«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды қауіпсіз орындауының сәйкестігі



бет37/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.5.2.2. Мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды қауіпсіз орындауының сәйкестігі
5.5.2.2.1. Мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың жұмыстарды қауіпсіз орындауын ұйымдастыру және бақылау бойынша барлық кезеңдер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі корпоративтік стандартқа (KMG-ST-3524.1-13) сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
5.5.2.2.2. ҚМГ компаниялары тобы ұйымының және құрылымдық бөлімшелер орындалатын жұмыстардың ерекшелігіне, қауіпті және зиянды өндірістік факторларға байланысты мердігерлік ұйымдарға ЕҚжЕҚ бойынша қойылатын талаптарды қалыптастырып, жақсарта алады, бұл ретте ҚМГ корпоративтік талаптары төмендетілмеуі тиіс.


5.5.3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайын талдау
5.5.3.1. ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе құрылымдық бөлімшесінің өндірістік бірлігінің басшысы айына кемінде бір рет өндірістік объектінің жедел кеңестерінде немесе жұмыс жиналыстарында ЕҚжЕҚ мәселелерін қарауы тиіс.
5.5.3.2. Жедел кеңестерде немесе жұмыс жиналыстарында ішкі бақылау тексерулерінің нәтижелері, ҚҚБ/ҚҚБВ қаралады, талданады, тікелей жұмыс басшыларының объектілердегі ЕҚжЕҚ жай-күйі туралы ақпараты, олардың жекелеген учаскелерде және жалпы өндірістік объект бойынша бағасы беріледі, қызметкерлердің назарына бірінші басшының, филиалдар/өндірістік басқармалар басшыларының ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша бұйрықтары мен өкімдерінің мазмұны, мән-жайлары мен себептері жеткізіледі, олардың алдын алу бойынша қажетті нұсқаулар мен тапсырмалар беріледі, қауіпсіздік ережелері мен нормаларының жекелеген сәйкессіздіктері, қаулылардың, нұсқамалардың және өзге де құқықтық актілердің орындалу мәртебесі талданады. Жедел кеңестер немесе жұмыс жиналыстарын өткізу хаттамамен ресімделеді.
5.5.3.3. ҚМГ компаниясының немесе құрылымдық бөлімшенің (өндірістік басқармалардың) басшылығы тоқсанына кемінде бір рет басшылар мен мамандардың жедел кеңесінде өндірістік объектілердегі ЕҚжЕҚ жай-күйі бойынша мәселелерді қарауы тиіс.
5.5.3.4. Тоқсан сайынғы кеңестерде өткен кезеңдегі ЕҚжЕҚ саласындағы жұмыс қорытындылары, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы, ішкі бақылауды тексеру нәтижелері, ТЖК актілері мен мемлекеттік бақылаушы органдардың нұсқамаларының орындалу мәртебесі қаралады, талданады, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі, апаттылық мәселелері, ЕҚжЕҚ бойынша тәуекелдерді талдау және бағалау қорытындылары қаралады, жекелеген өндірістік объектілер басшыларының ақпараты тыңдалады, осы мәселелер бойынша басшылардың жұмысына баға беріледі, жақсарту шаралары белгіленеді. Тоқсан сайынғы кеңестерде мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау хаттамамен ресімделеді.
5.5.3.5. ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе құрылымдық бөлімшесінің басшылығы жылына кемінде бір рет ЕҚжЕҚ жөніндегі кеңес немесе форум өткізеді, онда мынадай мәселелер қаралады және талданады:
1) ішкі бақылауды және мемлекеттік бақылаушы органдарды тексеру нәтижелері;
2) заңнамалық талаптарға және ЕҚжЕҚ бойынша ішкі құжаттарға ЕҚжЕҚ сәйкестігін бағалау;
3) ағымдағы кезеңдегі ЕҚжЕҚ бойынша тәуекелдерді бағалау нәтижелерін талдау, олардың алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда арту/төмендеу үрдістері және салдардың туындау ықтималдығы мен ауырлық дәрежесі бойынша, сондай-ақ бағалауға қатысушылардың саны мен кәсіби құрамы бойынша ақпарат:
- қызметкерлер өкілдерінің ақпараты;
- сыртқы мүдделі тараптардан ұйымға келіп түскен хабарламалар, шағымдарды қоса алғанда, мысалы, мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өтініштері;
- ЕҚжЕҚ саласындағы басқару нәтижелілігі;
- ықтимал жазатайым оқиғалардың туындауына әкеп соғуы мүмкін оқиғаларды тергеу (тіркелгендер, оның ішінде тергелгендер саны, қандай түзетулер мен алдын алу іс-әрекеттері әзірленді, қабылданды);
- ішкі бақылауды тексеру нәтижелері бойынша түзету және алдын алу іс-қимылдарын орындау, сондай-ақ мемлекеттік бақылаушы органдардың қаулыларын, нұсқамаларын және жеке қолданылатын өзге де құқықтық актілерін орындау мәртебесі;
- ЕҚжЕҚ басқарудың қолданылуын талдау бойынша алдыңғы кеңестердің шешімдерін орындау нәтижелері;
- ЕҚжЕҚ саласындағы басқарумен байланысты Заңнамалық және өзге де талаптарға енгізілген өзгерістерді қоса алғанда, жағдайлардың өзгеруі;
- ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша ұсыныстар, ұсынымдар, қойылымдық сұрақтар.
Жыл сайынғы кеңесте немесе форумда мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау хаттамамен ресімделеді.
5.5.3.6. ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе Құрылымдық бөлімшесінің басшылығы оның тұрақты жарамдылығын, барабарлығын және нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін жоспарланған уақыт аралықтары арқылы ЕҚжЕҚ мәселелерін басқаруды талдау керек. Талдау процесі ЕҚжЕҚ басқарудағы өзгерістерді жақсарту және олардың қажеттілігі үшін мүмкіндіктерді бағалауды қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет