Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет12/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма
Нейронның қызметі, түрлері. Нейрон немесе жүйкелік жасуша - мидың құрылымдық-қызметтік бірлігі. Нейрон мынадай бөліктерден тұрады: дендрит, нейрон денесі немесе сомадан, жалғыз өсінді аксоннан; аксон төмпешігі мен кішігірім құрылымдардан.
Дендриттің қызметі келген қозуды қабылдау, ал аксонның қызметі қозуды келесі нейронға өткізу.
Нейронның түрлері: Өсінділеріне байланысты: униполярлы (жалғыз өсінділі жасуша), биполярлы (екі өсінділі жасуша), мультиполярлы (көп өсінділі жасуша).
Әсеріне байланысты: қоздырушы (бөлінген медиатор қоздырушы болса, мыс: ацетилхолин, катехоламин) және тежеуші (бөлінген медиатор тежеуші болса, мыс: ГАМҚ, глицин).
Түрлі тітіркендіргішке сезімталдығына қарай нейрондар моно-, би- және полисенсорлы деп бөледі.
Нейроглияның қызметі. Глия (желім)– бұл мидың көлемінің 10%-тін құрай отырып, нейрон арасындағы кеңістікті толтыратын, арнайы әр түрлі пішінді жасушалардан түзілген жүйке жүйесінің құрылымы.
Глиальды жасушалардың өлшемі жүйке жасушаларынан 3-4-есе кіші болып келеді, сүтқоректілердің ОЖЖ-де олардың саны 140 млрд-қа дейін жетеді. Жас ұлғайған сайын мида нейрондардың саны азайып, ал глиальды жасушалардың саны өседі.
Глияның мынадай түрлерін ажыратады: астроглия, олигодендроглия, микроглия.
Астроглия - көп өсінділі жасуша. Астроглия нейронға тірек болу қызметін атқарады, жүйке талшықтарын оқшаулап, нейронның метаболизміне қатысады
Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қазмет жасушасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнайы орын. Синапс ұғымын физиолоогия ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч. Шерингтон болатын Бір нейрон денесіндегі синапстар саны 100 немесе оданда көп болады. Синапс құрылымы күрделі, ол екі мембранадан түзілген: пресинапстық және постсинапстық, аралығында синапс саңылауы болады. Синапс түрлері: нейронаралық, ет-жүйкелік. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды, жүйке бүршігінде медиаторлар болады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиаторлардың қатысуымен өтеді. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок- рецептор орналасқан. Синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постсинапстық рецепторы - холинрецептор болады.
Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштеріне беретін күрделі жауабы. Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817), рефлекс теориясын пайымдаған орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин. Организмнің рефлекторлық әрекетінің арқасында организм сыртқы және ішкі ортаның түрлі өзгерістеріне жауап береді. Рефлекстің морфологиялық негізі рефлекторлық доға, яғни қозуды рецептордан жүйке орталығына, одан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Биологиялық бағыттануы бойынша рефлекс түрлері: қорғану, қоректік, жыныстық және ұрпағына қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу, И. П. Павлов бойынша "Бұл не?" рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады.
Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметтерінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бағанының каналында орналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құрсақ), аяқ-қол және мойын бұлшықеттерінің рефлекторлы орталықтары орналасқан, олардың қатысуымен бұлшықеттердің жиырылуы (тізе, ахиллов рефлексі), созылу рефлекстері, бүгу рефлекстер орналасқан. Мысалы, дәрет жіберу және дефекация, аталық жыныс мүшелерінің әрекеті, , асқорыту бездерінің сөл бөлінуі, асқорыту жолдарының қимылының қызметін реттейтін орталықтары жұлында орналасқан. Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет