тартып, газневидтер, кейін селжүктер бас көтерген кезде декхандардың
көпшілігі қол қусырып отыра берді.
Саманилер Иран декхандардың сепаратизмімен күресе отырып түрік
гулямдардың әскери гвардияларына сүйенді, сондықтанда Х ғ. екінші
жартысында түрік отрядтарының басшылары үлкен ықпалға ие болды.
Осындай гулямдардың бірі Алып тегін Саманилермен жанжалдасып қалып,
962 жылы Ғазнаға (Ауғанстан) қашып барып, сол жерде әмірлік құрады.
Оның жолын жалғастырған гулям Сабық тегін Газневидтер әулетінің негізін
қалайды. 999 жылы Саманилерді Қарахандар құлатқан кезде Сабықтегіннің
мұрагері Махмұд (998-1030) Амудариядан оңтүстікке қарай жатқан
Саманилер иеліктерін (Хорасан, Сейстан, Ауғанстан жерлерін) басып алады.
Махмұт бүкіл өмірін көршілерімен соғыста өткізді, атап айтқанда,
Қараханиттермен, Буидтермен т.б. ұзаққа созылған соғыстар жүргізді.
Махмұд пұтка табынушы үндістерге қарсы Солтүстік Үндістанға «Қасиетті
соғыс» жариялады. Махмұд Үндістанға 17 рет жорық жасады. Тек бір
жорығында ғана, деректердің мәліметі бойынша, Махмұд Үндістаннан 57
мың құл, 20 млн дирхемдік байлық пен 350 піл әкеткен. Махмұд Ғазнауи
Буидтер мемлекетімен де соғысты. 1017 жылы ол Хорезмді басып алды.
Махмұт тұсында халифатта ІХ ғасырда қалыптаса бастаған өзіндік әскери
ұйым біржола орнықты. Махмұттың негізгі әскери тірегі түрік гулямдардың
жасақтары болды. Жас кезінде сатып алынған бұл адамдар кәсіби әскерилер
болып шықты. Гулямдардан бөлек Махмұд ерікті жасақтарды, ғазилерді де
жалдап отырды. «Дін үшін» соғыс, яғни ғазауат соғысы туының астына
жерсіз қалған, байығысы келген мыңдаған шаруалар өз еркімен жиналатын.
Өзі де түрік гулямдарының ұрпағы бола отырып, Махмұд бар болмысымен
берілген мұсылман болуға тырысты, оның, әсіресе, әлі де пұтқа
табынушылық ордасы болған Үндістанға жорықтары ислам жолындағы
қасиетті соғыс туы астында өтті.
Махмұд үшін Иран жерлері тек табыс көзі болды, сондықтан да ол
жергілікті халықты салықпен барынша қанап отырды. Махмұттың
мирасқоры Масұд тұсында елге селжүктер басып кіргенде, оның
территориясын жергілікті халық тарапынан қатты қарсылыққа кездеспей-ақ,
тез арада жаулап алды.
Достарыңызбен бөлісу: