751жылы Гао Сяньчжи басқарған Қытай армиясы Тянь-Шаньнан өтіп
Орта Азияға келеді, бірақ бұл жерде оларды Талас өзені бойында арабтар
тоқтатады.
Тан дәуірінде шет елдермен дипломатиялық байланыстар кең қанат
жайды, дипломатиялық қызмет, негізінен, елшілік миссиялар түрінде
жүргізілді. Ежелден қалыптасқан, қытай билеушілірінің Аспан мен Жер
арасын жалғастырушы ретіндегі билігінің әмбебаптығы туралы доктаринаға
сәйкес барлық шет жерлік билеушілер Қытай империясынан төмен тұрған,
оған қызмет етушілер ретінде қарастырылды. Шетжерлік елшілердің Қытай
империясының сарайына келуі тек вассалдық тәуелділігін, бағыныштылығын
мойындауы ретінде бағаланды, ал олар әкелген сый-сияпаттар алым деп
қарастырылды, ал шет елдерге барған қытай елшілері шетжерлік
билеушілерге империяның «жарлықтарын» жеткізді, оларға қытай
титулдарын беріп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: