соғысты. Соғыстың басында Түркия Кипрдің басым көпшілігін, астанасы
Никозияны басып алды. Бірақ Жерорта теңізі үшін Венеция, Австрия,
Испания, Генуя, тағы басқа мемлекеттер Түркияға қарсы одаққа бірікті.
Шешуші шайқас 1571 жылғы 7 қазанда Лепанто қаласында (Патраикос
шығанағында) болды. Одақтастардың теңіздегі әскерін Испания королі ІІ
Филипптің інісі Хуан Австрийский басқарса, түріктердің әскерін Али-паша
Муэдинзаде басқарды. Түрік флоты бұл шайқаста жеңіліс тауып, 224
кемесінен айырылды. Бірақ бұл шайқас соғыс барысына әсер ете алмады.
Одақтастар арасындағы алауыздықты түріктер орынды пайдалана білді. Олар
тез арада жаңа флот құрып, соғысты табысты аяқтады. 1573 жылғы бітім
шарты бойынша Венеция Кипрді Түркияға беруге мәжбүр болды. Жалпы
алғанда, осы кезде Осман империясы мен Еуропа державалары арасында
белгілі-бір стартегиялық тепе-теңдік қалыптасты. Бұған, бір жағынан, Еуропа
державаларының күшейе бастуы ықпал етті. Еуропа елдері, әсіресе, қару-
жарақ өндірісі мен кеме жасау ісінде суырылып алға шыға бастады.
Керісінше, Осман империясының қуат-күші күн санап кеміп бара жатқан
болатын.
1580 жылы Англия өзінің Левант сауда компаниясын ұйымдастыруға
Түркиядан рұқсат алды. Бұл компания шығыс елдеріне еніп, олардан шикізат
алып отыру үшін керек еді. Осы кезден бастап Франция мен Англия
көпестері арасында Таяу Шығыста бәсекелестік туа бастады. Кейін бұл екі
мемлекет Осман империясындағы экономикалық және саяси үстемдік үшін
ашық күрес жолына түсті. ХVІ ғасырдағы Түркияның Англиямен,
Франциямен келісімдері Түркияны соңғы екі мемлекеттің сыртқы саясатына
тәуелді етті, мұның өзі елдің экономикалық жағдайын нашарлатып жіберген
болатын.
ХVІ ғасырдың аяғынан бастап османдардың жаулап алу соғыстары
аяқталды. Олжаның түсуі тоқтағаннан кейін сұлтан қазынасының табысы
кеміп кетті. Салықтар мен міндеткерліктер өсті. Әскери-феодалдар әскердегі
қызметі үшін алған иеліктерін өзінің жеке меншігіне айналдыра бастады.
Олардың көпшілігі жорыққа қатысудан жалтарды. Армияның саны кеміді.
Осман мемлекеттілігінің дағдарысы, ішкі қайшылықтар түріктердің
жаулаушылық белсенділігін әлсіретіп тастады. Осман империясы тарихының
1579–1683 жж. аралығындағы кезеңі Түркия тарихнамасында
Достарыңызбен бөлісу: