Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



бет64/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
10.3. Трасталық операциялар
Өнеркәсібі дамыған елдерде қаржы активтерінің кө­бе­юімен коммерциялық банктер сенім (трасталық, ағыл­шын­ша trast - сенім) операцияларын ұлғайта түседі. Банк­тер­дің бұл қызмет көрсету түрлері сенім хаттар бойынша жасалатын қатынастармен байланысты болады. Траст – сенім білдірген тұлғалар құқығына клиенттердің тапсыруы бойынша әрекет ететін және негізінен меншікті басқару­мен байланысты операцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерін көрсетуді орындайтын ком­мер­циялық банктердің бөлімдері. Банктер және тұлғалар, кә­сіпорындар мен фирмалар, қайырымдылық ком­па­ния­ла­ры (қорлар) мен өзге де мекемелер үшін сенім операция­ла­рын орындайды. Сенім операцияларын үш түрге бөлуге болады: мұрагерлікті басқару; сенім хат бойынша қор­ған­шы­­лыққа байланысты операцияларды орындау; агенттік қыз­меттері.

Жеке тұлғалардың келісімдері бойынша мұрагерлікке иелік ету трастты банктің траст бөлімі атқарушыларының бірсыпыра міндеттерін орындауын болжайды. Олардың негізгілері жазбаша аманатқа сәйкес немесе соттың өкімі бойынша мұраға қалдырушының активтерін жинап және оны қауіпсіздендіруден, әкімшілік шығындарды, бере­шек­терді, салықтарды төлеуден, мұрагерлік арасында мүлікті бө­луден және отбасы мүшелеріне жеке қызмет көр­се­ту­лер­ден тұрады.

Траст бөлімдері кәмелетке толмаған, заңды әрекет ету­ге қабілетсіз тұлғалардың қорғаншылық (опекунских) қызметтерін орындау тәртібінде жекелеген тұлғалардың сенім хаттары бойынша мүлік басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асырады. Сенім негізінде меншікті басқарумен байланысты операциялар сенім хат бойынша неғұрлым кең таралған операциялар болып саналады. Олар сенім білдіруші мен сенім білдірген тұлғалар арасындағы келісімдер нәтижесінде туындайды және одан әрі оған иелік ететін, басқаратын сенген тұлғаға сенім білдірушінің мүдделері үшін мүлікті өткізіп берумен байланысты бо­лады. Осыған орай банк келісім шарттарына сәйкес негізгі сома мен кірістерді басқара алады, инвестициялайды және мүлікті сақтай алады.

Агенттік қызмет көрсетулер агент қызметін қабылдай отырып, коммерциялық банктер бөлімдерінің трастын (се­ні­мін) орындайды. Егер операциялар меншікпен бай­ла­нысты болатын болса, онда меншік құқығы сақталады. Активтерді сақтау және оған иелік ету, меншікті басқару, заң қызметін көрсету және өзге де агенттік операцияларды орындау негізгі қызмет көрсетулер болып саналады.

Кәсіпорындар мен фирмалар әдетте, олар үшін алуан түрлі қызмет түрлерін орындайтын өз коммерциялық банктерінің траст бөлімдерінің қызметіне жүгінеді. Сенім операциялары өзіне сенім білдірген тұлғаға мүлікке иелік ету құқығын өткізіп берумен, қызметкерлерді займмен қамтамасыз етумен қоса қабаттасып жүретін облигациялық займмен қызмет көрсетуді енгізеді. Акционерлік ком­па­ниялар, оларға акциялар мен облигациялар бойынша мен­шік құқығына сенім білдіру, зейнетақы қорларын басқару, биржада шығарылатын акцияларды тіркеуді банкке тапсыру арқылы банк қызметтеріне жүгінеді. Фирмалар үшін банк: компаниялардың акционерлеріне дивидендтерді төлеу мерзімінің келуі бойынша купондар төлеу мен облигацияларды өтеу сияқты төлем қызметтерін жүзеге асырады. Траст бөлімдері депозитарий қызметін, яғни сол бойынша акционерлер дауыс беру құқығын өкілдерге беру арқылы (дауыс беруші траст деп аталады) акцияларды сақтау қызметін орындайды. Банк компаниялардың қайта құрылуы, таратылуы немесе банкроттығы жағдайында олардың ісін уақытша басқаруы мүмкін.

Коммерциялық банктер сенім операциялары бойынша делдалдық (комиссиялық) сыйақылар алады. Агенттік қызмет көрсеткені үшін делдалдық (комиссиялық) тө­лем­дер көпшілік жағдайда шарттық бастаулар негізінде ай­қын­далады. Өйткені жұмыс көлемі операциялардың түрлері бойынша әртүрлі. Делдалдық (комиссиялық) сыйақылар траст кірістерінің жыл сайынғы аударымдарынан, негізгі сомалардың жылсайынғы жарналарынан және бірқатар жағдайларда траст туралы келісім мерзімінің қолданылуы аяқталғандағы негізгі сомалардан тұрады. Сенім опера­ция­ла­рының көлемі осы операциялармен байланысты шы­ғын­дар­ды ақтайтындай және банктің пайда табуын қамтамасыз ететін болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет