«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Ықтимал қауіпті оқиғаларды басқару



бет52/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.7.2. Ықтимал қауіпті оқиғаларды басқару
5.7.2.1. Ықтимал қауіпті оқиғалар туралы хабарландыру жүйелері
5.7.2.1.1. Ықтимал қауіпті оқиға (қауіпті факторлар, қауіпті жағдайлар), анағұрлым ақпараттық оқиға ретінде, ықтимал қауіпті оқиғаларды тану үшін, сондай-ақ оларды дұрыс түзету және тергеу үшін қолданылады, бұл оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың санын азайтуға әкеледі.
5.7.2.1.2. Ықтимал қауіпті оқиғалар туралы хабарландыру жүйелері қызметкерлердің оқу бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
5.7.2.1.3. Әрбір құрылымдық бөлімшеде және өндірістік бірлікте (цех, бригада) ықтимал қауіпті оқиға туралы хабарландыру процесі әзірленуі және енгізілуі тиіс.
5.7.2.1.4. Әрбір құрылымдық бөлімшеде және өндірістік бірлікте (цех, бригада) қызметкерлердің қауіпті факторлар мен қауіпті жағдайлар туралы хабарландыру бойынша жауапкершілігі белгіленуі тиіс.
5.7.2.1.5. Осы процеске сәйкес, жауапты қызметкер ақпаратты тікелей басшысына береді, өз кезегінде, ол оқиға туралы бірінші басшыға хабарлауы тиіс, себебі сыни жағдай басталғанда, барабар ден қою шараларын қабылдау керек және керек болғанда, өндірістік процесті тоқтату керек.
5.7.2.1.6. Ықтимал қауіпті оқиғаны тану жүйесі (Гейнрих оқиғалар пирамидасы) енгізілуі тиіс.
5.7.2.1.7. Барлық деңгейдегі басшылар, оның ішінде бірінші басшы қызметкерлермен тығыз өзара байланыста болуы тиіс, қызметкерлердің (кері байланыс) немесе қызметкерлер өкілдерінің пікірін есепке алу үшін, ЕҚжЕҚ бойынша мәселелер (саясаттар, басшылыққа алынатын құжаттар, оларды орындау, тиімділік) топтарда, сондай-ақ жеке қатынаста үнемі талқылау мәні болуы тиіс.
5.7.2.1.8. ЕҚжЕҚ бойынша отырыстар мен мәжілістер, оқу ақпарат алмасу үшін құралдар болып табылады, кез келген жұмыс кеңесі ЕҚжЕҚ мәселелерінен басталуы тиіс.
5.7.2.1.9. Ықтимал қауіпті оқиғалар туралы ақпаратты алу үшін, қауіпті жағдайлар мен жұмыс орындарын тексеріп шығу тіркелетін ішінара тексерістер ақпарат көзі болуы мүмкін.
5.7.2.1.10. Коммуникациялардың көптеген түрлері ықтимал қауіпті оқиғалар туралы ақпаратты беру тетіктері болуы мүмкін: қауіп-қатер туралы хабарламалар, мысалы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобына арналған «Қорғау» картасын қолдану регламентіне (KMG-RG-3537.1-57) сәйкес, Қорғау картасы, ЕҚжЕҚ бойынша ақпараттық стендтер, қызметкерлер қауіпті жағдайлар туралы хабарлайтын ЕҚжЕҚ бойынша жиналыстар мен кеңестер, ЕҚжЕҚ бойынша ақпараттық жүйелер мен есептілік, интернет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет