5.7.2.2. Ықтимал қауіпті оқиғаларды есепке алу және талдау
5.7.2.2.1. ҚМГ компаниялары тобының ұйымдарында ықтимал оқиғалар мен жазатайым жағдайларды болдырмау мақсатында, ықтимал қауіпті оқиғалардың есебі мен талдауы жүргізіледі. Ықтимал қауіпті оқиғалар – жабдықтың істемей қалу және жарақатқа әкеп соқпаған, денсаулыққа зиян келтірмеген оқиғалар, тәуекелдер, қауіпті жағдайлар, оның ішінде, ҚМҚБ болуы мүмкін.
5.7.2.2.2. ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлері, мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері мен кез келген келушілер, оның ішінде, ҚМГ басшылығы мен уәкілетті органдар үшін ықтимал қауіпті оқиғаларды тіркеуге қол жеткізу ұйымдастырылуы тиіс.
5.7.2.2.3. Дереу ден қоюды талап ететін жағдайларды анықтау үшін, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің қызметкерлері тіркеу журналдарын күн сайын қарауы тиіс.
5.7.2.2.4. Қайталану, қауіптілік дәрежесі, салдарының ауырлығы мәніне талдау, кем дегенде, аптасына бір рет жүргізілуі тиіс. Жиі қайталанатын, бірнеше рет (3 және одан да көп рет) анықталатын ықтимал қауіпті оқиғалар – жойылмайтын бұзушылықтар немесе оларды жойғаннан кейін, қайтадан пайда болатын оқиғалар бойынша осы Стандартқа нысан (KMG-F-3673.1-13/ ST-3669.1-13) бойынша түзету/алдын алу іс-әрекеттерінің жоспарын әзірлеу керек.
5.7.2.2.5. ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі жыл сайын барлық қауіпті оқиғаларды болашақта болдырмау үшін, оларды жинақтайды және талдайды.
5.7.3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсарту бойынша жұмысты ынталандыру
5.7.3.1. Қызметкерлерді қызықтыру және тарту
5.7.3.1.1. Ұйымдар мен қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге және ЕҚжЕҚ қағидалары мен нормаларын сақтауға экономикалық тұрғыдан мүдделі болуы Заңнамалық талаптардың бірі болып табылады.
5.7.3.1.2. ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының өндірістік жарақаттылықты азайту бойынша қызметінің негізгі бағыттарының бірі – ұжымдарда ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмысты одан әрі жетілдіру, басшылардың өндірістегі ЕҚжЕҚ үшін жауапкершілігін арттыру, қызметкерлердің ЕҚжЕҚ жақсартуға деген мүдделілігін күшейту, қауіпсіздіктің оң мәдениетін нығайту, қызметкерлердің мотивациясын арттыру, коммуникация және тәжірибе алмасу, барлық деңгейдегі басшылардың және қызметкерлердің ұстанушылық дәрежесін арттыру және ЕҚжЕҚ бойынша басқару процестеріне тартылуы үшін лидерлік дағдыларын енгізу.
5.7.3.1.3. Осы ұсынымдар ҚМГ компанияларының тобына қолданылады және қызметкерлерді еңбек жағдайын үнемі жақсартуға және өндірістік жарақаттылықтың алдын алуға материалдық мүдделілігін күшейту мақсатында енгізіледі.
5.7.3.1.4. ҚМГ ұйымдарының корпоративтік жүйесінде қолданылатын ЕҚжЕҚ бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін моральдық және материалдық ынталандырудың көптеген түрлері мен нысандарын ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша жұмыстағы табыстар үшін ұжымдарды ынталандыру үшін қолдануға болады. Жекелеген қызметкерлерді, сондай-ақ бүкіл ұжымды осылай ынталандыру қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету кезінде маңызды тетік бола алады.
5.7.3.1.5. Моральдық ынталандыру пәрменділігі, көп жағдайда, оны материалдық ынталандырумен бірге дұрыс қолданумен айқындалады.
5.7.3.1.6. ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша жұмысты ынталандыру шараларын кең жариялап, жүзеге асырған жөн (жұмыс жиналыстарында, кеңестер мен форумдарда, көп таралымды, қабырға баспасөзде және басқаларында жариялау).
Достарыңызбен бөлісу: |