«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»


-2004жж. Қытай және Қиыр Шығыс елдері



бет4/5
Дата25.02.2018
өлшемі1,11 Mb.
#38207
1   2   3   4   5

8.1918-2004жж. Қытай және Қиыр Шығыс елдері.
1917ж маусымда Ли Юаньхун парламентті таратуға мәжбүр болды. Оның депутаттарының көпшілігі Оңтүстікке қарай қашты.Олардың арасында Сунь Ятсен де болды.

Монархияны қалпына келтірушілер жеңіске жетудің ең оңтайлы сәті туды деп есептеп 1-шілдеде генерал Чжан Сюнь Пекинге өз әскерін енгізіп 1912 жылы құлатылған «занды өкіметті» қалпына келтіргенін жариялайды. 12 жасқа толған Пу Иді таққа отырғызды.Төңперестің идеялық жігерлендірушісі 1898ж реформаның 100 күні авторы Кан Ювэй болды. Дәл осы кезеңде оның қщғамдағы беделі бұрынғыдай емес еді. Монархия бірнеше күн ғана өмір сүрді.Оны Бұхара халық түгіл, тіпті жапондақтарда қолдамады. Дуан Цижуй жағдайдың тығырыққа тірелгенінекөзі жеткен соң бүлікті басуға өзі кіріскен болатын Чжан Сюнь мен Кан Ювэй Пекиннен қашты.

Бұл оқиғалардың барлығы Пекиндегі орталық биліктің әлсіздігін білдірді жаңа президенттің беделі төмендегендіктен дуцзюндер пікірімен санасуға мәбжүр болды.1917ж 14 тамызда Қытай Германияға соғыс жариялайды.Оның Антанта жағында әскери қимылдарға қатысуын Батыс майданға бірнеше ондаған мың арбакештерді әскери жұмыстарға жіберілу және 220 млн американ доллар көлемінде қаржылай шығыстан көруге болады.

3-қазанда Гуанчжоуда Қытай респ-ң парламентінің отырысы қайтадан ашылды.Депутаттар Дуань Цижуяны сайлаудан бастартып,Сунь Ятсенді «Солтүстікке жорық әскерінің генераллсимус» постына сайлайды. Оған үкіметті құру және солтүстік дуцзундерге қарсы соғыс жариялау міндетін қояды.Бірақ та Сунь Ятсен Пекиндегі өзінің қарсыластары сияқты дунзундердің кепіліне (заложник) айналды.Осылайша ------- билік әскери билеушілер қолына шоғырланды. Ал олар болса қарама-қарсы үкіметті өз жоспаларын жүзеге асыру үшін жамилғы ретінде пайдаланды.Бұл жүйе Дуцзюнат д.а. Қытайда ол 1925-27ж революция аяқталғанға дейін өмір сүрді.Ол Қытайда өзара нашар байналысқан, бірнеше террит-ға бөліп тастады.Көршілес провинциялар саяси аренада белгілі бір қайраткерді қолдаушы топтарға бірікті.1д.ж.соғ. аяқталғанға дейін ықпалдысы бэйян тобы (солтүстік) болды. Ол өз кезегінде фэнтьян (маньчжурлық), чжимеліл және анхуйлік болып бөлінді. Оңт-к батыста юньнан және гуанси топтары басшылық етті.Қалыптасқан жағдайдан өз пайданасын көздеген шетелдік державалар осы аталған топтарға қолдау беріп отырды. Мәселен Жапония фэнтьян мен аньхуэ топтарын Англия-Чжилилік топтарды және т.б. қаржыландырыпотырды.

Жапондарға ниеттес солт-к топтың қайраткерлері Ресейдегі большевиктер жеңісіне қапаланған болатын.Солардың талабы бойынша Пекин үкіметі 1918ж наурызында Ресейден өз елшісін кері қайтарып алды.Оның алдында Сыртқы Монголиямен шекараны жауып тастаған еді.Мамыр айында Жапониямен пелісім жасаланды.Ол бойынша: ресейлік Қиыр Шығыстағы әскери акцияларға Қытай әскеріде қатынасатын болды.1918 ж аяғында бұл әскерлер Сібірге аттаныпты кетті.

Ал оңтүстіктегі жағдай Сунь Ятсеннің пайдасына шешіле қоймады.1918ж 20 мамырда Гуанжоудағы парламент дуцзундердің гуанси тобының мүддесін көздей отырып,Оңт-к үк-н орнына 7 адамнан құрылған жаңа басқарушы орган құру тур шешім қабылдайды.Сунь Ятсен болса, отставкаға кетіп, Шанхайға көшіп барып белсенді саяси қызметтен уақытша бас тартып, өзінің негізгі шығармаларының бірі «Елді құру бағдарламасы» еңбегін жазуды аяқтайды. Бұл еңбегінде Қытайдың саяси бірік тірудің қажеттілігі, шетел капиталын тарта отырып экономикада мем-к секторды күшейту жолдары туралы ұсынғанымен сол мезетте оның үндеуіне ешкім құлақ аспады.

1д.ж.соғ. кезінде Қытайда Сунь Ятсен қызметінен оңаша зияла қауымның радикалды топтары идеялық дағдарыстан шығу жолдарын іздестірді.Оларды «Жаңа мәдиниеті» қолдаушылар деп атады.

Қытай қоғ-ң алдыңғы қатарлы топтары әлемдік мәдениет жетістіктерін белсенді түрде қабылдай бастады.Журналдарда кең көлемде орыс және батыс философтарының, европа жазушыларының еңбектерін кең турде аудармаларын жариялай бастайды.Осы кезеңде ұлттық сана-сезімде өсе бастады. Әсіресе жастар жаңалықты тез қабылдай бастады. Косерваторлар Батыс ықпаллына қарсы тұрып Қытай өркениетің сақтап қалған Конфуцилік мәдени құндылыққа қайта оралуды талап ете бастады.

Ал оппоненттер болса Европаланудан қорқпай, Қытайдың дамуына кетергі болатын дәстүрлерден бас тартуды ұсынды. Олар Қытай Батыстан материалдық пен техника жөнінен ғана емес, тіпті мәдениет пен ұлттық ден саулығы жөнінде артта қалған. Батыс дегеніміз трамвай мен автомобиль мәдениеті, ал Қытай - "рикшалар мәдениеті" деп Қытайдың болашақ дамуын бағамдаса зиялы қауымның кейбір өкілдері - өз мәдениетімізге біз ұқылыптылық пен және сақтықпен қараумыз керек. Батстың өмірінің негізі-соғыс, ал Шығыс - бейбіт, Батыс өркениетінің күші-құқық пен материалдық табыс; ал Шығыс-сезім мен жомарттық. Осының бәрі екі әлемнің спецификасы деп білді. Өз кезегінде т.б. қайраткерлер Қытай мәдениеті Батыс мәдениетінен артық жоғары деп санады. Тек Конфуция әлемге болашаққа бірдей әмбебап мәдениетке жеткізеді деп саналады. "Жаңа мәдениет" қозғалыстың нәтижесінде ауыз екі тілге сәйкестендірілген әдебиетке жаңа жазу байхуа тілі енгізілді. Бол сауаттылыққа итермелеген және милиондаған қытайлықтардың білім алуын жеңілдеткен шынайы мәдени және әдеби революция болды.

І д. ж. с. аяғына қарай "жаңа мәдениет" қозғалысының кейбір өкілдері (Ли Дачжао, Чэнь Дусю және т.б.) Қытай топырағына марксистік ілімді ендіруге ниеттенген болатын.

Рессейде Қазан революциясының жеңуі және одан кейінгі Қытаймен жасалған теңсіз келісімдердің жойылуы ("жұдырықшылар хаттамасы" 1901 ж. еншіден кеңестік Рессейдің бастартуы). Саяси элита мен интеллигенция арасында елді шетел билеушілерінен азат етуде жаңа Рессейлік өкімет көмектеседі деген ұмыт оты жанған болатын. Артта қалған реакцияшыл Рессей қоғамының көпшілік бөлігінің ендігі жерде шынайы халық революциясын жүзеге асыруда үлгі тұтатын елге айналды.

1918 ж. жазында Сунь Ятсен Шанхайдан кенес үкіметінің басшысы В.И. Ленинге құттықтау телеграммасын жіберіп, ортақ жаумен қүрес жүргізу үшін, Гомендан мен большевиктер арасында өзара тиімді, тең құқықты қарым-қатынас орнатуды ұсынады. Большевиктік Рессейдің жетістіктері туралы хабарланған Сунь Ятсен тіпті өзінің жақын әріптестерін тәжірибе алуға жібермекші болды. Бірақ бүл сапардың сәті түспейді.

"Төртінші мамыр қозғалысы" деген атпен танымал болған Пекиннен басталған студенттер толқулары ерекше күшке айналды. Париждегі бейбіт конференциясында Шандун түбегіндегі бұрынғы герман ықпал аймағын Жапонияға беру туралы шешіміне наразылық ретінде туындаған болатын.

Қытайда көпшілік Антанта соғысты жеңімпаз болып аяқтады, Қытай герман коалициясында солармен одақтас болғандықтан Шандун провинциясындағы Германияның ықпал ету аймағы Қытайға қайтарылады деп үміттенген еді. Дегенмен Парижде бейбіт конференцияда қатысушылар Шандун Жапония бақылауында болу керек деп шешті.

1919 ж 4 мамырында басталған толқу 2 апта ішінде бастапқыда Пекин студенттері одан кейін халықтың басқа топтары"Отанға қауіп төніп тұр","21 талап жойылсын", "Мемлекеттің егемендігін сақтап қаламыз" жәнен т.б. ұрандар көтеріп, белсенді түрде наразылық көрсете бастады. Нәтижесінде Үкімет Версаль бейбіт келісіміне қол қоюдан бастартып, отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Сунь Ятсен осы кезде Шанхайда еді, бұл қозғалысты қолдағанымен оның өзі және әріптестері қозғалысты дайындаумен өткізуге қатынасқан жоқ. Бұдан бұрын Парижге жіберілетін делегаттар құрамы туралы мәселе қарағанда да,Ол Қытайдың барлық халқының мүддесін қорғаушы емеспін оның құрамына кіруден бастартады.Олбүкіл елдің саяси,экономикалық бірлігін қалпына келтіруге шақырады,тіпті қарулы жолды да ұсынды.Солтүстік пен Оңтүстік саяси біріктіру үшін ресей большевиктерінің тәжірбиесіне ден қоя бастады.

1919 ж қазанда революцияға дайындалу үшін Гоминьданқалпына келтіріледі.Дегенменде жеңіске жету үшін Сунь Ятсен оңтүстік дуцзуннің қарулы құрлымдарына арқа сүйеу керек деп есептеді. Ал, олар болса өз мақсатына жету үшін қайтадан Гоминьданның беделін пайдалануға қарсы болмады.

1920 ж аяғында Сунь Ятсен Оңтүстік Қытайға қайта оралып, призиденттік қызтетке сайланып, солтүстікке қарсы жорыққа дайындалып жатқан шақта жергілікті билеушілер оны орнына түсіріп тастаған соң Шанхайға қайтты.

Сунь Ятсен маңызды мәселелерді шешудегі жігерсіздігі мен әлсіздігіне көзі жеткен радикалды қайраткерлер дағдарыстан шығу жолы марксизм ілімі мен коммунистік партия құру деп білді.1920-1921 ж І жартысында Қытайда шағын үйірмелер құрылып 56 дан 60 дейін мүшелер болды.Елдегі Марксизмнің басты насихатшылары профессор Чэнь Дусю мен Ли Дачнао болды.

1921 ж жазында Коминтерн бастамасымен Шанхайда Қытай коммунистік партиясының Құрылтай сьезі өтті.7 маркистік үйірмеден 12 адам қатысады. Жартылай астыртын жағдайда жүргізілді.

Сьезд әртүрлі саяси қозғалыстар (Гоминдан да) ынтымақтаспауға, кәсіподақ ұйымдастыру, пролитариаттық саяси сауатын ашу, реакцияға қарсы толқуларға қатысу және т.б міндеттер қойды.

Тек 1922 ж Екінші сьезде Комитерннің қысымы мен КПК Гоминданмен бірге біріңғай ұлттық демократиялық майдан құру туралы шешім қабылдайды. Себебі Москвада Сунь Ятсенді болашағы мол одақтас ретінде көзқарас қалыптасқан болатын.

1923 ж ақпанда Сунь Ятсен қайтадан Оңтүстікке оралып үкіметті басқарып, өзінің партиясын КПК бірлесе қимылдауға бағыттаған қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Бірақта Гоминданның оңтүстік қанаты оны қатты сынға алады, олар сыртқы күшке сенген болатын.

КПК оңтүстік аудандарда жұмыс істейтін болды. 1923 ж көктемде ЦК КПК Гуанчжоуға көшірілді.

1923 ж қазанда Сунь Ятсеннің өтініші бойынша СССР саяси көмекшісі ретінде оңтүстік үкімет қарамағына сол кездегі белгілі большивиктер қайраткері М.М Бородин, Павлов П.А., Блюхер К.А және болашақ революциялық армияның кадрларын дайындайтын әскери мамандар тобы келеді.

1924 ж басында Гуаньчжоуда Гоминданның І-сьезі өтіп онда КПК мен бір майдан құру туралы шешім қабылданды. Сьез шешімінде Сунь Ятсеннің "үш халықтық принципіне" жаңа трактовка берілді.

"Ұлтшылдық" дегеніміз енді Қытайдағы шетелдік қанаудың жойылуы және барлық ұлттар теңдігі "Демократизм"халыққа кең құқық пен теңдік қамтамасыз ететін мемлекеттік құрлыс құру, "народное благоденствие" шаруаларға жер бөліп беру, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және т.б. деп түсіндірілді.

Бастапқыда "Национализм"Қытайдың бірінші міндеті цин әулетін құлату және Қытай (Хань)үкіметіне оралу 2- "Демократизм"монархия құлаған соң буржуазиялық-демократиялық республика орнату 3-"Народное благоденствие" жерге деген құқықты теңестіру және оны национализациялау (1905ж).

Жаңа трактовкада "Үш халықтық принцп" Гоминданның саяси бағдарламасын құрады.

СССР-дің көмегі мен кеңес ақшасына 1924 ж Хуанпи (Вампу) аралында Оңтүстік армияға кадрлар дайындайтын офицерлік мектеп ашты. Қытай коммунистері Гоминдан құрылымдарына белсенді жұмыс істей бастады.

Қытайдың Оңтүстігіндегі жағдаймен бір мезетте Солтүстікте де экономикалық саяси дағарыс жағдайында гегомония үшін күрес жүріп жатты. Президент Ли Нань-Хун нақты биліктің рычагін иелене алмады.Үкімет бірінен кейін бірі отставкаға кетіп отырды. Парламентте іске ықпал етерліктей дәрежеде болмады.

Осы кезде І д.ж.соғыстан кейін әлемде және Қиыр Шығыстада ықпалы өскен АҚШ Қытайға көп көңіл бөле бастады. Олар Чжили тобының лидері Цао Кун президент болуын қалап 1923 ж қазанда өз мақсаттарында да жеткен болатын. Бұл сайлау науқанына 13,5 млн доллар жұмсай отырып, Жапондарды жақтаушы қайраткерлерді ығыстырып шығарды. Президент ендігі жерде американдықтардың ұсыныстарын қабылдап, барлық талаптарын орындайтын болды.

Бұдан бір жыл бұрын Вашингтон конференциясында "Тоғыз держава келісімі"қабылданған болатын. Ол бойынша: американдықтар ақшалай компенсацияға Жапония Қытайға Шаньдун түбегін қайтаруға мәжбүр еткен болатын. Бұрынғы ықпал ету аймағының орнына елде "ашық есік" принципі енгізілді. Бұл шешім Жапонияның Қытайға ықпалының әлсіреуін білдіргендіктен Жапонияның билеушісі топтары мойынсынбай, оңтайлысәтті күткен болатын.

Осы кезде Пекин үкіметінің СССр мен қарым-қатынысы жақсарады. 1924 жылы мамырда "СССР мен Қытай Республикасының арасындағы мәселелерді реттеудің ортақ принциптері жөніндегі келісімге"қол қойылды.

Дипломтикалық қатынастарды толық көлемде қалпына келтіру, СССР-дің бұрынғы ресейлік құқықтары мен артықшылықтары,шекаралық мәселелер қарастырылды.

Экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше мән берілді.

Арнайы келісім бойынша Қытай Шығыс темір жолы (КВЖД)Қытай үкіметі жеке меншігіне сатып алғанға дейінгі кезеңге дейін ортақ коммерциялық кәсіпорын болып жарияланды.

Үкіметтің 1924 жылы жүргізген саясатына көңілі толмаған Чжили әскери тобының жетекшілерінің бірі Фын юйсян өз әскері мен Пекинді басып алады,оңтүстік үкіметті азамат соғысын тоқтату туралы келісімге келуге шақырады. Бұл үшін Пекинде оның бастамасы бойынша Ұлттық жиналыс қмен Қытайды бейбіт біріктіру үшін жалпы ұлт қайраткерлерінің жиналысын өткізу көзделеді. Ауыр науқасына қарамастан Сунь Ятсен бұл хабарға қатты қуанып, Солтүстік астанаға жиналысқа қатысуға қамданады. 1924 ж аяғында ол Пекинге келіп жетеді.

1925 ж наурызда Солтүстіктің өкілдерімен кездесу кезінде Сунь Ятсен Пекинде қайтыс болды.

1925 ж1 июльнде Гуанчжоу үкіметі өзін Қытайдың ұлттық үкітеті деп жариялап, елді біріктіру жолындағы күрестің басталғаны жөнінде хабардар етті. Бастапқыда оңтүстік позисияны нығайту үшін күрес болды. 1926 ж көкиемде Гоминданның ІІ конгресінен кейін парияның ішіндегі күштердің қайта топтасуы болып, нәтижесінде билік шоғыранды.Кеңес мамандары соның ішінде Брюхердің жасаған жоспары бойынша Гоминдан әскері июльде өздерінің атақты Солтүстік жрығына аттанады. Жорық нәтижесінде Шанхай, Нанкин, Ухан және т.б. ірі қалалар мен халық көп қоныстанған провинциялар Чан Кайши бақылауына өтті. Жорқ іріленген сайын талқандалған дуцзундердің армиялары қайта жабдықталып Гомдан армиясына тартылды.1927 ж көктемінде оның саны 3 есеге өсті.

Осы процестер бас қолбасшы Чан Кайши позициясын нығайтып 1927 жкөктемінде Шанхайда өзінің Ұлттық мемлекет жариялайды. Уханда гоминаның лидерлері бұл төңкеріске қарсы шыққанымен сол жылдың күзінде Чан Кайши Уханды басып алады. Солтүстік дуцзундер Нанкинге орналасқан Чан Кайши өкіметін мойындайды. Осымен Қытайды біріктіру аяқталады. Дегенменде бұдан былайғы онжылдықта әскери қақтығыстар орын алды. Бірақ жалпы алғанда бұл кезең бейбіт саяси консолдация жаңа мемлекеттіліктің басталуы мен өмірдің жаңа формаларын қалыптасу кезеңі болды. Ол қалай болды? Гоминдықтар өздерімен бірге не әкелді? Олардың саясатына не нәрсе тән еді деген сұрақтар туындары сөзсіз.

ХХ ғ І ширегінде Қытайды дүрсілкіндірген революциялық соғыстарға қарамастан елдің жылдам экономикалық дамуы және қалаларда білім беру мәдениет және т. б адамдардың өмір сүру қағидаларына біршама өзгерістер болды. Елдің экономикасында бұрынғысынша ағылшын капиталы жетекшілік орынды иеленді, ол инвестиция дәрежесі жөнінде жапондықтар өкшелеп отырды. Ұлттық буржуазияның ролі аса зор бола қойған жоқ,тек сауда капиталы сферасымен шағын кәсіпорындарда шоғырланды. Керісінше қазыналық кәсіпорындардың үлесі күшейтілді. Гоминдан үкіметі өзінің әлеуметтік экономикалық саясатының шешу көзіне айналдыру нәтижесінде экономикадағы мемлекеттік секторды күшейтті. Елдің қаржы жүйесі-банктер, қамсыздандыру қоғамы, салық және кеден салығын өз бақылауына алды. Сонымен қатар экономикаға елдің экономикалық дамудың мемлекеттік жоспарын бақылайтын күшті механизмді жасады. Көрнекті шенеуліктермен Үкіметке жауапты қызметкерлер жеке адамдардың экономикаға салған салымдары кеңейтіп, қолдап отырды.

Гоминдан үкіметі еңбек туралы бірнеше заң қабылдап, ресми мемлекеттік кәсіподақтар жүйесін жасап, жалақының ең төмен дәрежесін бекітті. Сонымен қатар азаматтық құқығын әсіресе жеке меншікті қамтамасыз ететін заңдардың қабылдануы жеке кәсіпкерліктің дамуына ықпал етті. 1930 ж аграрлық заң қабылданып, онда аренда ақысының көлемі шектетілді, жер иеленудің мөлшері бекітілді, арендаторларды қорғады. Бұл заң деревнядағы әлеуметтік қайшылықтарды жою керек болды. Бұл реформа бағдарламасының эффектісі аз болды. Жаңа Қытайдағы күшті орталықтанған үкімет елдегі әлеуметтік және экономикалық қатынастарды реттеуде дәстүрлі Қытайлық тәсілдерге арқа сүйеу.

Корея мен Маньжурияда бекінген Жапония Қытайдың өзінде экономикалық позициясын нығайта отырып, 30 ж ортасында Жапония бұл елді жаулап алуға дайындала бастады.

1937 ж июльде аса үлкен қарсылыққа кез болмай-ақ жапондықтар шығыс жағалауды оның ішінде Пекин, Тяньзин,Шанхайды 100 мың армия басып алды. 1938 ж Ухан мен Гуанчжоуды алды. Іс жүзінде Қытай маңызды экономикалық аудандармен барлық ірі қалаларды басып алды.. Осымен шектелген жапондықтар "Жаңа Қытайды "Жапониямен Манчжурия бірігіп "Шығыс Азиядағы жаңа тәртіп"бекітуге шақырды.

1931 ж 18 сентябрьде жапон әскері Солтүстік Батыс Қытай енген болатын. Чан Кайши Ұлттар Лигасына шағымданады. Тек Кеңес Одағы ғана жапондықтардың әрекетін айыптайды.

Осы кезеңде СССР мен келіссөздер сәтті жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша 1937 ж 21 тамызда бір-біріне шабул жасамау жөнінде Қытай-Кеңес келіссөзіне қол қойылды. Қол қойылған соң Халықтық Республикалық Армия құрамына Ухан ауданындағы жапон әскеріне қарсы күресу үшін Қытайға Кеңес ұшқыштары келді. Кейінірек 1938 ж СССР қару жарақ сатып алу үшін 100 мың доллар, бір жылдан соң 150 млн доллар заем береді.

Жапон-Қытай соғысының І-кезеңі аяқталды. Жапон үкіметі Чан Кайши тонаушылық шарттағы бейбіт келісімге қол қоюды ұсынады. Маньчжур Тәуелсіздігін тану, елді "жапондық экономикасының қызмет "сферасына тарту, антикаминтеріндік пактіге қосылу туралы ұсынды. Ван Цзинвэй Қытайға қайта оралып Гоминданға қайта қабылданып ЦИК төрағасының орынбасары постын иемденді және жапон талаптарымен келіссөзді ұсынады. Бірақ Чан Кайши бас тартады. Ван Цзинвэй Чунцинен кетіп қалып 1940 ж наурызында Нанкинде жапондар құрған қуыршақ мемлекетті басқарды.



10. 1918-2004жж.Үндістан мен Пәкістан

1939 жылы қыркүйекте Үндістан 2-ші дүние жүзілік соғысқа тартылды. Соғыс халыққа орасан зор ауыртпалық түсірді. Кейбір аймақтарды аштық жариялады соғыстың аяғында Үндістан мен ағылшын имперализмі арасында экономикалық және саяси қайшылық күрт шиленісті. 1946 ж. басында армияда флот пен авиацияда ағылшындарға қарсы толқулар болып өтті. Ағылшын үкіметі 1946 ж. көктемде Үндістанға доминон статусын беруге мәжбүр болды. 1947 жылы 15 тамызда Үндістан жерінде тәуелсіз жаңа 2 мемлекет Үндістан мен Пакистан доминондары құрылды.

Ү.Ұ.К-ң жетекшісі Дж Неру тәуелсіз Үндістан үкіметінің премьер министрі болып тағайындалды.

Тәуелсіздікке жеткеннен кейінгі алғашқы жылдары Үнді үкіметі елдің бөлінуінен туған экономикалық қиыншылықтардан арылуға бағытталған шараларды жүзеге асыра бастады. Бірте- бірте өзіндік өндіру базасы жасалды, транспорттық жұмыс қайта құрылды. Жаңа жерлерді игеру үшін трактор шығарыла бастады. 1947- 1949 жылдары әкімшілік аппаратын үндістандыру негізінен аяқталды,

Шаруалар мен жұмысша тобының күресі нәтижесінде бірқатар провинцияларда үкімет демократиялық реформалар жүргізуге даярлық жасады. 1948 жылдан бастап жер реформасының жобасы белгілене бастады. Сол жылы жалақыны тұрақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру т.б. жаңа заңдар қабылданды. 1949 жылы 26 қарашада жаңа конституция қабылданды, конститутция бойынша Үндістан республикасы жарияланды. 1952-53 жылдардан бастап штаттардың үкіметтері аграрлық реформа туралы заң шығару жиналыстарында заңдарды іске асыруға кірісті. Бұл заңдарға сәйкес помещиктер жерінің негізгі бөлігі сатып алынды. Жер арендасы туралы заңдар помещиктердің аренда товарларды қанауын тежеді.

1945,1956 жылдардағы үкімет декларацияға сәйкес, ауыр және энергетикалық өнеркәсіптердің негізгі салалары негізінен мемлекеттік сектор құрылды. Сонымен қатар мемлекет және меншік кәсіпкерлерге финанс көмегін көрсетті. Елде экономикалық дамытудың бес жылдың жоспары қабылданды, жоспарда секторды дамытып Үдістанды индистрияландырудың мақсаты көзделді.

Коммунистердің және оларды қолдайтын топтардың ықпалы күшейді. Парламент пен штаттардың заң шығару жиналыстарының алғашқы жалпыға бірдей сайлауларына /1951 жылдың соңы, 1952 жылдың басы/ мандат саны жөнінен ҮКП ҰҮК дан кейін екінші орынға , екінші жалпы сайлауларда алғашқыдан екі есе көп дауыс берді.

Халықаралық қатынас саласында Перу үкіметі әскери- саяси блоктарға қосылмақ саясатын жүргізді. Кеңес одағымен және басқа да елдермен достық экономикалық және саяси ынтымақтастық орнатты. Азия мен Африкадағы отарлау және жаңа отарлау саясатына батыл қарсы мықты Үндістан үш сферада ядралық қаруды сынауға тыйым салу туралы Москва шартына қол қойды.

1961 ж. Үндістан әскерлері. Гоаны, Даман мен Диуды португал отаршыл дарынан азат етті. Сол жылы Пондимери, Каринал, Лизон, Маэ француз отарлық үстемдігінен басталды. Бұрынғы отарлық кезеңде шешілмей қалған мәселелердің салдарынан 1965 жылы күзде Үндістан мен Пакистан арасында жанжал шықты да қарулы соқтығысқа ұласты. Бұл Үндістанның экономикалық және саяси жағдайын қиындатты. Кеңес үкіметінің бастамасының нәтижесінде Талекент декларациясына қол қойылды. Бұл декларация Үндістан мен Пакистан арасындағы даулы мәселелерді реттеуге негіз жасап берді.

1966 жылы қаңтарда премьер – министр А.Б. Шастри / үкіметті 1964 жылдан басқарды./ қайтыс болғаннна кейін, Дж Керу қызы Индира Ганди примьер- министр болды.

И.Ганди үкіметі халықаралық салада Азия мен Африка елдерінің мемлекеттік сверинеттік импералиятік агрессияда қорғау жолына түсті. Үкімет АҚШ- тың Вьетнамдағы агрессиясын /1964 ж. басталған/ Изральдің араб елдеріне қарсы агрессиясын және оның 1967 ж. араб жерлерін басып алуын талай рет айыптады.

1967- 1969 жылдары Үндістанның экономикалық белсенділігі

жанданып, қалада, әсіресе ауылды жерлерде капиталистік қатыныс нығайды, сонымен қатар жаппай қозғалыс өрістеді, ауылдық жерлерде шаруалар мен бытыраңқы ірі жер иелерінің бос жатқан жерлерін өз бетімен ала бастады, қалаларда тоқымашылар, теміржолшылар ереуілге шықты, жоспар әсіресе студенттер жалпы демократиялық талап қойды. Осындай жағдай да Индира Ганди үкіметі Монголия қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған. Заңдар қабылдады, сыртқы сауда да мемлекеттік сектор едәуір ұлғайды мемлекеттік секторға қарайтын өнеркәсіп, салаларына және ұсақ кәсіпкерлерге финанс көмегі көп көрсетіледі.

Бұл саясатты ҮКП, басқа кейбір партиялар қолдады. 9 тамызда Үнді үкіметі кеңес үкіметімен бейбітшілік, достық ынтымақтастықтық туралы шарт жасаты.

Үндістан Пакистандағы азаттық қозғалысынан тілектістік білдіргені үшін 1971 ж. 3 желтоқсанда Пакистан авиациясы Үндістанға шабуыл жасады. Екі аптаға созылған соғыста Үндістан қарулы күштері бенгал партизан отрядтарымен бірге Шығыс Бенгалия жерін азат етті. Пакистан мен Үндістан арасында бітім жасалды.

1973- 76 жылдарда Үндістандағы прогресшіл және демократиялық күштері мен оңшыл реакция арасындағы күрес орши түсті. 1974 ж. әсіресе шетел импералиятері мен ішкі реакция

қолдаған оңшыл партиялар Ганди бастаған үкіметті құлатуға тырысты. Ол үшін түрлі ұйымдар құруға ұмытылды. Антикоммунистік насихатты күшейтті. Фашистік элементтер кейбір штаттарда террорлық ұйымдастырып реакцияшыл діни топтар жанжал шығарды.

Ал ҮКП ҰҮК ның солшыл күштері мен Индира Ганди үкіметінің прогрешіл шараларын қолдады, демократиялық топтардың бірлігін нығайтуға шақырды. Реакцияның қастандығына қарсы күресу үшін, елде төтенше жағдай жүргізілді.

Индира Ганди үкіметі 1975 жылы негізінен еңбекшілер халық бұқарасының жағдайын жақсартуға бағытталған кезек күтірмес прогресшіл әлеуметтік экономика шараларды жүзеге асыруға кірісті. Дегенмен 1977 жылы наурыз айындағы парламент сайлауында билеуші Үнді ұлттық конгресі партиясы оппозициядағы Джаната партиясынан жеңіліп, ҰҮК өкілі примьер- министр Индира Ганди биліктен кетті.

Оппозиция өкілі М.Десаль премьер министр болып тағайындалды. Үндістан блоктарға қосылмау, әлеуметтік системасы әр түрлі мемлекеттердің қатар өмір сүруі, бейбітшілікті, қауіпсіздікті өзара тиімді топаникалық қарым- қатынасты нығайту саясатын ұстап, отаршылдыққа, кәпілдік кемсітушілікке қарсы шығып отырды.

Күрделі франциялық күрес 1979 жылы партиясының қулауына әкелді. Депутаттардың бір қатары бұл партиядан шықты/ светская/

нәтижесінде Лон дал партиясы дүниеге келді.

1980 жылы Үндістанда сайлау өтті. Сайлауға 6 партия қатынасты ИНН/М/ ИНН/А/, Джаната партиясы, Лон дал, КПИ/Ш/

/ИНК/ нәтижесінде ИНК/И/ жеңіске ие болды. Халықтың палатадан ең көп орын алды, қалған дауыстар былай бқлінді. Джанта 31, Лон дал 41, Кпи- 11, КПИ /м/ 35.

1985 жылы қазанда Индира Ганди Синхистік террористердің қолынан қаза тапты, 1984 жылы желтоқсанда жалпы сайлау болды. Примьер- министер орнынан Раджив Ганди сайланды,/ Индира Гандидің тұңғыш ұлы/ Ол 1950 жылдар ИНК /И/ жұмысына активті түрде қатынасты. Коммунистік партия өкілдері азайды. КПИ /м/ өзінің антиконгрестік позициясынан айнымады, ал КПИ болса, ел арсындағы тыныштықты сақтау үшін ИНК жақтады. Р. Ганди іскер, жаңа пікір, көзқарасымен лидерлік образ жасады. Ол өз жұмысын конгрестің ұйымдасқан құрылымын реформалаудан бастады.

Р.Ганди үкіметі елде экономикалық модерилизация просесін жүргізді. Бұл шетел капиталы мен жеке меншік капиталымен байланысты болды. Бұл жолда Үндістанның басты әріптестері АҚШ, Жапония, ФРК.

ИНК- ның этникалық, діни, касталық қақтығыстарөзгермеді. Мәселен сол жылдың өзінде- ақ Пенджабеде террористер ұйымдары құрылды. Пакистанмен шекаралас аймақтарда Далиму мен Кашмирда мұсылмандар мен индустар арасын да қақтығыс басталды. Ұлттық конгрестің жергілікті ұйымдарында франциялық дау- жанжал қайта көтерілді. Оппозиция Р.Гандиға және оның үкіметіне коорупция және финанстық дұрыс жүргізілмеді деген айып таңты. Р.Ганди бұл жаланы мойындамады, бірақ қоғамдық пікір оған қарсы еді.

1987 жылы ИНИ/И/ құрамынан ВП Сингх бастаған топ бөлініп шығып, Джанат Лон дал партиясы бірігіп Данатта дел партиясын құрды.

Олар коррупциямен күресу, және материалдық жағынан төмен тұрғындарға қорғап болу туралы ұрандар айтты. Сол себебті олардың оппозициялық дәрежесі өсті. 1989 жылы сайлауда ИНК /И/ партиясы биліктен кетті, жеңіліске ұшырады. Үндістанның тарихында әлі бір саяси партиясы төменгі палатадан толық орын ала алмады, бір партиялық жүйе құрылмады.

Ұлттық фронт парламенттің төменгі палатасында 144 мандат алды. В.П. Синоканның басшылығымен ақшыл үкімет құрды. Ұлттық фронт бес партия блогынан тұрды: олар Джанта дал, ИНК/С/, Ассаш паришад, Дравада Телугу десам.

Жаңа үкімет кедейлердің тұрмыс жағдайын көтеруге, инфляцияның өсуін тоқтатуды, діни қақтығыстарды болдырмау шараларын қолданатындығын жариялады. Бірақ өкінішке орай бұл шаралар жасалмады. Өйткені жаңа үкімет әр партия өнімдерінен құралғандықтан әр түрлі көзқараста болды. Сондықтан бұл жоспар орындалмай қалды. Ал экономика салаларында ИНК/И/ жүргізген саясатынан басқа өзгеріс әкелген жоқ. 1991 жылы қайтадан кезексіз сайлау өтеді. В.П. Сикгном мен Шенхаран басшылығымен

Болған саясаттың экономикалық жағынан тұрақтандыра алмауынан қайта сайлау жүрді. Сайлау үндістанның 22-25 штататында өтті. Үндістан саяси билігінде негізгі партиялардың барлығының нақты бағдарламасы болмады. Сол себепті дағдарыс кезінде саяси- экономикалық және қоғамдық дағдарыс кезінде саяси- экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде сайлауларда екі жақты көзқарас пайда болды. Р.Гандидің өмірі екінші және үшінші сайлаудың мерзімін ұзартты жаңа сайлауда ИНК/И/ нақты позиция алды, 541 орының 225 орынға ие болды. Енді билік Ақшылдар үкіметі қолына полисті примьер- минстр П.В. Нарсимко Рао үкіметі жүргізген экономикалық курсы нәтиже берді. Ол мемлекеттік меншікті, жеке меншікке беру, рупийді ұүндандыру, шетелдердің субсиданы шектеу және меншік жұмыс істемейтін компанияларды жұмысын тоқтату т.б. нақтылы шаралар жасады.

1992 және 1993 жылдар аралығында 5 жылдың жоспар стратегиясын жасады.

Биліктегі конгерстің тұрақсыздығы партия ішіндегі күрделі франциялық күрес БДП дәрежесінің өсуі, ИНН/И/ кнәлеушілердің

көбейуі т.б. мәселер 90 жылдардағы Үндістанның ішкі саясатының

сипаты болды.

Корупциямен күрес атты Бхаратия джата партиясының ұраны, премьер министр Нарасимо Рао қарсы болды. Оны 1999 жылы сайлау кезінде 10 млн рпий / долларға шаққанда 400 мың/ алғандығы жайында кнәлайды. БДП осы кезде дәрежесі өсе бастады. Бұл елде дәстүрлі және ұлттық мүдденің өсуін ғана емес сонымен қатар саяси партияда біраз өзгерістер болды. ИНН/И/ инсативасына қарсы шығып саясатты дінен бөліп алуға қарсы болады. М.Гандидің «политика без религии- грязь» атты ұранына сүйенді.

БДП басты лидері А.П. Ваджаш болды. 1996 жылы 11 сайлау үш саяси партия ішінен жаңа үкімет құру ОФ- ңа /объединоный фронт/ тапсырылды оның басшысы Деве Годда болды. БДП биліктен алынды.

1998 жылы қайта сайлау болады. Бұл сайлауда жеңісті БДП алды. 1998 жылы 19 наурызда Р.Н. Нарянан жаңа премьер министр Атал Бихари Вадтамнан ант алады. 2000 жылы 26 қаңтарда Үндістан тәуелсіздік алғанына 50 жыл толуын атап өтті.

11.1918-2004жж.Ауғанстан


  1. Бірінші дуниежізілік соғыс кезіндегі Ауғанстан.

Бірінші дуниежүзілік соғыс басталысымен 24 тамызда

Хабибулла Ауғанстанды бейтарап деп жариялады. Елдің ішкі жағдайының қиындығына қарамастан әмір бейтараптықты сақтауға тырысты. Ауғанстанда, әсіресе шекаралық тайпаларда антиағылшындық көңіл-күй күшті болды. Бұл жағдайға 1914 ж. Қазанда Түркиянің соғысқа қатысуы және түрік сұлтанының Англия және Ресейге қарсы «Джихад» жариялауы өз ықпалын тигізді. Сарай маңындағы консерваторлар мен әрбір жаңалыққа қарсы ескі ауғандар түріктік және антиағылшындық бағыт ұстайды. Герман империалистері одақтас ретінде Ауғанстанды өзіне тарту үшін түрік сұлтанының діни беделін пайдаланбақшы еді. Ауған әмірін соғысқа тарту мақсатымен Түркияда герман-түрік миссиясы қүрылды. Ауғанстанға экспедиция ұйымдастыру жобасын түрік генерал штабының басшысы Энвер-паша жасады.

Герман генерал штабы бұл идеяны қолдап, Түркияға (генерал) лейтенант Оскар фон Нидермайер бастаған офицерлер тобын аттандырады. 1915 жылдың март айында экспедиция үш топпен Бағдадтан шығады. Алғашқы күндері миссия мүшелері бақылауда болады. Тек сегіз күннен кейін эмир оларды қабылдауға келіседі.

1916 жылы қаңтарда Нидермайер және Хентини эмирді Германиямен келісім жобасына қол қоюға көндіреді. Осыған байланысты ол миссия мүшелеріне ауған әскерін қайта құруға қатысуына рұқсат береді. Бірақ әмір Ауғанстан Англияға қарсы, егер Ресейге бейтараптық қамтамасыз етілген жағдайда ғана шығатының айтты; басқа кездесуде егер Германия 20 мың әскер, 100 мың қару және 200 мылтық тасымалдаған кезде ғана қатысатының айтқан.

Хабибулла бейтарап саясатты жақтады. Ағылшындар миссия мүшелерінің Ауғанстанда төңкеріс жасап, Хабибулла ханды орнынан алатындығы жөнінде (егер Ресей және Англияға қарсы шықпаса) хабарлады. 1916 жылы күзде Нидермайер және Хентин Ауғанстанды соғысқа тартудың болашағы жоғын түсініп, миссияның көп бөлігі елден кетті.

Нидермайер – Хенты миссиясының сәтсіз аяқталуының бірнеше себебі бар. Ауған әмірінің бейтараптықты сақтау қызығушылығы, ағылшындардан жыл сайын субсидия алуы, ағылшындар оны 1900 мыңнан- 2400 мың рупийге көтеруге уәде берген. Ағылшын саясаты жетекшілері Ауғанстанмен қақтығысты болдырмауға тырысты және «Ауған мәселесін» шешуге патшалық Ресейдің қатысуын қаламады.

Нидермайер – Хенты миссиясының қызметі тоқтаған жоқ. Британ отарлық билігі тайпалардың антиағылшындық көтерлісі болады деп күдіктенді. 1915 жылы желтоқсанда Кабул қаласынды Үндістанның уақытша эмиграннтық үкіметі құрылады. Алғашында Хабибулла елдің көңіл-күйімен санасып, оларға барлық жағдайды жасайды. Кейін ағылшындарға жағымпаздану мақсатында оларға репрессия қолданып, кейбіреулерін елден құды.

1916-1917 жж. Хабибулла-хан ағылшын отарлық үкіметіне ауған тайпаларының көтерлісін түмшалауға көмектесті. Әмірдің бұл іс-әрекеті Ауғанстанда сенімсіздік туғызды.

1916-1917 жж. ауған әскерінде реформа жүрізілді, «ішкі шиеленіс жағдайына» әскери дайындықты жақсартуға шаралар қабылданды.

Ауғанстан британ империализмі аясында ұсталынды. Бірақ осындай оқиғалар ұлт-азаттық көтерілістің басталуына жағдай жасады.



  1. Ауғанстан тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі және үшінші ағылшын-ауған соғысы.

1918 жылы қол қойылған Брест-литовск келісімінің 7 бабында

«Персия және Ауғанстан еркін және тәуелсіз мемлекет» деп көрсетілген.

Совет үкіметі 1918 ж. шілде айында ауған ұлтына ұлт-азаттық күресте көмек көрсету мақсатымен өз үкіметін тағайындауға ұсыныс жасаған. Бірақ Хабибулла-хан ағылшындар қысымымен одан бас тартты. 1918 ж. аяғында Совет үкіметі екінші рет ұсыныс жасады, бірақ тағы сәтсіз аяқталды.

Ауғанстанда Хабибулла-хан саясаты қарсылық туындай бастады. Елде салық өсті, әскери алу жиіледі. Билік қаржы министрі Мухаммед Хусейн қолында болды. Ол елде ағылшындардың ықпал етуіне жағдай жасады. Әмірдің Кеңес Республикасымен тікелей қатынасқа қол қойғысы келмеуі ішкі саяси дағдарыстың жақындауына әкелді.

1918 жылы жазда ағылшын әскері Советтік Түркістанға еніп, Құшқуды жаулап алды. Осылайша Ауғанстанды үш жақтан қоршайды. Сыртқы саяси қоршау, территориялық айналды. Ішкі және халықаралық жағдайдың шиеленісуі оппозиция қызметін күшейтіп, 1918 жылы әмірге қастандық жасалады. Жаппай репрессиялар басталады.

1919 жылдың 21 ақпанда Джилалабад маңында Хабибулла-хан өлтірілді. Бірнеше күн елде Қосүкімет болады. Әмірдің бауыры Насрулла-хан өзін әмір деп жариялады. Хабибулланың үшінші ұлы Аманұлла хан Кабул гарнизоны және қала тұрғындарына сүйеніп ол да өзін әмір деп жариялайды. Ол елді Британия тәуелдігінен азат етуді мақсат етіп қояды. Ел ханзаданы қолдайды. Ал Насрулла-хан қамауға алынады. Мұхаммед Хусейн асылып өлтіріледі.

Аманұлла-хан жаңа әмір болып тағайындалады. Консерваторлар тобының жоғарғы билікті тартып алу әрекеті сәтсіз аяқталды.

1919 жылдың 27 наурызда Кеңес үкіметі әлемде ең алғашқы болып Ауған мемлекетінің егемендігін және тәуелсіздігін мойындаған. 1919 ж. сәуірде екі ел арасында елшілікпе алмасу және дипломатиялық келісімдерге қол қойылады.

1919 ж. мамыр айында Англия Ауған мемлекетіне қарсы үшінші жаулап алу соғысын бастайды.
12.1918-2004жж.Иран

Иран 1- дүние жүзілік соғыста өзін бейтарап деп жарияласа да,оның территориясы әскери операциялар мен екі коалицияның күштерінің арсындағы саяси күрестің аренасына айналды. Германияны қолдайтын межіліс депутаттарының бір бөлігі Кум қаласына кетіп қалып, сонда Кум комитетін құрады. Бұндай үкімет герман-түрік әскерлері басып алған Керманшахта да құрылды. Ресей мен Англия Ирандық Азербайжанға, Хузистанға, Фарсқа, Керманшах пен Хамадан аудандарына әскерлерін енгізіп, герман-түрік күштеріне қарсы қарулы күрес жүргізуге мәжбүр болды. 1915 жылы Түркиямен шекарласып жатқан бірнеше Иран обылыстарын түрік әскерлері жаулап алғанына қарамастан,бұл майдандағы күштер арасалмағы негізінде орыстар мен ағылшындар жағында болды.

Ресейдің соғыстан шығып кетуі және Германия мен Осман империясының талқандалуынан кейін, Иран территориясын ағылшын әскері толығымен басып алды. Соғыстың бас кезеңінде Иранды түрік әскерлеріне қарсы плацдарм ретінде пайдаланса, ал 1918 жылдың басында Советтік Ресейге қарсы қарулы интервенцияны басту мақсатында және оташылдыққа қарсы көтеріліп келе жатқан қозғалысты басу үшін ағылшын әскері Иранды толығымен жаулап алған еді.

Соғыстың соңына қарай Иран тоқыраған,экономикасы артта қалған жағдайда болды. Мәжіліс таратылып,үкімет кабинеттері жиі ауыстырылып отырды. 1918 жылдың тамыз айында Вогус-эд-Доул басқарған үкімет құрылады. Вогус-эд-доул 1919 жылдың 9-тамызында мәжіліске хабар- ламастан, конституцияны бұза отырып «Персияның прогресивті дамуына британияның көмегі туралы келісімге » қояды. Бұл келісім бойынша ағылшын кеңесшілері мен нұсқаушыларына Иран армиясына, қаржысына, жол құрлысына, сыртқы сауда және елдің қоғамдық-эконмикалық өмірінің басқада салаларына бақылау рұқсат етілді. Іс жүзінде бұл ағылшын протекторлығын орнатты.


13.1918-2004жж. Араб елдері

Египет- араб елдерінің ішіндегі ең ірі және экономикалық жағынан неғұрлым дамыған ел. 1922 ж.ж. бастап Египет формальды түрде тәуелсіз ел болып саналды, іс жүзінде Ұлыбританияға тәуелді болып «маңта плантациясына» айналған.

Англия Суэц каналын және әскери базаларды Египетке және де басқа да араб елдеріне үстемдік жүргізу үшін пайдаланды.

Египеттің халқы суэц наналы аймағынан ағылшын әскерлерін әкетуді, тәуелсіздікті талап етті. 1952 ж. 23 шілде айында Кайр гарнизоны әскерлерінің көтерілісі болды. Көтеріліс бойынша Абдель Насер. Ұлттық революция антиимпералистік және антифеодалдық болды. 1953 жылдары Египет республика болып жарияланды. 1956 ж. республиканың президенті Г.А. Насер болды. Египет Суэц каналын национализацияланды, үкіметтердің бұл заңды акциясында Англия, Франция, израиль 1956 ж. 30 қазанда с-с басталды. Бірақ агрессияларды сәтсіздікке ұшырайды.

1957 ж. аяғы мен 1958 ж. басында арабтарға қарс күштер Сирияға соққы беруге ақталды.

1958 ж. ақпанда Египет пен Сирия бір мемлекетке бірікті. Біріккен Араб Республикасы д.а.

1961 ж. шілде а-а ірі капиталдардың жеке меншігіне заңдар шыққан кезде. 1961 қыркүйекте төңкеріс басталды да, Сирия Біріккен Араб республикасынан бөлініп шықты.

Экономикадағы өзгерістер

Саясаттағы өзгерістер

Үкімет ағылшын, француз компанияларының меншігін конфискеледі, барлық шетел кәсіпорындары мен банкілерін национализациялады.Мемлекеттік

Сектор құрылды, помещниктердің

Жерге иелегін аграрлық реформа жүргізді.


1971 ж. қабылданған жаңа конституцияға сәйкес Біріккен Араб Республикасы Египет Араб Республикасы АРЕ деп аталды.. Тәуелсіз сыртқы саяси бағыт жүргізіп империализм мен отаршылдыққа қарсы шықты. Совет Одағымен қарым- қатынаста болды

КСРО –о еледеріне 150 өнеркәсіп ауыл шаруашылық объектілерін салды.



Г.А. Нолер қайтыс болғаннан кейін

Президент Анвар Садат бастаған е-ң жаңа басшылығы жүргізіліп келе жатқан прогресті бағыттан ауытқыды.

Ашық есік, және экономиканы «либералдандыру» саясаты жарияланды.

1975 жылдары жерлердің арендалық ақысы қымбатты агаралық заң күшіне енді.

Экономикасы нашарлады, бұқарасының тіршілік деңгейі төмендеді. АҚШ- а тәуелдігі күшейді. Египет Араб мемлекеті лигасынан шығарылып, саяси және экономикалық бахотқа ұшырады. 1981 ж. қазанда Әскери шеру кезінде қастандықтардан мерт бола жараланды. Вице президент болған М.Х. Муборак президент болып сайланды. Үкімет ұлттық экономика позициясын нығайтуға және мемлекеттік секторды дамытуға, теңдестірілген саясат жүргізе бастады.

1932 жылы ғана шартпен шектелген Ирактің тәуелсіздігін формальды түрде таныды. Иракты бүкіл өкімет билігі 1958 ж. дейін

ағылшын қол шоқпарының қолында болды, олар елде террор мен қанау режимін орнатты. Импералистердің әмірімен ұлт- азаттық қозғалысты тұншықтыру мақсатында Бағдад пактісі (1955) жасалды.

1958 ж. шілде айында Ирак армиясының көтеріліс жасаған бөлімдері халқының қолдауымен монархиялық режимді құлатты. Ирак Республикасы болып жарияланды.

1963 ж. ақпан өкімет билігін өз қолына алды.

1963 ж. қарашада өкімет басыңа әскери топ келіп реформалар жасады.

1968 ж. шілде айында БАСС партия өкімет басына келді.

Ирак территориясында орналасқан шетелдік мұнай кампанияларын түгелдей национализациялардың нәтижесінде ирак мұнайын шығару, өңдеу және өткізу үкіметінің қолына көшті.

Ирак 1972 ж. жасалған Достық және ынтымақтастық шарт негізніде КСРО мен қарым- қатынасын дамытып келді.

1980 ж. қыркүйекте Ирак пен Иран арасында шекаралық жанжал басталып, ол ұзаққа созылған соғысқа ұласты, оны АҚШ импералистік аймақтың ісіне араласудың желеуі ретінде пайдалануда.



15.1918-2004жж.Түркия

Түрік халқының азаттық күресін 1918 жылы Мұстафа Кемаль (Ататүрік 1880-1938 ) бастады. Оның басты міндеті ұлттық күштерді шоғырландыру болды. «Құқықтар қорғау» қоғамы құрылып олар мудросс келісімі белгіленген Түркия шекарасын қорғауға шақырды.

1920 жылы 20-сәуірде Анкарада жаңа парламент Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) шақырылып, елдегі заңды жалғыз билік болып жарияланды. ТҰҰЖ қабылдаған « негізгі ұйымдар туралы заң» 1924жылға дейін уақытша конституцияға айналды. Антанта Түркиядағы ұлт азаттық күресті басуға одақтастар , грек және халифат армиясын аттандырады. 1920 жылы күштеп танылған Севр келісімі бойынша Турция Англия, Франция, Италия мен Грецияның арасында бөлінді. Солтүстік Шығыс Армеияға беріліп Оңтүстік шығыста Курдтар мемлекетін құру көзделді.

Севр келісімінің тәуелділік шарттары ТҰҰЖ үкметін Кеңестік Ресеймен жақындасуына итермелеп, 1921 жылы Москвада РСФСР мен Турция арасында достық пен бауырластық туралы келісім жасалады. Антананың жауапты қимылдарын жеңе білген Ататүріктің беделі арта түсті. 1922 жылы 1-қарашада мәжіліс сұлтанатты жою заңын қабылдады. 1923 ж. 29- қазанда Турция республика болып жарияланады. 1924 жылы 3-наурызда халифат жойылып, кемалистер позициясы күшейеді. Сөйтіп ұлттық мемлекет құрылады.

Лозонн конференциясы жұмысының барысында 1922 қараша-1923 шілде, түрік делегациясы Исмет Иненюдің басшылығымен Түркияның «Ұлттық обетпен» белгіленген территорияларды тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық мойындалуына қол жеткізді.

Кемалистер артта қалған экономиканы көтеру үшін шетелдіктерден шамамен барлық өнеркәсіп орындары мен темір жолдарды алады. Этатизм эканомикалық саясаты, мемлекеттік қаржының өнеркәсіпке, темір жолдарға, ал кейіннен басқа шаруашылыққа салуын көздеді. 30 - жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейінгі жылдардан кейін кемалистер экономиканы қатаң мемлекттік реттеуге көшті.

1928 жылы қазанда астана Стамбулдан Анкараға көшірілді. Бірқатар шаралар мемлекеттік істерді діннен бөлуге бағытталды. 1924 жылы халифат жойылып, Осман династиясының барлық мүшелері елден шығарылды. Дін істерімен вакуфтар бойынша министірлік жойылды, дінбасшылар барлық байлықтарынан айрылды. Барлық медреселер жабылып, оқу мекемелерін бақылау, ағарту министірлігіне шоғырланды. Сот өтері дінбасыларынан алынды. Мемлекет жаңа вилогбеттерге бөлініп, олар орталыққа қарады.

1923-1924 ж жүргізілген реформалардың нәтижесінде 1924 ж 20 сәуірде бірінші республикалык конститутция қабылданды.Коституция барлық азаматтарды түріктер деп жариялады 1925 ж бастап елде халықтың республикалық партияның бірпартиялық режімі орнатылды. Партиялық басқару мемлекеттікпен жақындасып, авторитарлық басқару жүйесі механизм орнады.

1925-1928 ж европалық үлгі бойынша қылмыстық және азаматтық кодекстер

қабылданды. Көпәйелалушылыққа тыйым салынып, әйелдер ерлермен тең құқылы деп жарияланды, Европалық күнтізбе, киім-кешек, жаңа латын алфавиті енгізілді.

Ал енді «Ататүрік не істеді, халқына, Отанына не берді, түрік әлемі жайында қандай идеялар айтты?» деген мәселеге келетін болсақ, мен былай деген болар едім: «Ататүріктің туған халқына, Отанына сыйлаған ғажайып туындысы, түрікше айтқанда шахасәр, орысша шедевр дейтін еңбегі, бұл – «Туркия Республикасы» аталатын жаңа тұрпатты түрік мемлекеті. Бұдан артық, бұдан зор сый болуы мүмкін емес.Ал осы Туркия Републикасының іргесі берік болуы үшін, өркендеп, гүлденуі үшін «Ататүрік қандай реформалар жасады?» дейтін болсақ, бұл өз алдына үлкен бір мәселе.

Түрік ұлтының заманауи өркениет деңгейіне жетуі жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың негізі болған принциптердің жиынтығы «Ататүрікшілдік» (немесе «Кемализм») деп аталады. Бұл Ататүрік құрған жаңа Түркия Республикасы мемлекетінің идеологиялық негіздері болып табылады. Олар мыналар: республикашылдық, халықшылдық, ұлтшылдық, (ұлтжандлық), мемлекетшілдік, лаицизм (зайырлылық), революцияшылық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму үстінде болу). Бұл алты принцип 1937 жылы ресми түрде Түркия Республикасының Конститутциясына енгізіліп, күні бүгінге дейін ешбір президент, ешбір үкімет тарапынан өзгертілмей келеді. Олар бұлжымас.

Осы принциптерінің негізінде Түркияда Ататүріктің басқаруымен саясат, құқық, оқу-ағарту, зайырлық, тарих ғылымы, тіл білімі т.б. салаларда көптеген реформалар жасалды, жаңалықтар енгізілді. Мысалы, сұлтандық халифат таратылды, жаңа конститутция қабылданды (1924): шариғат соттары таратылды, көп әйел алу тоқтатылды, еркектер мен әйелдердің құқықтары теңестірілді, жаңа заңдар кодексі қабылданды; араб жазуының орнына латын әліпбиі қабылданды (1928) және бұл бірнеше айда жүзеге асырлды, дін мен мемлекет бөлінді, еуропалық киім үлгісі енгізілді, 1926 жылы 1-қаңтардан бастап Түркия еуропалық жыл санау жүйесіне көшті, ұзындық пен салмақ өлшемдері жаңартылды, фамилиялар туралы заң қабылданды (1934) т.с.с.

Ататүрік, әсіресе, тарих ғылымы және тіл білімі саласына ерекше көңіл бөлді, 1931 жылы Түрік тарих қоғамы құрылды, өзі «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазды. Мұнан кейін түрік тарихы жаңаша сипатта-ұлттық және түркілік мазмұнда жазылатын болды.

Түрік тілін араб, парсы элементерінен (олар сол кезде өте көбейіп, қарапайым халық өз тілін түсінбейтін халге жеткен) тазарту, оны халыққа неғұрлым жақындату мақсатымен 1932 жылы Түрік тілі қоғамы ұйымдастырылды. Бұл екі қоғам да арада өткен 67 жыл ішінде орасан зор іс тындырды.

Өкінішке орай, қарасы өшкір қызыл империя жылдарында Ататүрікке лайықты баға берілмеді, керісінше ол «буржуазиялық қайраткер ретінде «сыналды», жамандалды. Сондықтан ол әлі күнге дейін ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да жақсы белгілі емес.

Ататүрік мейілінше түрікшіл адам болған. Ол 1933 жылы Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген сөзінде КСРО-ның түбінде ыдырауы мүмкін екендігін айтып, оның құрамындағы бауырларына қол үшын беру үшін Түркияның дайын болуын өсиет еткен-ді. Ататүрік түрік бірлігіне сенген, адамзат тарихының жаңа кезеңдері болашақта Түрік бірлігінен нәр алатынын айтқан. Артына «Түрікпін дей алатын адам қандай бақытты», «Түріктің түріктен басқа досы жоқ» т.б көптеген қанатты сөздер қалдырған.

Әлемнің түрлі елдеріндегі ірі-ірі мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылар Ататүрікке өте жоғары баға берген. Олардың ішінде кешегі А.Гитлер де, бүгінгі Ф.Кастро да және т.б. бар.

Ататүріктің өмірі, күресі, қызметі, айтқан сөздері мен ой-пікірлері (бұл жөнінде «Жұлдыз» журналында 1996 жылы 11-санында жарық көрген «Ататүрік өсиеті» атты мақаламызда оқуға болады), оған сүйгіштік, мұраткерлік тұрғысынан зор үлгі, әрі олардың тағылымдық-тәрбиелік маңызы терең. Сондықтан оларды кеңінен насихаттауға, әсіресе жас ұрпақтың жан дүниесіне жеткізуге тырысуымыз керек. Бүгінгі таңда бұл бізге өте қажет.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен 1939-1945 жылдары Түркия 1939 жылы 19-қазанда Ұлыбритания мен Франциямен одақ келісім жасап англо-француз блогына қосылса, 1940 жылы Францияның капитуляциясынан кейін гитлерлік Германиямен жақындаса бастап, 1941 жылы 18-маусымда Ұлыбританиямен одақты сақтай отырып, Германиямен достық пен шабуыл жасаспау келісімін жасайды. Гитлерлік Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін Түркия өзін бейтарап деп жариялады.

40 жылдың аяғы - 50 жылдың басында түрік үкіметі АҚШ-пен Түркияға американдық «көмек» беру келісімін жасайды. 1952 жылы Түкия НАТО-ға енеді. 1955 жылы СЕНТО-ға мүше болады.

1961 жылы жаңа конституция қабылдады. Ол 1924 жылы конституцияға ұқсас болып, қосымша «Конституциялық кеңес» концепциясы енгізілді.

Заң шығару билігі 2-палаталық Парламентпен жүзеге асырылды. Палаталардың бірі жаппай дауыс берумен сайланған, 450 депутаттан тұратын Ұлттық Ассамблея. Екінші палата – Республикалық сенат жалпы сайлаумен сайланған 150 депутатты, Президетпен тағайындалған 15 сенаторларды, сондай – ақ Ұлттық бірлік комитетінің мүшелерімен өмірлік сенаторлар болып табылатын бұрынғы президенттерді қамтыды.

1982 жылы Конституцияда Республикалық сенат жойылды, осы конституция биліктің барлық тармақтарының қалыпты қызмет етуін қамтамассыз етеді.

Бүгінгі таңда Түрік Республикасы демократиялық, зайырлы және әлеуметтік құқықтық мемлекет, адам құқықтарын сыйлайды және Ататүріктің ұлттық патриотизімін ұсынады.

Биліктің атқарушы, заң шығару және сот тармақтары жіктелген.

Заң шығару билігін Түрік жоғары Ұлттық Ассамблея ( ТЖҰА) түрік ұлтының мүддесіне сәйкес атқарады. ТЖҰА құрылымы мен қызметі, міндеттері мен ықпалы Конститутцияда белгіленген. Бір палаталық Ассамблея тікелей сайлаумен 5 жылға сайланған. 550 депутаттан тұрады.

ТЖҰА міндеттері мен қызметтері заңдарды қабылдау, түзетулер енгізу мен қабылдамау. Министрлер кеңесі қызметінің мониторингі, бюджетті талқылау мен қабылдау, ақша эмиссияларын ратификациялау, соғыс жариялау, халықаралық келісімдерді ратификациялау.

Атқарушы билікті Президент пен Министрлер кеңесі атқарады.

Президент, мемлекет басшысы, Түркия Республикасы мен түрік ұлтының бірлігін білдіреді, контитуцияның сақталуын бақылайды және мемлекеттің барлық органдарының үйлесімді және дұрыс қызмет етуін қамтамассыз етеді. Ол жеті жылдық мерзімге ТЖҰА мүшелері немесе аяқталған стандарттық білімге 40 жастан асқан Түркия азаматтарының арасынан сайланады. Президент екінші мерзімге сайлана алмайды.

Түркия Республикасының президенттері;

1.Мұстафа Кемаль Ататүрік (29,10,1923-10,11,1938)

2.Исмет Иненю (11,11,1938-22,05,1950)

3. Келал Балер (22,05,50-27,05,60)

4.Кемал Гюрзель (27,05,60-28,03,60)

5.Севдет Сунай (29,03,06-28,03,73)

6.Фахри Корутюруг (6,04,73-6,04,80)

7.Кенан Эвран (18,09,80-10,11,1891)

8.Торғұт Өзал (9,11,1989-17,04,93)

9.Сүлейман Демирель (16,05,93-20)

Министірлер кеңесі Премьер-министр мен министрлерден тұрады. Премьер-министр республиканың Президенті мен ТҰЖА мүшелерінің қатарынан тағайындалып, ал министрлер Премьер-министр мен ТҰЖА мүшелері қатарынан ұсынылып, Президентпен бекітілген.

18-жасқа толған Турцияның әрбір азаматы сайлауға, референдумға қатысуға, партия мүшесіне айналуға құқылы әскерилер сайлауға қатыса алмайды. Азаматтар саяси партиялар құруға құқылы. Саяси партиялар демократиялық принциптерге сәйкес, Конститутция бойынша еркін қызмет ете алады. Барлық саяси партиялар Анкарадан штаб-квартира ашып кем дегенде 30 адамнан тұру қажет. Негізгі партиялар игілік партиясы, Отан партиясы, Тура жол партиясы, Демократиялық солшыл партия, Республикалық халықтық партия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет