3. Активті банктік маркетинг түрлері:
а) тікелей-жарнама
ә) клиенттермен жеке қарым-қатынас жасау
б) баспасөзде материалдар жариялау
в) тікелей-жарнама, клиенттермен жеке қарым-қатынас жасау
г) клиенттермен жеке қарым-қатынас жасау және баспасөзде материалдар жариялау.
4. Маркетинг стратегиясы – бұл:
а) банк өнімін тарату
ә) банктің маркетинг құралдарымен мақсатқа жетудің ең жақсы жолдарын таңдауы
б) қызметтер мен операцияларға баға белгілеу
в) бақылау тәртібі
г) дұрыс жауабы жоқ.
5. Банктегі маркетингтік келіске нақты не жатады:
а) нарықты зерттеу
ә) клиенттің қажеттілігіне бірінші кезекте бағдарлану
б) клиентпен жасалған әрбір келісімнің пайдалылығы
в) өз қызметіне болжам жасау
г) в + с
10 - ТАРАУ. КЛИЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Клиенттерге қаржылық қызметтер көрсету ретінде сипатталатын және нарықтық операциялар түрінде қаралатын коммерциялық банктердің қазіргі заманғы операцияларының шеңберін айқындау тараудың негізгі мақсаты болып саналады. Қазақстандық банктер үшін қаржылық қызмет көрсетулер – бұл, әлі дамыта түсу көзделетін қызметтің жаңа түрі болып саналады. Тараудың басты міндеті – операциялардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін қысқа түрде көрсету болып табылады.
Әдебиеттер: Ә-8; Ә-10; Ә-14; Ә-28; Ә-29.
Достарыңызбен бөлісу: |