5.6.3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға арналған әдістемелік ұсынымдар
5.6.3.1. Осы әдістемелік ұсынымдарда объектілердегі жұмыстардың тікелей басшылардың, құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігі басшыларының, ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының және Құрылымдық бөлімшелердің басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚМГ Орталық аппараты қызметкерлерінің объектілердегі, учаскелердегі және өндірістік бірліктердегі ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеру (аудиттерінің) тәртібі жазылған.
5.6.3.2. Негізгі мақсат:
1) процестердің, өндірістік жабдықтың, қорғау құралдарының және өндірістік ортаның ЕҚжЕҚ бойынша заңдардың, стандарттардың, қағидалар мен нормалардың талаптарына сәйкес келу дәрежесін бағалау;
2) ЕҚжЕҚ нәтижелілігін және жұмыс істеуін айқындау.
10.3.3. ЕҚжЕҚ жай-күйі келесі тәртіппен тексеріледі:
1) тексерілетін объектілер мен оларды сипаттайтын өлшемдерді таңдау;
2) тексеру рәсімін орындау;
3) алынған нәтижелерді Заңнамалық талаптармен салыстырып тексеру;
4) себептерді, анықталған тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), ықтимал қауіпті оқиғаларды және қызметкерлердің еңбек жағдайына, қауіпсіздік стандарттарының, қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкессіздіктерді, нұсқаулықтардың сақталмауын, ЕҚжЕҚ бойынша жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді айқындау;
5) оларды жою бойынша қажетті түзету іс-әрекеттерін әзірлеу және негіздеу.
5.6.3.4. ЕҚжЕҚ жай-күйін бақылаудың негізгі әдісі – ҚМГ компаниялар тобы ұйымдары мен Құрылымдық бөлімшелердің басшысы мен инженерлік-техникалық қызметкерлерінің тікелей объектілерде, өндірістік бірліктерде және құрылымдық бөлімшелерде жүзеге асырылатын профилактикалық жұмысы. Жедел кеңестер мен жұмыс жиналыстарында ЕҚжЕҚ жай-күйін қарау, ЕҚжЕҚ қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу, ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың белгілі бір кезеңінің қорытындыларын шығару.
5.6.3.5. Тексеру тексерілетін объектілер, учаскелер, өндірістік бірліктер, өндірістер мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері немесе Құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен, қажетті жағдайларда - ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының жөніндегі қызметкерлердің өкілдері мен тиісті мамандар – механиктердің, энергетиктердің, технологтардың қатысуымен жүргізілуі тиіс.
5.6.3.6. Ұжымдарда тексеру жүргізу кезінде қызметкерлердің белсенділігі мен бастамашылығының өсуіне түрткі болатын, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бойынша жұмысқа құрылымдық бөлімшенің (учаскенің, өндірістік бірліктің) және ҚМГ компаниялар тобы ұйымы мен Құрылымдық бөлімшенің барлық ұжымы – басшысынан бастап, қатардағы орындаушысына дейін қатысатын жағдай мен шарттар жасалуы тиіс.
5.6.3.7. Үшінші және төртінші деңгейлердегі (сатылардағы) тексеруге жоғары тұрған ұйымдардың өкілдері де қатысуы мүмкін.
5.6.3.8. Тексеру жұмыс орындары мен жабдықты қараудан, қажет болғанда, жабдықты, тетіктер мен құрылғыларды сынаудан, қызметкерлер арасында сауалнама жүргізуден және ЕҚжЕҚ бойынша жұмысты ұйымдастырумен және қолда бар құжаттамамен танысудан тұрады.
Тексерушілер қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлқын, жекелеген қызметкерлердің қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының талаптарын, нұсқаулықтарды білуін тексере алады.
5.6.3.9. Объектілерді, жұмыс орындарын тексеру барысында тексерілетін бөлімшенің басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлері анықталған, қызметкерлердің өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша жедел шараларды қабылдайды, ал қажет болғанда, олардың жұмысын уақытша тоқтатады. Тексерушілер тексерілетін бөлімшелердің қызметкерлеріне туындаған мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсетеді.
5.6.3.10. Бақылау деңгейіне қарай, тексеру қорытындылары журналдарда немесе актілерде көрсетіледі, актінің бір данасы анықталған тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктерді жою, тиісті түзету іс-әрекеттерді әзірлеу және орындау үшін өндірістік бірліктің немесе құрылымдық бөлімшенің басшысына беріледі.
5.6.3.11. Тексеру актілерінде немесе анықтамаларында өндірістік бірліктердегі, құрылымдық бөлімшелердегі ЕҚжЕҚ жай-күйі, ЕҚжЕҚ жай-күйі бойынша тұжырымдар және оны бағалау, ЕҚжЕҚ басқару нәтижелілігі, қолданылуы көрсетіледі. Тексерушілердің байқаулары (тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер) көрсетіледі.
ТЖК актілері бойынша түзету іс-әрекеттерінің жоспарлары әзірленеді, онда анықталған байқау себептері, себептерді жою жөніндегі іс-шаралар, іс-шараларды орындау үшін жауапты тұлғалар, іс-шараларды орындау мерзімдері көрсетіледі.
5.6.3.12. ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жоспарда жоспарланғанның барлығының Заңнамалық талаптарға сәйкес келуін тексереді, бірақ олармен ғана шектелмей:
1) уәкілетті органдардың бұйрықтары мен өкімдерінің, ұйғарымдарының, ұсыныстарының, ұсынымдарының орындалуын, сондай-ақ ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеру журналдарына енгізілген ұсыныстардың орындалуы мен ескертулердің жойылуын;
2) ЕҚжЕҚ бойынша жоспарлардың (іс-шаралардың) болуын және оларды орындаудың жай-күйін;
3) объектідегі жұмыстардың тікелей басшыларының, құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігі басшыларының бірінші және екінші деңгейлердегі жедел бақылауды жүргізу және жиналыстарда, жедел кеңестерде ЕҚжЕҚ жай-күйін (тұрақты, толық болуын, қажетті шаралардың қабылдануы мен т.б.) қарау тиімділігін;
4) ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша, тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша жоспарланған іс-шаралардың, сондай-ақ өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеу актілерінде көзделген іс-шаралардың уақытылы және толық орындалуын;
5) өндірістік объектілерді еңбек жағдайы бойынша аттестаттау қорытындылары бойынша іс-шаралардың орындалуын;
6) қызметкерлердің бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, ақпараттық хаттармен танысу тәртібін, нысаны мен оның ресімделуін;
7) қызметкерлерді күрделі жабдық пен тетіктерге қызмет көрсетуге жіберу алдында оларды оқыту және тағлымдамадан өткізу тәртібін, оларда жұмыс істеу құқығына құжаттың болуын;
8) өндірістік бірліктердің қызметкерлердің білімін тексеру жөніндегі комиссияларды ұйымдастыру және олардың құрамын, комиссиялардың жұмыс тәртібін (кестелердің болуын, олардың сақталуын және басқаларын), бағдарламалардың (сұрақтамалардың) болуын, олардың мазмұнын, қызметкерлердің білімін тексеру қорытындыларының ресімделуін:
9) қызметкерлердің, жұмыс орындары мен объектілердің қажетті нұсқаулықтармен, жаднамалармен, қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етілуін және олардың жай-күйін;
10) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша құжаттаманың (журналдардың, паспорттардың, хаттамалардың және т.б.) бекітілген тізбе бойынша болуын және дұрыс жүргізілуін;
11) жабдықтың, тетіктердің, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрылғылар мен құралдардың, ауа вентиляциясы мен тазарту құрылғыларының, жылыту және жарықтандыру, жабдықты жүйелерінің және құрылыстарды жерге тұйықтаудың, сондай-ақ автоматтандыру механикаландыру құралдарының, көлік құралдарының техникалық жай-күйін, жарамдылығын және дұрыс пайдаланылуын, олардың қауіпсіздік қағидаларының, стандарттардың талаптарына және орындалатын жұмыстың жағдайына сәйкес келуін;
12) негізгі қорлар – ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты жоспарлы-алдын алып жөндеу іс-шараларының, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш тетіктер мен басқа да жабдықты техникалық куәландырудың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін;
13) қоршау, сақтандыру және герметикалық құрылғылардың, автоматты бақылау мен дабылнаманың, қашықтықтан басқару құрылғыларының және басқа да қорғау құралдарының болуын және дұрыстығын;
14) жұмыстардың дұрыс және қауіпсіз ұйымдастырылуын, технологиялық процестердің дұрыс жүргізілуін, қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс әдістері мен тәсілдерін, технологиялық режимдерді, нұсқаулықтарды, нарядтарды сақтауын;
15) қауіптілігі жоғары жағдайдағы жұмыстардың дайындалуы мен жүргізілуін, осы жұмыстарды жүргізуге арналған құжаттаманың (нарядтардың, рұқсаттардың және т.б.) дұрыс ресімделуін, қызметкерлерді осындай жұмыстарға жіберу алдында оларға нұсқамалық жүргізу тәртібін;
16) қызметкерлердің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидалары мен нұсқаулықтарын, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын;
17) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін және жұмыс орындарының ЖҚҚ-мен жабдықталуын, олардың дұрыс пайдаланылуын, осы құралдардың жай-күйін;
18) өндірістік бірліктердің, объектілердің санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуін, олардың жай-күйін;
19) объектідегі жұмыстардың тікелей басшылары мен құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігі басшыларының объектілердегі ЕҚжЕҚ жай-күйін есепке алу мен бағалау бойынша жұмыстар кешенін уақытылы және сапалы жүргізуі (ЕҚжЕҚ бағалау көрсеткіштерінің дұрыстығын);
20) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің ұйымдастырылуын және жұмысын, қызметтің тиісті мамандармен жинақталуын, олардың білімін, біліктілігін, жұмыс тәжірибесін, қызмет қызметкерлеріне арналған лауазымдық нұсқаулықтардың болуын, олардың жұмысының мазмұнын, сондай-ақ қызметтің жұмыс жоспарларының болуын және олардың орындалуын, қызметтің үй-жайлармен, көлікпен, қажетті байланыс құралдарымен, ұйымтехникамен, анықтамалық және нормативтік-техникалық әдебиетпен қамтамасыз етілуін;
21) басшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ЕҚжЕҚ бойынша жұмысын, оларда лауазымдық нұсқаулықтардың болуын, оларда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша міндеттердің көрсетілуін және олардың орындалуын, құрылымдық бөлімшелерде жедел бақылау мен ЕҚжЕҚ жай-күйін талдауды жүргізу тиімділігін (тұрақтылығын, мазмұнын, қажетті шаралардың қабылдануын), бас мамандардың осы жұмысқа қатысуын, ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеру журналдарына енгізілген ұсыныстардың орындалуы мен ескертулердің жойылуын, анықталған сәйкессіздіктердің талдануын;
22) жедел талдауды жүргізу мен ЕҚжЕҚ жай-күйі туралы ақпараттың уақытылы және сапалы болуын;
23) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының және Құрылымдық бөлімше басшылығының ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша кеңестерді өткізу (сапасын, тиімділігін), ЕҚжЕҚ мәселелерін, оның ішінде, әртүрлі кеңестерде, техникалық кеңестерде, жұмыс жиналыстарында, конференцияларда, форумдарда ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеру қорытындыларын қарау нәтижелерін, оларды өткізу кезеңділігін, қабылданатын шешімдердің сапасы мен олардың орындалуын;
24) ЕҚжЕҚ жақсарту мен сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың әзірленуін және жүзеге асырылуын, іс-шаралардың мазмұнын, жоспарланған іс-шаралардың, ұжымдық және жеке шарттардың, келісімдердің уақытылы және толық орындалуын;
25) оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың уақытылы тергелуін, олардың дұрыс саралануын және тергеу материалдарының дұрыс ресімделуін, оқиғалар мен жазатайым жағдайлар туралы жедел ақпараттың белгіленген тәртібінің сақталуын, оқиғалар мен жазатайым жағдайлар актілерінде көзделген іс-шаралардың орындалуын, олардың тиімділігін;
26) қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс әдістерін оқуының ұйымдастырылуын және оқудың белгіленген тәртібінің сақталуын, қызметкерлерге нұсқамалар берудің тұрақты және сапалы жүргізілуін, бағдарламалардың, сұрақтамалардың болуын, олардың ресімделуін, қызметкерлердің білімін тексеру кестелерінің сақталуын, құжаттаманың (журналдардың, хаттамалардың, куәліктердің және т.б.) дұрыс және сапалы ресімделуін;
27) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қайта қарау тәртібін, бөлімшелер бойынша нұсқаулық тізбелерінің болуын, нұсқаулықтардың осы тізбелерге сәйкес іс жүзінде болуын, нұсқаулықтардың уақытылы қайта қаралуын, олардың дұрыс және сапалы ресімделуін;
28) ЕҚжЕҚ кабинетінің болуын, оның қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін, оның қажетті құралдармен жабдықталуын, жұмысының ұйымдастырылуын және мазмұнын;
29) құрылымдық бөлімшеде ЕҚжЕҚ мәселелерін насихаттаудың ұйымдастырылуын, бейнероликтерді көрсетудің, газеттер мен брошюралардың, бюллетеньдер мен ақпараттық парақшаларының шығарылуын, лекциялардың оқылуын, баяндамалардың жасалуын, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша әңгімелесудің, консультациялардың жүргізілуін;
30) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша құжаттаманың (журналдардың, паспорттардың, жоспарлардың, нарядтардың, актілердің және басқалардың) болуын және дұрыс жүргізілуін;
31) жабдықтың, тетіктердің, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрылғылар мен құралдардың, вентиляциялық жүйелер мен құрылғылардың, жылыту және жарықтандыру, жабдықты жүйелерінің және құрылыстарды жерге тұйықтау құрылғылары мен құрылыстардың, сондай-ақ автоматтандыру механикаландыру құралдарының, көлік құралдарының, арнайы техниканың техникалық жай-күйін және дұрыс пайдаланылуын, олардың қауіпсіздік қағидаларының және стандарттардың талаптарына сәйкес келуін;
32) қызметкерлердің, жұмыс орындары мен объектілердің қажетті құралдармен, плакаттармен, қауіпсіздік белгілерімен және басқа да көрнекі насихаттау құралдарымен қамтамасыз етілуін;
33) белгіленген нормаларға сәйкес, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшесінің өндірістік бірліктері мен объектілерінің немесе Құрылымдық бөлімшенің санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуін және олардың жай-күйін;
34) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін және жұмыс орындарының ЖҚҚ-мен жабдықталуын, олардың дұрыс пайдаланылуын, осы құралдардың жай-күйін, беру нормаларының болуын, оларға арналған өтінімдердің дұрыс жасалуын, өтінімдердің іске асырылуын, ЖҚҚ қабылдаудың, сақтаудың, жөндеудің, химиялық тазарту мен жуудың ұйымдастырылуын;
35) ғимараттар мен құрылыстардың (олардың арқалықтарының, едендерінің, қабырғалары мен басқа да конструкциялық элементтерінің), құрылымдық бөлімшелер, өндірістік бірліктер аумағының, учаскелердің, объектілердің, өтпелердің және өтетін жолдардың, жұмыс орындарының жай-күйін, олардың нормалардың талаптарына сәйкес келуін, ғимараттар мен құрылыстардың жоспарлануын, өндірістік бірліктердегі жабдықтың орналастырылуын;
36) қызметкерлердің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын;
37) ЕҚжЕҚ бойынша жұмыс үшін қызметкерлерді материалдық және моральдық ынталандыру жүйелерін қолдану практикасын, ЕҚжЕҚ жай-күйін есепке алу және талдау жүйесінің енгізілуін тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |