«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»



бет42/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.6.1.3. Бақылаудың екінші деңгейі
5.6.1.3.1. Құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігінің басшысы кем дегенде, айына бір рет қызметкерлердің өкілімен (ол болмаған жағдайда – өз бетінше) бірлесіп, объектілердегі, жұмыс орындарындағы ЕҚжЕҚ-ның жай-күйін (мониторинг), сондай-ақ объектідегі ЕҚжЕҚ-ның сақталуына бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстардың тікелей басшыларының жұмысын тексереді және анықталған тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдайды. Тексеру кезінде олар әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алуы керек.
5.6.1.3.2. Барлық объектілерді тексерудің жүйелілігін және бақылаудың екінші деңгейін (кезеңін) жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігінің басшысы өзінің орынбасарларын, объектідегі жұмыстардың тікелей басшыларын және өндірістік бірліктің басқа да инженерлік-техникалық қызметкерлерін барлық объектілер мен жұмыс орындарын тексеру айына кем дегенде бір рет жүргізілетіндей етіп тексеруге тартады.
5.6.1.3.3. Тексеру кезінде анықталған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер жойылуы тиіс. Тексеру барысында жойылмайтындар кейіннен ақпарат жинау, түзету іс-әрекеттерін талдау және әзірлеу үшін еңбек жағдайының жай-күйін тексеру журналдарына жазылады.
Бақылаудың бірінші және екінші деңгейі (дәрежесі) барысында анықталған бақылауларды цехтың күшімен жою мүмкін болмаса және оларды жою Құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігі басшысының құзыретіне кірмесе, онда ол осы тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер туралы Құрылымдық бөлімшенің басшылығын ресми нысанда хабардар етеді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Егер анықталған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, әлеуетті-қауіпті оқиғалар және сәйкессіздіктер апатқа немесе қызметкерлердің жарақаттануына әкелуі мүмкін болса, онда құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігінің басшысы (басқа тексеруші тұлға) олар жойылғанға дейін жұмысты тоқтата тұрады.
5.6.1.3.4. Бақылаудың екінші деңгейін дұрыс ұйымдастыру, жүргізу және анықталған тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктерді уақытылы жою үшін жауапкершілік Құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігінің басшысына жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет