Бас қаңқасы
(череп,cranium)
Бас қаңқасында үлкен ми,көру,есту,тепе-теңдік,иіс сезу мүшелері және ауыз,мұрын қуыстары орналасқан.
Бас қаңқасы ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады.
Ми сауытының сүйектері-екі жұп, төрт тақ жалпақ сүйектер. Олар бір-бірімен жіктер арқылы біріккен. Ми сауытының жұп сүйегіне самайжәне төбе,ал тақ сүйегіне – мандай,шүйде,сына,тор іспетті сүйектер кіреді. Бас қаңқасы сүйектерінде көптеген тесіктер,өзектер бар. Олар арқылы жүйкелер,қан тамырлар өтеді. Сонымен бірге сына, торша және маңдай сүйегінде ауаға толған қуыстар немесе синустар бар. Олардың өзегі мұрын қуысына ашылады.
Шүйде сүйегі(затылочная кость,os occipitalis) –жазық,жалпақ сүйек (15-сурет). Шүйде сүйегі қабыршықты,екі латераль және базиллярлық бөләмдерден тұрады. Олардың ортасында үлкен шүйде тесігі тұр. Осы жерде жұлын сопақша мимен, ал үлкен шүйде тесігі ауыз омытрқа Atlas тесігі арқылы омыртқа жотасының тесігімен жалғасады. Осы тесіктің алдында шүйде сүйегінің негізі болып табылатын,базиллярлық бөлігі орналасқан. Оған сына сүйектің денесі бірігіп «ылди» пайда болады.
Шүйде сүйегінің сыртқы жағында Атлантпен бірігетін айдаршықтар бар. Олардың беттері эллипсше,әрбір айдаршықтың түптерінен тіл асты жүйкесінің өзгерістері өтеді. Жалпақ иілген шүйделік қабыршақтың сырт жағында шүйделік шоқы,ал ішкі бетінде шүйделік шоқы мен крест томпағы орналасқан.
Сына сүйек (клиновидная кость,os sphenoidale) бас сүйектің негізінде,артында шүйде,алдында маңдай сүйегімен бірігеді. Сына сүйектің денесі және үш жұп өсіндісі бар. Өсінділер үлкен,кіші қанаттар, «қанатша өсінділер» деп аталады. Сүйектің кіші қанаты жоғарыға және шетке қарай бағытталып,көз шарасының,жоғарғы қабырғасының құрылысына қатынасады. Кіші қанаттың негізінде көру өзегі бар. Одан көру жүйкесі өтеді.
Сына сүйек денесінің жоғарғы беті иіліп «түрік ер-тоқымы» деп аталатын имек пайда болады.Бұл жерде ішкі секреци бездерінің ең маңыздысы гипофиз безі бар. «Түрік ерінің» екі бүйірінен ұйқы сыйлары өтеді,бұл сайларда сол және оң ішкі ұйқы артерияларорналасқан.Сына сүйек денесінің ішінде ауыз қуысы бар. Оның өзегі мұрын қуысына ашылады.
Сына сүйектің үлкен және кіші қанаттарының арасында көз шарасына ашылатын көздің жоғарғы саңлауы бар. Бұл саңлауда бас мидың үштік жүйкесі,көз веналары өтеді.Сына сүйектің үлкен қанатының алдыңғы бетінен көз шарасының шеткі қабырғасы,ал самай бетінен самай шұңқыры пайда болады.
Сына сүйектің үлкен қанатының негізінде дөңгелек,сопақ қылқанды үш тесік бар.Дөңгелек және сопақ тесіктерден бас мидың үштік жүйкесінің тармақтары,ал қылқанды тесіктен орталық менингиаль артерия қан тамыры өтеді.Сына сүйектің төменге қарап бағытталған қанатшасы ішкі,сыртқы екі жапырақтан тұрады.
Самай сүйегі (височная кость,os temporalis) –ми сауыты сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі.Сүйектің ішінде есту және тепе-теңдік мүшелері орналасқан. Самай сүйегі үш бөлімнен тұрады. Олар қабыршықты, тасты және дабылды бөліктер. Сүйектің сыртқы бетінде сыртқы дыбыс түтігінің сүйекті бөлігі,оның артында емізікше, ал алдында самай шұңқыры жатыр. Сыртқы бетінен алға қарай бет сүйегінің өсіндісі шығады. Ал ол бет сүйегімен қосылып бет доғасын құрайды.Адамның бет пішіні,осы бет доғасына байланысты әр адамда түрлі болады.
Сырқа есту тесігін алдыңғы және артқы жағынан сүйектің табылды бөлігі қоршап тұрады.
Самай сүйегінің тасты бөлігі үш қырлы,пирамидаға ұқсаған.Пирамиданың ұшы сына сүйектің денесіне ,ал табаны ми №уытының негізіне қараған, ол «емізікше» өсінді сыртқы есіту тесігінің артында.Пирамиданың жоғарғы,алдыңғы,артқы жиегі,алдыңғы,артқы бүйірі және шұңқырының,ал артқы бүйірінің беті артқы ми шұңқырының құрылысына қатынасып, пирамиданың табаны мен сауыты негізінің құрамына кіреді.Пирамиданың алдыңғы бүйірінде оның төбесіне жақын үштік батыңқы бар.Бұл жерде үштік жүйкенің түйіні жатады.Үштік батыңқының артында шеткірек доғаға ұқсаған дөңес тұр.Бұл жерде, пирамиданың ішінде,жартылай иірімді түтікшелер болса,ал пирамиданың артқы бүйірінде ішкі есіту тесігі бар.Ол ішкі есіту жолына жалғасады. Пирамиданың табанынан жіңішке біздей өсінді шығады.Емізікше және біздей өсінділердің арасында бізөемізік тесігі жатыр.Бұл тесіктен бас ми жүйкесінің 7 –жұбы шығады.Пирамиданың табанындағы дөңгелек тесік ұйқы жолының сырқы тесігі,ол ұйқы өзегіне жалғасып, пирамиданың ұшына ашылады.Бұл өзектен ұйқы артериясы ми сауытына кіреді.Сыртқы ұйқы тесігінің артында мойынтұрық шұңқыры бар.Шүйде сүйегі мен самай сүйегі біріккенде мойынтұрық тесігі пайда болады.Бұл тесіктен ми сауытынан ішкі мойынтқрық вена шығады.
Төбе сүйегі (теменная кость,os parietalis). Төртбұрышты, төменгі шетінен басқа жиектері кертілген жалпақ сүйек.Сыртқы бетінде екі төбе төмпештігі бар.
Маңдай сүйегі (лобная кость,os frontale). Маңдай сүйегі қабыршықтан,жұп көз,мұрын бөлігінен құралған. Қабыршықтың оң және сол бөләгәнде маңдай тоипағы,ал олардан төмен қас доғасы орналасқан. Қас доғасы үшкір көз үсті шетімен жалғасады. Маңдай сүйегінде жұп ауа қуысы бар. Оның пішіні мен көлемі әртүрлі,өзегі мұрын қуысына ашылады.
Торша сүйек (решетчатая кость,os ethmoidale) ол бас сүйегінің ең тереңінде орналасқан. Мұрын қуысы және көз шарасы қабырғаларының құрылысына қатынасады. Сүйек жарты табақшалардан құралған. Одаен төмен қарай перпендикуляр табақша шығады. Ол мұрын қуысының аралығы пайда болуына қатынасады. Осы перпендикуляр табақшаның айналасында торша лабиринттер бар. Олар ауа шұңқыршаларынан тұрады. Лабиринтің оң және сол жақтағы сыртқы беті жұқа көз қабыршықтарымен қапталған,ішкі беті перпендикуляр табақшаға қараған. Лабиринтің ішкі мұрын қуысына қараған бетінде екі сүйек салбырап тұрады. Бұл жоғарғы және ортадағы кеңсірік.
Бет сүйектері
Бет сүйектерінеалты жұп,үш тақ сүйектер кіреді. Жұп сүйектер жоғарғы жақ,мұрын,көз-жас,бет,таңдай және төменгі мұрын кеңсірігі.
Беттің тақ сүйектері: төменгі жақ,желбезек және тіл асты сүйегі.
Жоғарғы жақ (верхняя челюсть,maxilla). Жоғарғы жақтың денесі және төрт өсіндісі бар.Денесі төрт беттен тұрады. Олар: алдыңғы,артқы немесе самай асты,көз шарасына,мұрынға қараған беттер. Жоғарғы жақтың алдыңғы бетінде көз шарасының тесігі және оның тіс ойығы бар. Самай асты бетінде жоғарғы жақтың денесі білінеді.
Альвеолада сегіз тіс кіріп тұратын шұңқырлар бар.Таңдай өсіндісінен қатты таңдай пайда болады,ал маңдай өсіндісі маңдай сүйегімен,бет шығыңқысы бет сүйегі өсіндісімен қосылады.
Таңдай сүйегі (небная кость,os palatinum) перпендикуляр,горинзонталь орналасқан екі сүйек табақшасынан пайда болған.Таңдайдың перпендикуляр сүйегі мұрынның бүйірдегі қабырғасының құрылысына қатынасады. Таңдайдың горизонталь сүйегі қатты таңдайдың артқы бөлігін құрайды.
Жоғарғы жақтың таңдай шығыңқысы мен қатты таңдайдың горизонталь табақша сүйегі бірігіп тұрады. Олар бірікпей қалса тұма ақау- «жырық» пайда болады.
Бет сүйегі (скуловая кость,os zygomaticus) адамның бетіне пішін береді. Сүйектің самай,көз шарасына қараған және шеткі үш беті бар. Бет сүйегінің шығыңқысы самай сүйегінің бет шығыңқысымен қосылып,бет доғасын құрайды.
Көзжас сүйегі (слезная кость,os lacrimale) көз шарасының ішкі бетінде орналасқан кішкене сүйек. Онда жас сайы мен сүйектің қыры бар. Бұл сүйек – көз жас,мұрын өзегі мен жас қабы шұңқырының құрылысына қатынасады.
Мұрын сүйегі (носовая кость, os nasale). Төрт бұрышты табақша сүйек,одан мұрынның қыры пайда болады.
Желбезек (сошник,vomer) мұрын қуысының құрылысында қатынасады.
Төменгі кеңсірік (нижняя носовая раковина,concha nfsflis inferior) жіңішке имек сүйек. Ол мұрынның бүйірдегі қабырғасында,жоғарғы және ортаңғы кеңсіріктерден төменде салбырап тұрады.
Төменгі жақ (нижняя челюсть,mandibula) бас қаңқасындағы жалғыз қозғалатын сүйек. Оның денесі мен жұп өсіндісі бар. Денесінің алдыңғы бетінде төменгі иек бар. Оның айналасында төменгі иек тесігі орналасқан. Төменгі жақтың ішкі бетінде иек қыры мен жақ-тіл асты тесігі өтеді.
Төменгі жақтың әрбір шығыңқы екі тармаққа бөлінеді. Алдыңғысы –тәждік,артқысы айдаршықты. Айдаршықтың басы,мойны бар. Басы самай сүйегіне буын арқылы бекиді.
Тіласты сүйегі (подьязычная кость,os hyoideum) доғаша,денесі мен үлкен және кіші екі жұп мүйіздері бар.
Бас қаңқасының бірігуі
Бастың сүйектері жіктер арқылы біріккен. Жік болып бірігудің бірнеше түрлері бар:
1) Қабыршықты жік (самай мен төбе сүйегінің қабыршаұ бөліктерінің бірігуі);
2) Жазық жіктер арқылы бірігу,бет сүйектерінің бірігуі;
3) Тіс тәрізді жіктер. Тіс тәрізді жіктердің бірнеше түрі бар. Олар: тәжді,бұл маңдай мен төбе сүйегінің арасында;
Самай –төменгі жақ буыны (височно-нижнечелюстной сустав,artlculatio temporomandibularis) жұп,пішіні айдаршықты күрделі буын. Ол төменгі жақтың айдаршықты тармағы мен самай буын шұңқырының арасында орналасқан. Буынның ішінде буын дискісі бар. Буын қапшығы латераль жалғамамен бекітілген. Осы буынның көмегімен төменгі жақ түрлі қимылға келеді.
Бүтін бас қаңқасы
Ми сауыты екі бөлімнен тұрады. Жоғарғысы-қақпағы,төменгісі-негізі. Ми сауытының қақпаңы төбе,маңдай,шүйде және самай сүйектерінің бөлігінен пайда болады.
Бұл сүйектердің барлығы жазық сүйектер. Олардың аралығында сүйектің борпылдақ ұлпасы бар. Олар тығыз екі сүйек қабатынан тұрады. Ішкі қабаты шыныдай өте жұқа болады. Бас жарақат алғанда оның сырты бүтін болғанымен осы жұқа қабық жарылуы немесе сынуы мүмкін. Бас негізінің ішкі және сыртқы беті бар. Ішкі бетінде алдыңғы,артқы және ортадағы бас шұңқырлары бар. Алдыңғы ми шұңқырында үлкен мидың маңдай бөлігі,орталық ми шұңқырында үлкен мидың самай бөлігі орналасқан. Алдыңғы ми шұңқырындағы торша сүйектің тесіктері мұрын қуысымен жалғасады. Бұл тесіктер арқылы мұрын қуысынан ми сауытына иіс сезу жүйкелері өтеді. Орталық ми шұңқыры көз шарасымен көру өзегі арқылы жалғасады. Көру өзегі арқылы көз шарасына көру жүйкесі,көз артериясы,венасы шығады. Бас мидың көзді қщзғаушы жүйкесі,шығыршықты жүйке,алып қашушы жүйке және үштік жүйкенің көз тармағы ми сауытынан жоғарғы көз саңлауы арқылы шығады. «Түрік ерінің» екі бүйірінен ішкі ұйқы артерясының сайлары өтеді. Сына сүйегінің домалақ тесігінен үштік жүйкенің тармағы ал сопақша тесіктен төменгі жақ жүйкесі шығады.
Көз шарасында (глазница,orbita) көз алмасы орналасқан. Оның кіреберісі мен төрт қабырғасы бар. Көз шарасының жоғарғы қабырғасы маңдай сүйегінің көз шарасы бөлігімен сына сүйектің кішкене қанатының бірігуінен пайда болған. Төменгі қабырғасы бет сүйегі мен жоғарғы жақ сүйегінен ішкісі көз жас сүйегі мен торша сүйектің көз пластинкасынан сыртқы қабырғасы бет сүйегі мен сына сүйектің үлкен қанаттарынан пайда болған. Латераль және төменгі қабырғаларының бұрышында көздің төменгі саңылауы орналасқан.
Мұрын қуысы (полость носа,cavum nasi) бет сүйектерінің орталығы тыныс жүйесінің басталатын жері,онда иіс сезу мүшелері орналасқан. Мұрын қуысының екі бүйірінде көз шарасы,жоғарғы жақтың гаймар қуысы орналасқан. Мұрын қуысы желбезек және тор іспетті сүйектің перпендикуляр табақшасы арқылы оң және сол бөлікке бөлінген. Мұрын қуысының төменгі қабырғасы таңдай сүйегінен жоғарғы қабырғасы маңдай және торша сүйектен құралған. Қуыстың бүйірдегі қабырғасы мұрын сүйегінен жоғарғы жақтың мұрын шығыңқысынан көз жас сүйегінің торша сүйектің лабиринтінен және таңдайдың перпендикуляр табақшасынан сына сүйегі қанатшасының медиаль табақшасымен төменгі кеңсіріктің қосылуынан пайда болған.
Мұрын қуысының бүйірдегі қабырғасынан жоғарғы,ортадағы және төменгі кеңсірік салбырап тұрады. Олардың әрқайсының астынан жоғарғы,ортадағы,төменгі мұрын жолдары өтеді. Мұрын жолдарына ауа қуыстарының өзегі ашылады. Жоғарғы мұрын жолына сына және торша сүйектердің ауа қуыстардың артқы өзектері ашылады.
Ортадағы мұрын жолына жоғарғы жақтың маңдай және сына сүйектердің ауа қуыстардың өзегі ашылады.
Төменгі мұрын жолына көз жас безінің өзегі ашылады.
Ауыз қуысы –жоғарғы қабырғасы қатты таңдайдан лдыңғы және бүйірдегі қабырғалары –жоғарғы және төменгі жақтың альвеолары мен тістерден құралған. Таңдай сүйегінде оң,сол,үлкен және кіші таңдай тесіктері бар.
Бастың бүйірдегі беттерінде жұп орналасқан самай самай асты және қанат-таңдай деп аталатын шұңқырлар бар. Бас қуыстарының тесіктері саңылауларға ашылады. Самай мен самай асты шұңқырларының шекарасы бет доғасы болып саналады. Самай асты шұңқыры терендеп қанат-таңдай шұңқырына өтеді. Қанат-таідай шұңқырына бас қуыстарының саңылаулары ашылады. Ол ми сауыты мен дөңгелек тесік арқылы көз шарасымен төменгі көз саңылауы мұрын қуысы мен сына-таңдай тесігі,ауыз қуысымен үлкен таңдай өзегі арқылы жалғасады.