Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет9/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма
Бел өрімі 12-ші кеуде, жоғарғы үш белдік сегменттерден пайда болады және жамабастың үлкен бұлшық етінің арасында. Ол бірнешеге тармақталады:
1.Мықын-іш асты жүйкесі.
2.Мықын-шат жүйкесі.
3.Сан-жыныс жүйкесі.
Олар іш қуысының алдыңғы бұлшық еттерін, сыртқы жыныс мүшелерін және санның жоғарғы бөлігінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Бел өрімінің ұзын тармақтары:
1.Санның сыртқы бетінің жүйкесі санның сыртқы бетінің терісін жүйкелендіреді.
2.Жапқыш жүйке кіші астаудың сыртқы қабырғасынан жапқыш тесігі арқылы санның ішкі бетіне өтеді. Жамбас буынына тармақ шығарып, негізгі тармағы санды жақындатушы бұлшық еттерді, санның ішкі бетінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
3.Сан жүйкесі бел өрімінің ең ірі жүйкесі. Мықын және жамбас бұлшық еттерінің арасымен өтіп, шат жалғамасының астымен санға өтеді. Санның алдыңғы топтағы бұлшық еттерін, оның терісін жүйкемен қамтамасыздандырады. Сан жүйкесінің ең ұзын тармағы тері асты жүйкесі (подкожный нерв) тізенің ішкі бетінен өтіп балтырды, аяқтың сыртын жүйкелендіреді.
Сегізкөз өрімі 4-5 бел, барлық сегізкөз, құйымшақ сегменттерінің алдыңғы тармақтарынан пайда болады, алмұрт сияқты бұлшық еттің алдында қысқа және ұзын тармақтарға тармақталады.
Жаялық өрімінің қысқа тармақтары.
1.Бөксенің жоғарғы жүйкесі үлкен шонданай тесігі арқылы жамбас қуысынан шығады, ортаңғы және кіші бөксе бұлшық еттерінің, санның жалпақ шандырын керетін бұлшық еттерді жүйкелендіреді.
2.Бөксенің төменгі жүйкесі жамбас қуысынан үлкен шонданай тесігі арқылы шығады.Жүйке үлкен бөксенің бұлшық етін, жамбас-ұршық буынын жүйкемен қамтамасыз етеді.
Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтары. Отырықшы жүйке ең ірі, ең ұзын жүйке. Жамбас қуысының отырықшы тесік арқылы шығады, санның артқы топтағы бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді.Отырықшы жүйкесі тізе шұнқырында екі тармаққа бөлінеді:
1.Асық жілік жүйкесі.
2.Жалпы шыбық жүйесі.
Асық жілік жүйкесі балтырдың артқы топтағы бұлшық еттерін, балтырдың артқы бетінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді. Асық жілік жүйкесі балтырдың камбала тәріздес бұлшық етінің арасымен балтырдың төменгі ұшына бағытталады, аяқтың басының ішкі жағымен табанға дейін жетеді. Жүйке табанның бұлшық еттерін, терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Жалпы шыбық жүйкесі балтырдың шыбық сүйегінің жоғарғы жағында екіге тармақталады:
1.тереңдегі шыбық жүйкесі;
2.беткейдегі шыбық жүйкесі;
Балтырдың шыбық сүйегінің тереңдегі жүйкесінің тармағы балтырдың алдыңғы топтағы бұлшық еттерін, балтырдың алдыңғы бетінің терісін, үлкен және екінші башпайдың терісін жүйкелендіреді.
Балтырдың шыбық сүйегінің беткейдегі жүйкесінің тармағы балтырдың шыбық сүйегінің ұзын және қысқа бұлшық еттерін, аяқ басының үстіңгі бетінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет