«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»



бет59/74
Дата27.04.2022
өлшемі497,49 Kb.
#141008
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.6.1.5. Бақылаудың төртінші деңгейі
5.6.1.5.1. Өз құрылымында өндірістік филиалдары (өндірістік басқармалар) бар ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппаратының ТЖК (немесе Комитеттің шеңберінде) объектілердегі жұмыстың ұйымдастырылуын және ЕҚжЕҚ бойынша жай-күйді, барлық өндірістік филиалдардың (басқармалардың) және олардың жеке құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлерінің жұмысын ішінара тексеруді (аудитін), кем дегенде, жартыжылдықта бір рет жүзеге асырады.
5.6.1.5.2. Тексеру кезінде анықталған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті жағдайлар мен сәйкессіздіктер мұқият талданып, олардың пайда болуының түбегейлі (жүйелік) себептері айқындалуы тиіс. Бұл үшін ТЖК тексеруі (аудиті) басқарма аппараттарының бөлімшелерін тексеру (аудит) кезінде құзыретіне осы байқауларды шешу кірмейтін Құрылымдық бөлімшелерде анықталған тәуекелдердің/қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың, ықтимал қауіпті жағдайлар мен сәйкессіздіктердің пайда болу себебін барынша анықтау мүмкін болу үшін басқарма аппараттарының бөлімшелері тексеру (аудит) бағдарламасына кіретіндей етіп, ұйымдастырылуы тиіс.
5.6.1.5.3. Егер анықталған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті жағдайлар мен сәйкессіздіктер жазатайым жағдайға немесе апатқа әкеп соға алса, ТЖК оларды жойылғанға дейін жұмыстардың жүргізілуін уақытша тоқтатуға міндетті.
5.6.1.5.4. Егер бір бөлімшеде тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті жағдайлар мен сәйкессіздіктер анықталса, осы жағдай, олардың жүйелігін айқындау үшін, басқа да бөлімшелерде тексерілуі тиіс.
5.6.1.5.5. Тексеру қорытындылары ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппаратындағы кеңейтілген отырыста талқыланады және анықталған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті жағдайлар мен сәйкессіздіктер фактілері, ЕҚжЕҚ жай-күйіне баға берілетін, МЖ нәтижелілігі мен қолданылуы көрсетілетін актілермен ресімделеді.
5.6.1.5.6. Бақылаудың төртінші деңгейін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жауапкершілік ҚМГ компаниялар тобы ұйымы басшысының бірінші орынбасарына жүктеледі.
5.6.1.5.7. ТЖК мүшелері тексеру кезінде объективтілік пен алалықсыздықты қамтамасыз ету үшін тексеруді (аудиттерді) жүргізу әдістері мен қағидаттарына оқуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет