Чаомен келіспей қалды. Ақырында Ван Сян
Чжи жаумен одақтасудан бас
тартты. Алайда, 877 ж. шаруалардың әскери күштері ыдырай бастады. Ван
Сян Чжидің әскері талқандалды, өзі тұтқындалып, өлтірілді.
Хуан Чао жариялаған манифесте солтүстіктегі Тан империясын
құлатып, билікті алу мақсатын көздейтіні көрсетілді. Ол 881 ж. 600 мың
әскермен Чаньаньды бағындырды. Император Сычуаньға қашуға мәжбүр
болды. Хуан Чао Ұлы Ци әулетінің (Хуан Чаоның туған жері Шаньдундағы
ежелгі патшалық атауымен аталған) негізін қалады. Ол «Алтын басқару»
ұранымен
император болды, басқару органдарын құрды. Бірақ,
оның
Сычуаньға кеткен императормен шаруасы болмады, бұл императордың күш
жинауына қолайлы жағдай туғызды.
Ли Кэюн бастаған түріктердің атты әскері үкімет жағына тартылды.
Сондай-ақ Тан сарайына көмекке таңғұт әскербасы Тоба Сыгун келді. Бұл
кезде көтерілісшілер лагері дағдарысты бастан кешіріп жатқан болатын.
Көтерілісшілер мен мүлік иелері арасындағы қайшылықтар шиеленісті. Жау
жағына шыққан сатқындар (ұсақ шенеунік Чжу Вэнь) пайда болды. Кейбір
көтерілісшілер
Хуан Чаоның ықпалынан шығып, дербес әрекет етті. 881 ж.
жау әскері Чаньаньға кірді. Оларды шенеуніктер,
көпестер мен өсімқорлар
қолдады.
883 ж. көтерілісшілер Чаньанды тастап шықты. Ли Кэюн 40 мыңдық
әскермен астанаға басып кірді. Халық оларды «қара қарғалар», ал оның
басшысы Ли Кэюнді «біркөзді айдаһар» деп атап кетті. Хуан Чао Шаньдунге
бет алды. 884 ж. қас жаулары Ли Кэюн мен Чжу Вэньнің қоршауында қалды.
Әскери күші әлсіреген Хуан Чао өзін-өзі өлтіруге барды. Мұнымен көтеріліс
тоқтамады. Хуан Чаоның немере інісі Хуан Хао 7 мың әскермен («жүгенсіз
әскер») көтерілісті жалғастырды.
Алайда, Хуан Чао бастаған шаруалар көтерілісі жеңіске жете алмады.
Соған қарамастан, шаруалар көтерілісінің маңызы зор болды.
Көтерілістің
нәтижесінде феодалдық қанаудың ерте ортағасырлық түрлері жойылды және
Қытайда аграрлық қатынастардың жаңа түрлерінің бекуі тездетілді.
Достарыңызбен бөлісу: