«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет19/22
Дата29.12.2021
өлшемі145,26 Kb.
#106318
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
73d0c131-8b1a-11e3-bf6e-f6d299da70eeЖаңа-Қаз з Азия және Африка елд. тарихы-УМКД

15.1918-2004жж.Түркия

Түрік халқының азаттық күресін 1918 жылы Мұстафа Кемаль (Ататүрік 1880-1938 ) бастады. Оның басты міндеті ұлттық күштерді шоғырландыру болды. «Құқықтар қорғау» қоғамы құрылып олар мудросс келісімі белгіленген Түркия шекарасын қорғауға шақырды.

1920 жылы 20-сәуірде Анкарада жаңа парламент Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) шақырылып, елдегі заңды жалғыз билік болып жарияланды. ТҰҰЖ қабылдаған « негізгі ұйымдар туралы заң» 1924жылға дейін уақытша конституцияға айналды. Антанта Түркиядағы ұлт азаттық күресті басуға одақтастар , грек және халифат армиясын аттандырады. 1920 жылы күштеп танылған Севр келісімі бойынша Турция Англия, Франция, Италия мен Грецияның арасында бөлінді. Солтүстік Шығыс Армеияға беріліп Оңтүстік шығыста Курдтар мемлекетін құру көзделді.

Севр келісімінің тәуелділік шарттары ТҰҰЖ үкметін Кеңестік Ресеймен жақындасуына итермелеп, 1921 жылы Москвада РСФСР мен Турция арасында достық пен бауырластық туралы келісім жасалады. Антананың жауапты қимылдарын жеңе білген Ататүріктің беделі арта түсті. 1922 жылы 1-қарашада мәжіліс сұлтанатты жою заңын қабылдады. 1923 ж. 29- қазанда Турция республика болып жарияланады. 1924 жылы 3-наурызда халифат жойылып, кемалистер позициясы күшейеді. Сөйтіп ұлттық мемлекет құрылады.

Лозонн конференциясы жұмысының барысында 1922 қараша-1923 шілде, түрік делегациясы Исмет Иненюдің басшылығымен Түркияның «Ұлттық обетпен» белгіленген территорияларды тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық мойындалуына қол жеткізді.

Кемалистер артта қалған экономиканы көтеру үшін шетелдіктерден шамамен барлық өнеркәсіп орындары мен темір жолдарды алады. Этатизм эканомикалық саясаты, мемлекеттік қаржының өнеркәсіпке, темір жолдарға, ал кейіннен басқа шаруашылыққа салуын көздеді. 30 - жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейінгі жылдардан кейін кемалистер экономиканы қатаң мемлекттік реттеуге көшті.

1928 жылы қазанда астана Стамбулдан Анкараға көшірілді. Бірқатар шаралар мемлекеттік істерді діннен бөлуге бағытталды. 1924 жылы халифат жойылып, Осман династиясының барлық мүшелері елден шығарылды. Дін істерімен вакуфтар бойынша министірлік жойылды, дінбасшылар барлық байлықтарынан айрылды. Барлық медреселер жабылып, оқу мекемелерін бақылау, ағарту министірлігіне шоғырланды. Сот өтері дінбасыларынан алынды. Мемлекет жаңа вилогбеттерге бөлініп, олар орталыққа қарады.

1923-1924 ж жүргізілген реформалардың нәтижесінде 1924 ж 20 сәуірде бірінші республикалык конститутция қабылданды.Коституция барлық азаматтарды түріктер деп жариялады 1925 ж бастап елде халықтың республикалық партияның бірпартиялық режімі орнатылды. Партиялық басқару мемлекеттікпен жақындасып, авторитарлық басқару жүйесі механизм орнады.

1925-1928 ж европалық үлгі бойынша қылмыстық және азаматтық кодекстер

қабылданды. Көпәйелалушылыққа тыйым салынып, әйелдер ерлермен тең құқылы деп жарияланды, Европалық күнтізбе, киім-кешек, жаңа латын алфавиті енгізілді.

Ал енді «Ататүрік не істеді, халқына, Отанына не берді, түрік әлемі жайында қандай идеялар айтты?» деген мәселеге келетін болсақ, мен былай деген болар едім: «Ататүріктің туған халқына, Отанына сыйлаған ғажайып туындысы, түрікше айтқанда шахасәр, орысша шедевр дейтін еңбегі, бұл – «Туркия Республикасы» аталатын жаңа тұрпатты түрік мемлекеті. Бұдан артық, бұдан зор сый болуы мүмкін емес.Ал осы Туркия Републикасының іргесі берік болуы үшін, өркендеп, гүлденуі үшін «Ататүрік қандай реформалар жасады?» дейтін болсақ, бұл өз алдына үлкен бір мәселе.

Түрік ұлтының заманауи өркениет деңгейіне жетуі жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың негізі болған принциптердің жиынтығы «Ататүрікшілдік» (немесе «Кемализм») деп аталады. Бұл Ататүрік құрған жаңа Түркия Республикасы мемлекетінің идеологиялық негіздері болып табылады. Олар мыналар: республикашылдық, халықшылдық, ұлтшылдық, (ұлтжандлық), мемлекетшілдік, лаицизм (зайырлылық), революцияшылық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму үстінде болу). Бұл алты принцип 1937 жылы ресми түрде Түркия Республикасының Конститутциясына енгізіліп, күні бүгінге дейін ешбір президент, ешбір үкімет тарапынан өзгертілмей келеді. Олар бұлжымас.

Осы принциптерінің негізінде Түркияда Ататүріктің басқаруымен саясат, құқық, оқу-ағарту, зайырлық, тарих ғылымы, тіл білімі т.б. салаларда көптеген реформалар жасалды, жаңалықтар енгізілді. Мысалы, сұлтандық халифат таратылды, жаңа конститутция қабылданды (1924): шариғат соттары таратылды, көп әйел алу тоқтатылды, еркектер мен әйелдердің құқықтары теңестірілді, жаңа заңдар кодексі қабылданды; араб жазуының орнына латын әліпбиі қабылданды (1928) және бұл бірнеше айда жүзеге асырлды, дін мен мемлекет бөлінді, еуропалық киім үлгісі енгізілді, 1926 жылы 1-қаңтардан бастап Түркия еуропалық жыл санау жүйесіне көшті, ұзындық пен салмақ өлшемдері жаңартылды, фамилиялар туралы заң қабылданды (1934) т.с.с.

Ататүрік, әсіресе, тарих ғылымы және тіл білімі саласына ерекше көңіл бөлді, 1931 жылы Түрік тарих қоғамы құрылды, өзі «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазды. Мұнан кейін түрік тарихы жаңаша сипатта-ұлттық және түркілік мазмұнда жазылатын болды.

Түрік тілін араб, парсы элементерінен (олар сол кезде өте көбейіп, қарапайым халық өз тілін түсінбейтін халге жеткен) тазарту, оны халыққа неғұрлым жақындату мақсатымен 1932 жылы Түрік тілі қоғамы ұйымдастырылды. Бұл екі қоғам да арада өткен 67 жыл ішінде орасан зор іс тындырды.

Өкінішке орай, қарасы өшкір қызыл империя жылдарында Ататүрікке лайықты баға берілмеді, керісінше ол «буржуазиялық қайраткер ретінде «сыналды», жамандалды. Сондықтан ол әлі күнге дейін ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да жақсы белгілі емес.

Ататүрік мейілінше түрікшіл адам болған. Ол 1933 жылы Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген сөзінде КСРО-ның түбінде ыдырауы мүмкін екендігін айтып, оның құрамындағы бауырларына қол үшын беру үшін Түркияның дайын болуын өсиет еткен-ді. Ататүрік түрік бірлігіне сенген, адамзат тарихының жаңа кезеңдері болашақта Түрік бірлігінен нәр алатынын айтқан. Артына «Түрікпін дей алатын адам қандай бақытты», «Түріктің түріктен басқа досы жоқ» т.б көптеген қанатты сөздер қалдырған.

Әлемнің түрлі елдеріндегі ірі-ірі мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылар Ататүрікке өте жоғары баға берген. Олардың ішінде кешегі А.Гитлер де, бүгінгі Ф.Кастро да және т.б. бар.

Ататүріктің өмірі, күресі, қызметі, айтқан сөздері мен ой-пікірлері (бұл жөнінде «Жұлдыз» журналында 1996 жылы 11-санында жарық көрген «Ататүрік өсиеті» атты мақаламызда оқуға болады), оған сүйгіштік, мұраткерлік тұрғысынан зор үлгі, әрі олардың тағылымдық-тәрбиелік маңызы терең. Сондықтан оларды кеңінен насихаттауға, әсіресе жас ұрпақтың жан дүниесіне жеткізуге тырысуымыз керек. Бүгінгі таңда бұл бізге өте қажет.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен 1939-1945 жылдары Түркия 1939 жылы 19-қазанда Ұлыбритания мен Франциямен одақ келісім жасап англо-француз блогына қосылса, 1940 жылы Францияның капитуляциясынан кейін гитлерлік Германиямен жақындаса бастап, 1941 жылы 18-маусымда Ұлыбританиямен одақты сақтай отырып, Германиямен достық пен шабуыл жасаспау келісімін жасайды. Гитлерлік Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін Түркия өзін бейтарап деп жариялады.

40 жылдың аяғы - 50 жылдың басында түрік үкіметі АҚШ-пен Түркияға американдық «көмек» беру келісімін жасайды. 1952 жылы Түкия НАТО-ға енеді. 1955 жылы СЕНТО-ға мүше болады.

1961 жылы жаңа конституция қабылдады. Ол 1924 жылы конституцияға ұқсас болып, қосымша «Конституциялық кеңес» концепциясы енгізілді.

Заң шығару билігі 2-палаталық Парламентпен жүзеге асырылды. Палаталардың бірі жаппай дауыс берумен сайланған, 450 депутаттан тұратын Ұлттық Ассамблея. Екінші палата – Республикалық сенат жалпы сайлаумен сайланған 150 депутатты, Президетпен тағайындалған 15 сенаторларды, сондай – ақ Ұлттық бірлік комитетінің мүшелерімен өмірлік сенаторлар болып табылатын бұрынғы президенттерді қамтыды.

1982 жылы Конституцияда Республикалық сенат жойылды, осы конституция биліктің барлық тармақтарының қалыпты қызмет етуін қамтамассыз етеді.

Бүгінгі таңда Түрік Республикасы демократиялық, зайырлы және әлеуметтік құқықтық мемлекет, адам құқықтарын сыйлайды және Ататүріктің ұлттық патриотизімін ұсынады.

Биліктің атқарушы, заң шығару және сот тармақтары жіктелген.

Заң шығару билігін Түрік жоғары Ұлттық Ассамблея ( ТЖҰА) түрік ұлтының мүддесіне сәйкес атқарады. ТЖҰА құрылымы мен қызметі, міндеттері мен ықпалы Конститутцияда белгіленген. Бір палаталық Ассамблея тікелей сайлаумен 5 жылға сайланған. 550 депутаттан тұрады.

ТЖҰА міндеттері мен қызметтері заңдарды қабылдау, түзетулер енгізу мен қабылдамау. Министрлер кеңесі қызметінің мониторингі, бюджетті талқылау мен қабылдау, ақша эмиссияларын ратификациялау, соғыс жариялау, халықаралық келісімдерді ратификациялау.

Атқарушы билікті Президент пен Министрлер кеңесі атқарады.

Президент, мемлекет басшысы, Түркия Республикасы мен түрік ұлтының бірлігін білдіреді, контитуцияның сақталуын бақылайды және мемлекеттің барлық органдарының үйлесімді және дұрыс қызмет етуін қамтамассыз етеді. Ол жеті жылдық мерзімге ТЖҰА мүшелері немесе аяқталған стандарттық білімге 40 жастан асқан Түркия азаматтарының арасынан сайланады. Президент екінші мерзімге сайлана алмайды.

Түркия Республикасының президенттері;

1.Мұстафа Кемаль Ататүрік (29,10,1923-10,11,1938)

2.Исмет Иненю (11,11,1938-22,05,1950)

3. Келал Балер (22,05,50-27,05,60)

4.Кемал Гюрзель (27,05,60-28,03,60)

5.Севдет Сунай (29,03,06-28,03,73)

6.Фахри Корутюруг (6,04,73-6,04,80)

7.Кенан Эвран (18,09,80-10,11,1891)

8.Торғұт Өзал (9,11,1989-17,04,93)

9.Сүлейман Демирель (16,05,93-20)

Министірлер кеңесі Премьер-министр мен министрлерден тұрады. Премьер-министр республиканың Президенті мен ТҰЖА мүшелерінің қатарынан тағайындалып, ал министрлер Премьер-министр мен ТҰЖА мүшелері қатарынан ұсынылып, Президентпен бекітілген.

18-жасқа толған Турцияның әрбір азаматы сайлауға, референдумға қатысуға, партия мүшесіне айналуға құқылы әскерилер сайлауға қатыса алмайды. Азаматтар саяси партиялар құруға құқылы. Саяси партиялар демократиялық принциптерге сәйкес, Конститутция бойынша еркін қызмет ете алады. Барлық саяси партиялар Анкарадан штаб-квартира ашып кем дегенде 30 адамнан тұру қажет. Негізгі партиялар игілік партиясы, Отан партиясы, Тура жол партиясы, Демократиялық солшыл партия, Республикалық халықтық партия.


Түркия – аграрлы-индустриялдық мемлекет. Халықаралық еңбек бөлісінде Түркия аграрлы шикізаттық аудан рөлін атқарады. Мемлекетке барлық темір жол транспорты, байланыс құралдары, теңіз транспортының ½ бөлігі, несие-банктік жүйенің құралдарының ¾-і, өңдеуші өнеркәсіптің өнімінің 1/3-і, өндіруші өнеркәсіптің ¾-і және шамамен елдің бүкіл электроэнегетикасы тиесілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет