«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»



бет45/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.6.1.6. Бақылаудың бесінші деңгейі
5.6.1.6.1. Комиссия (немесе ҚМГ Комитетінің шеңберінде) ҚМГ Басшылығы немесе ҚМГ ЕҚОҚД бекіткен жоспар-кесте бойынша, жылына бір рет, бекітілген сұрақтар тізбесіне және әдістемелік нұсқауларға сәйкес, келісім бойынша, ҚМГ компаниялар тобының ұйымдарында және Құрылымдық бөлімшелерде ЕҚжЕҚ жұмысын ұйымдастыруды және жай-күйін тексереді (аудит). Қажет болған жағдайларда, ҚМГ Басшылығының тапсырмасы бойынша ЕҚжЕҚ жай-күйін жоспардан тыс тексеру (аудиттер) ұйымдастырылуы мүмкін.
5.6.1.6.2. Әрбір кезекті тексеруді (аудитті) жүргізу үшін, ҚМГ Комитетінің мүшелері мен ҚМГ ЕҚОҚД қызметкерлерінің санынан комиссия (топ) ұйымдастырылады. Қажет болғанда, комиссияның құрамына ҚМГ Орталық аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің қызметкерлері қосылуы мүмкін.
5.6.1.6.3. Тексерудің (аудиттің) және ҚМГ комиссиясының жұмысын талдау қорытындылары бойынша тексерілген ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың жай-күйін жақсарту бойынша ұсынымдармен бірге талдамалық анықтама жасалады. ҚМГ-нің талдамалық анықтамасының негізінде, ҚМГ компаниялар тобы ұйымында мерзімдер мен ұсынымдарды орындау (сәйкессіздіктерді жою) үшін жауапты тұлғалар көрсетілген түзету іс-әрекеттерінің жоспары (іс-шаралар жоспары) жасалады. Ұсынымдарды орындау, сәйкессіздіктерді жою үшін, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі тексеру (аудит) материалдарын ҚМГ компаниялар тобы ұйымының тиісті құрылымдық бөлімшесіне немесе Құрылымдық бөлімшеге береді және анықтамада көрсетілген мерзімде ҚМГ басшылығына немесе ҚМГ ЕҚОҚД-ға ҚМГ комиссиясының тексеру қорытындылары бойынша жасалған жұмыс туралы ақпаратты ресми түрде береді.
5.6.1.6.4. Тексеру нәтижесінде апаттар мен жазатайым жағдайлар үшін себепті тудыратын ірі ұйымдастырушылық-техникалық кемшіліктер анықталса, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе Құрылымдық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және ЕҚжЕҚ жай-күйі ҚМГ Басшылығында немесе ҚМГ ЕҚОҚД өтетін кеңесте, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының Байқау кеңесінде қаралуы тиіс.
5.6.1.6.5. ҚМГ Орталық аппаратының қызметкерлері өзінің негізгі функциялары бойынша ҚМГ компаниялар тобының объектілеріне барғанда, объектінің жұмысының ұйымдастырылуын, ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеруге, анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдауға және ЕҚжЕҚ бойынша мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсетуге міндетті.
ҚМГ Орталық аппаратының қызметкері тексерілетін ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе Құрылымдық бөлімшенің күшімен жою мүмкін болмайтын анықталған тәуекелдер/қауіпті және зияндық өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер туралы ақпаратты тиісті түзету іс-әрекеттерін қабылдау үшін ҚМГ ЕҚОҚД-ға жазбаша нысанда хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет