жойылуын жариялауды білдірмейтін еді. Бұл шаралар, бір жағынан,
құлдардың ислам дініне тартылуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан,
әлеуметтік қайшылықтың жұмсаруына ықпал етті. Бұл тұста Мұхаммед
пайғамбардың қоғамда қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерді шешуде
радикалды жолды ұстанушы революционер емес, бұл мәселелерді бірте-бірте
шешуді, жалпы қоғам дамуының эволюциялық жолын қолдаған реформатор
болғандығын көрсетуге болады.
Исламға дейінгі араб қоғамында қанды кек алу арабтардың халық
ретінде жойылып кету қаупін туғызған аса күрделі мәселе болған еді.
Мұхаммед пайғамбар қанды кекті айыптап, жағдайдан шығудың ең оңтайлы
жолы ретінде өлтірілген тайпаласы үшін құн төлеуді енгізді. Мұхаммед
пайғамбардың
уағыздарында
көрсетілген
барлық
осы
қағидалар
мұсылмандардың қасиетті заңы – шариғаттың негізіне алынды.
Достарыңызбен бөлісу: