10.4. Банктердің халықаралық операциялары
Коммерциялық банктердің халықаралық операцияларына мыналар кіреді: халықаралық саудаға қатысушы клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан қызмет түрлерін көрсету, ссудалық капиталдардың халықаралық нарығындағы инвестициялық қызмет; шет ел бағалы қағаздары, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкасса қою үшін чектерді, векселдерді, банк акцептерін қабылдау.
Банктердің халықаралық операциялардан алатын табыстарының басым бөлігі несие беруден түседі. Банк несиесін берудің халықаралық саудасы тауарларға, тауар құжаттарына кепілдікке ссудалар беру, вексельдік және акцептік несиелер, банк ссудалары формасында қатысады. Лизинг, факторинг, форфетинг сауданы несиелендірудегі өзгеше жаңа формалары болып саналады. Орта және ұзақ мерзімдік халықаралық банк несиелері сондай-ақ еуронесиелер формасында беріледі.
Банктердің халықаралық операциялары бір валютаны екінші валютаға айырбастаумен байланысты. Мұндай операциялар валюта операциялары деп аталады. Оларды жүргізудің қажеттілігі, халықаралық несие беру мен сыртқы сауда және қызметтер көрсету бойынша есеп айырысу кездерінде халықаралық айналым құралы түрінде пайдалануға болатындай біртұтас төлем құралдарының болмауынан туындайды.
Әртүрлі валюталық операциялардың жиынтығы ссудалық капиталдардың әлемдік нарығының бөлігі болып саналатын валюта нарығын құрайды. Валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс шоғырландырылады. Ұсыныс ең алдымен, сатылған тауарлар мен қызметтер үшін валюталық түсім алған экспорттаушылардан болады, ал сұранысты сатып алған тауарлар мен қызметтерді, капиталдар мен несиелерді төлеу үшін шетел валютасын қажетсінетін импорттаушылар туғызады.
Валюта нарығындағы операцияларды банктер, жекелеген компаниялар мен жеке тұлғалар жүзеге асырады. Биржалық және биржадан тыс валюталық нарықтарға ажыратылады. Бүкіл валюталық операциялардың басым көпшілігі биржадан тыс коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.
Банктер валюталық операцияларды (тікелей немесе делдалдар арқылы) банкаралық валюта нарығында бір-бірімен, өздерінің клиенттерімен жүргізеді, сондай-ақ биржаларда да операциялар жасайды. Валюталық келісімдердің негізгі бөлігін банкаралық валюта нарығында коммерциялық банктер бір-бірімен жүргізеді.
Валюталармен операцияларды банктер өз есебінен, сондай-ақ өз клиенттерінің (делдалдық бастаулар негізінде) есебінен жүзеге асырады. Шетел валютасымен көрсетілген аударымдар арқылы жасалатын төлем құралдары: банк депозиттері, чектер, вексель мен аударымдар, негізінен, валюталық келісім құралдары болып саналады. Қолма қол шетел валюталарымен (банкноттар, монеталар) жасалатын келісімдер көлемі соншалықты көп емес.
Валюта нарығындағы банктердің активтілігі банктің көлеміне, оның беделіне, бөлімшелері мен филиалдарының шетелдік жүйелерінің даму дәрежесіне, ЕЭЖ-дің, телефон және телеграфтық байланысының жарақтануына қатысты болады. Валюталық операциялардың негізгі үлесі аса ірі коммерциялық банктердің үлесіне тиеді. Олар тек қана сатып алып қоймайды, валюталарды сатады, халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асырады, сонымен бірге шетел валюталарының босалқы қорын (запасын) сақтайды, валюта бағамын айқындайды. Басқа банктер шетел валютасының бағамын (бәсін) белгілеу үшін оған өтініш жасайды және олардан өз клиенттері үшін валюта сатып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |