«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»



бет19/74
Дата27.04.2022
өлшемі497,49 Kb.
#141008
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

төтенше жағдай (ТЖ)

-

белгілі бір аумақта авария, апат немесе зілзала нәтижесінде пайда болған, адамдардың өліміне, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне зиян келтіруге, елеулі материалдық залалдарға және халықтың тіршілік әрекет ету шарттарының бұзылуына әкеп соққан немесе әкеп соға алатын жағдай;

International Association of Oil & Gas Producers (IOGP)




халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығы.



4. ЛИДЕРЛІК, ҰСТАНУШЫЛЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

4.1. Лидерлік пен ұстанушылық


ҚМГ Директорлар кеңесі, ҚМГ басшылығы, Бизнес-бағыттардың басшылары, Қызмет бағыттарының басшылары, ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының бірінші басшылары, Желілік басшылар өз үлгісінде лидерлікті, ұстанушылық пен жауапкершілікті көрсетеді, оның ішінде:
1) МЖ жұмыс істеуі және ЕҚжЕҚ саласында нәтижелілікке қол жеткізу үшін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді;
2) ЕҚжЕҚ заңнамалық талаптарды, ішкі құжаттарды орындау және белгіленген мақсаттарға қол жеткізу маңыздылығына үнемі назар аударады;
3) өз үлгісінде қауіпсіз мінез-құлықты және ҚМГ-нің Алтын қағидаларын сақтауды көрсетеді, сондай-ақ басқа қызметкерлерді тартып, ЕҚжЕҚ талаптарын сақтауға ынталандырады;
4) ЕҚжЕҚ саласындағы бағдарламалар мен бастамашылықтарды қолдау және ынталандыру арқылы қызметкерлерді лидерлікті, ұстанушылықты көрсетуде және мақсаттарға қол жеткізуге атсалысуда қолдайды;
5) МЖ үнемі жақсартуға және жетілдіруге жәрдемдеседі.
4.2. ЕҚжЕҚ саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары мен өкілеттіктер
Лидерлік пен ұстанушылық шеңберінде, ҚМГ компанияларының тобында ЕҚжЕҚ саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары мен өкілеттіктер белгіленді, олар осы Стандартқа (KMG-F-3689.1-13/ ST-3669.1-13) көрсетілген.
4.3. ЕҚжЕҚ саласындағы жауапкершілік
4.3.1. ҚМГ компаниялар тобының операциялық қызметінің шеңберінде, басқарудың барлық деңгейлерінде ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың негізгі бағыты басым болуы тиіс және қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға және қамтамасыз етуге, өндірістік және еңбек тәртібін күшейтуге және өндірістегі тәртіпті сақтауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық, құқықтық іс-шаралар кешенін жоспарлы түрде жүзеге асыру керек.
4.3.2. ҚМГ басшылығы, Бизнес-бағыттардың басшылары, Қызмет бағыттарының басшылары, ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының бірінші басшылары қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету үшін жауап береді, ал ЕҚжЕҚ саласындағы жұмысты үйлестіру ҚМГ ЕҚОҚД мен ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметтеріне жүктеледі.
4.3.3. ҚМГ басшылығы өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау бойынша ҚМГ-ге жүктелген мәселелер мен міндеттерді орындау, өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жаңа құралдар мен әдістерді енгізу үшін толығымен жауап береді және Бизнес-бағыттардың басшыларының, Қызмет бағыттары басшыларының, Құрылымдық бөлімшелер басшыларының ЕҚжЕҚ саласындағы жұмысты жүзеге асыру үшін жауапкершілік дәрежесін белгілейді.
4.3.4. ҚМГ Бизнес-бағыт басшысының, Қызмет бағыттары басшыларының, Құрылымдық бөлімше, ЕҚОҚД басшыларының /ЕҚОҚ басшысының ЕҚжЕҚ саласындағы жауапкершілігі лауазымдық міндеттерге, сондай-ақ басшылардың міндеттерін бөлу жөніндегі ішкі құжаттарға және ҚМГ-нің қолданыстағы басқару құрылымына сәйкес белгіленеді..
4.3.5. Бірінші басшы (бас директор, өңірлік құрылымдық өндірістік бөлімшенің немесе филиалдың, базаның және өкілдіктің директоры) ҚМГ компаниялар тобының ұйымында ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету үшін жеке жауапкершілікте болады және Өндірістік мәселелер жөніндегі директордың, Желілік басшылардың ЕҚжЕҚ саласындағы жұмысты жүзеге асыру үшін жауапкершілік дәрежесін белгілейді.
4.3.6. ЕҚжЕҚ саласындағы барлық лауазымдық деңгейлердің жауапкершілігі лауазымдық міндеттерге, сондай-ақ басшылардың міндеттерін бөлу жөніндегі ішкі құжаттарына және ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қолданыстағы басқару құрылымына сәйкес белгіленеді.
4.3.7. Барлық қызметкерлер, ҚМГ компаниялар тобының барлық деңгейлердегі басшылар ҚМГ компаниялар тобының ЕҚжЕҚ бойынша нормаларының, қағидалары мен нұсқаулықтарының, ЕҚжЕҚ саласындағы ішкі реттейтін құжаттарының және осы Стандарттың, ішкі өкімдік құжаттарының, ЕҚжЕҚ талаптарын сақтау бөлігіндегі лауазымдық міндеттердің, сондай-ақ уәкілетті органдар ұйғарымдарының талаптарының бұзылуы және (немесе) орындалмауы үшін заңнамалық талаптарға сәйкес жауап береді.
4.3.8. Тікелей басшының нұсқауларын, бұйрықтарын немесе ұйғарымдарын орындау ЕҚжЕҚ саласындағы нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарының бұзылуына және (немесе) орындалуына әкеп соққан жағдайда, қызметкер оларды орындаудан бас тартуға құқылы және бас тартуы тиіс.
4.3.9. Қызметкердің өзінің лауазымдық міндеттерінің және орындайтын жұмысының аясына кіретін ЕҚжЕҚ бойынша нормаларды, қағидалар мен нұсқаулықтарды білмеуі және (немесе) лайықты түрде қолданбауы оның заңнамалық талаптардың бұзғаны және (немесе) орындамауы үшін жауапкершілігін жоймайды.
4.3.10. Осы Стандарттың 4.3.8-тармағында көзделген жағдайда, сондай-ақ қызметкерлердің немесе айналадағы адамдардың өміріне және денсаулығына негізді түрде қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде қызметкер араласқан жағдайда, қызметкердің жұмыстарды орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тарту үшін негіз болмайды.
4.3.11. Осы Стандартта ҚМГ компанияларының тобында ЕҚжЕҚ бойынша жұмысты, оның ішінде, мердігерлік ұйымдар орындайтын жұмыстарды (көрсететін қызметтерді) ұйымдастыру, үйлестіру және жүргізу тәртібі белгіленген. Лауазымдық тұлғалардың қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша функциялары, міндеттері реттелген, олардың ЕҚжЕҚ бойынша нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың орындалмағаны үшін жауапкершілігі белгіленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет