Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



бет53/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Маркетинг, ең алдымен, олардың орналасқан жер­леріндегі банктің нақты және әлеуетті клиенттерін анықтап алуды болжайды. Шетелдік тәжірибеде аумақтық болып құрылған көптеген коммерциялық банктер, елдің барлық аумағында өз банктерінің филиалдарын құра отырып, өзі қызмет көрсететін аумақтың шегінен шығып кетеді.

Банк бір мезгілде несие ресурстарының көлемі мен құрылымы, тиісті операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығындар деңгейі, банктің техникалық жарақталуы, кадр­лар­дың біліктілігі көзқарасы тұрғысынан өзінің мүмкін­дік­терін зерделейді.



Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды ба­ғыттарының қатарына жатады; ол белгілі бір кезеңге бел­гі­ленген банктің саясатын жүзеге асырады. Активтерді бас­қа­ру процесінде біртұтас (двуединая) екі міндетті: баланс­тың өтімдігін сақтай отырып, банктің табысты жұ­мы­сын қам­тамасыз ету міндетін алдыға қояды. Бұл мін­деттер қа­лып­тасқан ахуалға жүйелі түрде талдаулар жасау негізінде ғана орындалады. Белгілідей, әр түрлі активтер банкке әр­түр­лі көлемде пайда әкеледі, тәуекел дәрежелері де әр­түр­лі. Сондықтан да банктер қаржыларды салу мер­зім­деріне, олардың пайдалылығы мен тәуекел дәре­же­ле­рі­не қатысты барлық активтердің жіктеуін жүргізуі тиіс.

Пассивтерді басқару процесі кезінде келесідей мін­дет­тер шешілетін менеджменттің дербес бағытын біл­ді­ре­д­і­:

  • міндетті резервтерді құруды қамтамасыз ететін бө­лік­тен басқа, банкте кіріс әкелмейтін қаржы­лар­дың болуына жол бермеу;

  • банктің клиенттер алдындағы тиісті міндет­те­ме­ле­рін орындауы және активтік операцияларды да­мы­ту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіруі;

  • банктің «арзан» ресурстарды тарту есебінен кірістер алуын қамтамасыз ету.

Банктің меншікті қаржыларын басқарудың оның өтім­дігі мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемінің өсуі кезінде банктің меншікті ка­пи­та­лын көбейту қажеттілігі туындайды. Меншікті капиталды басқару оның жеткілікті өлшемдерін негіздеуді, сондай-ақ осы жеткілікті бағалай білуге мүмкіндік беретін көрсет­кіш­тер­ді таңдауды болжайды. Банк шығарған акциялар бой­ын­ша дивидендтер саласындағы саясат меншікті капиталды бас­қарудың тиімді құралы болып қатысады. Дивидендтерді көбейту акция бағаларының көтерілуіне, осыған орай, қо­сым­ша акциялар сатудың мүмкіндігіне, меншікті акция­лар­дың көбеюіне және соған сәйкес меншікті капиталдың өсу­іне әкеледі.

Банк жұмысының тиімділігін (рентабельіділігін) оның кірістері мен шығыстарын, несие беру мен инвес­ти­ци­ялардан алынған шекті кірістер мен тартылған қаржылар бойынша шектеуге кірмейтін шығындарды, қаржылық нә­ти­желердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді, тәуекел шы­ғындарын бақылауды болжайды. Күдікті және шы­ғын­ды опе­рацияларды, банктің алатын пайда көлеміне әсерін ти­гі­зе­тін алыпсатарлық операциялардың себептерін тал­дау­ға айрықша назар аударылады.

Банк қызметіндегі тәуекелдерді басқару тәуекел – ме­недж­мент деп аталады. Банк қызметінде тәуекел әртүрлі опера­цияларды орындау кезінде қатысады: несиені қайтару жә­не ол үшін пайыздар төлеу тәуекелі, жабдықтаушының қаржыны уақытында алу тәуекелі, пайда алу тәуекелі, өтім­дік тәуекелі және т.б. Тәуекелсіз кәсіпкерлік те жоқ. Сон­дықтан да басты мәселе соларды басқара білу болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесінде шешілетін бас­ты міндеттер мыналардан тұрады: а) тәуекелдің туын­дауы мүмкін жағдайларын тани білу; б) болжанатын шы­ғын­­ның ауқымын бағалау; в) алдын алу тәсілдерін немесе оның орнын толтыру көздерін табу. Тәуекелді басқару шы­ғын­дардың пайда болуының өткен барлық жағдай­ла­рын, атал­­мыш нақты клиент үшін олардың көрініс беру ықти­мал­дылығын болжау, болуы мүмкін шығынды алдын алу не­месе орнын толтыру тәсілдерін алдын ала негіздеуге құры­лады.

Менеджменттің мазмұнына сондай-ақ еңбек ұжымын басқару тұжырымдамасын жасау да кіреді. Шетел тәжі­ри­бе­сінде менеджменттің екі үлгісі бар:



  • жапон үлгісі банк қызметінің жоғары түпкі нәти­же­лерге жетуіндегі ұжымның рөлін тануға негіз­де­леді;

  • американдық үлгі – ұжымның бүкіл қызметінде шешуші рөл атқаратын тұлғаға бағдарланады.

Шешімдер қабылдау, бақылау жауапкершілігі мен ұйым­дастыру, қол астындағылармен жетекшінің қарым-қа­ты­насы, еңбекақы төлеу жүйесі, басқару сапасын бағалау, менеджерлер даярлау және т.б.с. сияқты басқарудың бүкіл жүйесі осы екі идеяға негізделіп құрылады.

Ұжымды басқарудың басты міндеттері оның әрбір мүшесінің өз әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру, адамдардың бойында энтузиазм мен қандай да бір істі орындауға деген ынта ықыласын туғызу үшін жағдай жасаудағы менеджердің қабілетінен тұрады.

Ұжым еңбегін ұйымдастырудағы менеджердің ше­бер­лі­гі мен біліктілігі, оның ұжым мүшелері арасында мін­дет­тер­ді айқын етіп бөле білуі, нақты міндеттер қоя білуі, тиісті міндеттерді орындауға белгіленген уақытты қарай оты­рып, оларды белгілі бір көрсеткіштермен (сандық және сапалық) білдіре алу, ақпараттық база мен техникалық құ­рал­дарды қамтамасыз ету, оларды жедел және ма­ңыз­ды­лық­тарына қарай жіктей отырып, тапсырмаларды орын­дау­дың кезегін айқындау қабілетіне негізделеді.

Коммерциялық банкті басқару көрсетілген екі бағыт бойынша бүкіл талаптардың орындалуын талап етеді. Банк операциялары күрделі және принципті. Банк қызметін басқару сапасы (1) қызметкерлерді басқару деңгейіне қатысты (2) болады.


Түйін
1. Банктік менеджмент – жаңа нарықтар құру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың қызығушылығына әсер ету және клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау процесі.

2. Басқару қатынасы менеджмент предметі болып са­на­лады.

3. Банк капиталы мен оның ресурстарын басқару әдістерін, сондай-ақ активтер мен пассивтерді басқару ке­ше­ні банктік менеджменттің объектісі болып табылады.

4. Банктік менеджменттің қызметі: жоспарлау, ұйым­дас­тыру, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

5. Банктік менеджмент банктік қызмет көрсетудің жаңа нарықтарын құру, өзгерістерді басқаруға, адам және ұйымдастыру әлеуетін арттыруға, қаржылық материалдық ресурстарды сауатты пайдалануға, коммерциялық есептер мен баланстар негізінде банк қызметін коммер­ция­лан­ды­ру­ға бағдарланған.

6. Банктік менеджменттің ерекшелігі алға қойған мақ­сат­тарға қатысты банктік менеджменттің бірқатар сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланатындығынан тұрады.

7. Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың бүкіл аясына қатысы бар. Банк клиенттері мен олардың есеп шоттарының саны, депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтер көлемі.

8. Сапалық көрсеткіштер – банктің кірістері мен шы­ғыс­тарының көрсеткіштері, қаржы айналымының жыл­дам­дық көрсеткіштері, операцияларды жасауға жұмсалатын көп еңбекті қажет етушілік шығындар көрсеткіштері, банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері.

9. Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кә­сі­би даярлықтарын дамытуды, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблемаларды шешу дәрежесін сипаттайды.

10. Банктік менеджментті екі келіс (көзқарас) тұр­ғы­сы­нан зерттеп-үйрену көзделеді: яғни банк қызметі тара­пы­нан, оған банктің әртүрлі операцияларын басқару жа­та­ды; ұжымды басқарудың екі үлгісін – жапондық басқару үлгісін және американдық басқару үлгісін бөліп көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет