1.1. Банк және банк жүйесі
Банк – көне ұғым болып саналады және оның көрінуі ақшаны айырбастау, қарызға ақша беру, өзгелердің ақшаларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда болуымен байланысты болды. «Банкті» сөзбе сөз аударғанда, ақшамен операция жасалған «тақтайша орындық» («скамья») ұғымын білдіреді.
Көптеген өзгерістер мен қайта құруларды басынан өткере отырып, банктер капитализм дәуірінде неғұрлым айқын ұғымға ие болды. XV-XX ғасырлардағы көптеген елдердің экономикалық тарихы банктердің көбеюін, жаңа банктердің пайда болуын және олардың қызметтерінің толыға түсуін, банктердің сыртқы жағдайлар мен факторларға тәуелділігін, сонымен бір мезгілде олардың елдердің экономикасына, операциялардың ұлғая түсуі мен банктер рөлінің артуына өлшеусіз әсер етуін дәлелдей түседі.
Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайында барған сайын «кәсіпорын» ретінде көбірек қаралатын болды. Кез келген кәсіпорын сияқты банк өз қызметінің маңызды түрде өзгеше көрінуі жағдайында, тұтынушыларға нақтылы қызмет көрсететін, өзінің өнімін алға жылжытуды жүзеге асыратын дербес заңды тұлға болып қала беретін болады және ол кіріс пен пайда алуға мүдделі баланс жасайды, мемлекетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.
Банктерге: сауда кәсіпорны, делдалдық кәсіпорын, несие беру кәсіпорны, коммерциялық кәсіпорын биржалардың агенті түріндегі делдал, мемлекеттік басқару тетігінің бір бөлігі болып табылатын әріптес ретіндегі кәсіпорын түрінде сипаттама беру ақылға сыйымды болып саналады. Әрбір жеке айқындамалар тұрғысынан қаралатын банктерді ең алдымен орындайтын операцияларының сипаты, банк жүйесіндегі банктердің деңгейі және елдің ақша, қаржы ресурстарына қатынасы бойынша бөліп көрсетудің маңызы зор. Бұл – орталық және эмиссиондық банктер, коммерциялық банктер, мамандандырылған қаржы-несие институттары болуы мүмкін.
Банктердің үлгілеріне қатысты әрбір жеке банктің толық сипаттамасын берген жөн:
Банк сауда кәсіпорны ретінде айрықша тауар-ақшамен сауда жасайды, осыған орай сату кезінде өзі үшін кіріс алады және сатушыларға сыйақы төлей отырып, сатушылардан ақша ресурстарын өзі сатып алады. Банк материалдық саладағы басқа кәсіпорындардан нарықтық ортадағы тауар ретіндегі ақшаның өзгешелігін, банк өзінің тауарын айрықша бағаға сата отырып, оның жаңа құнға айналып өсуі арқылы қайтатындығын күтетіндігімен ажыратады.
Банк салымшыларының ақша қаражаттарын өзіне тартып, оларды пайыздармен және қызмет көрсетудің сапасымен қызықтыра отырып, айрықша тауар ретінде ақшаны сататын өзінің босалқы қоры (запасы) мен ресурстар қорын толықтырады.
Коммерциялық банктер сауда кәсіпорыны ретінде аталмыш сипаттаманы жеткілікті түрде айқын да дәл растай түседі. Банк ақшамен сауда жасаудан тысқары, ресурстар түрінде әртүрлі елдердің валютасын, алтынын, басқа қымбат металдарын сатып алады және сатады. Дәл осы жағдайда, мұны елдердің орталық банктеріне тән деуге болады.
Банк – делдал кәсіпорын ретінде өз операцияларының сыртқы белгілері арқылы емес, қызметтерінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Ақша қаражаттарын сақтау үшін клиенттердің бүкіліне есеп айырысу және ағымдағы есеп шоттарын аша отырып, банк ресурстар шоғырланатын «сыйымды ыдысқа» айналады. Бұл жерде банк есеп-шот иелерінің алдында өзіне үлкен міндеттемелер қабылдаумен қатар несие беру, есеп-шоттарға төлем жасау, ақша аудару бойынша операциялар жүргізетін ресурстармен «сыйымды ыдысты» толтыруға өзі де мүдделілік танытады. Бір мезгілде есеп-шоттарда қарыз алушылардың, кредиторлардың ақша қаражаттарын сақтаушы ретінде қатыса отырып, банктер өз кезегінде делдалдық қызметті басқа операциялардан оқшау тәртіпте емес, өз клиенттерінің мүдделерімен өзарабайланыста орындайды. Осыған орай ресурстардың салымшы-сатушылары ретінде банктер клиенттердің мүдделері туралы ұмытып кетуіне болмайды. Осындай жағдайда ғана банктер елдің экономикалық өмірінде, нарықтық қаржылық ортада делдал ретінде өзінің қызметін сақтай алатын болады.
Банк – несие кәсіпорны ретінде логикалық және мерзімдік тұрғыдан да «несие» түсінігімен өзарабайланысты. Қоғамдағы экономикалық қатынастарды білдіреді және ссудалық капиталдың қозғалысын көрсете отырып, несие өзінің мазмұнында көптеген сипаттарға ие болады және оның іс жүзінде өзін көрсетуіне айрықша институт-банктер өз әсерін тигізеді. Банктер сауда, делдалдық операцияларды жүзеге асыра отырып, көп дәрежеде несие операцияларымен байланысты болады. Олар несие әлеуетін (потенциалын) жасау мақсатымен қарыз беруші болып қатысады, қарыздар, пайыздар бойынша өзіне міндеттемелер алады, сондай-ақ елдегі негізгі несие орталығы болып саналады, соның негізінде барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге несие беру есебінен банктің негізгі табыс көзі болып саналатын салымшылардың уақытша жұмылдырылған ақша қаражатын өзінің нақты ісіне сала отырып, сыйақылар алады. Банктің несие қызметі өзгеше кәсіпорын ретіндегі банктің қызмет істеуі үшін неғұрлым беделді қызмет түрі болып саналады. Бұл әсіресе екінші деңгейдегі банктерге тән.
Банк – коммерциялық кәсіпорын ретінде өзінің сауда, делдалдық, несие беру операцияларын жүзеге асырып, есепті кезеңге баланс жасап, табыс алуға деген өзіндік мүддесін таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделі болып табылады. Банктің шығынды қызметі нарықтық ортадағы оның толық банкроттық жағдайын көрсетеді және банктерді жабу үшін негіз болып саналады. Сондықтан да банктер өздерінің қызметін орындау және көптеген операцияларды жасау кезінде коммерцияның маңызды қағидаларынан ұстанады: онсыз банк өмір сүруін тоқтататын пайдаға қол жеткізуді; жоғары кірістілікті қамтамасыз етеді; банктің пассив балансы бойынша қатыстырылыған қаржылар үлесінің артуымен банк ресурстарының тез айналым жасаушылығына жетуді; өз мүдделері мен клиенттердің мүдделері үйлесім тапқан жағдайда, соған орай соңғыны алдыңғы орынға жылжыта отырып, банк ісіндегі тәуекелді төмендетуді көздейді. Банктер клиенттердің ақша, қаржы операцияларына қызмет көрсету үшін құрылады және өндірісті кеңейтуге, ссудалық капиталдың қозғалысына қызмет етеді.
Банк биржалардың агенті ретінде делдалдық, несиелік операциялардан соң, бағалы қағаздарды сатып алу бойынша неғұрлым маңызды операцияларды орындайды. Банктерге берілетін мұндай сипаттама, бағалы қағаздар нарығының функционалдық қызметі банктермен белсенді өзарабайланыссыз қаралмайтын әлемдегі қазіргі (ХХ ғасырдың аяғы) кезеңге тән болып саналады. Банктер, өздерінің бағыттаушылығын дамытып, ықпалын кеңейте отырып, қағаздар нарығының бір бөлігіне айналады, капиталдарды инвестиялау бойынша ірі операцияларды жүзеге асырады, бағалы қағаздардың түрлерін бастапқы және қайталап орналастыруда нарыққа қатысушылардың тапсырмаларын белсенділікпен орындайды. Банктің қор операцияларын жүргізуі мен елде және одан сыртқары жерлерде бағалы қағаздарды жеткізетін делдалдар ретінде қатысуы қор нарықтарындағы агенттер ретіндегі банктердің рөлін берік бекіте түседі.
Банк автономиялы кәсіпорын ретінде бекітілген заңдық және экономикалық қалыптар негізінде елде өз қызметін жүргізеді және банктерді құру мен оның қызметінің негізгі қағидаларын айқындайтын өзіндік құқықтық негізге ие болып табылады. Банк операцияларын жүзеге асырудың құқықтық негіздері, клиенттермен, мемлекетпен, банкішілік жүйемен өзарақатынастардағы банктердің құқығы мен жауапкершілігі әр елдегі банк және банк қызметі туралы заңдармен айқындалады. Нарықтық экономикасы дамыған әлем елдерінің заңдарында банктердің, әсіресе меншікті ресурстармен, яғни нормативтер мен заңдарда көрсетілген клиенттер мен мемлекет алдындағы міндеттемелерді экономикалық нормативтер шегінде орындаумен, әртүрлі салалардағы салымшылардың тартылған ақша қаражаттарының үлкен үйлесімімен жұмыс істейтін коммерциялық банктердің экономикалық автономиялығы тарихи түрде атап көрсетіледі. Банк туралы заңдар нарықтық қатынастардағы олардың экономикалық мүдделерін қорғайды, сонымен бірмезгілде елдегі экономикалық мәселелерді шешудегі банктердің іс-қимылын шектейді.
Банк әріптес ретінде қызметін өзгеше жүргізе отырып, клиенттермен өзінің қатынасын өзара тиімді жағдайларға, коммерциялық жоспар мен қатынастарға құрады. Жалпыға белгілідей, банктер клиенттер үшін және өзінің көрсететін қызметі арқылы олардың талап-тілектерін қанағаттандыру үшін құрылады. «Барлығы клиенттер үшін» қағидасы тәжірибе жүзінде банктердің рөлі мен орнын төмендетпейді, қайта, банктер салымшыларға, қарыз алушыларға, сондай-ақ есеп-шоттарын жүргізуге әртүрлі деңгейдегі кәсіпорындарға қызмет көрсете отырып, өз клиенттерінің әріптестеріне айналады. Клиент пен банк арасындағы өзара сенім ғана бірінші кезекте өзін ұстап тұруға және екіншіден, банктерге қаржылық қолдау көрсетуге қабілетті болып саналады. Сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банктер қауқарсыз клиенттермен берік экономикалық өзарабайланыс орната алмайды, шығынды кәсіпорындармен әріптестік ынтымақтастық орнатуға онша мүдделілік танытпайды. Банктердің коммерциялық бағыттаушылығы заңдар мен нормативтер шегінде клиенттерден банкінің қызмет үшін ақы талап етуге, несие үшін пайыздар алуға мүмкіндік береді, осыған орай банктер кәсіпорындардың іскер қаржылық әріптестері болып қатысады.
Банктер мемлекеттік басқару тетігінің бөлігі ретінде шашыранды капитал мен ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды қаржы ресурстары түрінде орталықтандыра отырып, бұл қаржыларды тұтастай экономиканы, өндірісті дамытуға жұмсалатын қаражатқа деген нақтылы, объективті қажеттіліктерге бағыттайды, оларды мемлекет мүдделілік танытып отырған инвестицияларға салады. Өзінің барлық операцияларын шаруашылық саласындағы есеп айырысу мен төлемдер бойынша, шаруашылық жүргізуші субъектілерге (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар және кәсіпкерлер) несие беру бойынша жүзеге асыра отырып банктер біршама дәрежеде клиенттердің есеп-шоттарынан ақша қаражаттарының жеке банктен алынған ссудалардың жұмсалу дұрыстығына бақылаушы болып қатысады. Банктердің қолындағы ақшалар экономиканы басқарудың белсенді құралы болып саналады. Елдегі бүкіл ақша мен қаржы ресурстары ақыр соңында қалай, қандай түрде пайдаланылады, несие берудің экономикаға беретін қайтарымы қандай, банк операциялары мен қызметтерінің өндіріс пен айналым саласының дамуына, елдің және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізетін оң әсері қандай екендігіне мемлекет бей-жай қарай алмайды.
Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайындағы өздерінің функционалдық қызметтерінде банктер жүйесінің жалпы қағидаларына сүйенеді.
Егер оларды банк түрлері бойынша қарастыратын болсақ және әртүрлі белгілеріне қатысты үлгілері (типтері) бойынша бөліп көрсететін болсақ банктерге берілетін сипаттама да неғұрлым толық бола түседі.
Әлемдегі қазіргі заманғы банк жүйесі күрделі, көп буынды құрылым болып саналады. Клиентке көрсетілетін қызмет сипатының базалық ұқсастығы, мемлекеттің қаржы саясатымен өзарабайланыстылығы оның негізі болып қызмет етеді.
Ақша эмиссиясына құқығы бар мемлекеттің орталық банкісінің міндетті түрде болуы.
Қызмет көрсету сипаты мен даму деңгейінің көптеген белгілері бойынша топтастырылған коммерциялық банктер.
Әртүрлі қаржылық топтарды, компанияларды, ұсақ салым орталықтарын енгізетін мамандандырылған қаржы институттары.
Мемлекеттің орталық банкі – бұл мемлекеттің қаржы саясатымен тығыз өзара байланыста қызмет істейтін, негізі бойынша мемлекеттік ұлттық банк.
Елдегі ақша айналымын коммерциялық банктер мен банк жүйесінің басқа буындары деңгейінде және оған қызмет көрсету кезінде үкімет деңгейінде несиені басқару, орталық банкті банктердің барлық басқа түрлерінен өзгешелеп тұрады. Ұлттық ақша-несие, қаржы саясатын жүргізе отырып, орталық банк елдің басты банкі болып саналады.
Коммерциялық банктер нарықтық қатынастардың белсенді қатысушылары ретінде, операциялар мен қызметтердің көптеген түрлері арқылы іскер банктер түрінде қатысады. Олардың көмегімен клиенттерге қаржылық қызмет көрсетуде активті және пассивті операциялар жасау, есеп айырысуларды жүзеге асыру кездерінде ссудалық капиталдың ауысуы болады.
Мамандандырылған қаржы институттары (сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар, сақтық мекемелері, тұтыну және ипотекалық несие қоғамы, несие одақтары, несие кооперативтері, қаржы үйлері, ломбардтар және т.б.) ақша капиталы мен қаржы ресурстарының нақты нарығында қызмет істейді, көпшілік жағдайда клиенттерге тікелей несие берумен айналыспайды, ал ақша капиталын тарту мен орталықтандырудың түрлері олардың атқаратын қызметтік міндеттеріне байланысты болады.
Банктерді банк жүйесінің үш негізгі тобы бойынша бөліп көрсете отырып, ақша, қаржылық капитал қатынастары нәтижесінде пайда болатын топтар арасындағы айқын өзарабайланысты анықтау аса маңызды болып табылады. Бұл ақшаның есеп-шотқа бастапқы салынған сәтінен бастап оның қозғалысын, қаржыландыру мен несие берудің түпкі көздері болып қатысып, ресурстар мен қаржы капиталын құра отырып, сондай-ақ ауысу сатыларынан өту арқылы банктердің басқару объектілері болып саналатындығын білдіреді. Банктер өздері арқылы өтетін бүкіл ақша қаражаттарының тиімді пайдаланылуына мүдделілік танытады, өйткені бұл қаржылар табыс әкеледі, қаржы капиталы мен ресурстардың жинақталуына қызығушылықты арттырады.
Банктерге олардың үлгілері (типтері) бойынша толық сипаттама берген жағдайда банк ісіндегі күрделі проблемалар бой көтереді. Аталмыш жағдайда елдің экономикалық дамуындағы оның рөлінің көрінуіне, қызметтерді орындау мен операциялар жасауына тікелей әсерін тигізетін банк «құрылымын» білудің айрықша маңызы бар.
Төменде әртүрлі белгілері бойынша барлық елдер үшін ортақ болып табылатын банк үлгілерінің (типтерінің) сипаттамасы келтіріледі:
қызметтік белгіленуі бойынша банктер: эмиссиондық, депозиттік және коммерциялық;
меншік нысандары бойынша банктер – мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, аралас;
мамандануы бойынша банктер – салалық, әмбебап, өнеркәсіптік, сауда, ауыл шаруашылық, инвестициялық;
арнаулы міндеттерді орындау бойынша банктер – инновациялық, өзара көмек кассалары, сақтандыру қызметтері;
аумақтық белгілері бойынша банктер – калалық, муниципалдық, аймақтық, мемлекет аралық болып бөлінеді.
Барлық елде әр елдің қаржылық, банктік жүйесінің табиғи даму процесі болып саналатын банктердің әртүрлі үйлесімдегі алуан үлгілері қызмет істейді. Банктердің жоғарыда атап көрсеткен жіктеуінің бірде бірі өздігінен банк ісін тежемейді, қайта, банктер қызметінің мазмұнын, жасалатын операциялар мен көрсетілетін қызметтердің сипатын, сондай-ақ салалар мен аймақтарды дамытудағы, қаржы капиталын жинақтаудағы және т.б. банктердің рөлін ашып көрсетеді.
Нақты тәжірибеде көпшілік дамыған елдер банктердің үлгілерін сипаттау кезінде банктерді көтерме және бөлшек банктерге бөледі.
Көтерме банктер, негізінен, бұл үкіметтің айрықша рұқсатымен қызмет істейтін ірі коммерциялық банктер, олар қол ақшаларды басқаруды валюта айырбасын жүзеге асырады және қаржылармен сауда жасайды, трасталық операцияларды орындайды, өнеркәсіп, сауда саласына несие береді. Мысал үшін, АҚШ-тағы көтерме банктер федералдық үкімет шешімінің негізінде, андеррайтингтік операциялардан өзге, ірі көлемде көрсетілген операцияларды орындайды. 1993 жылы коммерциялық банктер инвестициялық банктерден бөлініп шықты.
Бөлшек банктер – бұл есеп айырысулар бойынша, шағын, орта бизнеске несие беру, жеке салымшылардың қаржыларын тартуда көптеген операцияларды жүзеге асыратын шағын, жергілікті банктердің жүйесі.
Көрсетілетін қызметтер мен техникалық сипаттамаларының жиынтығы тұрғысынан банктердің үлгілерін (типтерін) анықтау кезінде оларды инвестициялық, сауда, әмбебап банктерге бөлуге болады:
Инвестициялық банк – оны белгілі баға бойынша толық немесе жартылай алуға кепілдік беру негізінде клиенттің шығарған бағалы қағаздарын бастапқы болып орналастыру қызметін жүзеге асырады, осыған орай банк бағалы қағаздар эмиссиясы кезіндегі тәуекелді өзіне алады. Банк андеррайтер ретінде қатысады.
Банк сондай-ақ консалтингтік қызметтерді дамытады. Мысал үшін, инвестициялық банктер АҚШ-тың қаржылық жүйесінде ерекше орын алады.
Сауда банкі – бағалы қағаздарға ие болғанда, компаниялардың қосылуы жағдайында коммерциялық қызмет көрсетеді. Несиемен сауда жасау делдалы болып қатысады. Өздері ресурстарды сатып ала отырып, банктер қажетсінгендерге қарыздар береді. Белгілідей, сауда банктері Еуропада (Ұлыбританияда) даму алды және оларды АҚШ-тағы инвестициялық банктердің ұқсастығы ретінде қарауға болады. Қазіргі уақыттағы сауда банктерінің қызметі барынша жеке ыңғайда қаралады (банк есеп-шоттарын жүргізуден бастап қор биржасындағы, алтын нарығындағы, валюта нарығындағы операцияларға, сақтандыру компанияларын және тіпті тауар операцияларын басқаруға дейінгі).
Әмбебап банк - өзінің қызметінде дәстүрлі банктік операцияларды (несие беру, депозиттер, есеп айырысу-кассалық қызметтер) бағалы қағаздар операцияларымен (брокерлік, дилерлік, инвестициялық банк ісі), қаржылық емес компаниялардың капиталына тікелей салымдар салумен, сақтандыру операцияларымен қосып атқарады. Банктің мұндай үлгісі Еуропада кең түрде таралған (ең алдымен Германияда, Францияда, Швейцарияда). Банктердің көрсететін қызметі мен жүзеге асыратын операцияларына ең аз мөлшерде шектеулер қойылған, олардың коммерциялық және инвестициялық істі бөліп көрсететін заңдары жоқ.
Банктерді тұтастай сипаттай отырып, әрбір елдің өз банк жүйесі бар екендігін білу көзделеді. Банк жүйесі – бұл банк заңдылықтары негізінде банктерді құру мен оны дамытудың, олардың қызметі мен операцияларының барлық қырын қамтитын кең ауқымды ұғым болып саналады.
Банк жүйесі отандық (ұлттық), аймақтық және әлемдік болып ажыратылады. Онсыз банктің қызмет істеуі мүмкін емес, жалпыға бірдей танылған қызметтік белгілер мен қағидалар жүйесінің негізі болып қызмет етеді.
Әр елдегі банк жүйесі сол елдің экономикасымен, қоғам бағытымен өзара байланыста дамиды және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың маңызды элементі болып қатысады.
Өзіне орталық банкті, екінші және үшінші деңгейдегі іскерлік банктерді енгізетін банктер жүйесінің барлық елдерде өз құрылымдары бар, жекелеген операцияларды жүзеге асыруда өзіндік ерекшеліктерге ие, сонымен бірге банк ісіндегі жалпыға бірдей танылған заңдар мен талаптарды басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |