Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат теңдеулер
|
|
Күні: 14.01.19ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Илебаева И
|
Сынып: 8 «Ғ»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.4.2.1
мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: мәтінді есептерді білу;
|
Оқушылардың басым бөлігі: мәтінді есепті квадрат теңдеуге келтіру
|
Кейбір оқушылар: мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу
|
Бағалау критерийлері:
-мәтінді есептерді көрсете алады;
-мәтінді есепті квадрат теңдеуге келтіре алады;
-мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шығара алады.
|
Декриптор:
- мәтінді есептерді көрсетеді;
- мәтінді есепті квадрат теңдеуге келтіреді;
- мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Негізгі сөздер мен тіркестер
квадрат түбір,нақты сандар, квадрат теңдеу, мәтінді есеп
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
1) Теңдеу деген не?
2) сызықтық теңдеу деген не?
3) Мәтінді есеп дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физика, геометрия
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды нақтылыққа, жылдамдыққа, тез есептеуге дағдыландыру
|
Бастапқы білім
|
Квадрат теңдеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(3мин)
(2мин)
(7мин)
|
►Психологиялық тренинг: «Көтеріңкі көңіл-күй»- Кәнеки балалар, бүгінгі сабақта барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?
► «Серіктес сағат» тәсілі арқылы оқушыларды сабақтың әр кезеңінде жұптарға бөлемін
Тақырыптық талдау.
«Жас инженер Арман Ермеков «Жас жанұя» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алды. Ол балалар бөлмесінің еденіне ковролан төсеуді ұйғарды. Ол үшін ұзындығы енінен екі есе үлкен тіктөртбұрыш тәрізді ковролан сатып алды. Шеберлер ковроланды еденге төсеу үшін оның енінен 30 см және ұзындығынан 1 м 20 см қиып алды. Егер Ермековтың пәтерінің ауданы 17,36 м2болса, осы пәтерге қойылатын плинтустың ұзындығы қандай болуы керек?»
Оқушылар есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастыруы, теңдеуді шешуі және есептің шартына сәйкес жауапты жазуы қажет.
|
|
Сабақтың ортасы
(10мин)
(13мин)
|
«Серіктес сағат» әдісі бойынша бөлінген жұптар алғашқы тапсырманы орындайды, алмасады
1-тапсырма: Есеп шығарады.№2.141, 2.142
Мәтінді есептерді квадрат теңдеу ах2+bх+с=0 түрiнде жазыңдар a, b, c –ды анықтаңдар.
2-Тапсырма:
1. Екi бригада тапсырманы 12 күнде орындауы керек едi. 8 күн бiрiгiп атқарған жұмыстан кейiн бiрiншi бригада басқа тапсырма алды, сондықтан екiншi бригада тапсырманы орындау үшiн тағы 7 күн жұмсады. Әрбiр бригада жеке жұмыс iстеген жағдайда тапсырманы орындауға қанша күн жұмсар едi.
2. Бір сыныпта 30 оқушы бар. Сыныптағы қыздардың саны ұлдардың 2/3 бөлігін құрайды. Сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар екенін анықта.
3.Тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 8 : 3 қатынасындай, ал периметрі 88 см. Тіктөртбұрыштың үлкен қабырғасын табыңдар.
4.Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын 4 : 5 : 6 қатынасындай, ал периметрі 30 см. Үшбұрыштың қысқа қабырғасын табыңдар.
|
Оқулық.
|
Сабақтың соңы
(5мин)
|
а) Кері байланыс
-Бүгінгі сабақта не тиімсіз болды?
-Есепте теңдеулер жүйесін құру қиын болды ма?
-Бүгінгі сабақта не ұтымды болды?
б) Бағалау
в) үйге тапсырма №2.143
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|