Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет59/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

 
Жопонияға монғолдардың жорығы. 
ХШ ғ. екінші жартысында 
Жапонияға монғолдар қауіп төндірді. Қытайда монғолдардың Юань 
империясын құрған Құбылай Жапонияны басып алуға тырысты. Ол 1266-
1273 жж. Жапонияға мынадай талаптар жылжытты: Жапония Юань 
империясына вассалдық тәуелділігін мойындауы керек, қарсыласқан 
жағдайда соғыс жарияланады. Алайда, бұл талаптарды сегун Ходзе Токимунэ 
(1251-1284) қабылдамады, ол әскерін жасақтап, Кюсюдің батыс жағалауы 
және Хонсюдің оңтүстік-батыс жағасында қорғаныс ұйымдастырды.
1260—1285 жылдардағы монғолдардың тарапынан төнген қауіп 
Жапонияның барлық күш-жігерін қорғанысты ұйымдастыруға жұмсауға 
мәжбүр етті. Кюсю мен Хонсю аралдарының жағаларында ірі бекіністер 
салынды, самурайлар топтары жинақталды. 
1274 ж. Құбылай Корея жерінен жорыққа шықты. Оның әскері 15 мың 
монғолдар мен қытайлықтардан және 8 мың корейліктерден жасақталды. 
Монғол флоты 7 мың корейлік және қытайлық теңізшілерден тұрды. Соғысқа 
3 мың ірі кеме мен 400-500 қайық тартылды. Жорықтың бірінші кезеңі
сәтсіз аяқталды, алайда 1279 ж. Оңтүстік Қытайды бағындырғаннан кейін 
Құбылай күшейіп, 1281 ж. Жапонияға қарсы 2-ші жорығын бастады. Оған 
100 мыңдық Оңтүстік Қытай әскері қатысты. Алайда Құбылай бастаған 
Қытай жорығы Кюсю жағалауына тұрған күшті дауыл («камикадзе» – Құдай 
желі) әсерінен сәтсіз аяқталды. Монғол әскерінің басым бөлігі суға батып, 
қалғаны тұтқынға түсті.
Құбылайдың жеңілуінің «камикадзеден» басқа тағы бір себебі, 
жапондық жеңіл, әрі шапшаң қозғалатын кемелермен салыстырғанда 


монғолдардың ауыр кемелері теңіз соғысында тиімсіз болды, дауылға қарсы 
төтеп бере алмады. Сонымен бірге, жапондардың жеңісі олардың елдің 
тәуелсіздігін сақтап қалуға деген ерік-жігері мен шетжерліктер қаупі алдында 
жапон феодалдарының өзара ауызбірлікке қолжеткізуімен байланысты 
болды.
Монғол 
шапқыншылығына 
қарсы 
қорғаныс 
ұйымдастыру 
шаруалардың тұрмыс жағдайын төмендетіп жіберді. Самурайлардың да 
жағдайы нашарлады. Орталық билік эпидемия мен қуаңшылыққа қарсы 
күресте дәрменсіздік танытты. Әскер ұстау мен қорғаныс шығындары елді 
қаржылық-экономикалық жағынан құлдыратып жіберді. Моңғолдардан 
қорғануды ұйымдастыру барысында барлық қаражат пен қару-жарақтың, 
әскердің оңтүстікте шоғырлануы оңтүстік даймелерінің (феодалдарының) 
күшеюіне ықпал етті. Күшейіп алған оңтүстік феодалдары Ходзё үйінің жеке 
билігіне қарсы шыға бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет