«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Кәсіподақтар мен қызметкерлердің өкілдері



бет49/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.6.6. Кәсіподақтар мен қызметкерлердің өкілдері
5.6.6.1. ЕҚжЕҚ басқаруды ұйымдастырудың көптеген мәселелерін шешу қызметкердің қатысуын талап етеді, сондықтан да барлық қызметкерлер немесе олардың бір бөлігі үшін оны қызметкерлердің қандай да бір болмасын өкілетті өкілі жасайды. Ұжымдық келіссөздер жүргізгенде, ұжымдық шарт жасалғанда немесе өзгергенде, орындауды бақылау кезінде, сондай-ақ ұйымды басқаруға қатысу құқығын іске асырғанда, еңбек дауларын шешкенде, ұйым қызметкерлерінің мүдделерін кәсіподақ немесе қызметкерлер сайлайтын өзге де өкілдер білдіреді.
5.6.6.2. Заңнамалық талаптарға сәйкес, қызметкерлердің ЕҚжЕҚ саласындағы құқықтары мен заңдық мүдделерінің сақталуын қоғамдық бақылауды кәсіподақтар және (немесе) қызметкерлердің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
5.6.6.3. Ұйымда кәсіподақ болмағанда, сондай-ақ қызметкерлердің жартысынан аз санын біріктіретін кәсіподақ болған жағдайда, қызметкерлер көрсетілген кәсіподақ ұйымына немесе қызметкерлер уәкілеттік берген өкілге жалпы жиналыста өз мүдделерін білдіруді тапсыра алады. Қызметкерлердің өкілдерін (уәкілетті тұлғаларды) сайлау тәртібі мен функциялары ұжымдық шартта белгіленуі тиіс.
5.6.6.4. Қызметкерлердің өкілдері (уәкілетті тұлғалары) оларды сайлаған еңбек ұжымының жалпы жиналысында оқтын-оқтын есеп береді және егер олар жүктелген функцияларды орындамаса немесе ЕҚжЕҚ-да қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қажетті қаталдықты білдірмесе, оларды сайлаған органның шешімі бойынша олардың өкілеттіктері қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін шақыртып алынуы мүмкін.
5.6.6.5. Қызметкерлердің өкілдері (уәкілетті тұлғалары) ҚМГ компаниялар тобы Комитеттерінің құрамына кіруі мүмкін.
5.6.6.6. Қызметкерлер өкілдерінің (уәкілетті тұлғаларының) ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету шеңберіндегі негізгі міндеттер:
1) салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға жәрдемдесу;
2) өндірістік бөлімшелердегі ЕҚжЕҚ жай-күйін және қызметкерлердің ЕҚжЕҚ саласындағы заңдық құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
3) ЕҚжЕҚ туралы Заңнамалық талаптардың қолданылуына, ҚМГ компаниялар тобының ұжымдық шарттарда немесе келісімдерде белгіленген ЕҚжЕҚ жөніндегі міндеттемелерді орындауына байланысты еңбек дауларын қарау кезінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қызметкерлердің мүдделерін білдіру;
4) қызметкерлерге ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша консультация беру, ЕҚжЕҚ-да олардың құқықтарын қорғау бойынша оларға көмек көрсету болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет