Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,58 Mb.
#28712
түріАнықтамалық
  1   2
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық

университеті

Білім өсу мен жеке тұлғаны дамыту үшін!







Қарағанды -2011

Құрастырғандар: бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі

проректор, э.ғ.к., профессор Р.О. Бұғыбаева

оқу процесін жоспарлау , ұйымдастыру, мониторинг

және бақылау департаменті директорының орынбасары-

Тіркеуші С.Б.Глазунова.

Анықтамалық- бағдаршам ҚҚЭУ туралы жалпы мәліметтен, студенттің құқығы мен міндеттерінен, кредиттік оқыту жүйесінің жағдайлары мен оның қалай ұйымдастырылатынын түсіндіруден, әрбір пән мен GPA бойынша қорытынды бағаны есептеу әдістемесінен, мемлекеттік қорытынды аттестациялауға қойылатын талаптан, академиялық күнтізбеден және т.б. тұрады.

Анықтамалық – бағдаршам кредиттік жүйе бойынша оқитын Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттеріне арналған.



Студент туралы мәлімет

Аты-жөні __________________________________________________

Мамандығы ________________________________________________

Тобы __________________________________________________________

Куратор __________________________________________________

Эдвайзер __________________________________________________
МАЗМҰНЫ

ҚҰТТЫҚТАУ 4


Университет туралы мәлімет 4

Университет тарихы 4

ҚҚЭУ студентінің ар-намыс кодексі 6

Университет құрылымы 7

Университет кітапханасы 8

Университеттің спорт секциялары мен шығармашылық бірлестіктері 11


ҚҚЭУ-де ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 12

Кредиттік оқыту технологиясы туралы 12

Тіркеу бөлімі 13

Элективті пәндерге тіркелу 13

Сіздердің тәлімгерлеріңіз – куратор және эдвайзер 14

Студенттің өзіндік жұмысы 15

Білімді бақылау және бағалау қалай жүзеге аырылады? 16

GPA дегеніміз не және оны қалай есептеп шығаруға болады? 20

Жазғы семестр не үшін қажет және оны қалай болдырмауға болады? 21

Екінші жылға қайталап оқуға қалай қалмауға болады? 21

Мемлекеттік емтихандар және қызыл диплом туралы 22

Университеттен не үшін шығарылуы мүмкін? 23

Қандай жағдайларда мемлекеттік гранттан айырылуға болады? 23

Қандай жағдайларда академиялық демалыс алуға болады? 23

Қандай жағдайларда шәкіртақы тағайындалады? 24

ҚҚЭУ-дегі ауыстырылу және қайта қалпына келтірілу тәртібі 24

Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы.........................................26

ҚҚЭУ түлектерінің Қауымдастығы 26


Тілек 26


Құрметті студент!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне оқуға түсу арқылы, дұрыс таңдау жасадың. Біздің университет Қарағанды өңіріндегі ғана емес, сонымен бірге еліміздің бүкіл аумағында лайықты беделге ие. Сен университетпен өздігіңмен танысу және өз алдыңнан ашылып отырған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін осы анықтамалық әзірленді.


УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫ

Қарағанды экономикалық университеті білім беру қызметі нарығында 40 жылдан аса жұмыс істейді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (бұрынғы Қазақ тұтыну кооперациясы университеті, бұрынғы Қарағанды кооператив институты) 1966 жылғы 22 наурыздағы №125 КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде 1966 жылғы 9 маусымдағы №84 Центросоюз Басқармасының Қаулысымен құрылған болатын.

Университет өзінің қызметін 1966 жылғы 1 қыркүйекте жалпы алаңы 18140 шаршы метр, оның ішінде оқу алаңы 3223 шаршы метр болатын, 2 лекция залы және 22 оқу аудиториялары бар, бұрынғы партия-кеңес ғимаратында бастаған болатын. Э.ғ.к.., доцент П.Ф. Котляров университеттің бірінші ректоры болды (1966-1979 жылдар). 1979 жылдан 1988 жылға дейін университетке э.ғ.д., профессор Т.А. Әбдразақов басшылық жасады, ал 1988 жылдан 1997 жылға дейін э.ғ.д., профессор В.Д. Ли басшы болды. Қазіргі уақытта университет ұжымын, осы оқу орнының түлегі, э.ғ.д., профессор, ЖМ ХҒА корреспондент – мүшесі, Еуразия ХЭА академигі Е.Б. Аймағамбетов басқарады.

1997 жылғы 5 шілдедегі Қазтұтынуодағы Басқармасының Қаулысымен Қазақтұтыну кооперациясы институты Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (ҚҚЭУ) болып құрылған болатын.

Университетке университет түлектеріне мемлекеттік үлгіде диплом беру құқығы берілген. ҚҚЭУ 2005 жылы мемлекеттік аттестациядан өтті.

ҚҚЭУ 2005 жылы өзінің сапа менеджменті жүйесіне «Русский Регистр» компаниясының сертификатын алды.

2008 жылдағы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің рейтингі бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарының арасынан гуматитарлық-экономикалық бағыт бойынша ҚҚЭУ 2-ші орын алды, Қазақстанның үздік 60 жоғары оқу орындарының қатарына кірді.

Қазіргі уақытта жоғары білікті мамандар даярлау 18 мамандық бойынша жүргізіледі:

5В051100 – «Маркетинг»;

5В090200 – «Туризм»;

5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс»;

5В050700 – «Менеджмент»;

5В050600 – «Экономика»;

5В030400 – «Кеден ісі»;

5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

5В050900 – «Қаржы»;

5В050800 – «Есеп және аудит»;

5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»;

5В 070300 – «Ақпараттық жүйелер»;

5В030100 – «Юриспруденция»;

5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»;

5В090800 – «Бағалау»;

5В020200 – «Халықаралық қатынастар»;

5В051300 – «Әлемдік экономика»

5B091200 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»;

5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

5В060800 – «Экология»

5В011500 – «Құқық негіздері және экономика»

5В090900 – «Логистика» (салалар бойынша)

Университет Қазақстанда, жақын және алыс шетелде жұмыс жасайтын өздерінің түлектерін мақтан тұтады. Қазіргі уақыттағы университеттегі кадрлар даярлау құрылымы мен көлемі республика мен өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Қарағанды экономикалық университеті магистратура, аспирантура, докторантура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды дербес жүзеге асырады. Университетте докторлық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған Кеңес жұмыс жасайды.

Бакалаврлар даярлау бойынша ҚҚЭУ-дің бәскеге қабілеттілігі оның бай, үнемі жаңартылып отыратын материалдық-техникалық базасымен, оқу және тәрбие процестеріне ақпараттық-техникалық инновацияларды енгізу саласындағы уақыттан оза отырып дамуға бағдарланушылықпен айқындалады.

Білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық байланыстардың болуы, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану, сапалы мамандар даярлауға ықпал ететін факторлардың бірі болып саналады. ҚЭУ әріптестері географиясының ауқымы аса кең: АҚШ (Сент-Джон университеті), Ұлыбритания (Халықаралық кооператив колледжі), Италия (Болон университеті, «Ла Сапиенс» университеті), Германия (Шығысеуропа институты, Мюнхен қаласы, Регенсбург университеті, Шағын және орта кәсіпкерлік университеті, Билефильд қаласы), Австрия (Каринтии Жоғары мектебі), Латвия, Ресей (МУ – Жоғары экономика мектебі, Мәскеу қаласы, Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу тұтыну кооперациясы университеті, Повольже кооператив институты (Ресей Центросоюз), Сібір тұтыну кооперациясы университеті, Белгород тұтыну кооперациясының сауда-экономикалық университеті), Украина (Донецк нарық және әлеуметтік саясат институты), Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан.



ҚЭУ халықаралық бағдарламаларға және гранттарға (ТЕМПУС, ТАСИС) белсенді түрде қатысады, халықаралық конференциялар мен брифингтер ұйымдастырады. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде халықаралық бағдарламаларға студенттердің қатысуы бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Университет студенттері CCUSA, Work and Travel, Work Experience, Educational Advising Center гранттарының иегерлері.
ҚҚЭУ студентінің ар – намыс кодексі
Ар – намыс кодексі студенттердің белгілі бір жұмыс тәртібін болжайды, оның құқығы мен міндеттерін айқындайды.

ҚҚЭУ студентінің:

  • мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

  • жеке оқу жоспарлары бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқуға;

  • басқа жоғары оқу орындарында элективті пәндерді (яғни таңдаған пәндерін) оқып үйренуге;

  • өзінің қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес қосымша білім беру қызметтерін алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;

  • ҚР білім және ғылым Министрлігі белгілеген тәртіп бойынша бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануына ;

  • оқылатын пәндер бойынша оқу - әдістемелік кешендерін, университет кітапханасының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға;

  • өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіруге;

  • ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға құқығы бар.

Бакалавр бағдармалары бойынша оқитын Қарағанды экономикалық университетінің түлектері магистратураға түсу кезінде және еңбекке орналасу кезінде тең құқықтарға ие.

ҚҚЭУ студенті:

  • жеке оқу жоспарын жасауға;

  • жеке оқу жоспарына сәйкес оқу пәндерін игеруге;

  • екінші курста мемлекеттік аралық бақылаудан өтуге;

  • таңдап алған бағыт бойынша теориялық білімге және практикалық дағдыларға ие болуға;

  • күнделікті сабаққа қатысуға;

  • сабаққа кешікпеуге;

  • сабақты босатпауға, сабақты сырқаты бойынша босатқан жағдайда, дәрігерлік анықтама тапсыруға;

  • босатқан сабақты оқытушы белгілеген уақытта жұмыспен өтеуге;

  • оқу пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) барлық түрлерін орындауға;

  • білімді ағымдағы, шептік және қорытынды бақылаудың барлық түрлерінен өтуге;

  • оқу - әдістемелік әдебиеттер мен университеттің материалдық құндылықтарына жанашырлықпен қарауға;

  • ҚҚЭУ-дің ішкі тәртіп ережелерін орындауға (сыртқы киімде жүруге, темекі шегуге, қатты сөйлесуге тыйым салынады );

  • курстастармен, оқытушылармен кең пейілді болуға;

  • сабаққа іскерлік киімде қатысуға;

  • пунктуальды және міндетті болуға, тыянақты және атқарымпаз болуға ;

  • сабақ уақытында ұялы телефондарын ағытуға міндетті.

Студенттер өздерінің денсаулығын сақтау мақсатында рухани дүниесі мен дене тәрбиесін қатар жетілдіруге міндетті.

Өз міндеттерін бұзған студенттерге тәртіп бұзу шаралары қолданылуы мүмкін.


УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ
ҚҚЭУ-дің 3 жатақханасы, қоғамдық тамақтандыру кешені, медициналық қызмет көрсету, сауықтыру – профилакторийі, демалыс аймағы, оқу – сауықтыру базасы, спорт залы, саунасы бар.

ҚҚЭУ-де студенттердің Мәдениет Сарайы жұмыс істейді, университеттің әртүрлі шығармашылық бірлестіктері, мультимедиялық сыныптары бар әмбебап кітапхана, ақпараттық – білім беру орталығы, оқу теледидар орталығы соның құрылымына кіреді.

ҚЭУ құрылымына 3 департамент, 5 факультет кіреді:


  • оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру мониторингі және бақылау департаменті;

  • қызметкерлер құрамын басқару департаменті;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру департаменті;

  • есеп – қаржы факультеті;

  • экономика және басқару факультеті;

  • бизнес және құқық факультеті;

  • сырттай қашықтықтан оқытатын қаржы-экономика факультеті;

  • сырттай қашықтықтан – оқытатын бизнес және құқық факультеті;

  • экономика, бизнес және құқық колледжі.

ҚҚЭУ-дің Астана, Қостанай, Шымкент, Павлодар, Арқалық, Семей және Қызылорда қалаларында 7 қашықтықтан оқыту орталықтары бар.

Университетте білімнің үш деңгейлі жүйесі қолданылады: бакалавр-магистр – PhD докторы. Университет бакалавриаттың 21 мамандықтары, магистратураның 14 мамандықтары және PhD-докторантураның 3 мамандықтары бойынша дайындық жүргізіледі (мамандықтардың толық тізімі www.keu.kz сайтында)


Біздің мекен – жайымыз: 100009 Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Мына автобустармен келуге болады: № 18,19. Мына бағытты таксилер: №08, 011, 30, 31, 44, 58 жүреді. «ҚЭУ» аялдамасы.


№ каб.

Ректорат




Ректор

Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы

э.ғ.д., профессор



356

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

Бұғыбаева Роза Олжабайқызы,

э.ғ.к., профессор



302

ЖТ және ДО жөніндегі проректор

Ибышев Ержар Садуахасұлы,

п.ғ.д., профессор



358

Тәрбие жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

Әбілов Қосман Жақыппайұлы,

т.ғ.д., профессор



112

Әкімшілік- шаруашылық бөлімі проректоры

Какенов Қайрат Саттуұлы,

т.ғ.к., профессор



Университет факультеттері

280

Есеп – қаржы факультетінің деканы

Нақыпова Гүлмира Ермекқызы

283

Деканның орынбасары

Мажитова Сәуле Қалиқызы

283

Деканның орынбасары

Дрозд Владимир Григорьевич

282

Деканаттың хатшылары


Текебекова Әсел Тұрсынбекқызы,

Шалкибасова Гульнара Игибаевна



385

Бизнес және құқық факультетінің деканы

Момышева Фархия Саутбекқызы

387

Деканның орынбасары

Джаксыбаева Гульнара Маутканқызы

388

Деканаттың хатшылары

Майлаякова Айжан Оразалиевна

Абдикаликова Анара Ризабековна



210Б

Экономика және басқару факультетінің деканы

Гимранова Ғалия Ильясовна

311Б

Деканның орынбасары

Юртаева Татьяна Михайловна

210Б

Деканаттың хатшылары

Кәрібаева Әсемгүл Амангелдіқызы


УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫ
ҚЭУ кітапханасы – Қазақстанның жоғары оқу орындары Қауымдастығының мүшесі, Қазақстан кітапханалары Ақпараттық Консорциумының мүшесі. ҚЭУ кітапханасы – қор құрамы бойынша үздік жоғары оқу орындары кітапханасының бірі. Оған барлық білім салалары бойынша ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттер, нормативтік құжаттар, мерзімді басылымдар, бейнефильмдер, CD-ROM оқулықтар кіреді. Сирек кітаптар қоры бөлінген (19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы әдебиеттер). Кітапхананың жалпы қоры 800 мың данадан асады. Электронды басылымдардың қоры – 700 атаудан артық. Жыл сайынғы мерзімді басылымдардың түсуі – 150 атаудан асады.
Сіздерге қызмет көрсетеді:


  • оқулықтар және оқу - әдістемелік әдебиеттері абонементінде Сіз оқулықты үйге ала аласыз;

  • көркем әдебиеттер және өнер жайлы әдебиеттер абонементінде Сіз: көркем әдебиеттерді – үйге (кітапханашы көрсеткен мерзімге); өнер жайлы әдебиеттерді – оқу залына ала аласыз;

Әдебиеттер абонементінде мынадай мерзімдерге үйге алуға беріледі:

  1. Саны жеткілікті данадағы оқу әдебиеттері, шектеусіз оқу жылына беріледі;

  2. Кітапханада саны шектеулі оқу әдебиеттері, 10 күн мерзімге беріледі;

  3. Ғылыми әдебиеттер 2-3 кітап санында 5 күнге дейінгі мерзімге беріледі;

  4. Көркем әдебиет 2-3 кітап санында 15 күнге дейінгі мерзімге беріледі;

  5. Мерзімді басылымдар, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, нормативтік құжаттар үйге алуға берілмейді;

  6. Егер материалға сұраныс болмаса пайдалану мерзімі ұзартылуы немесе басылым бір ғана данада болса немесе жоғары сұраныспен пайдаланылатын болса пайдалану мерзімі қысқаруы мүмкін;

  7. Алған басылымның әрбір данасы үшін оқырман кітап формулярына қол қояды. Кітапты қайтарған кезде оқырманның қолын кітапханашы өз қолымен өшіреді.

  • мамандандырылған оқу залдары:

- экономикалық әдебиеттерді оқу залы

- заң және гуманитарлық әдебиеттерді оқу залы

- мерзімді басылымдарды оқу залы

Оқу залында кітаптар беру транскрипт бойынша жүргізіледі.

Әдебиеттер 5 данаға дейінгі санда беріледі.

Оқу залынан әдебиетті сыртқа алып шығуға тыйым салынады. Осы ережені бұзған жағдайда оқырман ережені бұзу дәрежесіне қатысты кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.

Сіз кітаптарды және мерзімді басылымдарды пайдаланғанда оларға жанашырлықпен қарауыңыз тиіс. Сіз басылымды алған бетте оның қандай жағдайда екенін тексеріп, ақаулары болса ол туралы кітапханашыға айтуыңыз қажет. Басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауапкершілік көтереді.



Кітапты жоғалтқан немесе бүлдірген оқырман, сол басылымның орнына жаңа данасын немесе кітапхана шешімі бойынша құндылығы сол кітаппен тең санаған әдебиетпен алмастыруға міндетті.

  • библиографиялық секторда Сізге әдебиет таңдауға көмек көрсетеді, анықтамалық және нормативтік әдебиеттер береді.

  • мәдени-эстетикалық және шығармашылықты дамыту орталығы.

  • мультимедиялық технологиялар орталығы. Мультимедиялық технологиялар орталығы компьютерлермен, телевизорлармен, магнитофондармен (аудио-бейне), басты телефондармен, сканерлермен, принтерлермен жабдықталған. Пайдаланушыларға мынадай қызметтер көрсетіледі:

  1. Электронды каталог (ЭК) 1990 жылдан экономика және құқық жөніндегі әдебиеттерді, 1999 жылдан бергі басқа білім салалары бойынша әдебиеттерді библиографиялық сипаттау арқылы кітапхана қорын көрсетеді және жаңа түскен әдебиеттермен (кітаптар, мерзімді басылымдардан, мақалалар) толықтырылып отырады.

  2. Оқу материалдары бар аудио- және бейне кассеталар (профессор-оқытушылар құрамының лекциялары); электронды ақпарат көздеріндегі оқулықтар және оқу құралдары (компакт-дискілер, CD ROM) – жеке дискеттерде материалдарды қарау және жазу, бейне және аудиокассеталар.

  3. Спутниктік теледидар арқылы оқытушы бағдарламаларға мүмкіндік алу.

  4. Құжаттарды сканирлеу және мәтіндерді басып шығару.

  5. Интернет желісінде жұмыс жасау.

  6. EBSCO мәліметтер базасын пайдалану – маңызды және сенімді ақпараттар алу. Осы жобаны жүзеге асыру, электрондық форматтағы әлемдік ғылыми, экономикалық, қоғамдық – саяси және ақпараттық мерзімді басылымдардың аса үлкен санын алу мүмкіндігін береді (барлығы 5 мың басылымнан асады). Мәліметтер базасы ағылшын, неміс және француз тілдерінде. Сондай – ақ , орыс тіліндегі саяси, коммерциялық, заң, ғылыми және мекен - жай анықтамалық ақпараттарды қамтитын (27 миллион құжаттардан аса) «Ресей мерзімді басылымдары» мәліметтер базасын пайдалану мүмкіндігі берілген.

Сіз біздің кітапханадан ғана экономика, тұтыну кооперациясы, саяси экономия жайлы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы кітаптар коллекцияларымен таныса аласыз.

  1. «Заң» мәліметтер базасы – ҚР әділет Министрлігінде тіркелген ҚР жоғары заң шығарушы және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің электронды жинағы. «Заң» мәліметтер базасы күн сайын электронды пошта бойынша жаңартылып отырады.

  2. Кітапхананы университеттің ішкі желісіне қосу.

  3. Электорнды каталогты («кітаптар», «мақалалар», «диссертациялар мен авторефераттар», «сирек кітаптар») пайдалану. Авторы, тақырыбы, негізгі сөздер, бастапқы деректер, баспа, шыққан жылы т.б. бойынша материалдар іріктеу.

  4. «Университет оқытушыларының еңбектері», «Коперация» толық мәтінді мәліметтер базасын пайдалану.

  • Ақпараттық білім беру орталығы университет өкілдерімен бейне конференцияларды қамтамасыз етеді; алыстағы пайдаланушыларға виртуалды анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету.


Кітапхананың жұмыс тәртібі :

Кітапхана демалыссыз жұмыс істейді күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін;

Сенбіде 10.00-ден 18.00-ге дейін,

Жексенбіде 10.00 –ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.



УНИВЕРСИТЕТТІҢ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ

Спорт

түрлері


Аптадағы күндер

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Баскетбол (ұлдар)

18.00-19.10




18.00-19.10




18.00-19.10

Баскетбол (қыздар)




18.00-19.10




18.00-19.10




Волейбол




15.00-16.30




15.00-16.30




Мини-футбол

15.00-18.00




15.00-18.00




15.00-18.00

Стол теннисі

15.00-17.00




15.00-17.00




15.00-17.00

Жеңіл атлетика




15.10-17.00




15.10-17.00




Атлетикалық гимнастика

15.10-17.00




15.10-17.00




15.10-17.00

ЛФК

15.10-17.00














Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет