Сабақтың тақырыбы Мәтінді есептерді теңсіздіктер арқылы шешу Оқу мақсаттары



Дата19.11.2019
өлшемі306,5 Kb.
#52063
түріСабақ
Байланысты:
5 сабақ
5 сабақ

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.1А Мәтінді есептерді математикалық модельдеу

Мектеп:

Күні: 30.09

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 7

Келген оқушылар саны:

Жоқ оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді теңсіздіктер арқылы шешу

Оқу мақсаттары

7.2.2.5 қосымша шарттары бар сызықтық теңсіздіктерді шешеді

(берілген аралықта өрнектің ең үлкен немесе ең кіші мәнін таба алады);

7.5.2.2 сызықтық теңдеулер, сызықтық теңсіздіктер және сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы мәтінді есептерді шешеді;


Сабақ мақсаты

Сызықтық теңсіздіктерді шеше алады, сызықтық теңсіздіктер шешімін геометриялық интерпретация және сан аралығы түрінде көрсете алады, қосымша шарттарын анықтай біледі

Бағалау критерийлері

  • Сызықтық теңсіздіктерді шеше алады

  • Сан аралығындағы ең үлкен мәнін таба алады

  • Сан аралығындағы ең кіші мәнін таба алады

  • Сызықтық теңсіздік құра алады

  • Сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімін таба алады

  • Сызықтық теңсіздіктер жүйесін құра алады

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология

Түбір, алгоритм, модель, теңдеу



Диалогқа қажет сөз –тіркестері:

сызықтық теңдеу, математикалық модель, мәтінді есептер



Пәнге қатысты лексика мен терминология

стандарт – standart

элемент – element;

түбір – root

модель - model

теңдеу - equation

теңсіздік - inequalities

Құндылықтарды тәрбиелеу

  • Академиялық шынайылық, ұжымдағы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау; ұжым пікіріне шыдамдылықпен қарау, толеранттылық

  • ЖА білу және түсіну: бірқалыпты даму, әлеуметтік әділдік және теңдік

  • ЖА құндылықтары: мақсатты қатысу және белсенділік

  • ЖА дағдылары: сындарлы және шығармашылық ойлау; өз-өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдылары, қарым-қатынас

Пәнаралық байланыс

Информатика, геометрия, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентация

Алдын-ала білімдері

Теңдеу түсінігі, теңдеуді шешу, тепе-тең теңдеулер

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау



ІІ. Білімдерін өзектеу

Өздік жұмыс



1-тапсырма

Сызықтық теңдеулерді шешіп, түбірлер санын анықтаңыз:

a) 

b) 3х+2=6х+(5-3х)

c)2(4х+3)=(8х-2)+8

2-тапсырма

 a және b қандай мәнінде теңдеудің түбірі жоқ.

3-тапсырма

a)  теңсіздігін қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды табыңыз

b)теңсіздігін қанағаттандыратын қанша натурал сан бар?

c)  теңсіздігін қанағаттандыратын барлық бүтін теріс шешімдерін табыңыз.



Foundation EX.

Алдамұратова, 6 сынып Математика


Сабақтың ортасы



ІІІ. Білімдерді бекіту.

1) Бір қоймада 120 т, екіншісінде 72 т көмір болды. Күн сайын бірінші қоймадан 6 т, екіншісінен 2,4 т көмір әкетілді. Неше күннен кейін екінші қоймаға қарағанда бірінші қоймада 1,5 есе артық көмір қалады?

2) Теңсіздіктер жүйесін (-4;6) аралықта шешіңдер 

3) Дәлелдеу керек:

a) теңдеуінің түбірі болмайтынын;

b) теңдеуінің түбірі болатынын;

c) +26 теңдеуінің түбірі болатынын.

4) Бірдей екі цистернаның бірінде 34 т, екіншісінде 48 т мұнай бар. Цистерналарды толыру үшін олардың біріне екіншісіне қарағанда екі есе артық мұнай құйылды. Әр цистернаға қанша мұнай құйылды?

5) Клуб үшін 110000 теңгеге 10 комплект шахмат және 16 комплект дойбы алынды. Егер 4 комплект дойбы 3 комплект шахматтан 2200 тг арзан тұратын болса, онда бір комплект шахмат және бір комплект дойбы қанша тұрады?

6) 2 кг күріш пен 3 кг ұнға 8250 теңге төленеді. Егер бір килограмм күріш бір килограмм ұннан 500 тг қымбат болса, онда бір килограмм күріш пен бір килограмм ұн сатып алуы үшін барлығы қанша ақша төлеу керек?

7) Темір банканың массасы 500кг, ал мыс банканың массасы 200кг. Егер бір машинаға 4 тонна банкалар жүктелді және банкалар саны 12 екені белгілі. Неше темін банка жүктелді?

8) Бірінші жұмысшы 4 сағатта екінші жұмысшының 5 сағатта жасағанынан 10 бөлшек артық жасады. Екінші жұмысшы біріншіге қарағанда сағатына 1 бөлшек кем жасады. Бірінші жұмысшы қанша бөлшек жасаған?

9) Жеміс сусынын даярлау үшін алма, апельсин және шие сатып алынды. Олардың массаларының қатынасы 5:4:3 қатынасындай. Алманың массасы шиенің массасына қарағанда 1,2кг артық болса, барлығы неше килограмм жеміс сатып алынған?

10) Балықшы моторлы қайықпен балық аулауға шығып, ол жолға өзен ағысымен сағат, ал ағысқа қарсы одан 28 минут артық уақыт жұмсады. Егер қайықтың тынық судағы жылдамдығы 16,5 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.





Сабақтың соңы


Кері байланыс

Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлайсыңдар ма?

Қандай қиындықтар туындады?

Қай мәселені шешу үшін көмек керек?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет