«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»


ХҮІІ ғ.соңы жартысы – 1918 жж. Үндістан



бет10/22
Дата29.12.2021
өлшемі145,26 Kb.
#106318
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
73d0c131-8b1a-11e3-bf6e-f6d299da70eeЖаңа-Қаз з Азия және Африка елд. тарихы-УМКД

4.ХҮІІ ғ.соңы жартысы – 1918 жж. Үндістан.

Азияның көптеген елдері ежелгі әрі бай мәдениет ордасы болды. Олардың көркем қолөнермен, табиғи байлықтар — алтын және асыл тастармен, татымдылықтармен, ағаштардың бағалы түрлерімен даңқы шықтьи Азияның барлық жерінде патриархалдық-рулық қатынастардың, кейде құлдық құрылыстың сарқын-шақтары сақталған феодалдық тәртіптер үстемдік етті.

Европамен салыстырғанда Азия елдерінде өндіргіш күштердің дамуы баяу жүрді. Оның себептерінің бірі Азияның егіншілікті мемлекеттеріне мал өсіруші көшпенділер атты әскерінің әлде-неше рет басып кіріп, ойран еалуы болды. Азия елд.ерінің быты-раңқылығы, тецізде жүзу ісініц нашар дамуы, таулар мен шөл-дер арқылы өтетін құрлықтағы катынастың қиындығы олардың арасындағы сауданың дамуын қиындатты, зл бұл қаладағы қолөнер кәсібінің өсуін баяулатты.

Дегенмен, XVI-XIX ғасырларда Азияда баяу болса да кейбір қалалардың маңызы есті, мануфактуралар пайда болды.

Азия елдерінің дербес дамуына, ондағы феодализмнің ыдырап, капиталистік ңатынастардың дамуына европалық отаршылдардың басып кіруі кедергі келтірді^Азия елдерінде феодалдық және отаршылдық езгі көп уақытқа дейін сақталды, ал капитализмнің дамуы мен буржуазиялық қайта құрулар бұрынғыдан бетер ке-шеуілдей берді.

Британияның жаулап алуы қарсаңындағы Үндістанның феодалдық құрылысы мен саяси бытыраңқылығы. Үндістанда бірнеше жүздеген ірілі-уақты феодалдық князьдықтар болды. Бұлардың арасында ғасырлар бойы ұзақ әрі жойқын соғыстар болып тұрды.

Бүкіл елде феодалдық тәртіп орнады. Барлық жер ірі феодалдардың жеке меншігі болып есептелді, ал оны өңдеу шаруалардың мемлекеттік міндеткерлігіне айналды. Олар өнімнің үштен бірін феодалдарға тапсыруға міндеттенді.

XVII ғасырда алып тас қорғандар, үлкен әрі бай мазарлар салынды, бұлардың кейбіреулері сәулет өнерінің ең көрнекті ескерткіштері (Тәж-Махал және т.б.). Феодалдар өздерікін кірістерін өндірісті ұлғайтуға емес, керісінше, әскер мен сән-салтанатты көбейтуге жұмсады, көптеген алтын мен күміс, зергерлік бұйымдар, асыл тастар, кілемдер жинады, бірнеше малай, бишілер ұстады, салта-нат үшін сәнді шатырлар жасатып, пілдердің үстін әшекейлеген жабдықтармен безендірді. Шаруалардың басым көпшілігі өте ауыр жағдайда болды, егіншілікпен, мал өсірумен, колөнермен айналысты. Бұлардың шаруашылығы натуралдық сипатта болды.

Деревняларда қауым сақталып, олардағы шаруалар жеке жер учаскесін пайдаланды, ал жайылым ортақ еді. Шаруалар феодалдардың пайдасына міндеткерліктерді бірігіп атқарды, суару жүйе-лерін, құдықтарды, орларды, өгіздердің күшімен су шығаратын құрылыстарды күтіп ұстады.

Үндістанның бүкіл халқы касталарға — өзара қатыспайтын адамдар тобына бөлінді.

Индуизм діні касталарға бөлуді, олардың әдет-ғұрпының, тәртіп ережесінің, ең бастысы — кәсіп түрлерінің мызғымастығын дәріптеді.

Адамның қоғамдағы орны, мамандығы оның қандай кастаға жататындығымен және оның ата-анасының кәсібімен анықталды. XVII—XVIII ғасырларда Үндістанда ішкі сауда жандана түсті. Қолөнер мен сауда орталығы ретінде қалалардың ролі біршама өсе бастады. Дегенмен, мешеу калған феодалдық қатынастар үстемдігін сақтап қалды. Саяси бытыраңқылық, кейбір князьдық тайпалар арасындағы араздық және діни алауыздық евроналық отаршылдар үшін олжа болды.

Үндістанды Британияның жаулап алуы. Жаулап алу 1600 ж. қүрылган ОстИндия компаниясынын қолымен атқарылды да, үзақ уақытқа созылды. Үндістандағы Англияның басты бәсекелесі Франция еді. Алайда Англияның өндірістік және әскери басымды-лығы оны жеңіске жеткізді.

1757 ж. ағылшын шапқыншылары Бенгалияны өзіне бағын-дырып, одан француз отаршылдарын қуып шықты. Францияның қол астында Үндістанның жағалауындағы жағалық қамал-бекіністер ғана қалды. Бенгалияны бағындырып алу Ост-Индия компа-ниясы әскерлеріыің елді одан әрі жаулап алуына түрткі болды, бүл жаулап алу XIX ғасырдың ортасында аяқталды.

Бенгалияда бекініп алған ағылшын отаршылдары жыл өткен сайын Үндістан жеріне ішкері ене, берді. Олар қатал тонаушылық соғыс жүргізді. Отаршылдар-дың баса-кәктеп кіруі барлық жерде жергілікті феодалдар мен шапқыншылардың екі жақты езгісінен күйзелгеи халықтың қайыршылыгы мен кедейленуін күшейте түсті.

Үндістан британ отаршылдарының езгісінде. Үндістанды қанау бастапқыда негізінен халықтан салық алу және үнді князьдары-иың байлығын тонаудан басталды. К. Маркс байлық елді ашық қанау және Англияға жөнелтілген орасан зор дүниені тартып алу жолымен жиналды деп жазды. XIX ғасырдың ортасында ғана Үндістанға ағылшын товарларын өткізудің мүмкіндігі өсті. Үндістанды тонау ағылшын буржуазиясының қолында орасан мол байлықтың жиналуына жағдай жасады.

ХІХ ғасырдың орта шенінде миллиондаған үнді тоқымашы-ларының тағдыры тым мүшкіл ёді. Олар ағылшынның фа-брикалық мақта-мата өндірісімен бәсекеге-төтеп бере алмай күйзеліске үшырады. Үндістаннан Англияға мата емес, ағылшын фаОрикаларына қажетті шикізат — мақта жеткізілді, ал Үндістанға ағылшынның даяр маталары әке-лінді. Ағылшын фабриканттары байыған үстіне байи түсті, ал күйзеліске үшыраған үнді то-қымашылары он мындап аш-тықтан қырылып жатты. Үндістанның бүкіл экономикасы ағылшын буржуазиясының мүддесіне бағындырылды.

1857—1859 ж.ж. Үндістандағы халық көтерілісі. ағылшын товарларын жеткізуді әрі әскери мақсатты көздепэ елдің шалғай жатқан аудандарына темір жолдар салды. 50:жыл* дардағы алғашқы темір жол күрылысы кезінде аштық пен ауру-: дан мыңдаған үнділер қаза тапты 1857— 1859 жылдардағы хадық көтерілісі. Отаршылдардың қанауының күшеюіне жауап ретінде әр жерде көтеріліс шыға бастады. 1857—1859 жылдары халық көтерілісі елдің едәуір бөлігін қамтыды. Алғашында Делиге жақын жерде зеңбіректермен, мылтықтармен қаруланған 60 мыңнан астам сипайлар бірінші болып көтерілді. Солтүстік Үндістан мен орталық аймақтағы көтерілістердің басты күші шаруалар мен қолөнершілер болды. Көтеріліске князьдар мен помещиктер де қосылды, өйткені бүған дейін олардың иеліктерін ағылшындар тартып алған болатын. Алғашқы кезде көтеріліс сәтті басталды. Көтерілісшілер Делиді және басқа қалаларды алды (картаны қара). Отаршылдардан азат етілген территорияларда жаңа тәртіп орнатылды: кейбір салықтар жойылды, салық жинау кезіндегі қиянатқа, мемлекет қазынасынан қымқырушылыққа қарсы күрес жүргізілді. I

Ағылшын үкіметі Үндістанға көптеген зеңбіректер және қару-жарақты пароходтары бар қосымша әскер жіберуге мәжбүр болды. Әскери күш жағынан енді ағылшын шапқыншылары басым болды. Көтерілісшілер бытыраңқы әрекет етті. Көтеріліске бастапқыда қосылған феодалдар, көп кешікпей халық қозғалысы өздеріне қарсы да бағытталуы мүмкін деп одан қорықты. Олар халыққа опасыздық жасап, енді көтерілісті басуға қатысты.

Ағылшын әскерлері көтерілісшілер алған қалаларды қоршап, оларды тіке шабуылмен алды. Халық ерлікпен қорғанды. Көше-лерде үрыс жүрді. Ағылшындардың Делиге пілдің күшімен жеткіз-ген зеңбіректері үрыстың тағдырын шешті.

Көтерілісті басу жан түршігерлік айуандықпен жүрпзілді. Ағылшын солдаттары әйелдерді де, балаларды да, қарттарды да аямады. Айдап әкелінген халықтың алдында зеңбіректің аузына байланған түтқындарды зеңбіректен атып, күл-паршасын шығарды.

Россияның алдыңғы қатарлы адамдары Үндістан халқының қайғысына ортақтасып көңіл білдірді. Орыстың революционер-демократы Н.А.Добролюбов көтеріліске арналған мақаласында ағылшын отаршылдарының айуандығын ашу-ызымен әшкерелеп, көтерілістің азаттық сипатын атап көрсетті.

Отаршылдар көтерілісті басқанымен, өз үстемдігін нығаиту үшін бірқатар реформалар жасауға мәжбүр болды. Помещиктер-дің салықты арттыруына тыйым салынды. Жергілікті князьдардың жерге жеке меншігіне ешкімнің нүқсан келтірмейтіндігіне кешлдік берілді. Ост-Индия компаниясы жойылып, Үндістанды басқару Боитания өкімет орындарының қолына көшті. Бірақ халық бұқарасының жағдайы жақсармады. Үнді халқының алдында тәуелсіз-дік үшін әлі де ұзақ та азапты күрес жолы тұр еді.

Үндістандағы халық көтерілісі Азия халықтарының отаршылдық езгіге қарсы азаттық күресі тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол британ шапқыншыларына да, отаршылдармен одақтас болған үнді феодалдарына да үлкен үрей туғызды. Көтеріліс қанға батыру арқылы басылғанмен, оның Азияның барлық халықтарының бұдан былайғы азаттық күресінде зор маңызы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет