қарсылығы мен орталық биліктің әлсіреуі мемлекет территориясының
қысқаруына алып келді. 1048 жылдан бастап Ифрикияда дербес Зиридтер
әулеті орнықты, олар Аббасидтердің жоғарғы билігін мойындады, ХI
ғасырдың ортасында бүкіл Магрибті сунниттік Альмаравидтер бағындырды,
оларды бір ғасырдан кеін Альмахаттар ауыстырды. Сирияда жергілікті
Мирдасидтер әулеті 1023 жылы Халебті алды.
ХI ғасырдың соңғы ширегінде бүкіл дерлік Сирия Селжүк мемлекетінің
құрамына енді. Фатимиттер халифатының территориясы бір ғана Египеттен
шектеліп қалды, мұның өзі әскер жинақтауды қиындатып жіберді.
Мемлекеттің қалыптасу уақытында оның басты әскери күші берберлерден
тұрған болатын, алайда көп ұзамай әскер құлдардан, әсіресе еуропалық,
судандық құлдар және түріктерден шыққан құлдардан жасақтала бастады. Х
ғ. сербтер, хорваттар, бұлғарлар мен византиялықтар арасында үздіксіз
жүрген соғыстар кезінде құлдар көптеп түсіп отырған болатын, бұл құл
саудасының өрістеуіне ықпал етті. Әскери құлдарды әсіресе фатимиттік
Египет көптеп сатып алып отырды. Фатимиттер әскерді негізінен осы
құлдардан жасақтап отырды. Алайда Х ғ. қарай Жерорта теңізіндегі үстемдік
Еуропа мемлекеттеріне бірте-бірте өте бастайды да, фатимиттердің Жерорта
теңізі саудасындағы табыстары күрт қысқарып кетеді, мұның өзі халифаттың
одан әрі әлсіреуінің басты себептерінің бірі болды.
ХI ғасырда мемлекеттегі іс жүзіндегі билік халифтерден олардың
әскерилерден шыққан уәзірлеріне өтеді. Билік жолындағы күреске
исмаилиттік дін басылары да белсенді түрде қатысты. Бұл уақытта елдегі
экономикалық құлдырау мен биліктегі анархия шегіне жетеді. Жасөспірім
халифтер аз-Зафир (1149-1154) мен ал-Фаиздің (1154-1160)
қолында мүлде
дерлік билік болмады.
Халифат мынадай жағдайда құлайды: Сирия сұлтаны атабек Нұр ад-
дин Зеңгі (1146-1174) Египетті басып алуға бар күшін салады. Ол Египетті
кресшілердің Иерусалимдегі корольдігіне шабуыл жасауға плацдарм ретінде
пайдаланғысы келді. Биліктен қуылған уәзір Шавардың құқығын қорғау
сылтауымен ол Египет үшін табанды түрде әскери, дипломатикалық күрес
жүргізді. Нұр ад-дин үш рет Әмір Ширкухтың басқаруымен түркімендер мен
күрттер әскерлерін Египетке жіберді, бұның өзі кресшілерден Египетті
қорғауға көмектесті. Ширкух фатимиттік сарайда шебер саясат жүргізе жүріп
соңғы фатимиттік халиф әл-Адид (1160-1171) оны өз уәзірі етіп
тағайындауына қол жеткізді. Келесі жылы Ширкух аяқ астынан қайтыс
болғанда, уәзірлік оның немересі Салах ад-дин Юсуфқа өтеді. 1171 жылы
өлер алындында фатимиттік халифті тақтан тайдырып Салах ад-дин
Египеттегі билікті басып алып,
Достарыңызбен бөлісу: