ҚМГ компаниялар тобының ұйымымен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке тұлға;
жұмыс орны
-
қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
тәуекел
-
сапа менеджменті жүйесінің шеңберінде – лайықты сапаны қамтамасыз ету қабілеттігіне, тәуекелдерді басқару жүйесінің саласында – стратегиялық мақсаттарға табысты қол жеткізу қабілеттігіне, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің шеңберінде – ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің денсаулығына теріс әсер ете алатын қолайсыз оқиғаның басталу тәуекелі;
жеке қорғау құралдары (ЖҚҚ)
-
қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған жеке қорғау құралдары, оның ішінде, арнайы киім, арнайы аяқ киім (киім, аяқ киім, бас киім, қолғап пен басқалары);
денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі
-
денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігі саясатын орындау үшін қолданылатын менеджмент жүйесі немесе менеджмент жүйесінің бір бөлігі (ISO 45 001:2018);
түзету шаралары
-
сәйкессіздіктің пайда болу себептерін жоюға бағытталған іс-шара;
еңбек тәртібі
-
жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;