Дәріс №4 Ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны



бет1/6
Дата12.12.2021
өлшемі1,22 Mb.
#99620
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№4


Дәріс №4

Ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіру технологиясы
Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Асбұршақты арамшөптерден тазарған күздік және жаздық, отамалы дақылдардан кейін орналастырады. Асбұршақты басқа бұршақ тұқымдастары және күнбағыс себілген танапқа сеппейді, өйткені танап олардың шашылған тұқымдарымен ластануы мүмкін. Асбұршақтың өзі астық дақылдарына жақсы алғы дақыл болып есептеледі.


1-сурет. Ас бұршақ
Жер өңдеу. Алғы дақыл орылып алғаннан кейін аңызды 4-5 см тереңдікте екі бағытта дискілейді. Атпатамырлы арамшөптерге қарсы 12-15 күннен кейін 14-15 см тереңдікте аудара қопсытылады.

Сүдігер жырту 22-25 см тереңдікте жүргізіледі. Одан кейін танап культиватормен (КПС-4) немесе ауыр тырмамен өңделіп тегістеледі.

Қыста танапқа 2-3 рет қар тоқтатады. Көктемде жер дегди салысымен 2 рет тырмаланады. Содан 3-4 күннен кейін тұқым себер алдында себу тереңдігінде культивация жүргізіледі (қопсытылады). Қопсыту тереңдігі – 6-8 см. Тыңайтқыш беру. Ас бұршақ фрсфор, калий тыңайтқыштарын көп қажет етеді. Алғашқы кезеңде аз мөлшерде (N30-40) азот тыңайтқышын беру керек. Топырақты негізгі өңдеу алдында жеңіл топырақты танапқа N60Р90К60, ауыр топырақты танапқа N30-40Р60К60 тыңайтқыштарын сіңіреді. Тұқыммен бірге фосфор (Р40) тыңайтқышын сіңіру тиімді. Тұқымды себуге дайындау. Сапалы тұқым себу жоғары өнім алудың кепілі. Егістікке жақсы толысқан, дәндері біркелкі, 1000 дәннің салмағы қалыпты мөлшердегі, өнгіштігі және өскіш энергиясы жоғары асбұршақ тұқымын пайдалану керек. Алғашқы кезеңде азот қорын жинау қабілетін көтеру үшін асбұршақ тұқымы себер алдында бактериялық препарат – ризоторфинмен өңделеді. Бұл жұмыс күн сәулесі түспейтін қоймада тұқым себер алдында жүргізіледі. Ресейде, Германияда жүргізілген тәжірибелерге қарағанда асбұршақтың тұқымын себер алдында ризоторфинмен өңдеген кезде оның өнімі 16-48% көтеріледі екен. Сонымен бірге микроэлементтер (Мо, В, Мn) пайдалану да асбұршақтың өнімін жоғарылатады.

Дәндік бұршақ дақылдары басқалардай түптенбейді. Олардың өнімі негізінен сабағының бұтақтану деңгейімен анықталады. Асбұршақтың тұқым себу мөлшері топырақ-климат жағдайына және сортына байланысты. Ерте пісетін сорттарының 1 гектардағы өсімдік тығыздығы кеш пісетін сортына қарағанда жоғары болуы керек. Тұқым себілу мөлшері әр гектарға 0,8-1,4 млн өнгіш тұқым. Асбұршақты астық сепкіштермен (СЗ-3,6 т.б.), қатарлап себеді. Тұқым себер алдында және себілгеннен кейін танапты тығыздайды (ЗККШ-6).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет