«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Объектідегі жұмыстардың тікелей басшысына арналған ұсынымдар



бет63/74
Дата27.04.2022
өлшемі497,49 Kb.
#141008
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.6.4. Объектідегі жұмыстардың тікелей басшысына арналған ұсынымдар
5.6.4.1. Объектідегі тікелей басшының негізгі міндеттерінің бірі – жұмысшылар үшін ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету, оған ЕҚжЕҚ жай-күйін тұрақты тексеру және сәйкессіздіктер мен бұзушылықтарды жою бойынша жедел шараларды қабылдау арқылы қол жеткізіледі.
5.6.4.2. Бақылаудың бірінші деңгейіндегі тексеру жұмысты, объектінің жалпы жай-күйін, оларда қауіпті жағдайлар мен тәуекелдердің болуын бақылау мақсатында, жұмыс орындарын тексеріп шығу арқылы күн сайын жұмыс басында және оның барысында жүргізіледі.
Тікелей басшы, ең алдымен, алдыңғы ауысымның жұмысшыларынан (ауысымдық жұмыс жағдайында) немесе тиісті журналдардағы жазбалар бойынша қауіпсіздік қағидалары мен нормаларынан әртүрлі ауытқулардың бар-жоғын анықтайды, алдыңғы күндердегі ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеру журналында тіркелген ескертулер мен кемшіліктердің жойылғанын тексереді.
5.6.4.3. Жұмыс орындарын тексеріп шығу және жабдықты қарау кезінде тікелей басшы:
1) жұмыс орындарының жай-күйін және дұрыс ұйымдастырылуын (жұмыс аймағы мен жұмыс орындарының қауіпсіз жай-күйін, өтпелер мен өтетін жолдардың жай-күйін), бөлшектердің, құралдардың, материалдардың дұрыс қоймаланып, сақталуын;
2) жабдықтың, тетіктердің, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрылғылар мен құралдардың техникалық жай-күйін және дұрыстығын, олардың қауіпсіздік қағидаларының талаптарына және орындалатын жұмыс жағдайларына сәйкестігін;
3) жабдықтың, ілмекті және реттеу арматурасы мен коммуникациялардың герметикалығын;
4) сыйымдылықтардың, баллондардың, рессиверлердің, газгольдерлер мен басқа аппараттардың және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың жай-күйін;
5) қоршау, сақтандыру және герметикалық, құрылғылардың, автоматты бақылау және дабылнама құрылғыларының, қашықтықтан басқару және басқа да қорғау құралдарының болуын және дұрыстығын;
6) вентиляциялық қондырғылардың және жергілікті сорушы жүйелерінің дұрыстығын және үздіксіз жұмысын;
7) жарықтандыру жүйелерінің дұрыстығын және жұмыс орындарын жарықтандырудың жай-күйін;
8) арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және ЖҚҚ-ның (каскалардың, газтұтқыштардың, қорғау көзілдіріктерінің, сақтандырғыш белбеулерінің және басқаларының) болуын және жұмысшылардың оларды дұрыс пайдалануын;
9) жұмыс орындарының санитариялық жай-күйін, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың ұсталуын, жұмыс орындарының жуғыштармен жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, душ бөлмелеріндегі жуу керек-жарақтарын, дәрі қобдишасының болуын және жинақталуын;
10) нұсқаулықтардың, плакаттардың, ескерту жазбаларының, қауіпсіздік белгілерінің, іске қосу құрылғыларының белгілері мен таңбаларының, басқару символдарының болуын және жай-күйін;
11) қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс әдістері мен тәсілдерін, технологиялық режимдерді, нұсқаулықтарды, нарядтарды, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын;
12) тағлымдамадан өтетін қызметкерлердің қауіпсіз тәсілдер мен әдістерді меңгеруін;
13) өрт сөндірудің бастапқы құралдарының болуын және дұрыстығын;
14) жерге тұйықтау құрылғыларының және статикалық кернеуден қорғау құрылғыларының болуын және дұрыстығын тексереді.
5.6.4.4. Тікелей басшы жұмыс барысында ЕҚжЕҚ жай-күйін және қызметкерлердің қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын сақтауын бақылауды оқтын-оқтын жүзеге асырады.
5.6.4.5. Бақылаудың бірінші деңгейіндегі тексеру қорытындылары мен ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеру журналдарының жазбалары қызметкерлердің апта сайын өткізілетін жедел кеңестер мен жиналыстарда ЕҚжЕҚ жай-күйін жедел талдау үшін туынды деректер болады және ЕҚжЕҚ жай-күйін бағалау үшін негіз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет