Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет1/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма

Бас мидың құрылысы.
Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми (encephalon ) оны қоршаған қабықтарымен бірге ми сауытының ішінде орналасқан. Үлкен мидың салмағы 1100-2000 г. Жаңа туылған нәрестенің үлкен миының салмағы 370-400 г болады. Бала бір жасқа келгенде оның бас миының салмағы екі есе, 6 жаста үш есе артады. Кейін мидың салмағының өсу қарқыны кемиді, адам 20-25 жасқа толғанда бас ми қалыптасып, өсуі тоқтайды. Адамның үлкен миының салмағы мен көлемі 20-60 жас аралығында бір қалыпты болады, ал 60 жастан кейін оның салмағы кеміп, көлемі кішірейеді.

Адамның үлкен миы үш бөлімнен: 1. үлкен ми сыңарлары; 2. ми діңгегі; 3. мишықтан тұрады.

Үлкен ми қатпарларының арасындағы ойыстарды сайлар, ал көтеріңкі, дөнес бөліктерін иірімдер деп атайды. Сайлар мен иірімдер ми қыртысы бетінің көлемін арттырады.
Үлкен ми екі сыңарлардан тұрады. Ми сыңарлары бір-бірінен аралық сай арқылы бөлінген. Олардың ортасын сүйелді дене қосып тұрады. Сүйелді дененің астында оның күмбезі орналасқан. Ми сыңарлары көлденең сала арқылы мишықтан бөлініп тұрады, ол мидың басқа бөліктерін жабады. Әрбір ми сыңарлары ақ және сұр зат. Сұр заттар қыртыстанып ақ заттың үстін жауып тұрады. Бұл ми қыртысы. Сұр заттар қыртыстары сайлар мен иірімдерден тұрады. Мидың ақ затынан қыртыс асты пайда болады. Қыртыс асты ақ затының ішінде тереңдеп кірген сұр заттар көрінеді. Олар негізгі ядролар. Негізгі ядроларға жолақ дене, бұршақ және құйрықша ядролар, ішкі, сыртқы солғын ядролар кіреді. Ми сыңарларының бостығы күрделі пішіндегі бүйірдегі қарыншалар.
Ми бағаны. Сопақша ми. Артқы ми.
Ми бағаны. Ми діңгегінің құрамына сопақша, аралық, орталық, артқы ми, тор іспетті дене, III-IV ми қарыншалары, Сильвий су құбыры кіреді.
Сопақша ми жұлынның тікелей жалғасы. Ми сауытының ішінде, шүйде сүйегінің ылдиының үстінде орналасқан. Алдыңғы беті ылдиға, артқы беті мишыққа қараған. Сопақша мидың алдыңғы бетінде алдыңғы орталық сала бар. Ол жұлынның алдыңғы орталық саласының жалғасы. Алдыңғы орталық саланың екі бүйірінде пирамида мен олива орналасқан. Пирамидадан төменге бағытталған қимылдық жүйке талшықтары өтеді.



Пирамидадан өткен оң және сол жақтағы жүйке талшықтары сопақша ми мен жұлынның аралығында бір-бірімен айқасып, пирамида жолының айқасы пайда болады. Әрбір пирамиданың артында сопақша пішіндегі дөңес оливалар бар. Оливада сұр заттың жиынтығы – олива ядросы немесе вестибуляр ядро. Пирамида мен оливаның аралығындағы алдыңғы бүйірдегі сайдан бас ми жүйкелерінің ХІІ жұбы, ал оливаның артындағы артқы орталық сайдан ІХ, Х, ХІ жұп бас ми жүйкелері шығады. Артқы орталық сайдың екі бүйірінен жіңішке және сынадай сезгіш жүйке талшықтары өтеді. Олар жіңішке және сынадай ядроларда аяқталады. Бұл ядроларда температура мен ықтияр орталығы орналасқан.
Сопақша мидың артқы бетінің жоғарғы бөлігінің пішіні үшбұрыш. Бұл ромбы тәріздес шұңқырдың төменгі жартысы немесе төртінші қарыншаның түбі болып саналады. Сопақша мидан мишыққа екі төменгі мишық аяқтары тартылған. Олардың пішіні білікше, ромба тәріздес шұңқырдың төменгі бөлігі бүйірінің шекарасында тұрады. Төменгі мишық аяқтарынан артқы жұлын-мишық жүйке жолдары өтеді.
Сопақша мидың сұр заты ішінде, ақ заты сыртында орналасқан. Сұр зат сопақша мидың ядроларының жиынтығы. Онда тіл-жұтқыншақ (ІХ жұп), кезеген (Х), қосымша (ХІ), тіл асты (ХІІ) ми жүйкелерінің және жіңішке, сынадай, олива ядролары орналасқан. Сопақша мидың ақ заты қысқа және ұзын жүйке талшықтарының шумағынан тұрады. Қысқа жүйке талшықтары сопақша мидың ядроларының және олармен ми көпірі ядросының арасын қосады. Сопақша мидың ұзын жүйке талшықтары жоғары және төмен бағытталған бас ми мен жұлынның өткізгіш жолдары.
Сопақша ми көлемі жағынан өте кішкене болса да ( ұзындығы 5 см ), онда адам өмірі үшін өте маңызы орталықтар орналасқан: 1. тыныс алу орталығы; 2. жүрек, қан тамырлары орталығы; 3. тағам рефлекстері ( ему, сору, жұтыну ); 4. вестибуляр, тепе-теңдік; 5. қорғаныс рефлекстері ( жөтелу, түшкіру, көз жасы ) орталықтары. Сопақша ми зақымданса адамның өмір сүруі мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет