Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Шыңғысхан мемлекетінің саяси жүйесі



Pdf көрінісі
бет46/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

 Шыңғысхан мемлекетінің саяси жүйесі.
Орталық Азияда ежелден 
үстемдік етіп келе жатқан дәстүр бойынша Шыңғысхан мемлекетті 
орталыққа және екі қанатқа бөлді. Орталық билік Шыңғысханның және оның 
мұрагерлерінің қолында шоғырланды. Ханның билігі шексіз деп есептелді. 
Алайда хан билігін Ұлы Құрылтай едәуір шектеп отырды. Өйткені 
Құрылтайда хан сайланды және мемлекеттің маңызды мәселелері 
қарастырылды.
Монғол ұлысының оң және сол қанаттарын түменбасылары басқарды. 
Бүкіл ел 95 әскери-әкімшілік аудандарға бөлінді. Әрбір аудан мыңнан атты 
әскер шығаруға тиіс болды. Мыңдықтар жүздіктерге бөлінді. Бұл бірліктерді 
тиісінше, түменбасы, мыңбасы және жүзбасылар басқарды. Олардың қызметі 
мұраға қалдырылды. 
Монғол мемлекетінің басты заңы Яса (Жасақ) деп аталды. Ол екі 
бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздері 
мен ел басқарудағы нақты шешімдері жазылса, екінші бөлімде әскери, 
азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және олардың орындалмағаны 
үшін берілетін жаза түрлері, яғни қылмыстық құқық қарастырылды. Монғол 
хандары Жасақты ұзақ уақыт бойы басшылыққа алып отырды.
 Монғол 
жаулаушылықтарының 
басталуы. 
Шыңғысханның 
таңғұттарға және Қытайға қарсы жорығы.
Шыңғысханның ең алғашқы 
соққысы оңтүстіктегі таңғұттардың Си Ся мемлекеті мен Қытайдың Цзинь 
империясына қарсы бағытталды. Екі мемлекетпен де соғыстар ұзаққа 
созылып, бірнеше кезеңдерге бөлінді. 1205-1210 жылдар аралығында 
таңғұттармен болған соғыстың алғашқы кезеңінің нәтижесінде олармен 
келісім жасалып, Си Ся өзінің монғолдардан вассалдық тәуелділігін 
мойындады. Осыдан кейін Шыңғыс хан өзінің Шығыс Азиядағы ең басты 
қарсыласы – Цзинь империясымен соғысты бастап кетті. 1211 жылдың 15 
ақпанында Шыңғыс ханның өзі басқарған монғол әскері Цзиньнің шекаралық 
бекінісін бұзып өтіп, чжурчжендердің жеріне басып кірді. Монғолдардың 
Қытайға қарсы соғысы 3 кезеңнен өтіп, 1211 – 1279 жылдар аралығын 
қамтыды. Соғыстың нәтижесінде бүкіл Қытай жері Монғол империясының 
құрамына қосылды. Қытайға қарсы жорықтардың бірінші кезеңінде (1211-
1216) Солтүстік Қытайдың үлкен бөлігі, Пекинді қоса, жауланып алынды. 


Бұдан кейін Шыңғысхан жауланып алынған Қытай жеріне өз адамын 
қалдырып, батыстағы жерлерге көз тікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет