Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі мен банк заңдылықтары



бет11/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
1.3. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі мен банк заңдылықтары
Қазақстан Республикасындағы банк жүйелерін ре­фор­малау дербес мемлекеттік құрудың алғашқы жыл­да­ры­нан-ақ нарықтық экономикаға көшу кезіндегі объективтік эко­но­микалық процестермен айқындалған болатын. Осы жыл­дар ішіндегі банк саласындағы қайта құрулар микро- және макроэкономикалық процестерге оң өзгерістер әкелуде. Банк­тер, салымшылар мен инвесторлар ара­сын­да­ғы дел­дал­­дарға айналуда, өзіне есеп айырысулар, салым­шылар мен қарыз алушыларға көрсетілетін қызметтерді енгізетін қар­жылық қызметтерді көрсету операцияларын жетілді­ре­д­і.

Қаржы жинақтауға ынталандырады және қаржы ресурстарын орналастыру жүйелерін жетілдіре отырып, банктер экономиканың сауығуына көмектеседі, өмірлік қабілетті кәсіпорындарға және жаңа дамып келе жатқан жеке кәсіпорындардың несие алуын қамтамасыз етеді.

Кеңестер одағының құлау сәтінде, оның біртұтас банк жүйесіне, яғни Қазақстанның банк жүйесіне жүзден аса банктер кіретін еді, солардың ішіндегі бесеуі (Жинақ бан­кі, Агроөнеркәсіп банкі, Өнеркәсіп құрылыс банкі, Сыртқы эконом банкі) КСРО-ның мамандандырылған банктерінің мұрагерлері болып қалды. Мамандандырылған банктер нақ­ты мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру, сол сияқты бұрынғы жүйедегі ресурстарды орталық­тан­ды­рыл­ған түрде бөлетін мемлекеттік мекеме ретіндегі іс-қи­мы­лын жал­ғас­ты­ра берді. Сонымен бірге, нарықтық бағдар ал­ған коммер­циялық банктердің маңызы да барған сайын өсе түсті.

Республиканың қаржы жүйесі толық мемлекеттік меншіктен, шешімдер мен есептерді орталықтандырылған түрде қабылдаудан және меншік құқығын сақтай отырып, нарықтық күштермен, орталыққа тәуелділікті жойған өзін-өзі билейтін басшылықпен және несиелерді бөлумен анықталатын жүйеге серпінді түрде көшуді жүзеге асырды, мұның өзі экономикадағы қаржы тәртібініің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңде қиындықтар да болмай қалған жоқ, осы жайлардың бәрі инфра­құ­рылым­да­ғы, технологиялар мен құрал-жабдықтардағы, құқықтық және бақылаушылық жүйелердегі түбегейлі өзгерістердің бо­луын талап етті. Қайта бағдарлануға дағдылану, тәуе­кел­дер­ге бара отырып шешімдер қабылдау, пайдалардың есебін жүргізу мен жаңалықтар енгізу солардың ішіндегі неғұрлым маңыздылары болып саналады.

1992 жылы Қазақстанда банктердің мамандырылуын жоюмен байланысты, акцияларының бақылау пакеті мем­ле­кеттік кәсіпорындардың иелігіне жататын, осыған дейін өмір сүрген бес мамандандырылған банк акционерлік қоғамдар болып қайта құрылды. Бұлардан тысқары, 1992 жылдың соңына қарай Қазақстанда қырық акционерлік банк, алпыс коммерциялық және кооперативтік банктер (немесе жауапкершілігі шектеулі банктер) мен қырық тоғыз жеке банктер болды.

Бұрынғы мамандандырылған банктер осы банктердің мұрагерлікті қабылдау нәтижесі болып саналатын, негі­зі­нен мамандану жүйесіндегі салаларға, меншіктің жаңа құ­ры­лымдарына (несие алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін аса ірі мемлекеттік кәсіпорындар өздерінің негізгі қызмет салаларына сәйкес бұрынғы мамандандырылған банк­тер­ден акциялардың бақылау пакеттерін сатып алды) ссудалар беруін, саясатын жүргізуді одан әрі жал­ғас­тырады. Банк жүй­есін реформалаудың бастапқы кезеңі операциялардың тиімділігін арттыратын ынталандыру шараларының жоқ­ты­ғынан және нормативтік-құқықтық базаны жасаудың аяқталмау­шы­лы­ғы­нан, көбінесе нақты мемлекеттік кәсіп­орын­дарға несие­лер мен дотациялар берушілікпен байла­ныс­ты болды. Кейбір банктер Қазақстан Ұлттық Банкінің несие ресурстарына көбірек иек артты, ал екінші бір банк­тер нарық қағидаларына сәйкес өздерінің тәртіптерін өз­герт­ті, ал үшінші бірлері өз меншікті кәсіпорындарының қа­зы­на­шылықтары түрінде әрекет етті. Банктер арасын­да­ғы бәсеке аталмыш жүйенің аздаған бөліктерінде ғана орын алды және банк жүйесіндегі тұтастай қайта құрудағы қозғаушы күштің рөлін атқару үшін тым әлсіз болды.

1993-1994 жылдары нарықтық экономика жүйесіне жақындата түсу мақсатымен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде біршама қайта құрулар жүзеге асырылды. Заңдар қабылданды: банк жүйесіндегі Ұлттық банктің ор­ны мен рөлін, оның міндеттерін, қызмет қағидаларын, құ­қық­тық мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын 1993 жыл­ғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Бан­кі туралы» ҚР Заңы; Республикадағы банк жүйесінің қыз­мет қағидаларын, банктердің құқығы мен жауап­кер­ші­лік­те­рін айқындайтын 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Рес­­публикасындағы банктер туралы» ҚР Заңы; шетел ва­лю­­таларының республика аумағындағы айналым ережесін рет­тейтін 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Валюталық реттеу ту­ра­лы» ҚР Заңы; банк жүйесі қызметінің кейбір ерек­ше­лік­те­рі мен банк операцияларын жасаудың құқықтық негіз­де­рін реттейтін Үкімет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық бан­кінің бірқатар өзге заңдары мен нормативтік актілері, мы­салы, «Кепілдік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Банк жүйесіндегі реформаларды жүргізу жөніндегі нұс­қауларға сәйкес, бұрынғы Жинақ банкі Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік-акционерлік Халықтық банкі бо­лып қайта құрылды, сөйтіп, салымдар қабыл­дай­тын жә­не ссудалар беретін коммерциялық банк мекемесі тү­рін­де кө­­бірек іс-қимыл жасай бастады, ал оның бұрынғы қыз­меті тұр­ғын халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету болып кел­ген еді. Сондай-ақ 1994 жылы республикада Эксимбанк (экс­­порттық-импорттық банк) пен Мемлекеттік даму банкі құрылып, өздерінің қызметтерін дамыта бастады. Соның нә­тижесінде (1995 жылғы 21 тамыз) жоғарыда атап өткен бан­ктер, банктің жарғылық қорын бес миллиард теңгеге дей­­­ін көбейте отырып, Қазақстан Республикасы Эксим­бан­кіне Қазақ­стан­ның Мемлекеттік даму банкінің бүкіл мін­дет­темелерін өткізіп беру жолымен бір-біріне қосылды. Рес­­публиканың банк жүйесіндегі реформа қағидалары жыл өт­кен сайын банктердің қызметін неғұрлым дәл айқындай түсуде.

ҚР Ұлттық банкі субсидиялық несиелерге бағыт­талған тәжірибеден толықтай дерлік бас тартып, банктер арасындағы бәсекенің пайда болуы мен дамуына ықпалын тигізетін несие аукциондарының жүйесі арқылы банктерге орталықтандырылған түрде несиелер бере бастады.

Сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1995 жылы шағын акционерлік, коопе­ра­тив­тік және жекеменшік банктер санын қысқарту, банктерді ірілендіру саясатын жүргізді. Банктердің жарғылық қо­рының ең төменгі мөлшерінің деңгейін белгілеу тәжірибесі осы айтылғандарды растайды. Осыған дейін іс-қимыл жасаған шағын коммерциялық банктер үшін 300000 американ доллары (1995 жылғы наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы бойынша 18,0 млн. теңгеден асады) сомасында белгіленген, өзінің валюталық лицензиясы мен өзінің филиалдар жүйесі және тұрғын халықтан 1,5 млн. АҚШ доллары деңгейінде (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы (курсы) бойынша 91,5 млн. теңгеден асады) ақша салымдарын қабылдау құқығына лицензиясы бар банктер мен жаңадан құрылатын банктер үшін ең төменгі мөлшер 500 мың АҚШ доллары (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық банкі бағамы (курсы) бойынша 30,5 млн. теңге) сомасында белгіленген. Оның үстіне, белгіленген жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін әрбір банк 1995 жылғы 15 сәуірге дейін толтыруға тиіс болды, бұл талапты орындамаған жағдайда ҚР Ұлттық банкі мұндай банктердің одан әрі өмір сүруі мен оның қызмет істеуі туралы мәселені шешуді алдыға қойды.

Құқықтық негіздерді, реттеу мен бақылау жүйесін да­мы­ту нарықтық жағдайдағы банк жүйесінің тиімді қыз­ме­тін қамтамасыз етудің міндетті және қажетті жағдайы болып саналады.

Банк қызметі саласындағы реформаларды жүргізудің одан кейінгі кезеңдерінде нарықтық экономикаға негіздел­ген банк жүйесі іс-қимыл жасай алатындай, олардың құқықтық негіздерін жасаумен байланысты екінші деңгей­де­гі банктер қызметін реттеуге бағытталған сапалық қайта құрулар болды. Банк жүйесінің құрылымдық пробле­мала­рын шешуге бағытталған банкті реформалау стратегиясы міне, соған қызмет етті. Сонымен бірге, банк жүйесінің құрылымдары мен мақсаттарының айқын еместігі, сондай-ақ несие тәуекелі, несиемен қамтамасыз ету, өтімділік, қар­жы тәртібі мен банкроттық сияқты негізгі тұжырым­дама­ларды шектеулі түрде түсіну қажетті құқықтық негіздерді жасау міндеттерін қиындата түскені де шындық. Шын мәнісінде заңдардың сақталуын бақылау жөніндегі жасала­тын тетіктер, сондай-ақ жаңа коммерциялық өзарақа­тынас­тарды орнықтыруға және қалыпты қызмет істейтін банктер жүйесін құруға көмегін тигізуі тиіс. Осы айтылғандармен бірге банк ісінде сот шешімдерін тану мен орындауды жеңілдету тетіктері, кепілдіктерді тіркеу бойынша орталық қызметтер; несиелермен қамтамасыз ету; салық жинау жә­не соған ұқсас басқа да міндеттемелерді орындау бой­ын­ша органдар құру талас тудырмайды.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995-1996 жыл­дары институционалдық, функционалдық және құқық­тық қатынастарда тағы да көптеген өзгерістерді басынан кешірді. Мысал үшін, 1995 жылға дейін республикадағы банк­тердің саны өсе түсіп, 1995 жылдың басында жар­ғы­лық қорларын құру тәсілдері бойынша бір-бірінен өзгеше­лене­тін жүз сексен төрт банкті құраса, оның көлемі аз уақыт ішінде күрт азайып, осы жылдың соңындағы банктердің саны жүз отыз ғана болды.

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі инсти­ту­ционалдық қайта құрулар банкроттықа ұшыраған ком­мер­циялық банктерді таратумен, сондай-ақ жарғылық ка­пи­талдарын қосу жағдайында банктерді ірілендірумен қоса қабаттасып жүрді. Соған сәйкес, республика аймақтары бойынша осы кезеңдерде екінші деңгейдегі банктердің филиалдары 1995 жылдың соңындағы 1026-дан 1996 жыл­дың соңында 949-ға дейін қысқарды. Осы кезеңдердегі банк­тер саласындағы өзгерістер жарғылық қордың көлемін қалыптастыру бойынша жүрді. 1995 жылдың аяғында нақ­ты жарғылық қоры 20 млн. теңгеге жетпейтін 69 банк бол­са, 1996 жылдың соңында олардың саны 33 банкке дейін қысқарды. Ал ірі банктер өз кезегінде сол деңгейлерінде қалды. Дегенмен, коммерциялық банктердің санын қыс­қар­ту одан кейінгі жылдарда да жалғасты. Банк жүйесін ре­формалау нәтижелері 2001 жылдың аяғында Қазақ­стан­дағы банктер санының күрт азаюына әкеліп соқты. 2002 жылдың басында Республикада 43 банк қызмет істесе, жылдың аяғында – 38 болды.

Функционалдық қатынастарда соңғы жылдары банк­тер дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес қызметтер көрсету бойынша да өздерінің операцияларының ауқымын ба­рын­ша кеңейте түсті. ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған көптеген банктер мемлекеттік бағалы қағаздар операция­ла­ры­мен айналысады, айналымға векселдерді, елдің орталық банкінің нотасын, пластикалық карточкаларды, элек­трон­дық аударымдарды енгізу арқылы қазіргі есеп айырысу операцияларын дамытады.

Құқықтық қатынастарда Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995 жылы мемлекеттің жаңа заң актілерімен және нормативтік ережелерімен нығайтылады: Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» (1995 жылғы 30 наурыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Заң күші бар «Қазақстан Респуб­ликасындағы банктер және банк қызметі туралы» (1995 жылғы 31 тамыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қайта құру және толықтырудан соңғы бекітілген бұл актілер, мемлекеттің орталық банк­і­нің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және екінші деңгейдегі банктердің мәртебесін бөліп көрсете отырып, Қазақстандағы банктердің іргелі құқықтық және экономи­ка­лық негіздерін жасауды тұтастай түрде аяқтады.

Сонымен, Қазақстанның банк жүйесі өткен алғашқы бес-алты жыл ішінде белгілі бір дәрежеде әлемдік тәжі­рибеде өмір сүретін стандарттар мен моделдер бойынша қайта құрылып үлгерді, соның нәтижесінде нарықтық экономиканың негізгі қағидаларына жауап бере бастады. Сонымен бір мезгілде, Республикада банктердің құқықтық, ұйымдық негіздерін жетілдіру әлі де жалғаса түсуде, бұл ішкі және сыртқы сипаттағы көптеген факторлармен байланысты болып саналады.

Республикадағы банк ісін одан әрі сапалық қайта құ­ру­лар жағдайында банк жүйесіне басшылық жасау қа­ғи­да­лары, басты қаржы институты ретіндегі Қазақстан Ұлттық банкінің жетекші рөлі, несие беруді қамтамасыз ету, сақтандыру қызметін реттеу туралы, төлемқабілеттілік пен несие қабеліттелік туралы заңдық және нормативтік ережелер қабылдаудың тиімділігі өз маңыздылығын сақтап қала береді.

Банктер нарығына және оны қадағалауға бағдар­лан­ған қызметті реттеу банктерге тиімді басшылық жасауды қамтамасыз ету, банктер бетпе-бет келетін міндеттерді уақытылы шешу, банктерді тиімді қызмет жүргізуге ынталандыру мен төлем қабілетсіз банктерді тарату болып саналады. Құқықтық нормативтік база негізіндегі реттеу мен бақылаудың жақсы ойластырылған жүйесі жеке және банк жүйесі арқылы басқарылатын нарыққа бағдарланудың негізі болып қатысады. Банктер бәсекесінің шеңберін белгілей отырып, республикадағы банк қызметін реттеу жүйе­сі адал бәсекелестікті және неғұрлым тиімді банк­тер­дің өркендеуін қамтамасыз етеді. Банктер қызметіне жасалатын бақылау өз кезегінде олардың қызмет тәртібін реттейтін банк ережелерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, тиімді басшылық жасауға демеушілік көрсетеді. Сондықтан, неғұрлым тиімді банктер өздерінің қызметін реттеудің жақсы жүйесін құруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қадағалауы банктің тиісті қалыптары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ететіндей ережелерді жасауына мүдделілік танытады.

Республикада банктерді құру құрылтайшылық шарт­тар мен Қазақстан Республикасының банк және банктік қызмет туралы заңдылықтарына сәйкес құжаттар тізімі не­гі­зінде іске асырылады. Банктерді құру кезінде: ұйымдық-құқықтық форма мен меншік нысандары; банк қорларын құру мен пайдалану қағидалары; банк басқару органдары­ның шешімдерді қабылдау тәртібі және т.б.с. сияқты қырларына айрықша назар аударылады.

Қазақстан Ұлттық банкі республиканың орталық бан­кі болып саналады және Қазақстан Республиксының қазіргі банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді. Ол орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қаты­нас­та, Қазақстан Республикасының атынан оның мүдделе­рін қорғайды. Жоғарғы және екінші деңгейдегі банктер қызметі сипатының өзгеруі құқықтық реттеулерді талап етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы респуб­ли­каның Ұлттық банкі соған сәйкес өзінің қызметін құра­тын және жүзеге асыратын құқықтық негіз болып сана­ла­ды (13). Мыналар Қазақстандағы банк қызметін реттейтін негізгі нормативтік актілер болып саналады: 1995 жылғы 30 наурыздағы заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар «Қазақстан Респуб­ликасындағы банктер және банк қызметі туралы» Пре­зидент жарлықтары, басшылыққа алу үшін Республикада қазіргі уақытта қолданылатын респуб­ли­каның бірқатар басқа заңдары, халықаралық шарттар мен келісімдер.

Ұлттық Банк туралы заң актісінің 1-бабына сәйкес бұл мекеме Қазақстанның бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады (14). Банктің құқықтық мәр­тебесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол заңды тұлға болып саналады және коммерциялық банктермен, мемлекетпен белгілі бір азаматтық-құқықтық келісімдер жасай алады, екіншіден – ол Қазақстанның ақша-несие жүй­­есін басқару бойынша кең түрде билік өкілеттіктерімен бөлінген. Сонымен, Қазақстан банкінің қарама-қайшылық­ты (двойственный) құқықтық табиғаты бар.

Ұлттық Банкі бір мезгілде шаруашылық қызметін жүр­гізетін заңды тұлғаның арнайы құзырлылығын мем­ле­кет­тік тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын орган болып саналады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің шаруашылық қызметін жүр­гі­зуі мен оның бір мезгілде әкімшілік-бақылау өкілет­­­тік­терін орындауы бір-бірінен тәуелсіз түрде жүзеге асырылмайды.

Өзінің шаруашылық мүдделерін жүзеге асыру және пайда алу мақсатында коммерциялық банктермен аза­мат­тық-құқықтық келісімдер жасай отырып, сонымен бірге ол ең алдымен несие беру мекемелері жүйесінің дамуына тиі­сін­ше мақсатты бағытталған әсерін тигізеді және мем­ле­кеттің несие саясатын айқындайды. Мұндай келісімдер жасаудың шарттарын жалпы мемлекеттік ақша-несие саясатының шеңберінде Ұлттық Банк әзірлеп-жасайды.

Ұлттық Банкі Қазақстандағы ақша-несие жүйесін басқаруды екі тәсілмен жүзеге асырады:



  • билік нұсқауларының көмегімен;

  • экономикалық әдістермен, яғни коммерциялық банк­тер­мен әртүрлі келісімдер жасау жолымен;

  • оның әкімшілік құқықтар мен шаруашылық қыз­мет­те­рін жүзеге асыруы бір мақсат пен міндет – несие жүй­е­сін басқаруға бағындырылуы қазіргі кездегі Ұлттық Бан­ктің құқықтық ережесінің басты ерекшелігі болып са­на­лады.

Ұлттық банктің әкімшілік қызметін шартты түрде мынадай түрге бөлуге болады:

    1. Ұйымдық (ақша айналымын ұйымдастыру және басқару).

    2. Азаматтық айналымы, салымшылпарды және ком­мер­циялық банктердің өзге де кредиторларын қорғау қыз­меті. Ұлттық Банкі осы екі өкілеттік шеңберінде норма­тив­тік актілер шығарады, яғни нормативтік-шығармашылық қызмет осы өкілеттіктермен тікелей байланысты.

Ақша айналымын ұйымдастыру ақша эмиссиясын өн­дір­ген, ақша айналымын ұйымдастыру мен оларды айна­лым­нан алғанда, кассалық операцияларды жүргізу тәртібі, тасымалдау мен сақтау ережесі және қол ақшаларды инкас­са­циялау, экономикалық әдістермен ақша айналымын бас­қа­ру мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарғанда жасалады.

Азаматтық айналымды қорғау қызметі мен несие жүйесіне деген сенімді нығайту Ұлттық Банкі қызметінің негізгі мазмұнын құрайды. Бұл Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің ерекшелігі болып саналмайды. Кез келген осы заманғы нарықтық экономикалы мемлекеттің Орталық Банкі сол мәселелерді еріксізден шешеді.

Бір де бір мемлекет, азаматтық айналымды қалыпты жүзеге асыру үшін жағдайлар туғызудан тұратын несие бе­ру мекемелерінің қызметіне бақылау жасаудан бас тарт­пай­д­ы.

Заң шығарушы банк салымшыларын олар оған сеніп тапсырған сомаларға қатынасы бойынша банкирлер тара­пы­нан болатын ысырапқорлықтан ғана емес, сонымен бірге банкті толық түрде сауатсыз басқарудан да қорғауға міндетті. Банкті тиімсіз басқару оның өтімділігіне (ликвид­ті­лігіне) қатер төндіреді, яғни өздерінің салған қаржы­ла­рын қажет болған жағдайда немесе белгілі мерзімі өткен­нен кейін клиенттердің талап етуі мүмкін болмайтындай жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Заңға сәйкес, Ұлттық банкі атап көрсетілген міндеттерді мынадай жолмен шешеді:



  • біріншіден, коммерциялық банктің тіркеуден өткендігі және банк операцияларын жүзеге асыру құқығына ли­цен­зия беру туралы мәселені қарау кезінде несие беру мекемелерін құрудың заңды­лы­ғы мен дұрыстығын тексеру жолымен;

  • екіншіден, олардың қызметін реттейтін несие беру мекемелерінің экономикалық нормативтерін белгі­леу, нормативтік актілерді шығару жолымен;

  • үшіншіден, олардың операцияларының заңды­лы­ғына тікелей бақылауды жүзеге асыру жолымен.

«ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес, рес­пуб­ли­каның орталық банкі қадағалауды жүзеге асыру проце­сін­де несие беру мекемелерінің қызметіне тексеру тағайын­дай алады. Егер тексеру нәтижесінде банк заң­ды­лық­тарын бұзу жағдайлары анықталса, Ұлттық банкі анықталған кем­ші­ліктерді міндетті түрде жоюға нұсқаулар береді. Банктің сондай-ақ олардан есеп беруді, баланстар мен анықтама­лар­ды тапсыруын талап етуге құқығы бар.

Заңдылықтарды бұзған жағдайда және бұрын орын алған кемшіліктерді жою туралы елдің бас банкінің нұс­қау­ларын орындамағанда Ұлттық банкі несие беретін ме­ке­ме құрылтайшыларынан:



  1. банкті қаржылық сауықтыру бойынша шараларды жүзеге асыруды;

  2. банктің басшылығын ауыстыруды;

  3. банкті таратуды;

  4. банк операцияларын жасауға берілген лицензияны қайтарып алуды талап ете алады.

Несие беру жүйесін басқару жөніндегі бүкіл әкім­ші­лік өкілеттіктерін заңдық тұрғыдан тек Қазақстан Ұлттық банкі ғана орындайды.

Заңдылықтар Ұлттық банкке тұлғалардың міндетті түрде орындауына жататын нормативтік актілер шығару құқығын берген. Бұл – нұсқаулар, ережелер, хаттар мен жедел хаттар.

Қазақстан Ұлттық банкісінің активті ақша-несие сая­са­ты 2000 жылдан бастап макроэкономикалық тұрақты­лық­қа қол жеткізуге, қаржылық қызмет көрсету секторын дамытуға, төлемдер мен сақтандыру саласындағы жаңа жүйелерді құруға бағытталуда. ҚР Ұлттық банкінің 2002-2004 жылдарға арналып жасалған ақша-несие саясаты бүкіл банктер жүйесі үшін мақсатты бағдаршам болып қызмет етеді.

Түйін
Банк – бұл көне ұғым болып саналады және оның қажеттілігі ақша айырбасымен, бос ақшаларды қарызға бе­ру­мен, өзгелердің ақшаларын орталықтандырумен байла­ныс­ты пайда болды.

Банк нарықтық жағдайда өзгеше кәсіпорын ретінде қаралады. Оның қызметі көпқырлы болып табылады. Банк – сауда, делдал, несие беретін, коммерциялық кәсіп­орын­дарды білдіреді. Биржалардың банк-агенті, әріптестер автономиялы түрде қызмет істейді.

Банктер үлгілері және қызмет көрсету сипаты бой­ын­ша: елдің орталық банкі, мамандандырылған қаржы меке­ме­сі, коммерциялық банктер болып ажыратылады. Көтерме және бөлшек банктерге бөлінеді. Сондай-ақ инвестиция­лық, сауда және әмбебап банктер бар.

Әр елдің банк жүйесі көптеген банктер құру және әлем­дік тәжірибе мен олардың жасайтын операция­ла­ры­ның ауқымын кеңейту арқылы дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет