«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет20/22
Дата29.12.2021
өлшемі145,26 Kb.
#106318
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
73d0c131-8b1a-11e3-bf6e-f6d299da70eeЖаңа-Қаз з Азия және Африка елд. тарихы-УМКД

Ауыл шаруашылығы


Егіншілік – ауыл шаруашылығының басты саласы ауылшаруашылық өнімінің 2/3-ін берді. 25,5 млн га жер өңделеді (тер-ң 33%-і ) Егістік алқаптың 80%-ін астық тұқымдастары, 15%-н техникалық дақылдар алады, бақшалар мен жүзімдіктер 4,2% жерді алып жатыр.

Мал шаруашылығы Түркияның 1/3 бөлігін жайылымдықтар мен шабындықтар алып жатыр Түркия ангор ешкілерінің жүнін әлемдік жеткізушілердің бірі.

Ормандар 20 млн га (25%) жерді алып, аяқ жетпес таулы аудандарда сақталған, көп бөлігі мемлекетке тиісті.

Түркия – азық-түлік өнімдерін өндіруде абслютті тәуелсіз елдердің бірі.

Өнеркәсіп өнімінің 82%-і өңдеуші өнркәсіпке, 10%-і өндіруші өнеркәсіпке, 7%-і энергетикаға тиеді. 200 адамнан артық жұмыс істейтін ірі фабрикалар мен зауыттар барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының 4%-н құрайды, бірақ жұмыс күшінің 70%-н шоғырландырады және өнеркәсіп өнімінің 71,5%-н берді Өнеркәсіп негізінен, елдің батысы мен орталығында шоғырланған.

2001 ж. жазының аяғында Түркия экономикалық және саяси дағдарысының шырқау шегіне жеткен. Түрік лирасы 2001 жылы ақпанда ХВҚ (МВФ) Түркияға экономикалық реформалар байлағаннан кейін күрт төмендеді, жұмыссыздық пен қылмыс жасау күрт жоғарылады.

Билеуші топтардың рейтінгі 10%-ке дейін төмендеді.Халықаралық жоспарда Түркия оқшаулану тенденциясын белгіледі. 2001 жылы мамырда МВФ Түркияға 8 млрд. көлемінде кезекті бергеннен кейін, Вашингтон Түркия өз ішкі істерін реттемейінше қолдау көрсетпейтіндігін ескертті.

Түркияның ішкі саяси және экономикалық реформаларының сәтсіздігі салдарынан Түркия Еуропалық одақтың құрамына ене алмай келеді. Еуропалық құрылымдарға интеграция курсы сыртқы саясаттың доминантасы және билеуші ортаның ресми идеологиясы болып табылады.

Қырғи қабақ соғысы кезінде Түркияның Батыс Еуропамен қатынастары жетекші болды. 70-жылдары Европамен қатынастарды экономикалық қызметтестік мәселелерін анықтаса, 90-жылдары бұл демократияны орнату мен жетілдіру мәселелері болды. Алайда Түркия қауіпсіздік туралы өзіндік тұрғыларға сүйеніп, қырғи қабақ соғысы логикасына сәйкес әрекет жасады. Бұл курдтар азшылығы мен солшыл партияларға репрессияларға қатысты. Осы мәселелерге түрлі көзқарас салдарынан Түркияның еуропалық қауымдастықтағы статусы анықталмай отыр. Сондай-ақ, еуропалық державалар мен Түркия арасындағы сақталып келе жатқан экономикалық алшақтық та кедергісін келтіруде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет