткен,
Ұстатпаған сағымындай даланың.
Маңдайға алып нағашы жұрт, батысты,
Өкшелеген өңкей итпен атысты. 
Ел-жұрты үшін қуғын көрген қазаққа,
Құс төсектен қымбатырақ ат үсті [2, 51]. –


124 
деген жолдарда Сегіз серінің «Қашқын келбеті» толғауындағы жүріс бағыты, қимыл-
әрекеті көрініс берген. Қадыр Мырза-Әлі осы сегіз шумақ өлеңінде серінің әнші-ақындығына 
қоса, мергендігін, балуандығын, жомарттығын, темірден түйін түйген шеберлігін, 
зергерлігін, емсектігін (Жолда қансырап өлім аузында жатқан жас сардарды құтқарып, адам 
қатарына қосып, кейін өзіне атқосшы етіп алғаны Т.Сүлейменов еңбегінде айтылады) 
толығымен сыйдыра жырлаған. 
Сегіз сері әдемілікті, әсемдікті, тазалықты сүйгені аян. Ендеше ақынның шабытын 
жани түсін, талантын тасытқан, арманына қанат байлатып, өлең өнерінде өрге бойлатып, 
сандаған сұлу әндердің дүниеге келуіне себепші болған ақша жүзді, ақ маңдай арулар 
екендігі де белгілі. Аталмыш мақаламызда Сегіздей серіге сұлу сазды әндер тудырып, шабыт 
сыйлаған сындарлы сұлулардың бейнесін Т.Сүлейменовтің «Сегіз сері» тарихи-
ғұмырнамалық хикаятындағы деректер арқылы саралап көрмекпіз. 
«Сегіз он төрт жасында шығарған «Арман» атты өлеңінде ержеткенде өмірінің жақсы 
болуын аңсайды, болашақ жарының тұлғасын, жүріс-тұрысын, мінез-құлқын көз алдына 
елестетіп: 
Ақша жүз, бота көзді, бойы сұңғақ, 
Зайыбың шақырғанда келсе зырлап. 
Не екенін атқарар іс білу үшін, 
Сұрағын еппен қойып, күтсе тыңдап 
Жан серік, қазір қымыз әкелем деп 
Қайтарса сәніменен жақсы жауап. 
Етегі қазине көйлек дөңгеленіп, 
Ауыз үйге шыққанында етсе бұлғақ, – дейді [3,18]». 
«Арманына қанат қақтырып, өзіне тең түсетін жар іздеген Сегіз Омбы қаласының 
түбінде тұратын Ахметқали деген ауқатты кісінің Мүкәрама атты қызына кездеседі. Ол осы 
бір аруды көргеннен-ақ Қызылжарда оқып жүргенде шығарған өлеңінде сипатталған 
сұлудың бейнесін танығандай болады. Ақыры, Мүкәрамаға ғашық болып, оған өзінің ішкі 
сырын білдіру үшін «Арман» атты өлеңін біресе әнге қосып, біресе тақпақтап айтып жүреді» 
[3,19]. Бірақ, қыз әкесі Ахметқалидың қарсылығына ұшыраған жас ғашықтардың бір-біріне 
өмірлік жар болуға жолы кесіліп, Сегіз: «Көркем қыз шақырған соң жуықтайын, Басқаны 
неге саған жуытайын. Өзіңе ықыласым ауғаннан соң, Қалайша, Мүкәш, сені ұмытайын», – 
деп «Арман» әніне лайық деп іздеп тапқан Мүкарамасына қол жетпесіне көзі жетіп, көңілі 
налып, сергелдеңге түскен жас жүрегінің арманын «Назқоңыр» туындысымен өрнектейді. 
Сегіздің бұдан кейінгі сезімін қозғаған Ақбет атты аруға арналған «Ақбет», «Қыз 
келбеті», «Ойлан, Ақбет», «Қош бол, Ақбет» атты шығармалары ақын репеутуарына 
орнығады. Ақбет ару ақынға көңілі құлағанымен, екеуінің жолы екі айрыққа түсіп: «Жапан 
түзге бәйтерек егіледі, Жапырағы жел соқса төгіледі. Аулың алыс қалған соң, беу, Ақбетжан, 
Қабырғам сынбаса да, сөгіледі, – деп, ғашықтық дерті жамалған жас ақын көңілі құлазып, 
махаббатының мәңгі ескерткішіндей аяулы әндерін шығарады. 
Сегіз серінің осыдан кейінгі ғашықтық жырларының мазмұнында өзінің отарлау 
саясатын ұстанған жазалаушы жасаққа сардар болмай бас тартып, патшаға қызмет етпей 
қашқын болған кезеңдері көрініс беріп отырады. Кезінде Омбыдағы Азиялық мектепте білім 
алған Сегіздің соғыс ісіне өте шебер екендігін жақсы білетін генерал Горчаковтың 
ұсынысына келіспегендіктен кейінгі өмірі қуғын-сүргінмен өтеді. Бірақ қашқын өмірдің ащы 
сыбағалы тұстары да ақын шабытына тұсау бола алмайды. Бір ғажабы, ақын алғашқы албырт 
сезіміне ерік беріп, өзіне іңкәр еткен Омбыда қалған Мүкәрәма сұлуды еш уақытта есінен 
шығармаған. Өзіне кездескен сұлулардың бойынан ұқсастық іздеп отырған. Кейін жазған 
«Ақ еркесі» де осы ғашығын жиі есіне алған сағынышынан туған ән екен. Мүкарамаға деген 
өшпес сезімі «Қашқын келбеті», «Кісем сұлу» шығармаларында да көрініс береді. 
Ысық елінде өзін қадірлі қонақ еткен Истай Таймановпен үзеңгілес жүрген қарт 
сардар Қалдыбайдың сұлу қызы Ғайнижамалға ғашық болған Сегіз серінің атақты «Ғайни» 


125 
әні осы жерде туады. Ғашықтық жүрегін жаулап алған ақын сол жерде бір әннің сөзін сан 
құбылта шырқайды. «Қыз сипаты» мен «Ғайни» әнінің екі нұсқасы осылайша ел аузына 
тарап кетеді. 
Жалғанда естен кетпес Ғайни атың, 
Өртеген өзегімді перизатым. 
Көркіңді бір көруге аңсап келген, 
Ақыны Сарыарқаның Сегіз атым –
деп ән арнаған ақын сұлу қыздан жауап ала алмай отырып «Құрбыма» деген өлеңін де 
осы жолы шығарған екен. Өзіне деген ғашық халін ұғынған Ғайни сұлу сері жігіттің тілегін 
қабыл алып, жастар келесі жылы бас қоспақ боп уәделесіп, Сегіз жолдастарымен сапарға 
аттанып кетеді. 
Бірақ уәделі күні қосылмаққа серттескен сүйген серісін күтіп жүрген ару патша 
үкіметінің ел арасына шыққан жазалау жасағы халықтың жылқысы мен түйесін зорлықпен 
жинап, күшпен айдап бара жерінен қарсылық көрсеткені үшін оққа ұшып, қазаға ұшырайды. 
Жарым деп жанына балап жүрген жанның қазасы серіні ауыр қайғыға салып, «Ғайни» атты 
күйді шығарады. 
Уәде етіп серттесіп, қол алысқан ару Ғайнидың өмірден өтуі де сері үшін оңайға 
тимейді. Сергелдең күйде, өзі қашқын кебін киген жігіт сапар бағытында Тілеуқабақ байдың 
Патшайым, Қаншайым есімді сұлу қыздары барын естіп, көруге, тілдесуге құмартып арнайы 
барады. Барған кезінде Патшайымды жолықтырып, Сегіздің сезіміне қозғау салып, айдай 
сұлу көркіне ақыл-парасаты жарасқан аруға арнаған «Патшайым», «Қара көз» әндері осы 
сәттерде туады. Бірақ Патшайым да серінің өмірлік серігі болуына уәдесі берік болғанымен, 
жас сұлуға сұм ажал тұзағын тым ерте құрып, Сегіз серіге қайғы жамай түседі. 
Серінің бұдан әрі жалғасқан сапарында кездесіп, өзін мейман етіп төріне шығарған 
Қабыл деген бидің Айжамал есімді сұлу қызы да ақынның көзіне түсіп, «Әйкен-ай» әнін 
шығартады. Өзі қашқын, қонатынын сай білгеннің кебін киіп жүрген абзал ер бұл жолы да 
Айжамал сұлуға еншілеген аяулы әнін ескерткішке қалдырып, ілгері кетеді. Көңілі кеткен 
сүйгендеріне қолы жетпеген шерлі ақын бір жерге тұрақтай алмай, ел аралай береді. Оның 
үстіне патша үкіметінен шен-шекпен дәметкен жалбақайлардың Сегіз серіні ұстап беруге 
жасап жатқан әрекеттері де жанашыр жандар арқылы құлағына жетіп отырады. Сыр өңірінің 
шешені Бақтиярдың сұлу қызы бар дегенді құлағы шалған сері жігіт сол жаққа жетпек болып 
құмартады. Табиғаты сұлулықты қалаған жаны да, ажары да әсем Сегіз серінің Мақпалды 
көрсем деп ынтыққан көңілі алдамаған екен. «Ажары атқан таңдай, бота көз, қыр мұрында, 
ақша маңдай» әрі әнші, әрі шешен, әрі ақылды аруды көргенде жүрегіндегі сезім қайта бой 
көтереді. «Бір күні көршілес ауылда болатын келін түсіру тойына Сегіз және оның серіктерін 
шақырып, ән салғызып, күй тартқызады. Баһрамұлы сонда Мақпалмен кездесіп, онымен 
бірге алтыбақан теуіп, талшыбықтай бұралған сұлу қызбен көзімен ғана тіл қатысады. Осы 
жолы Сегіз сымбатты арудың сұлу көркіне тәнті болса да, оған ғашықтығын білдіріп сөз 
айтпайды. Себебі, ол алғашқы сүйген жары Мүкараманы көзіне елестетіп, Мақпалға деген 
ыстық сезімін тежеуге тырысқан. Бірақ ақындық, әншілік, күйшілік арынына тән мінезі 
еркіне қоймай, Сырдың аруына ынтықтыра түскен. Сондай бір сәтте Мақпалдың қасындағы 
Раушан, Құсни есімді серіктерімен салтанатты түрде серуенге шығып бара жатқанын көрген 
сері «Гауһар тас» әнін шығарып айтады. Осы әнде Сегіз сері Мақпалды қасындағы Құсни, 
Раушан есімді қыздарды гауһар тасқа теңеген болса керек. Оған әннің қайырмасында ерекше 
сипат беріп: Беу-беу, Гауһар тас,Құсни, құрдас Раушан, – үшеуіңді көргенде, Сәулем-ау, 
сабырым қалмас» [3,62], - ақылына көркі сай үш арудың келбетін әнге қосады. Өлең 
жолдарындағы «құрдас» Мақпалға арнап айтылғаны. Ақын сезіміне қозғау салып, жүрегін 
тербеп, тастың асылы, қымбаты гауһарға теңеген аруларға арнаған осы әдемі әні тамаша 
сұлу сазбен орындалып жүр. Сегіз серінің Мақпал сұлуға ынтық көңілінен туған әсем әндері 
жөнінде замандасы әрі досы болған Шынияз ақынның «Мақпал-Сегіз» аталатын дастанында, 
Өске ақында да (осы атпен «Мақпал-Сегіз» дастаны бар) айрықша атаса, өзі де серілік құрып, 
ән салған, сөз төркінін түсініп, киесін ұққан Жаяу Мұса «Ер Сегіз» өлеңінде: 


126 
Сүйсінді жұрт Сегіз сері әнін тыңдап, 
Ақынның «Мақпал» әнін көп ел құндап... –
деп, Сегіз талантына бас иіп, «Мақпал» әнінің ерекше әсері жөнінде тоқталады.
Нұржан Наушабайұлы да «Сегіз сері» дастанында: 
Ер Сегіз сал-сері ерткен түзеп сәнін, 
Әр елдің салдық құрып татты дәмін. 
Найманда Бақтиярдың қызына арнап, 
Шығарған жүз елу ауыз «Мақпал әнін» –
деп, Мақпал сұлуға арналған әнінің бір өзі ғана Сегіздің өзгеден бөлек әнші-ақын 
екенін жырға қосады. Бірақ сұм ажал созған құрық Мақпал сұлуға да ілініп, Сегіз серіні 
ғашық еткен көркем қыз да қапыда жау оғынан жараланып, о дүниелік болады. 
Бүгінгі күнге Сегіз серінің ғашық болып, қолы жетпеген сүйген қыздарына арнаған 
әндері: Патшайымға «Патшайым», Мақпалға «Гауһартас», Қарғаш қызға «Қарғаш». Шолпан 
сұлуға «Шолпан», жұбайы Ырысбикеге «Ақ бидай», «Ырысбике» әндері жетті. Күні бүгінге 
дейін жез таңдай, күміс көмей әншілер реперуарынан тұрақты орын алған аталмыш 
шығармалар – Сегіз серінің қай әні де сөзіне сазы сай тамаша туындылар болғандығының 
дәлелі. Сегіз әншілік-ақындық, балуандық өнеріне қоса керемет сыншы да болғандығы 
жөнінде Т.Сүлейменов «Сегіз сері» еңбегінде көрініс береді. 
Автор аталмыш еңбегінде Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантайдың есімін Сегіз серінің 
қойғаны туралы тарихи деректі келтіреді: «Жас сәбиге ат қойғызу дәстүрі бойынша 
Сәтбайдың келіншегі Күнсұлу құндақтаулы баласын көтеріп, күміс қақталған ер-тоқым 
ерттелген көк шұбар жорғаны жетектеген қалпында Сегізге сәлем етеді. Өзін сыйлап, ілтипат 
көрсеткені үшін сері жас келіншекке алғыс айтып баланы қолына алады. Сол сәтте Сәтбай 
одан ұлына ат қойып тілек тілеуін өтінеді» [214 б]. 
Сегіз сері жас сәбиге: 
Дәрежесі бейне хан 
Ер боп өссін балақан. 
Ат қой десең балаға 
Есімі болсын Иманжан 
Жігіт болсын өнерлі 
Ел-жұртына беделді 
Қамқоры болсын халқының 
Ақылға дихан кемелді – 
деп, батыр, дана, данышпан тұлғалардай болуын қалап, сәбиге талапты да талантты 
ғұмыр тілейді. «Кейін батыр, әнші-ақын Сегіз Баһрамұлының айтқаны келіп, Иманжан 
(Имантай) беделді адам болыпты. Осы Имантайдың ұлы Қаныш біздің заманымызда белгілі 
ғалым болғаны мәлім. Имантайдың өз тұсында елінің сыйлы адамдарының қатарына 
қосылғанын Сегіз өз көзімен көре алмайды Бірақ Баһрамұлы өзінің сыншылық қабілетімен 
Сәтбай ұрпағының бақыт иесі болатынын алдын ала білген деп ойлаймыз» [215], - деген 
автор тұжырымының қазба байлықты ел игілігіне жарату жолында бар қайрат-жігерін 
жұмсап, ақылын білімге ұластырған «ақылға дихан кемелді» дарынды ғалымның қажырлы 
еңбегінің нәтижесі қазіргі таңда ғылымның сара жетістіктері болып саналғаны белгілі. 
Сондай-ақ, қазақтың маңдайына біткен жарқыраған жұлдызы, аяулы перзенті, ғалым 
Шоқан Уәлихановтың да ұлт үшін ұлы істер тындырар тұлға болатындығына бата берген 
тұсы: «Сегіз Шыңғыстың үйінде мейман болып жатқанда, оның келіншегі Зейнеп тұңғыш 
баласына жас босанып, ұл тапқан еді. Әйелінің қиналмай аман-есен босанғанына, оның 
үстіне алғашқы нәрестенің ұл болғанына қатты қуанған Шыңғыс елін жиып, шілдехана 
тойын жасағанда. Жас сәбиін Сегіздің шын атымен Мұхамедқанапия деп атаған. Сегіз 
келгенде баласының тууын ырымдаған Шыңғыс: «Ұлым өскенде осы Сегіздей жігіттің гүлі 
болар ма екен» – деп ойлап, Мұхамедқанапия деген есімді қазақтың болашақ ғалымына 
қойған екен» [93], - деп баяндалады. 


127 
«Сегіз он жеті жасында қазіргі 
Қостанай облысының
 "Құсмұрын" деген жерін қоныс 
етіп отырған аға сұлтан 
Шыңғыс Уәлихановтың
 ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-
жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен 
деген тілеумен Мүхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның 
шілдехана
 тойын 
арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар». (
Уикипедия — ашық 
энциклопедиясынан алынған мәлімет).
Сегіз серінің қазақ балалар әдебиетінің атасы саналатын, қазақ даласына білім 
шырағын жаққан тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсаринге ауған ықыласы тарихи-
ғұмырнамалық хикаятта былайша өріледі: «1953 жылы жазда ел жайлауда отырған шақта 
Сегіз сал-серілік құрып, Балғожа Жаңбыршыұлының аулына келеді. Балғожа оны 
жігіттерімен жақсы қарсы алып, бірнеше күн мейман етеді. Серінің әні мен күйлерін, қисса-
дастандарын тыңдау үшін Қыпшақ елінің біраз адамы жиылып әңгіме-дүкен құрады. Мәжіліс 
үстінде Балғожа он екі жасар Ыбырай есімді немересін нұсқап: - Батыр, осы ұлым туралы не 
айтасыз? – деп Сегізге тілек-сұрақ қояды» [236]. Сонда сері «Балғожаға» деген өлеңін 
шығарып, Ыбырайдың болашағы зор, талапты жас екендігіне үлкен сеніммен: 
Балжеке, жақсы ағасыз, жасың үлкен, 
Ауызға келген сөзді несіне іркем 
Ыбырайжан бұл отырған бұбұл құсың, 
Болады халық ардағы, іске икем. 
Біріндей осы ұлың күн мен айдың, 
Сырына қанық болар әрбір жайдың, 
Тіл-көз бен сұқ сөздерден есен болсын. 
Асады қатарынан Ыбырайың [237], – 
деген екен. Ыбырай Алтынсарин сол Сегіз серінің арманын жалғап, елінен 
қараңғылық пердесін түріп, ең алғаш қазақ даласында балаларды сауаттандыруға бел шеше 
кіріскен, «Қазақ хрестоматиясын» жазған айтулы тұлға болғандығы белгілі. 
Қазақ әдебиетінің ғана емес, мәдениетінде, өнерінде, елі азаттығы үшін күрескен 
батырлығымен тарихында аты қалған халқымыздың асыл ұлы Сегіз (Мұхамедқанапия) 
Баһрамұлы Шақшақовтың тағлымды өмір жолдары мен шығармашылығы арқау етілген 
көркем туындылардағы өнерпаз тұлғасы даралығымен ерекшеленген. Сегіз сері бейнесі 
проза саласында болсын, поэзия жанрында болсын өмірінен алынған деректермен байланыса 
өрнектелгені жоғарыда сөз болған шығармалар дәлел бола алады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қадыр Мырзаәли. Еңіреп өткен ерлер-ай. (өлең-тарих, өлең-портреттер).-Алматы, 
«Арыс» баспасы,2001.-112 бет. 
2. Әлкей Марғұлан. Қазақтың сал-серілік дәстүрі. – Алматы: Өнер, 1981. – 270 б. 
3. Сүлейменов Т. Сегіз сері. – Алматы: Өнер, 1991. – 270 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет