Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,58 Mb.
#28712
түріАнықтамалық
1   2




Шығармашылық бірлестік

Жетекші

1.

Жайна" би ансамблі

Савельева Татьяна Владимировна

2.

«Мелодия» вокалды студиясы

Каренина Карина

3.

Қазақтың халық шекті астаптар ансамблі

Аркенова Жадыра Рамазанқызы

4.

«Алый парус» әдебиет клубы

Пономаренко Елена Генадьевна

5.

ҚЭУ КВН командасы

Нурпеисов Абзал

6.

ҚЭУ КВН "Жар – жар" командасы

Арыстанова Жазира

7.

"Дance-avenue" спорттық салтанатты би студиясы

Строкова Ирина Леонидовна

8.

"Легион" рок- тобы

Алексеенко Максим

9.

Дебат клубы «Бірлік» қазақ лигасы

Аукешова Айгерім

10.

Дебат клубы «Бірлік» орыс лигасы

Жабаева Гүлден Нұрланқызы

11.

Сән театры және көркем модель жасау студиясы

Ангелова Анжелика Анатольевна

12.

Этнографиялық сән театры

Иманбаева Балдырған Дәртайқызы

13.

Шығармашылықты және мәдениетті дамыту орталығы

Пономаренко Елена Генадьевна

Университеттегі шығармашылық бірлестіктердің жұмыс істеу мәселелері және оған Сіздің қатысуыңыз бойынша, Жастар комитетінің төрайымына жолығып, біле аласыз.

Жастар комитетінің төрайымы – Базарбекова Сәуле Амантайқызы.

Тел: 44-16-24 ішкі тел:169, офис – 265а
ҚЭУ-дегі ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кредиттік оқыту технологиясы туралы
Қазақстан Республикасы қол қойған Лиссабон ережесін жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі 2004 жылы елде кредиттік оқыту жүйесін енгізді. Қарағанды экономикалық университеті, жоғары кәсіптік білім беруге кредиттік технологияны енгізу жөнінде эксперимент жүргізілген республикадағы жоғары оқу орындарының қатарына енді.

Алдыңғы қатарлы білім беру әдістемелері мен технологиялары арқылы оқыту, студенттерді біліммен және біліктілікпен қаруландыру, олардың жоғары кәсіби мәртебесі мен халықаралық еңбек нарығындағы деңгейін қамтамасыз ету ҚҚЭУ мақсаттарының бірі болып саналады. Жоғары білім берудің осы заманғы жүйесі адамдарды болашаққа бағдарлай отырып қоршаған әлемнің тез өзгеруші экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық жағдайына бейімделген осы заманға лайық, жаңа ойлау жүйесін, жаңа типті интелектті қалыптастыру. Кредиттік оқыту технологиясын енгізу осы мақсаттарға жетуге ықпал етеді, сондықтан да ҚҚЭУ оны университетте енгізуді тездетіп қолға алды.

Кредиттік оқыту технологиясы – бұл өздігінен білім алу деңгейін арттыруға және білім беру траекториясын дараландыру, таңдау және кредиттер түріндегі білім көлемінің есебі негізінде білімді шығармашылықпен енгізуге бағытталған білім беру жүйесі.

Қазақстандық университеттердің кредиттік оқыту технологиясына көшуі:



  • әлемдік білім беру кеңістігіне кіру қажеттілігінен;

  • студенттерді білім беру траекториясын қалыптастыруға қатыстырумен;

  • студенттердің академиялық ұтқырлығымен;

  • мамандар даярлауды нақты тұтынуға бағдарлаумен;

  • білім беру процесіне ақпараттық технологияларды енгізумен байланысты туындайды.

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайындағы университеттегі оқыту білім беруді демократияландыру принциптері негізінде құрылған, бұл:

  • курстарды кең түрде таңдауға болатындықпен үйлесуі;

  • студенттің жеке білім беру траекториясын қалыптастыруы;

  • студенттердің бойында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;

  • интерактивті оқыту әдістерін кеңінен пайдалану.


ТІРКЕУ БӨЛІМІ

Тіркеу бөлімі – пәндерді таңдауды тіркеуден бастап, емтихан-рейтинг ведомстерін өңдеу және сақтаумен аяқталатын, студенттің оқудағы жеткен жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеумен айналысатын студентті қолдау қызметі. Ол студент білімін бақылаудың бүкіл түрлерін ұйымдастыру мен оның академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз етеді.

Тіркеу бөлімінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:

- элективті пәндерге тіркеу процесін басқару;

- студенттер білімін бақылауды ұйымдастыру;

- студенттердің академиялық рейтингін есептеу;

- студенттердің үлгерімі туралы жазбаларды түзу және сақтау;

- студенттердің үлгерімі туралы есептер дайындау;

- үлгермейтін студенттердің тізімін жасау;

- студенттерді жазғы семестрге тіркеу және оны ұйымдастыру.


Элективті пәндерге тіркеу

Ендігі уақытта Сіз білетіндей, кредиттік технология Сіздің Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінде көзделген міндетті пәндерді, сол сияқты Өзіңіз таңдаған пәндерді (негізінен, әрбір семестр ішінде бірнеше болуы тиіс) оқуыңызды болжайды.



    1. Сіздің қандай пәнді таңдауыңыз, тіркеу бөлімі үйлестіретін, ресми тіркеу жолымен жасалады.

    2. Сіздің таңдауыңыз бойынша пәнді таңдау эдвайзердің (ағылшынша «тәлімгер») жетекшілігімен жүзеге асырылады. Эдвайзер таныстыру әдісімен Сізге элективті пәндер каталогынан әрбір пәннің баламасын ұсынады, пәндерді оқудың сабақтастығын айқындау бойынша кеңес береді.

    3. Тіркеу күні мен уақыты академиялық күнтізбемен айқындалады.

    4. Пәнді таңдағаннан кейін, Сіз ұнаған элективті пәндерді көрсете отырып, тіркеу формаларын толтырасыз. Тіркеу бөлімі соның негізінде Сіздің жеке оқу жоспарыңызды (ЖОЖ) құрады. Жеке оқу жоспары үш данада жасалады, бір данасын Сіз өзіңізде қалдырасыз, ал қалған данасының дұрыстығын тексересіз және оған қол қойып, Сіз қалған дананы тіркеу бөліміне қайтарасыз.

    5. Жеке оқу жоспары әрбір оқу жылына жасалады.

    6. Екінші курс және жоғары курс студенті өзінің жеке оқу жоспарына 10-шы тамызға дейін кредиттердің жалпы санының 10%-ынан аспайтын көлемде өзгеріс енгізуге құқы бар.

    7. Жеке оқу жоспары негізінде тіркеу бөлімі академиялық топтар мен кезеңдер құрады. Егер аталған пәнге ең аз белгіленгеннен (20 адам) аз студенттер саны жазылған болса, онда пән ашылмайды. Тіркеу бөлімі ақпараттық стендтегі ҚҚЭУ-дің оқу порталында (w.w.w.keu.kz) хабарландыру береді. Осы пәнге жазылған студенттер, 25 тамызға дейінгі мерзімде келесі жылға жеке оқу жоспарларына түзетулер енгізуі тиіс.

8. Егер, келесі курсқа көшірілген студент, белгіленген мерзімде тіркеу бөліміне жеке оқу жоспарын тапсырмаса немесе тіркеуден бас тартса, онда оның оқу негізіне, мамандық пен аталған курс үшін жасалған базалық оқу жұмысының жоспары алынады.

9. Егер Сіз оның алдындағы семестрдің пәндерін ойдағыдай оқып, талап етілетін кредиттер мен жеткілікті академиялық рейтинг алсаңыз ғана, Сіз тіркелуге мүмкіндік аласыз.

10. Кредиттік жүйе ережелеріне сәйкес, Сіз міндетті пәндер бойынша оқытушының кандидатурасын таңдауға құқыңыз бар. Оқытушының кандидатурасын таңдауға жазылу кезектілік реті бойынша жүзеге асырылады.

11. Егер бір оқытушыға жазылған студенттер саны белгіленген мөлшерден асып кететін болса, тиісті біліктілігі бар оқытушы тағайындалуымен қосымша академиялық топ құрылады.

12. Үлгерімі үздік студенттер оқытушы кандидатурасын таңдауда басым құқықты иеленеді.
КУРАТОР ЖӘНЕ ЭДВАЙЗЕР – СІЗДЕРДІҢ ТӘЛІМГЕРЛЕРІҢІЗ
Куратор оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді, университет әкімшілігі, қоғамдық ұйымдар, университеттің оқу қызметкерлер құрамы мен студенттер топтары арасында неғұрлым тығыз байланыс орнатады.

Куратордың қызметі студентті азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімдерге тәрбиелеуге, олардың жан-жақты мәдениетін дамытуға, топта достық және өзара түсіністік жағдай, оқуға дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруға, студенттерді ғылыми және қоғамдық жұмысқа тартуға бағытталған. Оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін куратор жиналыстарды, әңгімелер өткізуді, университет түлектерімен кездесулер өткізуді пайдаланады, экскурсия өткізеді және т.б.

Куратор келесі функцияларды орындайды:


    • студент топтарының жиналыстарын, негізгі қоғамдық шараларды өзі ұйымдастырады және қатысады;

    • студенттердің үлгерімі мен тәртібін қарайды, қажетті көмекті уақытылы ұйымдастырады;

    • топта сабақ өткізетін оқытушылармен байланыс орнатады;

    • топ старостасын таңдауға және тағайындауға қатысады.

Оқытудың жеке білім алу траекториясын таңдау және жүзеге асыру үшін, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі жағдайындағы оқу жоспарларының ұтқырлығын және икемділігін қамтамасыз ету үшін консультациялық қызмет немесе академиялық консультанттар – эдвайзерлердің қызметі ұйымдастырылады.

Эдвайзер – оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын игеру мен жеке оқыту траекториясын таңдауға көмек көрсететін оқытушы. Эдвайзерлер жеке оқу жоспарын жасауда және оған түзету енгізуде студентке көмектесетін академиялық мүддені білдіруі тиіс.

Эдвайзерлердің міндеттері:

  • жеке оқыту траекториясын айқындауда және білім беру бағдарламаларын игеруде студенттерге көмек көрсету;

  • тиісті мамандықтар бойынша оқыту траекториясын таңдау кезінде студенттердің қажеттіліктерін, мүдделерін және бейімділіктерін анықтау;

  • пәндерді таңдау кезінде студенттерге консультациялар беру;

  • жеке оқу жоспарларын жасауда, қажет болған жағдайда – оларға түзетулер жасауда студенттерге көмек көрсету;

  • студенттердің үлгерімі мен академиялық мәртебесі мәселелерін қарайтын сараптама комиссиясының жұмысына қатысу.

Эдвайзер студенттерді Университеттің академиялық өмірінің ерешеліктерімен, оқу жұмыс жоспарының мазмұнымен, диплом алуға қойылатын талаптармен, таңдап алған мамандықтардың мүмкіндіктерімен таныстырады және студенттің бейімділіктеріне, мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына және мақсаттарына сәйкес жеке оқыту траекториясын таңдауда көмекші болып саналады.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – оқытушы ұсынатын оқу-әдістемелік әдебиеттерге, әдістемелік әзірлемелер мен бағдарламаларға сәйкес белгілі бір тақырыптар тізбесі мен оған берілген тапсырмаларды өзіндік зерделеу.

Студенттердің өзіндік жұмысына кестеге сәйкес оқытушының қатысуымен орындалатын аудиториядан тыс уақыт (ОСӨЖ) және оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс уақыт (СӨЖ) кіреді.

СӨЖ және ОСӨЖ бойынша әдістемелік ұсынымдарды кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы әзірлейді және оған келесі құжаттар кіреді.


  • Пәндерді оқудың бүкіл кезеңіне есептелген СӨЖ кестелері;

  • Тапсырмалар жүйесі;

  • Рефераттардың, баяндамалардың және шығармашылық жұмыстардың тақырыбы;

  • Курстық және диплом жұмыстарының тақырыптары;

  • Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;

  • Консультациялық көмек тұрлері;

  • Бақылау түрлері мен формалары;

  • Бағалау өлшемдері, ұсынылатын жұмыс көлемі, шамамен алғанда оны тапсыру мерзімдері.

ОСӨЖ, күні, уақыты, аудиториялары мен тьюторлар көрсетіле отырып, жасалған кестеге сәйкес бүкіл академиялық кезең ішіндегі әрбір пән бойынша жүргізіледі.

ОСӨЖ шеңберіндегі сабақ консультациялық және интерактивті формаларда болуы мүмкін, олардың арақатынасы оқытылатын курстың күрделілігімен, оны оқып үйренуге бөлінген аудиториялық сағаттардың көлемімен, студенттердің дайындық деңгейімен айқындалады.

Сондықтан да Сіздің ағымдағы рейтингіңіз төмен болса, егер қосымша консультация алғыңыз келсе, пән бойынша алған тапсырмаларды орындау кезінде қиналатын болсаңыз, оқытушы сабақты дәстүрлі формада жүргізеді. Егер Сізде осындай проблемалар болмаса, жақсы немесе өте жақсы деген академиялық рейтингке ие болсаңыз, онда оқытушы өзінің қалауы бойынша Сізді дәстүрлі формадағы сабақтан босатып, консультациялық формада сабақ өткізе отырып, Сізді тапсырмалар беру және оның орындалуын бақылау арқылы жеке немесе топ болып атқаратын жобаға қатыстырады.

Осылармен қатар өзіндік жұмысқа, оқу сабақтары мен емтихандарға Сіздің оқытушысыз дайындық процесіңіз кіреді.

СӨЖ, кітапхана, компьютерлік сынып, лингафон кабинеті, медиатека, оқу теледидары, арнайы зертхана жағдайларында оқу материалдарын өздігінен меңгеруді болжайды.

СӨЖ, бақылау жасау түпкі нәтижеге жетуге бағытталған жазбаша және ауызша формада болуы мүмкін. Бақылау жазбаша формада болған кезде СӨЖ нәтижелері конспект, реферат, баяндама, шығармашылық бақылау, жазбаша, курстық, диплом жұмыстары, ғылыми мақалалар, аудио-бейне есептер және т.б. түрінде рәсімделуі мүмкін.

Бақылау ауызша формада болған кезде, СӨЖ нәтижелері коллоквиум, конференциялар, іскер ойындар, баяндама, шығарма, хабарлама, жеке әңгімелесулер түрінде рәсімделуі мүмкін.
БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Студенттердің білімін бақылау мен бағалау кешені ағымдағы, шептік, қорытынды бақылауды және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды болжайды.

Бақылаудың барлық формалары бойынша бағалар әрбір пән бойынша бөлек білімді бағалаудың көп баллдық әріптік жүйесінің 100% шкаласы бойынша пайызбен қойылады.

Сіздің біліміңізді бағалау өлшемдері:



«А», «А–» («өте жақсы») – егер Сіз бүкіл бағдарламадағы материалды терең және мықты меңгерсеңіз, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмай, материалды толық, сабақтастықпен, сауатты және логикамен баяндасаңыз, алдыға қойған міндеттерді еркін жүзеге асыра алсаңыз, монографиялық материал білімін көрсетсеңіз, қабылдаған шешімді дұрыс негіздей білсеңіз, жұмыстарды тәжірибеде орындаудың жанжақты дағдылары мен тәсілдерін меңгерген болсаңыз, материалды қателік жібермей, өздігіңізден айта алып, қорытынды жасай алсаңыз;

«В+», «В», «В–» («жақсы») – егер Сіз бағдарламалық материалды нақты білсеңіз, оны сауатты түрде және негізгі мәнін айтып бере алсаңыз, сұраққа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздікке жол бермесеңіз, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсеңіз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болсаңыз;

«С+», «С», «С–», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер Сіз негізгі материалды ғана меңгерсеңіз, дәлсіздіктерге жол берсеңіз, тұжырымдарыңызды жеткілікті түрде дұрыс айтып бере алмасаңыз, бағдарламалық материалды баяндау дәйектілігін бұзсаңыз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналсаңыз;

«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер Сіз бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесеңіз, түбегейлі қателіктер жіберсеңіз, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындасаңыз.
Білімді бағалаудың көп балды әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың цифр­лық эквиваленті

Пайыз

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы


А –

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В–

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С–

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

А­­- -дан А-ға дейінгі, В- - тен В+ - ке дейінгі, D-дан С+ - ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау Сіздің біліміңіз бен біліктілігіңіздің жоғарыда берілген өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.

Оқытушы бағалардың әріптік және пайыздық эквивалентін оқу сабағының журналына қойып, белгілеп отырады. Мысалы: В+(87).

Ағымдағы бақылау – оқытушы жүргізетін ағымдағы сабақтарда студенттердің білімін жүйелі тексеру.

Пәндерді оқыту кезінде студенттер білімін ағымдық бақылаудың алуан түрлері көзделуі мүмкін: ауызша сұрау жүргізу, жазбаша сұрау жүргізу, аралас бақылау жүргізу, үй тапсырмаларын қорғау және таныстыру, пікірталас, тренингтер, дөңгелек столдар, кейс, тестілер.

Ағымдағы бақылау семинар, тәжірибелік, лабараториялық сабақтар мен студенттің өзіндік жұмысы шеңберінде оқытушының жетекшілігімен (ОСӨЖ) жүзеге асырылады.

Студенттердің білімін шептік (рейтингтік) бақылау - әрбір пән бойынша 2 рет – бірінші және екінші рейтинг тиісінше семестр ішіндегі 8-ші және 15-ші апталарда жүргізіледі.

Шептік бақылауды жүргізу формасы жазбаша бақылау және лабораториялық жұмыстар, тестілеу немесе ауызша таңдау – коллоквиум, конференцияларда сөз сөйлеу және т.б.

Ағымдағы және шептік бақылау бағалары негізінде (50%-ға 50% ретінде қабылданатын) оқытушы шептік рейтинг (Р1 немесе Р2) шығарып, ол «Рейтинг ведомосіне» жазылады. Нәтижелері тұтас санға дейін ықшамдалады.



Мысалы, 8-ші аптадағы рейтингті (Р1) есептеп шығарамыз. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы 84% («В»), шептік бақылау нәтижелері 87% («В+») құрайды.

Осылайша, (86).

Босатқан бір сабақ үшін рейтингтен (Р1 немесе Р2) 5% шегеріледі. Мысалы: Р1= B + (87%) – 5% = B (82).

Сіз босатқан сабақты бірінші шептік бақылауға дейінгі кезеңде, сол сияқты екінші шептік бақылауға дейінгі кезеңде жұмыспен өтей аласыз. Соңғы жағдайда Р2 Р1-ден шегерілген 5% -ға өседі (егер бір сабақ жұмыспен өтелсе).

Емтихан сессиясы басталғанға дейін Сіз өзіңіздің Р1 немесе Р2-ні жоғарылата аласыз. Бұл үшін факультет деканының атына өтініш жазу қажет.

Егер Сіз объективті себептер бойынша Р1 және Р2 өткізуге қатыспасаңыз, Сіз одан жеке өтуге құқыңыз бар. Сондықтан да факультет деканының рұқсаты бойынша Сіз емтихан сессиясы басталғанға дейін жеке кесте бойынша Р1 және Р2 тапсыруға тиіссіз.

Емтихан алдында пән бойынша Р1 және Р2 негізінде орташа рейтинг есептеліп шығарылады.



Орташа рейтинг мына формула бойынша есептелінеді:

Рорташа =;

Егер пәннен курстық жұмыс қорғау көзделсе, онда курстық жұмыстың бағасы Р3 ретінде қабылданады және орташа рейтинг мына формула бойынша есептелінеді:



Рорташа = ;

Бұл ретте, егер Сіз курстық жұмыс қорғамаған болсаңыз, онда Сіз емтиханға жіберілмейсіз.

Егер Сіздің орташа рейтингіңіз D(50) –дан төмен емес болса, онда Сіз пәннен емтихан тапсыруға жіберілесіз.

Студенттер біліміне қортынды бақылау (емтихан).

Рейтингі 50%-дан төмен емес студенттер қорытынды емтиханға жіберіледі. Қалған студенттер қорытынды бақылау басталғанға дейін өздерінің орташа рейтингін (Рорта) көтеруі тиіс.

Студенттер біліміне қорытынды бақылау сабақ кестесі бойынша емтихан сессиясында өтеді. Емтихан өткізу түрі (тест,жазбаша,ауызша) университеттің Ғылыми кеңесімен анықталады.

«Автоматты түрде» - емтиханды тапсыруға рұқсат етілмейді.

Егер Сіз объективті себептер бойынша емтиханға келе алмасаңыз, тиісті құжаттарды 3 күн аралығында деканатқа тапсырған жағдайда, Сіз факультет деканы мен ОПЖҰМБД директорының орынбасары – Тіркеушінің рұқсат беруімен, емтиханды жеке тапсыруға құқыңыз бар.

Орташа рейтинг пен емтихан бағалары негізінде, қорытынды баға шығарылып, ол пән бойынша түпкілікті баға болып саналады.

Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша анықталады:

Қорытынды % = (Рорта * 0,7) + (Е* 0,3). Басқалай айтсақ, біз оны орташа рейтинг бағасының 70%-ынан және емтихан бағаларының 30%-ынан қалыптастырамыз.

Мынаған назар аударыңыз! Егер Сіз емтиханда «F» баға алған болсаңыз, орташа рейтингіңіз жоғары болса да, қорытынды баға автоматты түрде «F» (қанағаттанарлықсыз) болады. Мұндай жағдайда Сіз борышкер қатарына ілігіп, жазғы ақылы семестрге қаласыз.

Ағымдағы академиялық мерзімде, бағаны көтеру мақсатында, сол сияқты қанағаттанарлықсыз бағаны түзету мақсатында емтихан бағасын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Қалаған пәнді қайта оқу үшін (және бағаны көтеру мақсатында) ақылы жазғы (қосымша) семестрге жазылу қажет. Яғни, лекция тыңдау, орташа рейтингті қайта жинау және емтихан тапсыру. Бірақ, пәнді қайта оқыған студент қызыл диплом алу құқығынан айырылады.

Сіздің емтихан нәтижелеріне шағым беруге құқыңыз бар.

Шағым беру рәсімі Сіздің жауабыңызды қайта рецензиялауды болжайды. Шағымдану нәтижесінде баға жоғарылатуы, сол сияқты төмендетілуі немесе өзгеріссіз қалдырылуы мүмкін.

Студенттер білімін қорытынды бақылау нәтижелері бойынша шағымдану үшін арызды емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін бір күн ішінде тіркеу бөлімі қабылдайды.

Студенттердің білімін бағалаудың мысалы


  1. Ағымдағы рейтинг А-дан F-ға дейін көп әріп жүйесі бойынша және балмен бағаланады. Мысалы, Иванов И.И. В+ (85).

  2. Аралық бақылау көп әріп жүйесі және балмен бағаланады. Мысалы, Иванов И.И. С+ (70).

  3. Содан кейін ағымдағы және аралық рейтингтің орта арифметикалық мәні ретінде семестр ішіндегі жұмысы үшін студенттің рейтингі есептеледі. Мысалы, Р0 = (85+70)/2 = 155/2 = 77,5 және 78 балға дейін ықшамдалады, бұл «В-»-ға сәйкес келеді.

  4. Студент емтиханда (қорытынды тестілеуде) көп әріп жүйесі бойынша және балл түрінде баға алады. Мысалы, Иванов И.И. = А (100).

  5. Семестр ішіндегі жұмысы үшін және қорытынды бақылаудағы студенттің жиынтық рейтингі келесі түрде анықталады:

5.1.Студент рейтингі 0,7-ге көбейтіледі. Осылайша, семестр ішіндегі жұмыс 60% болып бағаланады.Мысалы, Иванов И.И. 78*0,7 = 54,6 және 55-ке дейін ықшамдалады.

5.2. Қорытынды рейтинг 0,3-ке көбейтіледі. Емтихан бағасы 30% болып бағаланады. Мысалы, Иванов И.И. 100*0,3 = 30

Р0 мен Ир-ді қосу кезінде, түпкілікті жиынтық рейтинг алынады. Мысалы, Иванов И.И. = 55+30 = 85, бұл В+ бағаға сәйкес келеді.

6. И.И. Ивановтың қортынды бағасы В+ -ке тең болады және ол транскрипте қойылады.


GPA ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕУГЕ БОЛАДЫ?
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттің үлгерім көрсеткіші ретінде GPA (Grade Point Average) – таңдап алған мамандық бойынша студенттің оқудағы жетістік деңгейінің орташа бағасы студентті келесі курсқа көшіру үшін қолданылады.

Мынаны назардан шығармаңыз! Сессияны жай ғана бағаға тапсыру жеткіліксіз! Белгіленген бір курстан келесі курсқа көшіру балын (GPA) жинау қажет. 2010-2011 оқу жылына ҚҚЭУ-де курстан курсқа көшіру орташа балы GPA белгіленген:

1 курстан 2 курсқа – 1,67-ден кем емес;

2 курстан 3 курсқа – 1,9 -ден кем емес;

3 курстан 4 курсқа – 2,1-ден кем емес;

4 курстан мемлекеттік қорытынды аттестацияға (мемлекеттік емтиханға) жіберу үшін, практиканы ескергенде – 2,2-тен кем емес.

*Жыл сайын көшіру балдың деңгейі Ғылыми кеңестің шешуімен қайта қарастырылуы мүмкін.



Егер Сіз күндізгі бөлімде курстан курсқа көшу балын жинай алмасаңыз, бірақ қашықтықтан оқыту бөлімінің жеткілікті балын жинаған болсаңыз, онда Пәндер бойынша академиялық қарыздар болмаса, Сіз оқу түрін өзгертуіңізге, яғни күндізгі бөлімнен келесі курсқа ауысуыңызға болады.
Мысал. 3-ші курс студенті сессия қорытындылары бойынша келесі нәтижелерге ие болды:


Пәндер

Баға

Балл

Кредиттер

Математика

А-

3,67

3

Информатика

В-

2,67

3

Философия

С+

2,33

3

Қазақ тілі

D+

1,33

3

Педагогика, психология және өзіндік таным негіздері

В+

3,33

3


GPA =
Өйткені 3 курс үшін белгіленген балл GPA 2,1 құрайды, біздің студентіміз 4 курсқа көшіріледі.
ЖАЗҒЫ СЕМЕСТР НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАЛАЙ ҚАЛМАУҒА БОЛАДЫ?
Қысқы және жазғы емтихан сессияларының нәтижелері бойынша үлгерген студенттер келесі курсқа көшіріледі. Белгіленген GPA мөлшерін жинаған және академиялық борышы жоқ студенттер соған жатады.

Емтихан бойынша немесе емтиханға келмегендіктен қанағаттанарлықсыз баға алу нәтижесінде құралған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалау бойынша студенттің борышы академиялық борыш болып түсіндіріледі.

Академиялық борышы бар студенттер үшін жазғы ақылы семестр ұйымдастырылады.

Қайыра оқыған курсқа ақы төлеу ҚЭУ-дің Ғылыми Кеңесі бекіткен белгіленген мөлшерде көрсетіледі.

Жазғы семестрді ұйымдастыру келесі тәртіпте жүзеге асырылады:


    • студенттер жазғы естихан сессиясы басталғанға дейін тіркеу бөліміне жазғы семестрге қатысу ниеті туралы өтініш береді;

    • бір кредиттің құны негізінде, студенттер алдағы жазғы семестрге оның ақысын төлейді;

    • өтініш негізінде жазғы семестрдің кестесі жасалады;

Егер Сіз жазғы семестрге өтініш бермесеңіз немесе өтініш беріп, бірақ жазғы семестрдегі оқу ақысын төлемеген болсаңыз, онда Сіз қайтадан оқу мерзіміне қалдырыласыз.

Жазғы семестрдегі емтихандар нәтижелері бойынша студенттің балы GPA қайта саналады. Қажетті көшіру балын жинаған студент, келесі курсқа көшіріледі; барлық борыштарын тапсырған, бірақ GPA-ны жинай алмаған студент сол жылды қайтадан оқуға (ақылы түрде!) қалдырылады және барлық пәндерді қайтадан оқиды.

Егер Сіздің жазғы семестрге қалғыңыз келмесе, сессия қорытындылары бойынша академиялық борыштың болуына жол бермеңіз және қажетті GPA алу үшін пәндердің басым көпшілігінен жоғары балл алуға тырысыңыз.


ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАЙЫРА ОҚУҒА ҚАЛАЙ ҚАЛМАУҒА БОЛАДЫ?

Екінші жылға қайыра оқу, тіпті жазғы семестрден кейін келесі курсқа көшіру балын жинай алмаған немесе академиялық борышты тапсыра алмаған, үлгермейтін студенттер үшін көзделген.

Семестр немесе жыл қорытындылары бойынша борышы 4-тен асатын студенттер борыштарын жазғы семестрде тапсыру құқығынсыз автоматты түрде екінші жылға қайыра оқуға қалдырылады.

Екінші жылға қайыра оқу ақысы жаңа оқу жылына толық оқу жылы үшін белгіленген соманың толық көлемінде жүзеге асырылады.

Екінші жылға қайыра оқуға қалмас үшін, Сіз, негізгі семестрде барлық пәндер бойынша емтихандарды уақытылы тапсыруыңыз немесе жазғы семестр ішінде ол бойынша борыштарды жоюыңыз, сондай-ақ сіздің курс үшін қажетті балл GPA жинауыңыз қажет.

Кредиттік жүйенің жұмыс істеуі, элективті пәндерге тіркеу, білімді бақылау, GPA-ны есептеу, жазғы семестрде оқу және екінші жылы қайыра оқу мәселелері бойынша өзіңіздің деканатқа және тіркеу бөліміне хабарласыңыз.

Тіркеу бөлімінің меңгерушісі – Глазунова Светлана Борисовна

Тел: 44-16-24, ішкі тел: 172, офис – 264а dpomkkeu@mail.ru



МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНДАР ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМ ТУРАЛЫ

Қорытынды аттестация, ҚҚЭУ-дің оқу жұмысының жоспарларында көзделген мерзімдерде жүргізіледі. Оның ұзақтығы 4 аптадан кем емес мерзім болып белгіленеді. Сіздің диплом жұмысын жазу ережелерімен танысуға және қажет болған жағдайда таңдап алған зерттеу бағыты бойынша эдвайзерден консультация алуға құқыңыз бар.

Бүкіл оқу кезеңінде барлық емтихандарды А, А-, В+, В, В- бағаларға тапсырған және қорытындысында 3,5-тен кем емес орташа үлгерім балы GPA жинаған, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысын «А» немесе «А-» бағаға қорғаған (тапсырған) ҚҚЭУ-дің түлегіне үздік бітіргендігі туралы диплом беріледі. (қайта тапсырылған емтихан болмаған шартында)
УНИВЕРСИТЕТЕН НЕ ҮШІН ШЫҒАРЫЛУЫ МҮМКІН?

Өз оқуыңызды жалғастырғыңыз келмеген жағдайда Сіздің өз еркіңізбен, дәрігер айғақтары бойынша немесе өзге ЖОО-ға ауысуымен байланысты оқудан шығуға құқыңыз бар.

Жоғарғы оқу орнының Жарғысында көзделген міндеттерді, жоғары оқу орнының ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны, оқу тәртібін бұзғаны, жоғары оқу орны әкімшілігінің оқу ақысының төлеу туралы шартын бұзғаны үшін жоғары оқу орнының әкімшілігі оқудан шығаруға дейін тәртіптік шара қолдануға құқылы.

Оқу жылы ішінде себепсіз 40 сабақ босатқан болсаңыз, Сіз университеттен мәжбүрлеу түрінде шығарылуыңыз мүмкін.

Оқудан шығару мәселелері бойынша оқу процесін жоспарлау бөліміне жолығыңыз.

Оқу процесін жоспарлау бөлімінің меңгерушісі – Сіргебаева Жанар Ақтайқызы.

Тел: 44-16-24, ішкі тел: 137, офис – 261
ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАН АЙЫРЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Екінші (қайта) оқу жылына қалдарылған, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттер, алдағы оқу кезеңіне гранттан айырылады.


АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА АЛУҒА БОЛАДЫ?

Студент академиялық демалыс ала алады, яғни денсаулық жағдайы, оның ішінде жүктілік және босану бойынша өз оқуын уақытша үзе алады.

Академиялық демалыс 6 айдан 12 айға дейін, ерекше жағдайларда – 2 жылға дейін, қалалық студенттер поликлиникасының дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (ВВК) қорытындысы негізінде ғана беріледі.

Студент емтихан сессиясы басталғанға дейін академиялық демалыс алу үшін өтініш береді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын студенттерге академиялық демалыс беру кезінде, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша одан әрі оқу құқығы сақталады. Оның оқуын қаржыландыру, ол аяқталғаннан кейін қалпына келтірілетін, академиялық демалыс берілген кезеңде үзіледі.

Академиялық демалыстан оралғаннан кейін студенттер, студент оқу сабақтарына қатыса алатыны туралы, дәрігерлік-консультативтік комиссияның (ВКК) қорытындысын тапсыруы тиіс. Академиялық демалыстан шыққаннан кейін оқу жұмысының жоспарларындағы айырманы (егер ондай қажеттілік болса) белгіленген мерзімде жоюы қажет.


СТИПЕНДИЯ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?

Мемлекеттік білім беру гранты оқитын студенттер стипендия алу құқығына ие. Осындай студенттерге сессия қорытындылары бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларға тапсырған жағдайларда шәкіртақы есептеледі. Сессияны «А», «А-» бағаларға тапсырған студенттер жоғарылатылған шәкіртақыға құқығы бар.

Университетте сондай-ақ Ғылыми Кеңестің стипендиясы және түлектердің стипендиясы тағайындалған, үздік оқитын студенттер және университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысатын студенттер оған үміткер бола алады. Стипендиаттардың кандидатураларын Ғылыми Кеңестің мәжілістері мен стипендияны тағайындаған түлектер қарап, бекітеді.

Стипендия алу мәселелері бойынша тәрбие мәселелері жөніндегі проректорға хабарласып білуге болады.

Тәрбие жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор – Әбілов Қосман Жақыпбайұлы.

Тел: 44-16-24, ішкі тел: 119, офис – 358


ҚҚЭУ-дегі ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ ТӘРТІБІ

Оқуды қалпына келтіру туралы өтініштерді жазғы және қысқы демалыстар кезеңінде ректор қарастырады.



Жоғары оқу орнынан шығарылған студентке белгілі формада академиялық анықтама беріледі.

Оқуды қалпына келтіру рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:

  1. студент оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, жоғары оқу орнының ректоры атына оқуын қалпына келтіру туралы өтініш береді. Өтінішке академиялық анықтама тіркеледі;

  2. факультет деканы берілген құжаттар негізінде, оқитын курсты, оқу жоспарындағы айырманы анықтайды;

  3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырманы тапсыру мерзімін белгілейді;

  4. факультет деканының, ОПЖҰМБД директорының, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес жоғары оқу орнының ректоры студенттің оқуын қалпына келтіру туралы бұйрық шығарады.

Студенттің бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысу рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:

  1. студент өзі оқитын жоғары оқу орнының ректоры атына ауыстыру туралы өтініш береді және мөр басылған жазбаша келісімді алғаннан кейін, өзі ауысқысы келетін жоғары оқу орнының ректорына өтініш береді; өтінішке тиісті факультетің деканы растаған транскрипт көшірмесі, ЕНТ сертификатының көшірмесі және болған жағдайда мемлекеттік білім грантының иегері куәлігінің көшірмесі тіркеледі;

  2. факультет деканы оқитын курсты және оқу жоспарындағы айырманы анықтайды;

  3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде, тіркеу бөлімі көрсетілген айырманы тапсыру белгілейді;

  4. факультет деканының, тіркеу бөлімі жетекшісінің, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамалары негізінде жоғары оқу орнының ректоры студентті ауыстыру туралы бұйрық шығарады;

  5. үш күн мерзім ішінде, оның бұрынғы оқыған жоғары оқу орнына студенттің жеке ісін сұрату жіберіледі;

  6. студенттің бұрын оқыған жоғары оқу орнының ректоры, өзге жоғары оқу орнынан сұрату алғаннан кейін, үш күн ішінде поштамен студенттің жеке ісін жіберуге жеке жауапкершілік көтереді.

Студенттің бір жоғары оқу орнының ішінде бір оқу формасынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы келесі рәсімге сәйкес жүзеге асырылады:

  1. студент жоғары оқу орнының ректоры атына ауыстыру туралы өтініш береді, өтінішке тиісті факультеттің деканы растаған, транскрипт көшірмесі тіркеледі;

  2. факультет деканы тапсырылған транскрипт негізінде оқитын курсты және оқу жоспарларындағы айырманы анықтайды;

  3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырманы тапсыру мерзімін белгілейді; күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысқан кезде көрсетілген айырманы тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңнен көбірек болып белгіленуі мүмкін немесе студентке аталған айырманы күндізгі бөлімде оқитын студенттермен тапсыру құқығы берілуі мүмкін;

  4. факультет деканының, тіркеу бөлімі жетекшісінің, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес жоғары оқу орнының ректоры студентті бір оқу формасынан екіншісіне немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

Студенттің оқуын қалпына келтіру және ауыстыру кезіндегі оқу жоспарындағы айырманы тапсыру мерзімдері, негізінен, осы уақыт ішінде студент пән айырмасын тапсыруға жазылуы, оқу ақысын төлеуі, олардың бағдарламаларын меңгеріп, қорытынды бақылаудан өтуі тиіс бір академиялық кезең ұзақтығына ие.

Егер, студент оқуын қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде белгіленген мерзімде оқу жоспарындағы айырманы тапсырмаса, онда аталған айырма академиялық борыш (берешек) ретінде белгіленеді және орташа үлгерім балын (GPA) анықтау және курстан курсқа көшіру кезінде нөл болып есепке алынады.

Оқуды қалпына келтіру және ауыстыру мәселелері бойынша оқу процесін жоспарлау бөліміне хабарласып біле аласыз.

Оқу процесін жоспарлау бөлімінің меңгерушісі – Сіргебаева Жанар Ақтайқызы.

Тел: 44-16-24, ішкі тел: 137, офис – 261

Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы

Қарым-қатынас географиясы мен халықаралық қызмет бағыттарының жан-жақты дамуына байланысты, 2008 жылдың 1-ші желтоқсанында университетте Халықаралық бағдарламал және жобалар орталығы ашылды.

Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығының міндеттері:


  • Университеттің халықаралық байланыстарын дамыту

  • Ғылым және білім саласында шет елдік серіктестер іздеу

  • Халықаралық ұйымдар және шетел университтетарымен біріккен жобаларды жүзеге асыру.

Толық мәліметті университеттің www.keu.kz сайтынан оқи аласыздар

Тел: 44-16-34 (ішкі 141), 268-ші кабинет



ҚҚЭУ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Университетте ҚҚЭУ түлектерінің Қауымдастығы жұмыс жасайды, ол түлектер арасындағы өзарабайланысқа көмек көрсетеді, олардың университетпен мәдени, шығармашылық және іскерлік байланыстарына қолдау көрсетеді. Университетті аяқтағаннан кейін Сізді ҚҚЭУ түлектері Қауымдастығының мүшесі болуға шақырамыз.

Практика, еңбекке орналастыру, ҚҚЭУ Түлектерінің Қауымдастығына мүше болу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты маркетинг және сапа орталығына хабарласып біле аласыз.

Маркетинг және сапа орталығының директоры – Балмағамбетова Ләззат Төлеуовна

Тел: 44-16-24, ішкі тел: 194, офис – 321.


ТІЛЕК

Құрметті студент! ҚЭУ-де алған білімін болашақ жұмысың мен қызмет сатыларында өзіңе көмекке келетін болады. Сондықтан да өзіңнің Alma-mater имиджін әрқашан да жоғары ұстай біл. Уақыт жоғалтпай, білім ал! Жоғары білікті маман атану үшін, университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсене қатынас. Бұл қиын, бірақ болашағы жарқын жол!



ҚҚЭУ АкадемиЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ

2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНА


Күзгі семестр

1 курс студенттерінің пәндерге тіркелуі

2011жылдың 22 тамызынан –31 тамызға дейін

Конституция күні – 30 тамыз 2011 жыл

Білім күні - 1 қыркүйек 2011 жыл

Күзгі семестрдің басталуы

1 қыркүйек 2011ж.

Аралық рейтинг (Р1)

17-22 қазан 2011ж.

Аралық рейтинг (Р2)

5-10 желтоқсан 2011ж.

Күзгі семестрдің аяқталуы

10 желтоқсан 2011ж.

ҚР Тәуелсіздік күні – 16, 17 желтоқсан 2011 жыл

Жаңа жыл - 1-3 қаңтар 2012 жыл

Күзгі семестрдің емтихандық сессиясы

2011 жылдың 12 желтоқсанынан – 30 желтоқсанға дейін

Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан

2011 жылдың 12 желтоқсанынан – 30 желтоқсанға дейін

Қысқы демалыстар

2012жылдың 4 қаңтарынан -14 қаңтарға дейін

Көктемгі семестр

Көктемгі семестрдің басталуы

16 қаңтар 2012 ж.

2-3 курс студенттерінің элективті пәндерге тіркелуі

2012жылдың 1 ақпанынан– 29 ақпанға дейін

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз 2012жыл

«Наурыз-мейрамы» - 21-23 наурыз 2012 жыл

Аралық рейтинг (Р1)

5-10 наурыз 2012ж.

Қазақстан халықтарының біріккен күні – 1 мамыр 2012 жыл

Жеңіс күні – 9 мамыр 2012 жыл

Аралық рейтинг (Р2)

23 – 28 сәуір 2012ж.

Көктемгі семестрдің аяқталуы

30 сәуір 2012ж.

Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан

2 – 23 мамыр 2012ж.

Көктемгі семестрдің емтихандық сессиясы

2 – 23 мамыр 2012ж.

Жазғы демалыстар

2012ж.25 мамырынан - 31 тамызға дейін

Жазғы семестр

1-3 курс студенттері үшін

2012жылдың 4 маусымынан – 30 маусымға дейін.

Кәсіптік тәжірибе

Оқу тәжірибесі

2012 жылдың 28 мамырынан - 2 маусымға дейін

Өңдірістік тәжірибе

16 қаңтар 2012ж. – 1 маусым 2012ж. – бітіруші курстар

28 мамыр 2012ж. – 30 маусым 2012ж.–2 курс (техникалық мамандықтар)

Мемлекеттік қорытынды аттестация

Бітіруші курстар

4 маусым 2012 – 30 маусым 2011 жыл






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет