Тақырып. Экономика және оның қоғамдағы ролі Тест тапсырмасы



бет1/10
Дата11.11.2023
өлшемі54,69 Kb.
#191017
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция - 1


1-тақырып. Экономика және оның қоғамдағы ролі
Тест тапсырмасы

1.Материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу, тұтыну кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар


А)Өндіріс
Б)Экономика
В)Бөліс
Г)Тұтыну
Д)Пайдалану

2.Жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді:


А)Микроэкономика
Б)Экономика
В)Макроэкономика
Г)Экономикалық ресурс
Д)Физиократтар ілімі

3.Экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі:


А)Микроэкономика
Б)Экономика
В)Макроэкономика
Г)Экономикалық ресурс
Д)Физиократтар ілімі

4.Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін мәселелер:


А)Ұлттық өнім мөлшерін анықтау
Б)Инфляция деңгейі
В)Жұмыссыздық мәселесі
Г)Экономикалық өсу
Д)барлық жауап дұрыс

5.Ресурстар қандай түрлерден тұрады:


А)Табиғи
Б)материалдық
В)еңбек
Г)қаржылық
Д)барлық жауап дұрыс

6.Өндіру, бөлу, тұтыну қалыптасқан дәстүрлерге негізделген жүйе


А) дәстүрлі жүйе
Б)әміршілдік-әкімшілдік
В)нарықтық экономика
Г)аралас экономика
Д)қоғамдық жүйе

7.Мәселені жоғарыдан түскен бұйрықтармен шешетін жүйе


А) дәстүрлі жүйе
Б)әміршілдік-әкімшілдік
В)нарықтық экономика
Г)аралас экономика
Д)қоғамдық жүйе


Қосымша3

Тапсырма 1. Экономикалық теорияның негізгі бөлімдеріне сипаттама беріңдер:





Экономикалық теорияның бөлімі

Зерттеу деңгейі

Санаттар

Зерттеу мақсаттары

Микроэкономика










Макроэкономика










Әлемдік экономика












Тапсырма 2 Ассоциация құру


Экономикалық ресурстар




Қосымша1

1-тақырып. Экономика және оның қоғамдағы ролі


Жоспары:
1.Экономика түсінігі. Экономиканы неге оқуымыз керек?
2.Негізгі экономикалық мәселелер.
3.Нарықтық экономикаға жалпы сипаттама.
4.Нарықтық экономикаға өту жағдайы. Қазақстан Республикасындағы ауыспалы кезең сипаттамасы.
5.Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы.

1.Экономика (гр. Οικονομία — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар .
Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері)[1] – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың, тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады; 2) экономика ғылымының шағын ауқымды үдерістеріне, субъектілерге, кәсіпорындарға, фирмаларға, кәсіпкерлерге, олардың шаруашылық қызметтеріне, олардың арасындағы экономикалық қатынастарға қатысты зерттеулермен байланысты бөлімі. Микроэкономикада негізінен тауар өндірушілер мен тұтынушыларға, олардың қажеттілік, баға, шығын, пайда ескерілетін өндіру,сату, сатып алу, тұтыну көлемі жөніндегі шешімдеріне баса назар аударылады. Микроэкономика субъектілердің нарықтық мінез - құлқын, олардың арасындағы қарым-қатынасты,өндірушілер, кәсіпкерлер және мемлекет арасындағы бөлісті, айырбасты, тұтынуды зерделейді. Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтынушы теориясы; фирма және нарықтық құрылым теориясы; монополия мен бәсеке мәселелері; мемлекет пен жекеше сектордың өзара іс-қимылы мәселелері;еңбек рыногін талдау, табысты бөлу мәселелері.
Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизімі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Микроэкономика дәрежеде қоғамдық дәрежедегі пропорцияларды анықтайтын бастапқы (алғашқы) пропорциялар қалыптасады
Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, әміршіл-әкімшіл және нарықтық болып жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет