Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



бет52/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Әдебиеттер: Ә-16; Ә-21; Ә-27; Ә-31.
8.1. Банктік менеджмент түсінігі
Банктік менеджмент – бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.

Менеджмент – ұйымдастыру мен басқарудың неғұр­лым тиімді жүйесі туралы ғылым.

Банктік менеджмент – клиенттердің қаржылық да­му­ы­на неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түр­лі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау жә­не жаңа нарықтар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.

Басқару қатынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы басқару процесіндегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзарабайланы­сы­ның неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау – маңызды басқару қызметінің бірі болып саналады.

Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үй­лестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері бөліп көрсетіледі.

Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.

Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжы­мды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығарма­шылық­пен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатындықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арт­ты­рудың маңызды факторларының қатарына жатқы­зы­ла­ды. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйт­кені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты – неғұрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.

Пайда алуға ұмтылу – менеджменттің жаңғыз ғана мақ­саты емес. Қазіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қо­ғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қыз­ме­тіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұм­ты­лу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өн­ді­руді ұлғайту – кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этика­сын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзі­нің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қай­та­рыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады.

Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:



  • нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін бағыттау;

  • мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәти­же­сі;

  • өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешенділігі;

  • үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың біртұтастығы;

  • жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау;

  • бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсенділікті материалдық және моралдық ынталандыру;

  • мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу;

  • әрбір қызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, қызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты оқуға деген қызығушылығы;

  • ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану;

  • қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүм­кін­дік беретін басқарудың ұйымдық құрылы­мы­ның икемділігі.

Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооператив­тер­дегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.

Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міндеттері банктерге де тән болып саналады.

Банктік менеджментті тұтастай түрдегі «менедж­мент» түсінігінен жеке тұрғыда зерттеуге болмайды. «Ме­недж­мент» - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл – адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы.

«Банктік менеджмент» - жетекшінің, жауапты қыз­мет­керлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қа­рас­тыру көзделеді.

Адам – басты тұлға.

Машықтанған – жетекші немесе жетекші – кәсіби ше­бердің дұрыс екендігін түсіну маңызды болып табылады.

Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиент­термен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.

Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады.


8.2. Банктік менеджменттің ерекшеліктері
Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғам­дық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзі­не тән өзгешеліктері бар.

Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріп­тестік қатынастарға сенім, өзаратиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады.

Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік ме­недж­менттің өзіндік мақсаттарын айқындайды:


  • ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргі­зуші субъекті ретіндегі банктің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

  • несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақ­та­луы мен банк сенімділігінің кепілі ретінде банк балансының өтімдігін қамтамасыз ету;

  • іскерлік байланыстардың ұзақтығы мен тұ­рақ­ты­лығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылымына және сапасына деген клиент­тердің қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыру;

  • аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық жә­не әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үй­лесімі;

  • олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудың, қайта даярлаудың және орналас­тыру­дың тиімді жүйесін жасау.

Банктік менеджмент атап көрсетілген мақсаттарға сәйкес бірсыпыра сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.

Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың барлық аясына қатысы бар. Банк клиенттерінің саны мен олардың шоттары (есептері), депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтердің көлемі - міне, бұл жалпы қызмет нәтижелерін талдау мен бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана.

Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топты банктің кірістер мен шығыстар көрсеткіштер құрайды. Банктің тиімділігін (рентабель­ді­лігін) басқару соның көмегімен жүзеге асырылады. Екінші топ қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының, операцияларды жасауға жұмсалатын еңбек шығын­дары­ның, құжаттарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштерін қамтиды. Үшінші топқа банк көрсететін қызметтердің кө­лемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай-ақ іскерлік келіссөздердің конфи­ден­циал­дығы мен ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету­де­гі банктің қабілетін жатқызуға болады.

Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесін сипаттайды.

Банктік менеджменттің тағы бір ерекшелігі, салымдар мен депозиттер иегерлерінің мүдделерін қорғау мақ­са­тында мемлекет тарапынан банк қызметінің неғұрлым тез реттелетіндігімен байланысты.

Макро- және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақша операцияларын орындау кезіндегі айтарлықтай тәуекелдің болуы сияқты басқару аясының аса кеңдігі, банк қызметін басқарудың тағы бір өзгешелігі болып саналады. Атап көрсетілген тәуекел ақша нарығы, яғни институттар қызметі үшін тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың күрделі әрекеттерінен туын­дай­ды. Сондықтан да банкте неғұрлым жауапты шешім­дер­ді ұжым болып қабылдау қағидасы қолданылады, несие берушілерді болуы мүмкін тәукелдерден қорғаудың алуан түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңесі мен филиалы арасындағы несие операцияларын жасау саласын­дағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банктік менеджментті екі көзқарас тұрғысынан үй­ре­ну көз­де­леді:

Банктің күрделі операциялары адамдар арқылы ат­қа­ры­лады. Олар операцияларды басқарады, клиенттерге қыз­мет көрсетеді, ақша аударымдарының сенімділігіне жау­ап береді.

Банктер алуан түрлі қызметтер көрсетеді (әлемдік тәжірибеде – коммерциялық банктер 200-250-ге дейін қызмет түрлерін көрсетеді).

Банк қызметкерлері өте білікті болуы қажет, банктің ішінде және сыртында болып жатқандардың бүкілін (экономиканы, нарықты, заңдарды және т.б.) білуі тиіс.

Дамыған елдердің (АҚШ; Англия, Франция, Жапо­ния) коммерциялық банктеріндегі ұжым менеджмент ре­тін­де былайша топтастырылады:

­
Техникалық құрылым


­

­

Қосымша (көмекші) деңгей


Атап көрсетілген топтарға мыналар жатады:

Банк стратегиясын айқындайтын, басты идеяларды туғызатын Директорлар Кеңесі, банк Президенті және вице-президенттер.

Банктегі бүкіл қызметтер мен операцияларды, негізгі жұмыстарды орындайтын несие комитеті, депозиттік бөлім, қаржы бөлімі, аудит, бөлім бастықтары деңгейіндегі талдау бөлімі, бас мамандар.

Заңгер, психолог, социолог, бағдарламашы, мате­ма­тик, физик, геолог және ғылыми орталықтар банктің пози­ци­ясын күшейтеді, сапаға әсерін тигізеді.

Инспекторлар, бөлімдердің қызметкерлері, бухгел­тер­лер, кассирлер, техниктер, инкассаторлар және т.б. орын­да­ла­тын жұмыстың барлық түрлерін тексереді және құжат­тық түрде жүзеге асырады.

8.3. Банктік менеджменттің негізгі бағыттары
Банктік менеджмент екі келіс (көзқарас) арқылы анық­талатын екі бағыт тұрғысынан қаралады:

Процесс кезінде болашақтағы іс-әрекетті айқын­дай­тын банк саясаты жоспарлау банктік басқарудың неғұр­лым жауапты бөлігі болып саналады.

Нақты бір банктің даму тұжырымдамасын қалып­тас­тыру, соған сәйкес кезеңдерге арналған ағымдағы міндет­тер­ді белгілеу, оларды жүзеге асыру шараларын жасау, айтылған жұмыстардың құрамды бөлігі болып қатысады. Сондай-ақ несие, депозиттік, инвестициялық, пайыздық саясат – банк саясатының құрамды бөлігі болып саналады.

Коммерциялық банктердің экономикалық тұрғыдан не­гізделген банк саясатын қалыптастыруға көшуі: ұйым­дық, экономикалық, ақпараттық сияқты, тым болмағанда үш мәселені анықтап алуды талап етеді.

Ұйымдық мәселе, негізгі идеялардың пайда болуынан бастап, оларды нақтылы шаралар түрінде жүзеге асырғанға дейінгі жоспарлаумен, банк саясатының тетіктерін жасау­мен айналысатын бөлімдерді айқындап алуды болжайды.

Соған сәйкес саясат қалыптастыру кезіндегі банктік ме­неджмент аналитикалық жұмыстардың құрамды бөлігі бо­лып саналады. Банк ісіндегі маркетинг мыналарды білдіреді: аталмыш аймақтағы, сондай-ақ одан тысқары жер­лердегі көрсетілетін банк қызметтеріне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі көрсетілетін қызметтерді (несие беру, инвестициялау, кеңестер беру, аударымдар арқылы есеп айырысуларды ұйымдастыру, лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.) қанағаттандырудағы аталмыш банктің алатын орнына баға беру; тиісті опе­ра­цияларды әртүрлі банктердің жүзеге асыруына жұмсайтын шығындар мөлшерімен (нормасымен) салыстыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет